Аудан әкімінің 2010 ж. № қаулысына №1 қосымша




НазваниеАудан әкімінің 2010 ж. № қаулысына №1 қосымша
страница1/4
Дата конвертации10.01.2013
Размер0.57 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4


Аудан әкімінің

«_____»____________2010 ж.

_____ қаулысына № 1 қосымша

2010 – 2014 жылдарға арналған
катонқарағай ауданының тұрғын-үй, коммуналды
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімінің
стратегиялық жоспары

Үлкен Нарын ауылы

2010 жыл
МАЗМҰНЫ


Бөлімнің




Бөлімнің атауы

бет



Кіріспе


3



Саладағы қазіргі жағдайдың талдауы


3




Жылумен қамтамасыз ету


3




Сумен қамтамасыз ету


4




Газбен қамтамасыз ету


4




Тұрғын үй қоры


4




Елді-мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және көркейту


5




Автомобиль жолдары


5




Автомобиль көлігі


7



Стратегиялық жоспарының мақсаттары


7



Бөлімнің стратегиялық міндеттері

15



Мүмкіндігі бар қауіп-қатерлер


15



Нормативтік-құқықтық актілер


16


І.Кіріспе
Міндеті:

- ауданның энергетика және тұрғын- үй коммуналдық саласының кәсіпкерлік қызметін үйлестіруге;

- тұрғындарды қажетті мөлшерде және жоғары сапада тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге;

- аудан тұрғындарының тұрмысын жақсарту үшін қолайлы жағдай жасауға;

- ауылдық елді мекендердің аумағында жасыл көшеттердің сақталуын қамтамасыз етуге;

- инженерлік инфроқұрылымның техникалық жағдайын нормативті талаптарға сәйкес дәрежеге жеткізу;

- Катонқарағай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Пайымдау:

- қолдануға берілген объектілердің тіршілігін қамтамасыз ету және қолда бар тұрғын- үй қорын ұстау, сондай- ақ ондағы өмір сүрудің қауіпсіз және жайлы жағдайын жасау.

- тұрғындарды қажетті мөлшерде және жоғары сапада ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін құру және жүзеге асыру.

- ауданда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

-ауданның барлық тұрғындарын әлемдік қауіпсіздік стандарттарына сай жоғары сапалы тасымал қызметімен қамтамасыз ету.

ІІ. Саланың қазіргі замандағы талдауы
Жылумен қамтамасыз ету

Жыл сайын ауданның тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қысқы жағдайға дайндау кезеңінде қызметтердің үлкен көлемі жүзеге асырылады, бұл жылумен қамту жұмыстарын дер кезінде бастауға және қиындықтарсыз өткізуге мүмкіндік береді.Лицейдің жылу қазандығында ұзындығы 330 метрлік жылу трассасының жөндеу жұмыстары өткізілді,жөндеу жұмыстары 4,5 млн теңгеге бағаланды.

2009-2010 жылдары жылумен қамту маусымына дайындау барысында 53- жылу қазандықтары, 0,37 жылу және 4,2 км су жүргізу желілері жөнделіп іске қосылды.

Жылумен қамту маусымы басында ауданның барлық жылумен қамту көздері нормалық отын қорымен қамтамасыз етілді, соның ішінде бюджеттік мекемелер үшін - 2662 тонна отынмен қамтамасыз етілді.

Катонқарағай ауданының аумағында ағымдағы жылда 53 жылу қазандықтары бар, соның ішінде қатты отынмен жылытатындары-14. Барлығына бірыңғай отынмен жабдықтаушы белгіленген бюджеттік жылу қазандықтары жылумен қамту маусымына 2008 жылдың 1 қазанына дейін 2662 тонна көмірмен қамтамасыз етілді. Бір тонна бюджеттік көмірдің бағасы орташа 5800 теңгені құрайды. Ағымдағы жылда бюджеттік саладағы 39 объекті электрлі жылытуды қолданады, 10 объекті осындай жылыту түріне 2009 жылы көшті. Электрлі жылытуға көшу экономикалық және экологиялық тұрғыда негізделген. Аудан аумағында жылумен қамту қызметін, балансында 5 жылу қазандығы бар, «Нарын» коммуналдық кәсіпорыны көрсетеді. 2009 жылда МКК «Нарын» жарғылық капиталын көбейту үшін, жылыту қазандықтарына 7,389 млн. теңге бөлінді.

Сумен қамтамасыз ету

Аудан аумағында 51 елді мекен бар, оның 25 елді мекені орталықтан сумен қамтылған. Орталықтан сумен қамтамасыз ету 27898 адамды немесе 73% қамтиды. Сонымен қатар 10212 адам немесе жалпы тұрғындардың 27% аула құбырларынан және сыртқы көздерден сумен қамтылған, ал тұрғындардың 1% немесе 211адам тасып әкелінетін суды қолданады.

Аудан тұрғындарын сумен қамту шешімдері 2003-2010 жылдардағы аймақтық «Ауыз су» бағдарламасында көрсетілген. Бағдарламаның 6 жылдық әрекет ету мерзімінде жөндеу жұмыстарын қаржыландыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілген, бұған бюджеттен 125 млн. 229 теңге бөлінген. 16 елді мекенде су құбырларының құрылыстары мен желілері күрделі жөндеуден өткізілді. 15,71 км желі қалпына келтіріліп, 15,8 мың адамды сумен қамту жағдайы жақсартылды.

2003 жылан бастап тұрғындарды орталықтан сумен қамту 24% өсті, бүгінде ол 73,2% құрайды.

Газбен қамтамасыз ету

Ауданда 54 елді мекенге ауылдық Әкімдермен келісілген кесте бойынша жұмыс істейтін 17 газ баллон ауыстыру көздері бар.
Тұрғын-үй қоры

Көлемі 24,9 мың м² көппәтерлі тұрғын үйлердің саны 43, олардағы пәтер саны 548 құрайды. Жалпы көлемі 21,7 мың м² құрайтын 28 үй күрделі жөндеуге жатады. Тұрғын ғимараттарындағы тұрғын және тұруға арналмаған жайларды жекешелендіруден кейін мемлекет тұрғын үй-коммуналдық саласын демеу принціпінен бас тартты. Қызметін шығынмен жүзеге асыратын аз нәтижелі тұрғын- үй коммуналдық мекемелерін негізінен жаңа меншік иелерінің тұтынушы кооперативтеріне ауыстыру көзделді. Ауданда құрылған 4 жеке меншік пәтерлер кооперативтері өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындай алмай және одан әрі дамуын тоқтатты. Бұндай жағдайда тұрғындар үйлерін ұстауға және жөндеуге төлеген жоқ, соған байланысты өткен жүз жылдықтың 60 және 70 жылдарда салынған үйлер тозып, қазіргі кезде олардың көбі авариялық жағдайда тұр. Сонымен қатар, 90 жылдары сумен және жылумен қамту уақ-уақ тоқтатқаннан кейін көппәтерлі үйлердегі пәтерлердің көп бөлігін иелері босатты немесе қандайда құжаттарды рәсімдеместен арзан бағаға сатты. Қозғалмайтын мүлікті жария ету арқасында, бүгінде кондоминимум рәсімдеуге мүмкіндік бар. Аудан орталығында осындай 4 кондоминимум рәсімделген.

Елді мекендердің санитарлық жағдайын көркейту

және жақсарту

Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мақсатында ауданда соңғы жылдары елді мекендерді көркейту бойынша жұмыс жүргізілді, 2009 жылы жергілікті бюджеттен 10 млн. 634 мың теңге, соның ішінде елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға 3 млн. 269 мың теңге және көріктендіруге 7 млн. 365 мың теңге бөлінді және игерілді.

2009 жылы елді мекендер аумағында көркейту бойынша «Ауданның ең жақсы елді мекені» номинациясымен конкурс өткізілді, жеңгендерге бюджеттен 250,0 мың теңге бөлінді.

Жасыл көшеттерді күзету,қорғау, ұдайы өсіру үшін және оларды ұдайы қолдану үшін «2008-2009 жылдары елді мекендерді көгалдандыру бойынша аудандық бағдарлама» құрылды және бекітілді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында аудан аумағында 14915 түп түрлі көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар, ауданда 40 адамнан тұратын «Жастар күзеті» жұмыс істейді. Аудандағы мемлекеттік паркті көгалдандыруға 2008 жылы бюджеттен 1200,0 мың теңге бөлінді және игерілді.
Автомобиль жолдары

Ауданда жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы 721,7 км құрайды, оның 421,7 км аудандық маңызы бар жолдар. Осы жолдардың 5 км асфальтбетонды, 19,7 км қара гравийлі, 398 км гравийлі. Жергілікті автомобиль жолдарында ұзындығы 794 қума метр 36 дана көпір және ұзындығы 1326 қума метр 123 дана сужүргізу құбырлары бар.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық жағдайы ауылдық округ орталықтарына дейін қанағаттандырарлық. Бірақ та ұзындығы137 км болатын гравийлі жабылған ауылдардың кіре берісі 15 жыл мерзімде қаржылық тапшылық салдарынан жөндеу уақыты бұзылу салдарынан қанағатсыз жағдайда. Аудандық маңызы бар жолдарда жол құрастырылуы және қажетті жерлерде қоршаулар жоқ деп айтуға болады. Шағын сужүргізу құрылыстары да қанағатанарсыз жағдайда.

2008 жылы автожолдардың қысқы, жазғы ұстау және жөндеу жұмыстарын жүргізуге 72,960 млн. теңге игерілді.

Ағымдағы жылы 82,737 млн. теңге игерілген, өсуі 13% құрылды. Бағыттық жөндеуде жалпы ұзындығы 24,5 км 53,866 млн. теңге игерілді. Ағымды жөндеу және ұстау жұмыстарына 2,995 млн. теңге жұмсалды. Үлкен Нарын а. көшелердің орташа жөндеу жұмыстары жалпы сомасы 8,873 млн. теңгеге, Ново-Поляковка а. көшелердің - 0,870 млн. теңгеге істелінді. «Малонарым–Солоновка–Ново-Поляковка, 8-30 км» және «Сөгір–Печи–Белое, 27-54 км» автожолдардың орташа жөндеу жұмыстары жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуге 2,0 млн. теңге игерілген.

Аудандық бюджеттің шектелген мүмкіншіліктеріне байланысты өңірдегі туризм саласының дамуында маңызды орын алатын «Малонарым – Солоновка – Ново-Поляковка», «Сөгір – Печи – Белое» «Жаңа Үлгі – Жамбыл – Берел» автожолдардың жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық және облыстық бюджеттерден қаражат бөлу қажет етеді. Мәселенің бірден-бір шешімі аталған автожолдарды облыстық коммуналдық меншігіне қабылдау болуы мүмкін.

Аудандық маңызы бар автожолдардың құжаттамалауын жүргізуге 2010 жылда жергілікті бюджеттен 2 млн. теңге бөлу жоспарланған. Үлкен Нарын, Юбилейное, Малонарым, Майемер ауылдардағы Нарын өзені арқылы өтетін, Печи, Жаңа Үлгі, Ақ қайнар, Берел ауылдардағы Бұқтырма өзені арқылы өтетін, Ақсу ауылдағы Белая өзені арқылы өтетін, сонымен қатар кеңес шаруашылығының қаражатымен салынған және пайдалануға берілмеген Берел ауылдағы Белая Берель арқылы өтетін үлкен темір бетонды көпірлерді қаралуға қаражат бөлу қажет етеді.

Ауданда «Нарын» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылып, оның жергілікті маңызы бар автожолдардың жөндеу және ұстау жұмыстарының бір түрі болып есептеледі. Облыстық маңызы бар жолдарда құрылған «Облшығысжол» КМК-ның үлгі бойынша «Нарын» МКК-ның теңгеріміне жергілікті жолдары беріліп отырса, аталған кәсіпорынды көрсетілген жұмыс түрлері бойынша мемлекеттік сатып алулардың заңының нормаларын қолданылмай қаржыландыруға мүмкіндік береді. Сонда осы кәсіпорынға қосымша бюджеттік қаражат алмай, лизинг бойынша тиісті арнаулы техниканы және жол-құрылыс материалдарды өндіретін жабдығын сатып алуға, сонымен қатар аудандық жолдардың құжаттамалауды толық көлемінде жүргізуге мүмкіндік болады. Автожолдарды ұстау бойынша сауатты инженерлік саясатты жүргізу, жөндеу аралық мерзімдерді сақтау, дер кезінде жол төсемнің, жасанды құрылыстардың, жол құрастырылудың жағдайын сақтау, сонымен бірге қармен күрестің енжарлық әдістерді пайдалану автожолдарды қанағатты жағдайда сақтауға мүмкіндік береді. Автожолдардың техникалық жағдайды жақсарту мәселесі орташа және күрделі жөндеу үшін облыстық және республикалық бюджеттерден қаражат бөлуімен шешілуі керек, осыған байланысты жыл сайын аудандық бюджеттен аталған жұмыс түрлері бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге қаражат қарастырылуы қажет.
Автомобиль көлігі

Көліктік қажеттіліктеріне қызмет көрсетуде автомобиль көлігінің басымдық маңызы тұрақты орын алуда.

Автожолдардың бар болуы ауданның барлық елді мекендерді жүк тасымалдаумен қамтуға мүмкіндік береді. Жүк тасымалдаумен қамтылуы «Большенарымское АТП» ЖШС-і және «Дархан АТП» ЖШС-і, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер жүзеге асырады. 2009 жылы 142,7 тонна көлемінде әртүрлі жүктер тасымалданған, жүк айналымы 1768 тоннаны құрады, 38 млн. 176 мың теңге кіріске алынды. Кәсіпорындар негізінде ауданның шаруа қожалықтарына астық және кұнбағыс мәдени дақылдарды тасымалдау, тас көмірді, тұтыну тауарларды және әртүрлі тұтынушыларға басқа да шаруашылық жүктерді жеткізу бойынша қызмет көрсетуде.

Катонқарағай ауданының әкімшілік шегінде жалпы саны 38600 мың адамдар тіршілік жасайды, 13 ауылдық округ, 54 елді мекен бар. 31 елді мекен автобустық маршруттармен қамтылған.

Жолаушылар тасымалдауларды ЖК С.Романов және ЖК Г.Заднепровский жүзеге асырады, олар облыс ішілік, аудан ішілік және ауыл ішілік маршруттарда қызмет көрсетуде. Ауданда Үлкен Нарын – Көк-Терек, Катон - Берел, Катон - Ақсу, Катон - Коробиха, Катон - Өрел, Үлкен Нарын - Ново-Поляковка 6 аудан ішілік маршруттар және Үлкен Нарын мен Катонқарағай ауылдарда екі ауыл ішілік маршруттар жүзеге асыруда.

2009 жылы ауыл ішілік маршруттарға арналған демеу қаржы 1 млн. 100 мың теңге.

Ауданда жыл бойы «Өскемен – Үлкен Нарын» (ЖК Г.Заднепровский) және Солдатово ауылына кіруімен «Өскемен – Катон» (ЖК С.Романов) маршруттары жүзеге асыруда.
III. Мақсатты қызметтің стратегиялық бағыты, міндеттер мен мақсатты айқындағыштар.
Стратегиялық бағыт 3.1. Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы саласының дамуын қамтамасыз ету

Мақсат1. Тұрғындарға коммуналды қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату.

Мақсатты айқындағыш : Көрсетілген қызметтің сапасы. Жайлы өмір сүруге жағдай жасау.

Міндет1.1 Қолдануға берілген және қолданыстағы тұрғын қорын және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін ұстауды қамтамасыз ету.


Атауы

Өлшем бірлігі

есептік кезең

жоспарлы кезең

2008жылға есеп

2009жылға жоспар

2010

жыл

2011

жыл

2012

жыл

2013

жыл

2014

жыл

Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде күрделі жұмыстар жүргізу.


млн теңге


20



-


-


75


75


80


80


Кәріз желілерінің ағымдағы жөндеуі және көппәтерлі үйлердің септигі


млн теңге


-


-



2,0


2,0


2,0


2,0


2,0


Елді мекендерді көркейтуді жақсарту

млн теңге

1,5

1,5

1,7

2

2,5

2,5

2,5

Көппәтерлі тұрғын үйлерде кондоминиумдарды құру


мөлшері


4


4


4


3


2


2


2


Бюджеттік саладағы объектілерде жылу насостарын қондыру


мөлшері


-


-


2













Жылумен қамтамасыз ету кәсіпорындарын құру

мөлшері

1


















  1   2   3   4

Похожие:

Аудан әкімінің 2010 ж. № қаулысына №1 қосымша iconАудан әкімінің 2011 ж. № қаулысына №1 қосымша
Катонқарағай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
Аудан әкімінің 2010 ж. № қаулысына №1 қосымша icon«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары
«Бейнеу аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аудан әкімі аппараты)
Аудан әкімінің 2010 ж. № қаулысына №1 қосымша icon«Тәжен селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
Келісілді бекітілді аудан әкімі аппраты басшысы Аудан әкімдігінің Ү.Әмірханова № қаулсы
Аудан әкімінің 2010 ж. № қаулысына №1 қосымша iconАудан әкімі Ә. Мұхтархановтың өткен 2010 жылдың қорытындысы бойынша есепті баяндамасы Құрметті қауым, жерлестер!
Аудан әкімінің халық алдындағы дәстүрлі есепті кездесуіне қош келдіңіздер! Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
Аудан әкімінің 2010 ж. № қаулысына №1 қосымша icon«Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Республикасының Президенті мен Үкіметінің қаулылырымен, аудан әкімінің және әкімдіктің осы шаралармен қамтамасыз етілуі керек
Аудан әкімінің 2010 ж. № қаулысына №1 қосымша iconАудан әкімдігінің 2011 жылғы наурыздағы № қаулысына 2 қосымша
«Ертіс-Орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты мемлекеттік мекемесінің ғимараты Ленин көшесі, 60 (келісім бойынша)
Аудан әкімінің 2010 ж. № қаулысына №1 қосымша iconШарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша
Шарбақты ауданының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының болжамы (одан әрі-Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
Аудан әкімінің 2010 ж. № қаулысына №1 қосымша iconӘкімдіктің отырысы
Аудан әкімі Сапаргелді Смағұловтың төрағалығымен өткен әкімдіктің отырысында аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына облыс әкімінің...
Аудан әкімінің 2010 ж. № қаулысына №1 қосымша iconСеменовка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша 2011 жылғы 13 қаңтарда округ халықтардың алдында округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының...
Аудан әкімінің 2010 ж. № қаулысына №1 қосымша icon2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында аудан әкімінің тұрғындарға есеп беру кездесулерінің нәтижесі бойынша іс-шаралардың ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жүзеге асырылу барысы туралы
Аудан әкімінің есебі 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы және 2011 жылға арналған міндеттер туралы атқарушы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница