Бүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру -білім беру үрдісінің басты шарты




НазваниеБүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру -білім беру үрдісінің басты шарты
Дата конвертации10.01.2013
Размер86.8 Kb.
ТипДокументы
Бүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру –білім беру үрдісінің басты шарты
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына құзырлылықпен бағыт беру мектеп кешеніндегі білім беру жүйесінің басты шарты
Алимханова С.Қ.

КММ «№19 орта мектеп-кешені»

ОҚЫТУДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ҚАЛЫПТАСҚАН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚПЕН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ

ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
«Қазір біз ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз.Жан-жақты білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеуді еш уақытта естен шығармауымыз керек»-дейді елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» атты жолдауында [8]. Осы елбасының жолдауынан кейін Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы,яғни «білім ғасыры» келіп отыр. 2002 – 2004 жылдары Қазақстанның білім саясатындағы құзырлылыққа деген бетбұрыстармен ерекшеленеді.

Құзырлылық ұғымы педагогика ғылымында білім сапасын арттырудың, оқу үрдісін жаңаша ұйымдастырудың тәсілі, технологиясы деңгейінде еңгізіліп отыр. «Әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар... Өлшеуін білмекке – бір үлкен іс керек», деген Абай философиясы құзырлылықты тұлғаның сапалық белгісі ретінде айтқан.

Құзырлылық-адамның өздік даму жолындағы ізгілік идеялар мен ұстанымдарға негізделген,кіріктірілген сипаттамасы, ал құзыр –адамның тұлға болып қалыптасуындағы қызмет барысында байқалатын мінез-құлқы деп тұжырымдайды [6]. Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» жобасы тіліміздің өркендеуіне арналған. Онда 2020 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы отандық білім сапасының жаңа білім жүйесіне көшудегі келелі мәселелерді шешуге бағытталған [7].

Сондықтан, қазір педагогика ғылымы – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуда. Оқыту технологияларының ортақ мақсаты оқу процесін сапалы жүзеге асыру болып табылады.Мұғалімнің оқыту технологиясын қолдануда мынадай шарттарды ескеріп отыруы абзал:

-оқытудан шығатын нәтижені жобалау;

-оқушылардың білім сапасының ағымдағы жай-күйін диагностикалау;

-оқыту үлгілерінің жиынымен қарулану және білім мазмұнын сұрыптау;

-оқыту құралдарын,формаларын,әдістерін екшеу;

Оқытуда педагогикалық шараларды осылайша кешенді жобалап, ұйымдастыруды технологияландыру дейді. Ол:

-педагогикалық процестің мақсаттылығын арттырады;

-оқушылардың мотивациялау көздерін және оқыту қарқынын күшейтеді; оқушылардың өз бетінше білім алуын және шығармашылық белсенділігін дамытады [4].

Мұғалім пәнге байланысты алдына қойған мақсатты шешуде кез келген оқыту технологиясын пайдалана алады және оның жеке қорында оқыту технологиялары жиынтығының базасы болғаны дұрыс. Олар:проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, саралап оқыту, модульдік оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, ойындық технология, оқытудың жүйелі қалыптасқан технологиясы, коммуникативтік технология және т.б. Бұл педагогикалық технологиялар мұғалім мен оқушының оқу мақсатына ынтымақтаса жетуіне қызмет етеді.

Осы айтылған технологиялардың қайсысы болмасын, қазіргі заман талабына сай интерактивті оқытуды қамтамасыз етуге (модульдер құру, жағдаяттар түзу, блоктарға біріктіру, мақсат пен нәтижені үйлестіру, рөлдік ойындар, пікірталастар, ой қозғаулар, зерттеушілік-ізденістік жұмыстар т.б.) қызмет етеді.Бұл педагогикалық технологияларды қолдану, жаңаша (инно-вациялық) оқытуға жеткізетін жол болып табылады. Сондықтан мен өзекті тақырыбымды «Оқытудың жүйелі қалыптасқан технологиясын құзырлылықпен қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» деп алдым.

Мен қазақ тілінде оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін заманауи технологиялардың элементтерін және А.С.Границкаяның «Оқытудың жүйелі қалыптасқан технологиясын» қолданамын. Олар: естіп-тыңдап түсіну, қатысымдық сөйлеу, оқу, жазу. Оқушылардың оқу-материалын қабылдауды естіп-тыңдап түсіну мен сөйлеуден бастаймын. Материалды меңгеруді ауызша айтып сөйлеуге үйретуде ыңғайлы сөйлеу жағдаятында қолданудан бастаймын, оқушы оны тез қабылдайды. Одан кейін оқу мен жазу әрекетін қолданамын. Ауызекі сөйлеуде естіп тыңдауға үйретуде күйтабақтарды, үнтаспаларды, дискілерді жиі қолдану өте нәтижелі болады. Естіп тыңдауға арналған сөйлеу жаттығулары арқылы жүзеге асады. Оны И.А.Грузинская «Методика преподования английского языка», М.А.Бахарев «Ойды түгел жеткізу» деген еңбектерінде жақсы зерттеп көрсеткен. Ал, И.Д.Салистра «Жаттығуларды топтастыру» деген еңбегінде жаттығуларды сөйлеуге дейінгі тілдік және сөйлеу жаттығулары деп бөледі. Оны мына кестеден көруге болады:

1кесте. Тілдік және сөйлеу жаттығулары

ЖАТТЫҒУЛАР

Тілдік:

Сөйлеу:

Дайындық

Сұраққа жауап

Ауыстыру

Сұрақ қою

Көшірме

Мақал-мәтелдерді дұрыс қолдану

Фонетикалық

Мәтінді мазмұндау




Сурет бойынша әңгімелеу

Тақпақ, өлең, ән айту

Мазмұндама

Шығарма



Тілдік жаттығуда тілдік тұлғаның сөздегі орнына нүкте қойылатын жаттығулар оқушыны тілдік тұлғалардың дыбыстық вариантын дұрыс таңдауға үйрету мақсатын көздейді. Ал, сөйлеу жаттығуы тілдік материалдарды керек кезінде, айтылатын ойға байланысты оқушы орынды қолдана алуын көздейді. Оған: сұраққа дұрыс жауап беру; өзі сұрақ қоя білу; тілдік жаттығуларда меңгерген сөйлем үлгілерін сөйлеуде еркін қолдану; тақырып бойынша шығарма, мазмұндама жазу; сурет арқылы әңгімелеу; оқыған мәтіннің мазмұнын әңгімелету; мақал-мәтелдерді сөйлеуде дұрыс қолдануға жаттықтыру; тақпақ, өлең айтуға, ән салуға үйрету жатады. Тілдік жаттығуларды сөйлеуге үйрету, сөйлеудің алғашқы дағдысын қалыптастыру ретінде түсінуді отандастарымыз Н.Оралбаева, К.Жақсылықовалардың «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» деген еңбектерінен көруге болдады [9].

Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда естіп тыңдау мен сөйлеуден басқа оқу мен жоғарыда айтылған жаттығулар арқылы жазуды да кең қолданамын. Оқуды, мәтіналды (мәтінге дейінгі) дайындық сатысынан (естіп тыңдау, сөйлеу) өткеннен кейін, мәтінде кездесетін тірек сөздер, оның мазмұнын анықтайтын кейбір негізгі сөйлемдер, мәтін бойынша сұрақ-жауап, т.б. жұмыстар бойынша орындатамын. Осылай оларды бекітемін, әрі сауатты жазу дағдыларына үйретемін. Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыруды мәтін, сұрақтар мен тапсырмалар, сұрақ-жауаптар, сөйлеу диалогтері мен жағдаяттары, сұхбат, т.б. жұмыстармен бірге, ағымдағы аралық тест түрінде де жүргіземін. Бақылау тестілерін тез тексеріп, оқушылардың өздерінің қатысуымен жіберілген қателерін түзетемін, түсіндіремін.

Қорыта келгенде, қазақ тілінің жаңаша оқыту әдістемесі комуникативтік қызмет пен тілдік білімнің (фонетика, морфология, синтаксис) және мәтін негізінде фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар «өнімді сөйлеуге» жетуге қызмет етеді.

Сонымен бірге, мұғалім өзге тілді оқушының қазақ тілін оқып үйренуге жеке қызығушылығын, тіл үйренуге деген қабілетін, бейімділігін, психологиясын білгені жөн. Қазіргі оқулықтардың барлығы М.М.Жан-пейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» бойынша құрылған,сондықтан мен өз тәжірибемде бұл технологияны да қолданамын. Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруды осы технологияны пайдалану арқылы соңғы 3 жылда жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесін төмендегі білім сапасының кестесінен көруге болады.

2 кесте. Оқушылардың 3 жылғы білім сапасының көрсеткіші.

Сы

нып

тар

Сұрақ қою

Сұраққа

жауап

Сұхбаттасу

Әңгімелеу

8







80%







84%







70%







72%

7




66%







70%







68%







68%




6

54%







58%







54%







54%







ж.ж

09-10

10-11

11-12

09-10

10-11

11-12

09-10

10-11

11-12

09-10

10-11

11-12


Жоғарыда көрсетілген кестеден оқушылардың соңғы 3 жылда білім сапасының артқанын көреміз, яғни бұл оқу үрдісінде А.С.Границкаяның «Оқытудың жүйелі қалыптасқан технологиясы» және басқа да жаңа технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады деп қорытындылаймын.

Қазір тіліміз күнделікті өмірде және ғылымның барлық саласында қолдану өрісі кеңейіп, іс қағаздары қазақша жүргізіліп жатқанда, мемлекеттік тілде тек ауызекі сөйлеумен шектелу жеткіліксіз. Сондықтан шәкірттерімізді ауызекі сөйлеумен қатар, сауатты жаза білуге дағдыландыру үшін орыс тілді мектептердің 5-11 сыныптарына арналған «Диктанттар жинағы» деген атпен өмір талабына сай электронды оқу құралын мемлекеттік стандарт бойынша құрастырдым. Бұл жинақ 2009-2010 оқу жылы Өскемен қаласындағы «Ресурс орталығы» арқылы мұғалімдерге арналған электронды әдістемелік көмекші құрал ретінде жарық көрді. Бұл құралдың мақсаты-оқушыны сауатты жазуға баулу, өтілген материалдар бойынша білімін нақтылау және мемлекеттік тілді меңгеруде заманауи ақпараттық оқыту технологиясы арқылы оқушының ынтасын арттыруға бағытталған.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, мұғалім өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуда оны тек ойды білдіруге үйрету ісі деп қана емес, өзге адамдармен, қоршаған ортамен, әлеуметтік жағдаяттармен қарым-қатынаста жеке басының жан толқынысын, сезімін білдірудің құралын меңгерту деп қарауға міндетті, сонда ғана ол пәнді оқыту мақсатын орындай алатын болады. Сонымен, баяндамамды К.С.Құдайбергеневаның мына өлең жолдарымен аяқтаймын.

Абайдан қалған текті ізбен, Тың жердан алып дерегін,

Тілімнің нәрін жеткізген. Шәкірттің танып зерегін.

Өнер, білім гүлзарын, Жүйесін білім өзгерткен,

Ұрпаққа бүгін еккізген. «Философ Ұстаз»-дер едім.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Бахарев М.А. Ойды түгел жеткізу // М.,1994, 34 б.

2. Границкая А.С. Оқытудың жүйелі қалыптасқан технологиясы// М., 2004, 4-15 б.

3. Грузинская И.А. Методика преподования английского языка // М.,1947.

4. Дүйсебаев С. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесі // А., «Мектеп», 2004, 5-20 б.

5. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы //Ақтөбе, 1998, 168 б.

6. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми теориялық негізі. А., 2008.

7.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы

8. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 // А.1997, 58 б.

9. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., «Ана тілі»,1996.

Похожие:

Бүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру -білім беру үрдісінің басты шарты iconБүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру -білім беру үрдісінің басты шарты
Бүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру –білім беру үрдісінің басты шарты
Бүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру -білім беру үрдісінің басты шарты iconБілім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту
АҒылшын тілі сабақтарында оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрете отырып, білім сапасын арттыру”
Бүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру -білім беру үрдісінің басты шарты iconСмагулова Н. С
Білім беру сапасын жетілдірудегі негізгі қадамдардың бірі-бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтырудың қазіргі мектептегі білім...
Бүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру -білім беру үрдісінің басты шарты iconҚазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты
География сабағында жергілікті жер материалдарын пайдалану арқылы жеке тұЛҒаны дамытудағы экологиялық білім мен тәрбие беру
Бүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру -білім беру үрдісінің басты шарты iconБілім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру жүйесіне жаңаша қарау, білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыру – заман талабы
Бүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру -білім беру үрдісінің басты шарты iconҚазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты
Азіргі заман талабына сай жеке тұЛҒаны дамытудың білім сапасын арттыруда ақпараттық технологияны қолдану жолдары
Бүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру -білім беру үрдісінің басты шарты iconОҚушыны ойлауғА Үйрету
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудағы шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Бүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру -білім беру үрдісінің басты шарты iconБілім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
ОҚушылардың СӨйлеу тілін қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары арқылы дамыту жолдары
Бүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру -білім беру үрдісінің басты шарты iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Бүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру -білім беру үрдісінің басты шарты iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница