Дайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар




Скачать 40.99 Kb.
НазваниеДайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Дата конвертации10.01.2013
Размер40.99 Kb.
ТипДокументы
Дайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар.

Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыс жасауда.

Ауылдық округ әкімі аппараты бойынша 2011 жылдың 1-жарты жылдығында 49 өкім, 3 шешім қабылданды. Жеке және заңды тұлғалардан 10 жазбаша өтініш, 4 ауызша өтініш түсіп, барлығына уақытында жауаптар берілді.

2011 ж 13 -18 қаңтар аралығында ауылдың округі әкімі Б.Балғабаев Дайыр,Жамбыл, Көкжыра ауылдары тұрғындарының алдында есеп беру жиналысын өткізді. Жиналыста 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы, жеткен жетістіктер,кеткен кемшіліктер айтылды. Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс пікірлер тыңдалды. 20 қаңтарда аудан әкімі С.Зайнулдиннің есептін кездесуі болды.Осы жиналыста айтылған ұсыныс- пікірлер бойынша,аудан әкімі тапсырмалар берді. Осы тапсырма бойынша жұмыстар істелінуде. Атап айтқанда Жамбыл –Көкжыра тас жолы қардан үнемі тазаланып отырды. Көкжыра ауылының көшелерін жарықтандыруға бюджеттен 1 млн 50теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, сайтқа беру арқылы 682,5 мың тенгенің жұмыстары атқарылып, 367,5 мың тенге үнемделді. Қазір Көкжыра ауылының 2 көшесінде 30 шам жанып тұр. Ауылды көркейту,абаттандыруға байланысты бюджеттен 700,0 мың тенге бөлініп, оның 683 мың тенгесіне Дайыр аулының кіре берісіне қақпа орнатылды.

Округ бойынша аудан әкімінің 2011 жылдың 11 сәуір-11 маусым аралағы тазалық айлығын жариялауына байланысты әр ауылда әр аптаның жұма күндері тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, ауыл ішіндегі қоқыстар шығарылып, көшелер тазаланды. Әр үй өз ауласын, сыртқы қоршауларын жөндеп, әктеп, сырлау жұмыстарын жүргізді.Округ бойынша 2800-дей ағаш отырғызылды. Аудан бойынша тазалық айлығының қортындысында біздің округ 3- орынды иеленіп, 100 мың тенге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ауылдық округ бойынша 20 жарқын істің жоспары жасалған. Осы жоспар бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Дайыр ауылында жеке кәсіпкер Өтебаев Арғынғазының демеушілігімен саябақ қоршалып, оған 200 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Күзде ағаш отырғызу ары қарай жалғасады. Жамбыл ауылында да саябақ жасалуда. Көкжыра ауылында жеке кәсіпкер Келгенбаев Ербол мешіт құрылысын бастап, аяқталуға жақын.

Мүкарама орта мектебі әкімішілігінің бастамасымен, 2011 жылдың наурыз айында мектеп жанынан шағын жылы жай іске қосылды.

Округ бойынша 1-жарты жылдықта салық жоспары артығымен орындалды. Атап айтқанда мүлік салығынан бюджетке 45 мың тенге, жер салығынан 201,0 мың тенге түсті.. Көлік салығы бойынша 356,0 мың теңге түсті..Салық түсімдерін молайтуда, қосымша кіріс көздерін анықтауда жұмыстар жүргізілуде. Алгоритм бойынша 2011 жылдың есептік кезеңінде 147,6 мың тенге бюджетке аударылды.

Мемлекетіміздің басты саясатының бірі – халықтың әл-ауқатын арттыру болса, оның ішінде аз қамтылған, көп балалы отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту болып табылады. Біздің округте 1-тоқсанда 8 отбасының 31 мүшесіне мемлекеттік атаулы көмек көрсетілсе, 61 отбасындағы 243 балаға мемлекеттік жәрдемақы төленді.

Дайыр ауылдық округ бойынша 01.01.2011 жылғы мәлімет бойынша халық саны 2846 болса, 01 шілдедегі мәлімет бойынша 2878 адам болды. 6 айдың ішінде 24 сәби дүниеге келсе, 8 адам қайтыс болды. 89 адам есепке алынса, 31 адам есептен шықты. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2011 жылдың 6 айында 24 адам жұмыссыз ретінде тіркелді. Олардың 14 –і қоғамдық ақылы жұмысқа тартылды. 10 адам қайта даярлау немесе кәсіптік оқытуға жолданды.

Аудан әкімінің ұйымдастыруымен «Сайқан» ЖШС директоры А.Дудник демеушілік жасап, 20 т. көмір аз қамтылған 20 жанұяға тегін таратылып берілді.

Округ бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын орындаудың іс-шаралар жоспары жасалған. Қазір іс шаралар жоспарының 75%-ға орындалған: су заводы, мал сою алаңы, сауда дүкендері, әлеуметтік аптека, шағын жылы жай ашылды. , жалпы 20 адам жұмыспен қамтылды. Қазіргі күні Дайыр ауылының тұрғыны С.Сабырбаев бал арасын өсірумен айналысуда.

2011 жылы ұйымдастырылған ауданда, облыс орталығында болған жәрмеңкелерге округ бойынша: 22 бас ірі қара (3350 кг.), 6 бас қой (100 кг.), 500 л. күнбағыс майы, 100 кг сәбіз, 1 т. картоп, 200 кг капуста, 100 кг құрт, 50 кг сүзбе, 100 кг тары, 10 кг жент, жиыны 3 579500 тенгенің өнімі саудаланды. 2011 жылы ауыл шаруашылық саласы бойынша 4 кәсіпкер несие алды. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру жұмыстары бойынша 2011 жылы 5500 бас ірі қара қайта сырғаланып, компьютерлік базаға енгізілді. 2009-2011 жылдары ауылдық округ бойынша ірі-ақара малының өсімі -110%, қой-ешкі – 65%, жылқы – 124%, үй құстары- 152% болды.

Егін шаруашылығы бойынша: таза егістік жер -1667 га, оның ішінде 540 га жерге дәнді дақыл, 754 га жерге күнбағыс, 123 га жерге картоп, 54 га жерге көкөніс, 11 га жерге бақша егілді.

Ауылдық округ әкімі жанынан құрамында 12 адамы бар 3 ақпараттық насихат (АНТ) тобы құрылған. Оның құрамында ауыл әкімі, әкімшілік қызметкерлері, мектеп директорлары, мұғалімдер, медицина қызметкерлері бар. АНТ жыл басынан бері 11 кездесу өткізіп, 581 адам қамтылды. Негізгі тақырыптары: Елбасы Жолдауы, жолдаудан туындайтын мәселелер, Тәуелсізідігіміздің 20 жылдығы т.б.

Дайыр ауылдық округінде осы жылдың 1-жарты жылдығында әрбір мерекеге байланысты мәдени-көпшілік шаралар Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып, өз мәнінде өтті. Атап айтқанда, Наурыз мерекесі ұлттық мереке ретінде ерекше аталып өтті. 22 наурызда ауылдық окургке қарасты ауылдар арасында «Армысың әз-Наурыз!» өнер сайысы , спорттық шаралар өтті. Осы шараға 200-ден астам адам қатыстырылды.

Сонымен қатар, наурыз мерекесі әр ауылда аталып өтілді. Атап айтқанда, Жамбыл ауылында 21 наурызда ұлттық салт дәстүрді насихаттау мақсатында көшеаралық жарыс өткізілген. Оған ауыл азаматтары демеушілік жасады. Ал Көкжыра ауылында клуб үйінің алдында наурыз көже ұйымдастырылып, қазақтың ұлттық ойыны «Көкпар» ойналды. Ойын өте тартысты өтті.

Ауылдық окургі әкімі аппараты ауыл спортын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Наурыз айында волейболдан жеке кәсіпкер Л.Енсегенованың демеушілігімен турнир өтті. Оған басқа округтен де командалар қатысты.

Мамыр айында аудан әкімінің жүлдесіне арналған аудандық спартакиадада Дайыр ауылдық округ спортшыларының командасы жүлделі 2- орынды иеленді.

Ауылдық округте көрнекілікке байланысты жиыны 3 баннер ілініп, 8 баннерге тапсырыс берілді.

2011 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Соғысқа кеткен баласын тосқан кейуана» ескерткіші қайта жөнделіп, жаңа орынға көшірілді.

Похожие:

Дайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconКеңсай ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Алау,1 мәдениет үйі,1 байланыс бөлімі халыққа қызмет көрсетеді. округ аумағындағы 4 мектепте 454 оқушы білім алуда, олардың 189 –ы...
Дайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыстар атқарылды
Дайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында 2012 жылға арналған бағдарлама бойынша бірталай жұмыстар атқарылды
Дайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconҚарабұлақ ауылдық округі бойынша 2012 жылдың i-жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі егін және мал шаруашылығы. Округ бойынша 117 шаруа қожалығы жұмыс істейді және 9 кәсіпкерлік түрі...
Дайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconҚылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты жылдығында және 2011 жылдың 1 тоқсанында шығарылған жеке қаулылыр бойынша анықтама
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылғы бірінші жарты жылдығына арналған жоспар негізінде қылмыстық істер бойынша 2010 жылдың 2 жарты...
Дайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconСартерек ауылдық округінде 2011 жылдың екінші жарты жылдығында атқарылған іс-шаралар

Дайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconАйнабұлақ ауылдық округінде 2011 жылдың екінші жарты жылдығында атқарылған іс-шаралар

Дайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconҚарабұлақ ауылдық округінде 2011 жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстары туралы
Оқушы саны – 436. Биыл мектепті 42 оқушы бітіріп, 2010-2011 ж ж оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 91 балды...
Дайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconАуылдық округі бойынша 2009 жылы атқарылған жұмыстарға анықтама. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша
...
Дайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар iconАбай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы
Жылдың 5 айында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша жылдық жоспар негізінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Жоспарланған...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница