Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі




Скачать 62.48 Kb.
НазваниеАқкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі
Дата конвертации10.07.2014
Размер62.48 Kb.
ТипДокументы
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі

Ақкөл ауылдық округі Екібастұз қаласының Солтүстік шығысында орналасқан. Жалпы жер көлемі 185323 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жер көлемі 20620 гектар, егістік жер көлемі 9200 гектар. Ауылдық округінің құрамына: Ақкөл, Зеленая роща, Жақсат, және Присовхозный ауылдары кіреді. Жалпы тұрғындар саны 1275 адам, оның ішінде жұмыс істеуге қабілетті адамдар 781, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілер 335, зейнеткерлер саны 152, бұның ішінде мүгедектер саны 34.

2010 жылы 21 сәби дүниеге келсе, 6 адам қайтыс болды, 11 отбасы шаңырақ көтерді. Барлық аула саны 253.

Жаңадан ашылған барлық жұмыс орындары 36, оның ішінде тұрақты 6 жұмыс орыны және 30 уақытша жұмыс орындары ашылды.

Округ көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғалар жоқ. Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар есебінде 5 жұмыссыздар есепте тұр, оның ішінде 2 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етілген.

Ауылдық округі бойынша 46 шаруа қожалығы мен 1 ЖШС – гі бар, оның ішінде тұрақты ауыл шаруашылығымен айналысатыны 24 шаруа қожалығы, шаруашылықпен айналыспайтыны 22. Барлық шаруа қожалықтарының үлесіндегі жалпы жер көлемі 23636 гектар.

2010 жылдың 1 қазанына округ бойынша барлық ірі қара мал саны- 4189 бас, оның ішінде сиыры 1463 бас; барлық қой мен ешкі 7388 бас; барлық жылқы саны 2644 бас болса, барлық құс саны 896. Әр аулаға шаққанда орта есеппен 16,5 бас ірі қара малдан, қой мен ешкі 29,2 бастан, ал жылқы 10,4 бас және 3,5 дана құстан келеді.

Округ көлеміндегі «Табыс» және «Тұрар» шаруа қожалықтары мал басын асылдандырумен айналысып, асыл тұқымды мал шаруашылығы статусын алды. Табыстары жақсы, биылғы жылы «Табыс» шаруа қожалығынан 600 бас саулық қой шаруашылықтарын дамытуға ниет еткен адамдарға сатылды. Өсіп өнген асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырларыда сыртқа саудаға шығарылды.

«Тұрар» шаруа қожалығы «Жәбе» асыл тұқымды жылқы басын көбейтіп, басқа шаруа қожалықтарына саудалауда.

Малдан өндірілген сүт – ет өнімдерін Екібастұз қаласының базарларына және әлеуметтік инфрақұрылымдарға өткізуде. Осы жылдың өзінде Екібастұз қаласының муницыпалдық базарына 35 тонна ет, 2 тонна сүт өнімдерін саудаға шығардық.

Мал басын жұқпалы аурудан аман сақтау мақсатында, жыл бойы ветеринарлық профилактикалық жұмыстар өз мерзімінде өткізілді. 2010 жылы округ бойынша 612 бас ірі қара мал сарып ауруына шалдыққаны анықталып, етке тапсырылды. Мал қораларына ветеринарлық зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды 1 ветеринарлық инспектор мен 2 лицензиялы мал дәрігері атқарды.

Биылғы жылы көлтабандардың 4000 гектар жеріне су шығып, пішеннің мол қорын жинауға көп септігін тигізді. Қыстық пішен дайындау жұмыстарына 34 трактор, 28 шалғы , 88 адам қатысып, 15000 тонна пішен дайындалды. Дайындалған пішен толығымен қыстақ орнына тасып алынды.

Ауылдың келбетін жаңартып, көркейту жұмыстары жыл сайын жоспарлы түрде өз мәнінде іске асырылуда. Ауыл көшелерінің санитарлық тазалығын сақтау мақсатында округ бойынша 4500 тоннадай көң-қоқыс арнайы орынға шығарылды. Зеленая роща ауылында биылғы жылғы бюджет қаражатынан 200 000 теңгеге қордаланған 200 тонна көң-қоқыс арнайы орынға шығарылды. Жақсат ауылында бұл жұмыс қаражат қарастырылмағандықтан баяу жүргізілуде.

«Ауыз су» бағдарламасы бойынша Ақкөл ауылында орнатылған кешенді блок модулі үздіксіз жұмыс істеп тұр, КБМ-ді ұстауға қаралған 1228000 теңге қаражат толық өз мақсатында игерілді.

Елді мекендерде 45 түнгі жарық көздері орнатылған. Түнгі жарықпен қамтамасыз ету үшін 50 ДРЛ шамы мен қосалқы бөлшектері сатып алынды. Бұл жұмыстарға бюджет есебінен бөлінген 495000 теңге қаражат толық игерілді.

Ауылдық округінің арасындағы 25 шақырым жолдарды қалыпты жағдайда ұстау үшін бөлінген 700 000 теңге қаражат «Ақкөл» ЖШС-гімен келісімшарт жасау арқылы өз мақсатында толық игерілді. Уақтылы атқарылып тұрған жұмыстардың оң нәтижесінде үнемі жол қатынасы үзілмеді.

2010 жылға ауылдық округіне қаралған 9730000 теңге қаражат толығымен өз мақсатында игерілді.

Ақкөл ауылдық округінде 1 жалпы орта , 1 жалпы негізгі және 1 шағын бастауыш білім беретін мектеп, ауыл клубы, Ақкөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясы және Зеленая роща ауылында медпункт, КБМ, пошта байланыс бөлімшесі халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп тұр.

Жалпы орта білім беретін мектептің жанындағы, жылы орын, жайлы төсекпен жабдықталған бюджетттік интернатта шалғай жатқан елді мекендерден 16 бала жатып білім алуда. Балаларға төрт мезгіл ыстық тамақ беріледі.

Мектепте бүлдіршіндерге арналған «Қарлығаш» шағын орталығында 20 бүлдіршін тәрбиеленуде. Бұл бүлдіршіндер үш мезгілгі ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Мектеп жаңа заманауи технологиямен, 6 интерактивті ақпараттық тақтамен және 10+1 жаңа үлгідегі компьютерлермен жабдықталған. Биылғы оқу жылында мұғалімдер қатары екі жас маманмен толықты. Аталған орта мектептің 110 оқушының 45 оқушы демеушілер көмегімен ұйымдастырылған ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Үнемі демеушілік көрсететіндер: «Ақкөл» ЖШС-гі – Д.З.Оспанов, «Табыс» - М.Қ.Алғамбаров, «Бесағайын» А.Қ.Оспанов, «Тұрар»- М.С.Мұқажанов, шаруа қожалықтары. 2010-2011 оқу жылында «Мектепке жол» Республикалық акция бойынша көп балалы, толық емес отбасыларына және аз қамтамасыз етілген отбасыларына киім-кешек, оқу құралдарымен көмек көрсетілді.

Жақсат ауылы округіміздегі келешегі бар, тұрғындары тұрақталған елді мекен. Шағын бастауыш білім беру мектебінің ғимараты жаңадан салынып жатыр.

Бюджеттік интернатта жататын балаларды демалыс және каникул күндері арнайы бөлінген КАВЗ автобусымен үйлеріне апарып-әкеліп тұруға бюджеттен қаралған 566000 теңге толығымен игерілді.

Орта мектепті бітірушілердің ҰБТ-дан алған балл көрсеткіштері жылдан – жылға жоғарылауда.

Денсаулық сақтау саласында, округ бойынша Ақкөл ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы мен Зеленая роща ауылындағы медициналық пунктте барлығы 8 медициналық қызметкерлер, оның ішінде 2 маман дәрігер халыққа үздіксіз қызмет көрсетеді. Ауылдық дәрігерлік амбулаториясында 2 төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді. Жедел жәрдем автомашинасымен қамтамасыз етіліп, компьютермен заман талабының медициналық құралдармен жабдықталған. Қазан айынан бастап аптекалық пункт ашылды. Дәрі-дәрмек Жақсат,Зеленая роща ауылдырына апырып сату жолға қойылған. 2010 жылы күндізгі стационарда 80 сырқат емделіп шықты. Жылда балалар мен ересектер жоспарға сәйкес профилактикалық және жылжымалы флюорографиялық тексеруден өтіп тұрады, биыл 428 адам флюорографиялық тексеруден өтті.

Ақкөл ауылындағы орталықтандырылған кітапханадағы кітап қоры 15678 дана, соның ішінде қазақ тілінде 10683 дана кітап бар. Кітапхананың оқырмандарының саны 708, оның ішінде 110 мектеп оқушылары. Кітапханада ауыл жастарымен лекциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, түрлі шаралар өткізіліп тұрады.

Ауыл тұрғындары мен жастарына демалуға тәрбиелік шаралар ұйымдастыруда ауыл клубының алатын орны ерекше. Клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік және ұлттық мерекелер өз деңгейінде аталып өтеді.

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, дұға оқып ас беріп, ауыз ашар өткізіп, қарттар күні, мүгедектер күні аталып өтілді. Ауылдың көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері қалалық, аймақтық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

Ауылдағы пошта байланыс бөлімшесі арқылы газет-журналдар қазпошта байланыс бөлімінен жұмасына біррет жеткізіліп, халыққа таратылады. Осы бөлімше арқылы зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылар, бюджеттік қызметкерлердің еңбек ақылары таратылады. Мерзімдік баспасөз басылымдарына жазылу саны жылдан жылға артуда, 2011 жылға мерзімдік баспасөз басылымдарына жоспар бойынша 223 дана болса, бүгінгі күнге 233 данаға жазылды.

Сымсыз стационарлық WLL-CDMA моделді радио байланысы жұмыс істеуде, бұағн 226 абонент қосылған.

Ақкөл аулында сандық үлгідегі спутниктік телевидение 14 үйге құрылды, бұл жұмыс әліде жалғасады.

Ауылдық округінде спорттық шаралар жиі өткізіліп тұрады. Ауылдық округінің жастары аймақтық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Шахмат, тоғызқұмалақ, шашки ойындарымен, футболдан қалалық жарыстарда жүлделі орындарды иеленді. Көршілес ауданның ауыл жастарымен жолдастық кездесулер жиі өткізіліп тұрады. Ұлттық ат спортының ойындары жақсы жолға қойылған.

2010 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында айтылғандай, «Біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық қарсаныңда тұрмыз, сондықтан ел шежіресіндегі ерекше бұл белеске біз барынша дайындықпен баруымыз керек» деген, осыған байланысты біздің округте келешекте яғни 2011 жылы әр ауылдың келбеті қалыпқа келтіріліп, жолдарымызды жөндеп, үйлеріміздің іші-сыртын заманға сай әрлесек, ауыл ажары ашыла түсері сөзсіз. Сондықтан болашақта округімізде атқарылатын мынадай жұмыс жоспарымыз бар:

1. Зеленая роща ауылындағы Шідерті жалпы негізгі білім беретін мектебінің жылу қазандығын айырбастау.

2. Зеленая роща ауылында мал қорымын салу.

3.Зеленая роща және Жақсат ауылдарында иесіз қираған үйлердің орындарын бюджет есебінен тазалау.

4. Жақсат ауылындағы шағын бастауыш мектебін жаңа ғимаратқа көшіру.

5. Жақсат ауылына орнатылатын кешенді блок модулінің құрылысының кешеуілдеуіне байланысты, Ақкөл ауылынан ауыз су тасымалдауға су сиымдылығын (цистерна) алу.

6. Ақкөл ауылындағы бұрынғы су құбырының (водопровод) 10 шақырымын қалпына келтіріп, іске қосу.

7. Ақкөл ауылындағы кешенді блок модулінің су тұшайытқыш жүйесін бюджет есебінен жаңарту.

8. Ақкөл ауылында қасапхана салу.

9. Шағын жеке кәсіпкерлікті дамыту бағытында Ақкөл ауылында шаштараз және аяқ киім жөндеу цехын ашу.

10. Ұлы Отан соғысынан елге аман оралып, елде қайтыс болған жерлестерге ескерткіш тақта орнату.
Ақкөл ауылдық округінің әкімі Қ.Райымқұлов

Похожие:

Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі iconАқкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарылған туралы есебі
Стік жер көлемі 9200 гектар. Ауылдық округінің құрамына: Ақкөл, Зеленая роща, Жақсат, және Присовхозный ауылдары кіреді. Жалпы тұрғындар...
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі iconБозанбай ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2010 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2011 жылы жоспарланған іс – шаралар талқылау үшін кездесіп отырмыз
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі iconСеменовка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша 2011 жылғы 13 қаңтарда округ халықтардың алдында округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының...
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі iconТөлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі

Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі iconҚұрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы»
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылғын жұмыстары туралы есебі
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі iconТөлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі
Ткен жылмен салыстырғанда Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде 2010 жылғы 01 қантарға халық саны: Герасимовка ауылы 1329, Казачье 366,...
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі iconАзовое ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Округтың жалпы көлемі 56493 га құрайтын үш елді мекеннен құралған,адам саны 1037
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі iconДолон ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Бесқарағай ауданы әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес «2010 жылда округтың әлеуметтік –экономикалық дамуының қортындысы туралы»...
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі iconЕгінсу ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар !
Ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі iconБозанбай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2011 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2012 жылы жоспарланған іс- шараларды талқылау үшін кездесіп отырмыз
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница