Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар




Скачать 36.28 Kb.
НазваниеДайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар
Дата конвертации10.01.2013
Размер36.28 Kb.
ТипДокументы
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы

атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыстар атқарылды.

Ауылдық округ әкімі аппараты бойынша 2011 жылы 75 өкім, 4 шешім қабылданды.

2011 жылы 13-18 қаңтар аралығында ауылдың округі әкімі Б. Балғабаев Дайыр, Жамбыл, Көкжыра ауылдары тұрғындарының алдында есеп беру жиналысын өткізді. Жиналыста 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы, жеткен жетістіктер,кеткен кемшіліктер айтылды. Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс пікірлер тыңдалды. 20 қаңтарда аудан әкімі С. Зайнулдиннің есептік кездесуі болды. Осы жиналыста айтылған ұсыныс- пікірлер бойынша, аудан әкімі тапсырмалар берді. Осы тапсырма бойынша жұмыстар істелінді. Атап айтқанда : Жамбыл –Көкжыра тас жолы қардан үнемі тазаланып отырды. Көкжыра ауылының көшелерін жарықтандыруға бюджеттен 1 млн 500 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, сайтқа беру арқылы 682,5 мың тенгенің жұмыстары атқарылып, 367,5 мың тенге үнемделді. Қазір Көкжыра ауылының 2 көшесінде 30 шам жанып тұр. Ауылды көркейту, абаттандыруға байланысты бюджеттен 700,0 мың тенге бөлініп, оның 683 мың тенгесіне Дайыр ауылының кіре берісіне қақпа орнатылды. Көкжыра ауылындағы клуб үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдаланылуға берілді.

Округ бойынша аудан әкімінің 2011 жылдың 11 сәуір-11 маусым аралығы тазалық айлығын жариялауына байланысты әр ауылда әр аптаның жұма күндері тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, ауыл ішіндегі қоқыстар шығарылып, көшелер тазаланды. Әр үй өз ауласын, сыртқы қоршауларын жөндеп, әктеп, сырлау жұмыстарын жүргізді. Әкімшілік тұрған ғимараттың алдына әр түрлі мүсіндер орнатылып, гүлзарлар жасалды. Округ бойынша 2800-дей ағаш отырғызылды. Аудан бойынша тазалық айлығының қортындысында біздің округ 3- орынды иеленіп, 100 мың тенге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Аудан әкімі С.Зайнулдиннің ұйымдастыруымен аудандағы техникасы бар кәсіпкерлерді жұмылдырып, Жамбыл ауылындағы көшелерге құм-тас төгіліп, тегістелді. Дайыр ауылындағы Орманбетов көшесін ауыл әкімінің ұйымдастыруымен жөнделді.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ауылдық округ бойынша «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 20 жарқын істің жоспары жасалып, осы жоспар бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Дайыр ауылында жеке кәсіпкер Өтебаев Арғынғазының демеушілігімен саябақ қоршалды. Жамбыл ауылында осы ауылдың тумалары С.Ақтанов, М.Бошаков, С.Рамазановтырдың демеушілігмен ақын Нұрлан Маукенұлы атындағы саябақ жасалып, пайдалануға берілді.. Көкжыра ауылында жеке кәсіпкер Келгенбаев Ербол мешіт салып, пайдалануға берді. Сонымен қатар, Көкжыра ауылында ауыл тұрғындары Б.Тлеужанов пен К.Далабаевтың бастамасымен ауылдың кіре берісіне қақпа орнатылып, ауыл маңындағы зираттар қоршалды.

Мүкарама орта мектебі әкімішілігінің бастамасымен, 2011 жылдың наурыз айында мектеп жанынан шағын жылы жай іске қосылды.

Аудан әкімінің ұйымдастыруымен «Сайқан» ЖШС директоры А.Дудник демеушілік жасап, 20 т. көмір аз қамтылған 20 жанұяға тегін таратылып берілді.

2011 жылы ұйымдастырылған ауданда, облыс орталығында болған жәрмеңкелерге округ бойынша: 22 бас ірі қара (3350 кг.), 6 бас қой (100 кг.), 500 л. күнбағыс майы, 100 кг сәбіз, 1 т. картоп, 200 кг капуста, 100 кг құрт, 50 кг сүзбе, 100 кг тары, 10 кг жент, жиыны 3579500 тенгенің өнімі саудаланды. 2011 жылы ауыл шаруашылық саласы бойынша 4 кәсіпкер несие алды. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру жұмыстары бойынша 2011 жылы 5500 бас ірі қара қайта сырғаланып, компьютерлік базаға енгізілді.

20.12.2011 ж. жүргізілген санақ бойынша: округте ірі қара- 6639 бас, қой-ешкі -8979 бас, жылқы-1397 бас, құс- 5862 болды. 2010 жылдың осы мезгілімен салыстырғанда; ірі қара 123 басқа, қой-ешкі 785 басқа, жылқы 90 басқа, құс 220 –ға өскен.

Егін шаруашылығы бойынша: таза егістік жер -1667 га, оның ішінде 540 га жерге дәнді дақыл, 754 га жерге күнбағыс, 123 га жерге картоп, 54 га жерге көкөніс, 11 га жерге бақша егілді.

Ауылдық округ әкімі жанынан құрамында 12 адамы бар 3 ақпараттық насихат (АНТ) тобы құрылған. Оның құрамында ауыл әкімі, әкімшілік қызметкерлері, мектеп директорлары, мұғалімдер, медицина қызметкерлері бар. АНТ жыл басынан бері 11 кездесу өткізіп, 581 адам қамтылды. Негізгі тақырыптары: Елбасы Жолдауы, жолдаудан туындайтын мәселелер, Тәуелсізідігіміздің 20 жылдығы т.б.

Дайыр ауылдық округінде осы жылы әрбір мерекеге байланысты мәдени-көпшілік шаралар Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып, өз мәнінде өтті. Атап айтқанда, Наурыз мерекесі ұлттық мереке ретінде ерекше аталып өтті. 22 наурызда ауылдық окургке қарасты ауылдар арасында «Армысың әз-Наурыз!» өнер сайысы , спорттық шаралар өтті. Осы шараға 200-ден астам адам қатыстырылды.

Сонымен қатар, наурыз мерекесі әр ауылда аталып өтілді. Атап айтқанда, Жамбыл ауылында 21 наурызда ұлттық салт дәстүрді насихаттау мақсатында көшеаралық жарыс өткізілген. Оған ауыл азаматтары демеушілік жасады. Ал Көкжыра ауылында клуб үйінің алдында наурыз көже ұйымдастырылып, қазақтың ұлттық ойыны «Көкпар» ойналды.

Ауылдық окургі әкімі аппараты ауыл спортын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Наурыз айында волейболдан жеке кәсіпкер Л.Енсегенованың демеушілігімен турнир өтті. Оған басқа округтен де командалар қатысты.

Мамыр айында аудан әкімінің жүлдесіне арналған аудандық спартакиадада Дайыр ауылдық округ спортшыларының командасы жүлделі 2- орынды иеленді.

Ауылдық округте көрнекілікке байланысты жиыны 4 баннер ілініп, 8 баннерге тапсырыс берілді.

2011 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Соғысқа кеткен баласын тосқан кейуана» ескерткіші қайта жөнделіп, жаңа орынға көшірілді.

Похожие:

Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыс жасауда
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында 2012 жылға арналған бағдарлама бойынша бірталай жұмыстар атқарылды
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconБозанбай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2011 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2012 жылы жоспарланған іс- шараларды талқылау үшін кездесіп отырмыз
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconАуылдық округі бойынша 2009 жылы атқарылған жұмыстарға анықтама. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша
...
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconТаврия ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
...
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconЕгінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары!
Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconБозанбай ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2010 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2011 жылы жоспарланған іс – шаралар талқылау үшін кездесіп отырмыз
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconКеңсай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі
Округ аумағындағы 4 мектепте 454 оқушы білім алуда, олардың 189 тұрақты ыстық тамақпен қамтылған. Биылғы жылы Жарсу орта мектебінің...
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!!
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Мемлекет басшысының...
Дайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар iconАзовое ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Округтың жалпы көлемі 56493 га құрайтын үш елді мекеннен құралған,адам саны 1037
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница