2009 жылдың алты айына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы 2009 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің тапсырмаларын, «Қазақстан 2030»




Скачать 243.34 Kb.
Название2009 жылдың алты айына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы 2009 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің тапсырмаларын, «Қазақстан 2030»
Дата конвертации10.01.2013
Размер243.34 Kb.
ТипДокументы
2009 жылдың алты айына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы
2009 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің тапсырмаларын, «Қазақстан 2030» даму бағдарламасын, сондай-ақ басқа да бағдарламаларын басшылыққа алып, оны іске асыруға және облыс әкімінің тапсырмаларын орындау мақсатына, ауылшаруашылығымен қатар өнеркәсіп саласын дамытуға, бюджетке төленетін төлемдер көлемін ұлғайтуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, Елбасымыздың жіті бақылауында тұрған Республика Үкіметінің әлемді жайлаған экономикалық дағдарысты еңсеруге арналған шараларын іске асыру мен бағаны тұрақтандыру мақсатына бағытталды.
БЮДЖЕТ

Ауданның 2009 жылға арналған бюджетінің көлемі 2 млрд. 901 млн. 592 мың теңге, оның ішінде жергілікті кірістері 330 млн. 595 мың теңгеге бекітілген болатын. Жыл ішінде нақтылау барысында бюджет көлемі 6 млрд. 197 млн. 303 мың теңгеге бекітіліп, оның ішінде жергілікті кірістер 311 млн. 234 мың теңге, немесе жергілікті кірістер 19 млн. 361 мың теңгеге кемітілді. Бұның негізгі себебі – 2009 жылдың 1 қантарынан жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке табыс салығы мен әлеуметтік салығының ставкілері төмендеуі. Дегенмен шілде айындағы нақтылауда 7 млн. теңгеге жергілікті салықтарды көтеру жоспарланып отыр.

2009 жылдың алты айында жалпы салықтардың кіріс жоспары 379 млн. 712 мың теңгенің орнына 409 млн. 787 мың теңге болып, яғни 30 млн. 075 мың теңгеге артық түсіп, 108 пайызға орындалды. Атап көрсеткенде:

  • республикалық бюджеттің жоспары 85 млн. 303 мың теңгенің орнына 113 млн. 636 мың теңге түсіп, 28 млн. 333 мың теңгеге артық, яғни 133 пайызды құрады;

  • облыстық бюджет жоспары контингенті бойынша 293 млн. 383 мың теңгенің орнына 295 млн. 163 мың теңге түсіп, 1 млн. 780 мың теңгеге артық, яғни 101 пайызды құрады;

  • жергілікті бюджеттің жоспары 159 млн. 722 мың теңгені құраса, оның нақты түсімі 168 млн. 968 мың теңге болып, 9 млн. 246 мың теңгеге артық, яғни 105,8 пайызға орындалды.

Жергілікті бюджет қаражаты осы жылдың 6 айында 97,3 пайызға игерілді. Еңбекақы айма-ай уақытылы төленіп отыр.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ

Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылғы.

2009 жылдың алты айында ауыл шаруашылық саласында - 2 млрд. 653 млн. 600 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2008 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі – 102,5 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылық жерлерінің жалпы көлемі 217 мың 299 гектар, оның ішінде егістік жер көлемі 80 мың 231 гектар, мұның 48 мың 224 гектары тәлімі жер, 32 мың 7 гектары суармалы жер. Тыңайған жер 13 мың 260 гектар, жайылымдық жер 126 мың 310 гектар, және көпжылдық қондырғы 458 гектарды құрайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсақ шаруашылық құрылымдарын ірілендіру жөніндегі саясатын қолдау мақсатында, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің коопертативін (бірлестігін) құру және дамыту туралы түсініктеме жұмыстарын агроқұрылымдар мен ауыл тұрғындарының арасында жүргізу үшін, 28 қаңтар 2009 жылы аудан әкімінің орынбасары бекіткен кестесіне сәйкес барлық ауыл округтерінде ауданда құрылған «Ордабасы СДО (сервистік дайындау орталығы)» ЖШС-нің төрағасы мен ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы бірлесе, ауыл округі әкімдерінің қатысуымен, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің арасында түсіндіру жұмыстары туралы жиналыстар өткізді.

Қазіргі таңда 35 ірі шаруашылықтар құрылып, оған 2242 ұсақ шаруашылықтар біріктірілді. Ірілендіру бойынша алдағы уақытта да жұмыстар жүргізіледі.

2009 жылдың өнімі үшін күздік бидай нақты 14101 га жерге егілді. Ал жаздық бидай 1864 га, арпа 160 га, дәндік жүгері 3143 га, күнбағыс 3033 га, мақсары 1856 га, көкөніс 2226 га, га жерге егілді, ал картоп 567 га, бахша 1244 га, мақта 6774 га, жаңа жоңышқа 4525 га жерге егілді.

Тапсырмадағы сояулы азық дайындау 230000 тонна, дайындалғаны 208547 тонна 91 пайыз.

Ауданда «Ордабасы» СДО-сы құрылып жұмыстар атқаруда. Аудан көлемінде шаруа қожалықтардың өндірген көкөніс және бақша өнімдерін қалыпты деңгейге жеткізіп уақытша сақтауға арналған 1000 тонналық қойма салу мақсатында «Ордабасы СДО» ЖШС-не 1 гектар жер бөлініп берілді. Сондай-ақ Төрткөл аумағында СДО ашуға жұмыстар жүргізілуде.

Ауданға бөлінген 2360 тонна жанар май толық тасымалданып алынды.

Ауданға қажетті минералды тыңайтқыш 3295 тонна, одан нақты 640 тоннасы алынды.

Үкімет тарпапынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне бөлінген субсидияны алуға 2007-2008 жылы еккен көп жылдық екпелер жүзім жеміс жидектен 1-ші және 2-ші өсу жылына 8 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жүзім 10,29 гектары, соммасы 1млн 883 мың 306 теңге, алма 27,2 гектары, соммасы 736 мың 427 теңге, барлығы 2 млн 619 мың 733 теңге, 2009 жылы көп жылдық екпелер жеміс-жидек, жүзім еккен 24 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жүзім 15,82 гектары, соммасы 3 млн 367 мың 508 теңге, жеміс жидек 137,4 гектары, соммасы 58 млн 483 мың 869 теңге, барлығы 61 млн 851 мың 377 теңге құжаттары тапсырылды.

Егін шаруашылығы бойынша 1467 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 25366,4 гектары, соммасы 71млн 905 мың 996 теңге өтінімдері мен құжаттары өтті.

Аудан бойынша «Батсу Агро» ЖШС-і 29 га және «Таңбатыр 112» ЖШС-і 25 га бау алқаптарын тамшылатып суғару әдісін қолданылуда.. Ал «Дін-Нұры Б» ЖШС-і 50 га. «Нұр» ш/ш 30 га жерге тамшылатып суғару жүйесін қолдану үшін жобасы аймақтық инвестициялық орталығы «Максимум» ЖШС-не ұсынылды.

Аудан бойынша жалпы 1,7 га жерге жылыжай салынған.

Қайта өңдеу саласын жеделдетіп дамыту мақсатында биылғы жылдың қаңтар айында Көктөбе және Ұялы жар елді мекендерінде ет өнімдерін өңдейтін шұжық шығаратын екі кіші цехы ашылып жұмыс істеуде.

Егінді сақтандыру жұмыстары «Альянс - Полис» «Пана», «Қазахинстрах», «Сая», «Агро-ИНШУРАНС» компаниялары арқылы жүргізілуде. 2009 жылдың өнімі үшін егілген 14101 га күздік бидайдың 8420 га оңтайлы мерзімде егіліп 100 пайызы, жаздық егістіктің 8125 га оңтайлы мерзімде егіліп дәнді дақылдар 1689 га, майлы дақылдар 1545 га, мақта дақылы 3985 га барлығы 7219 гектар 88 пайызы сақтандырылды. .

Мал басын асылдандыру бағытында ауданда екі шаруашылық - Бөген ауыл округіне қарасты «Бекзат- Бақ» шаруа қожалығы, Бадам ауыл округіне қарасты «Сералы» шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқы мен қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойын өсірсе, түйе шаруашылығынан Төрткөл ауыл округіне қарасты «Алтыбас КТА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жылқы шаруашылығынан Бөржар ауыл округіне қарасты «Сабыр» шаруа шаруашылығы барлығы 5 шаруашылық, оның ішінде 2 қой, 2 жылқы, 1 түйе шаруашылықтары асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесін алып жұмыс атқаруда. Биылғы жылы Төрткөл ауыл округінен «Меринос ЮК» ЖШС-і биязы жүнді қойды және Бөржар ауыл округінен «Еділ» ЖШС-і ірі қара малды асылдандыру бойынша ұсыныс беріліп, соған сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда мал мен құс еті 2008 жылдың алты айымен салыстырғанда 538,1 тоннаға /5807,9-5269,8/ яғни 10,2 пайызға, сүт 490,2 тоннаға /21867-21376,8/ немесе 2,3 пайызға артып, жұмыртқа 105,7 мың данаға /5315,1-5420,8/ яғни 1,9 пайызға кеміді. Қой жүнінің өндірісі 2008 жылдың 6 айымен салыстырғанда 21,7 мың данаға /345,8-324,1/ 6,7 пайызға артты.

2008 жылдың 6 айымен салыстырғанда ірі қара мал 7337 басқа көбейіп, 82412 басты, оның ішінде сиыр 667 басқа артып, 26201 басты, қой мен ешкі 32754 басқа көбейіп 345116 басты, жылқы 988 басқа көбейіп 15045 басты, түйе 145 басқа көбейіп 490 басты құрады. Ал құс 77109-ға төмендеп, 246700 басты, шошқа 706 басқа кеміп 3217 басты құрап отыр.

Шаруашылықтың барлық санаттарындағы алынған төл саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда: бұзау 2699 басқа /28277-25578/, қозы-лақ 15077 басқа /147769-132692/, құлын 70 басқа /3826-3756/ артты.
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасында аудан тұрғындарының тұрмыстық жағдайын көтеру мәселесі басты мақсат болып алға қойылды. Осы мәселені шешу үшін барлық жағдайлар жасалуда. Ауданда халық санының және жаңа отбасылар ұлғаюы есебінен тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін сұраған өтініш берушілер көбейе түсуде.

Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша тұрғын үй құрылысына 14 356 өтініш түсіп, 12891 өтініш қанағаттандырылды. 6 айда 415 учаске беріліп отыр.

Аудан көлеміндегі ауыл шаруашылық жерлерін түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін 23.04.2009 жылы №20 шешімімен комиссия құрылып, жұмыс кестесі бекітілді. 2009 жылдың мамыр айында ауыл шаруашылық жерлерін түгендеу кезінде игерілмей жатқан 2 648 га суармалы, 12 937 га тәлімі, барлығы 15 585 га жер анықталды. Бүгінгі таңға 31 құрылымның мақсатты пайдаланбай отырған жалпы 1 249 га, оның 95 га суармалы, 609 га тәлімі, 545 га жайылым жерлері мемлекетке қайтару жөнінде Өңіраралық жер инспекциясына 20.04.2009 жылы №97 хатпен ұсыныс енгізілді.

Оралмандарды интеграциялау тәсілімен орналастыру мақсатында Бадам ауыл округі, Бадам елді мекенінен 200 гектар жер учаскелері арнайы мақсатта белгіленді. Төрткөл аумағында оралмандарды орналастыру үшін Шымкент-Самара тас жолы бойында Жайылма және Көкарал ауылынан 30 га белгіленіп, осы жылы тұрғындарға берілу жоспарланған. 2009 жылдың 6 айында жер учаскесін сатудан, жерді тұрақты пайдаланудан түсімдерінен бюджетке 888 мың теңге түсті. Дегенмен коммерциялық мақсатта 15 тұлғаға сатылған жерлердің 12 млн. 687 мың 488 теңгесі өндірілмей отыр.
ӨНЕРКӘСІП

2009 жылы 6 айында өнеркәсіп тауарлар өнімінің көлемі 1 млрд. 127 млн. 424 мың теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,1 пайызға артқан, дегенмен өнімнің нақты көлем индексі 7 пайызға кеміген.

Қаржылық емес корпорация секторы бойынша 389 млн. 883 мың теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 127,3 пайызға артқан, дегенмен өнімнің нақты көлем индексі 7,9 пайызға кеміген.

Өңдеу өнеркәсібі саласында 303 тонна (62,2%) құс еті, мал еті және тағамдық ішек-қарын өнімі 246 тонна (100%), өңделген сұйық сүт көлемі 414 тонна (100%), жаңа піскен нан 3462 тонна (100%), бидай ұны 2971 тонна (16,2 есеге артқан) өндірілді.

Сонымен қатар шағын кәсіпорындар бойынша 6 мың текше метр табиғи құм , 6 мың текше метр түйіршік тас үгіндісін, 12,2 мың текше метр құрылыс кірпіштері өндірілді.

Ағымдағы жылы 2 кіші қуатты шұжық цехы іске қосылды, атап айтқанда:

  • 2009 жылдың қаңтар айында жеке кәсіпкер Ж.Ешмұратовтың шұжық цехы іске қосылды. Цех тәулігіне 3 тонна шұжық өнімін өндіреді. 35 мың АҚШ долларын құрайтын Ресей, Германия қондырғыларымен жабдықталған, 10 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтыды;

  • «Ырыс» өндірістік кооперативінің ішінен өндіріс қуаттылығы тәулігіне 1,5-2 тонна тонна шұжық өнімін өндіреді, 10 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтыды.

Халықаралық деңгейдегі сапа менеджмент жүйесінің ИСО 9001-2001 сериялы стандартына «Берен»ЖШС-гінің өнімі және қызметі өтті.

КӘСІПКЕРЛІК


Индикаторлық көрсеткіш бойынша шаруашылық субъектілер саны 6502, оның 687-і заңды тұлға, 976-і жеке тұлға, 4839-ы шаруа шаруашылықтары. Құрылымдардағы жұмыспен қамтылған адам саны - 16418.

Шағын кәсіпкерлік саласында түрлі экономикалық қызмет түрін көрсететін 109 нүкте ашылып, 113 адам жұмыспен қамтылды. Әділет басқармасында 65 жаңа жұмыс орнымен 10 заңды тұлға тіркелді.

Жалпы өндірілген өнім мен көрсетілген жұмыс қызметтің көлемі 5 млрд. 437 млн. 500 мың теңге болды. Ал одан түскен салық төлемі 70 млн. теңгені құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 224 млн. 600 мың теңге болып 2008 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,1 пайызға артты, қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 7 млн. 900 мың теңге болып, өткен жылдың деңгейінде тұрақтады.

Сауда кәсіпорындарының дислокациясы бойынша тіркелген 305 дүкен, 83 дүңгіршек, 72 қоғамдық тамақтандыру, 5 базар халыққа қызмет көрсетуде.
ИНВЕСТИЦИЯ

2009 жылдың 6 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1 млрд. 350 млн. 960 мың теңге, 2008 жылмен салыстырғанда 46,4 пайызға кеміді. Оның ішінде републикалық бюджет есебінен 1 млрд. 056 млн. 945 мың теңге (134%), жергілікті бюджет есебінен 53 млн. 082 мың теңге(318,5%), жеке қаржы есебінен - 240 млн. 933 мың теңге (23,7%).

Ауданда 2009 жылы республикалық бюджет есебінен 14 объектінің құрылысы жүргізілуде, оған бөлінген қаржы – 2 млрд. 724 млн. 464 мың теңге. Атап айтқанда:

  • 2007 жылы басталған Қажымұқан-Қараспан топтасқан су жүйесінің құрылысы 2009 жылға дейін 191 млн. 195 мың теңге болып игерілді. Биылғы жылға қаралған 1 млрд. 134 млн. 268 мың теңгенің 6 айда игерілгені 636 млн. 260 мың теңге. Аталған құрылыс 2009 жылдың қараша айында бітеді деп күтілуде;

  • 2008 жылы басталған Шұбарсу ауылындағы 1200 орындық және 600 орындық «Атамекен» орта мектептерінің құрылыстарына 2008 жылы 549 млн. 957 мың теңге /397,1+152,8/ толығымен игерілген. Биылғы жылға қаралған 1 млрд. 479 млн. 446 мың теңгенің 402 млн. 065 мың 900 теңгесі игерілді, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі 2009 жылдың желтоқсан және қазан айлары.

  • 2008 жылы 21-22 ақпанда су тасқынынан зардап шеккен 3 мектептің құрылыстары жүргізілді, оның 1 мектебінің /Қ.Сәтбаев атындағы/ құрылысы бітті. Ал қалған екі мектептің құрылысы жалғасуда, оған биылғы жылға қаралған қаржы 41 млн. 200 мың теңгенің 10 млн. теңгесі игерілді, атап көрсеткенде:

    • Амангелді елді мекеніндегі Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің құрылысы. Конкурстық құны 414 млн. 808 мың теңге, оның игерілгені 394 млн. 166 мың теңге, 2009 жылға 20 млн. 642 мың теңге қаралып, 10 млн. теңге игерілді;

    • Батырата елді мекеніндегі І.Есенберлин атындағы орта мектептің құрылысы. Сметалық құны 408 млн. 622 мың теңге, оның игерілгені 388 млн. 63 мың теңге, қалған 20 млн. 558 мың теңгесі осы жылы игеріледі деп күтілуде.

  • Темірлан ауылынан жалпы құны 30 млн. 382 мың теңгеге 8 жеке бір пәтерлі коммуналдық тұрғын үйлер салуға қаржы қаралып, 6 айда 9 млн. 115 мың теңге игерілді;

  • Темірлан ауылында ауысымда 500 адам қабылдайтын емханасы бар 240 төсектік орталық аурухана құрылысын аяқтауға және материалдық-техникалық базасын жабдықтауға 39 млн. 168 мың теңге (облыстық құрылыс басқармасы арқылы) қаралып, толығымен игерілді, биыл тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар 2009 жылға облыстық бюджет есебінен үш нысанға 172 млн. 214 мың теңге қарастырылған, атап көрсеткенде:

  • 119 млн. 310 мың теңгеге Төрткөл мектебінің қайта қалпына келтіру жұмыстарына қаржы қарастырылды, игерілгені 19 млн. 547 мың теңге;

  • Бадам ауылындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысына (электр жүйесі, сумен қамтамасыз ету, автомобиль жолдары)– 18 млн. теңге қаралып, қаржысы игерілген жоқ (шілде айындағы обл. маслихаттың шешімімен толығымен кемітілді);

  • Темірлан ауылындағы ауысымына 500 адам қабылдайтын емханасымен 240 төсек орындық орталық аудандық ауруханасын сумен қамтамасыз етуге – 34 млн. 904 мың теңге қаралып, 20 млн. 400 мың теңге игерілді.

Бүгінгі күнге басымды бағыттағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында «Казагроқаржы» АҚ-ң несие комиссиясының оң қортындысына инвестициялық құны 2 млрд. 600 млн. теңге құрайтын «Ордабасы құс» ЖШС-ң жобасы қаржыландыруға мақұлданды.

«Дидар» ӨК-і «Агрохолдинг «Оңтүстік» ЖШС-мен бірлескен шошқа базасының жанжандыру мақсатында «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы инвестициялық құны 116 млн. теңгенің жобасы қаржыландыруға мақұлданды.

Аймақтық инвестициялық орталық «Максимум» ЖШС-не 70 жоба ұсынылды, оның ішінде үш жоба 6 млн. теңгеге қаржыландыруға мақұлданды, атап айтсақ:

  • жеке кәсіпкер Ж.Ешмұратовтың шұжық цехының қаржы айналымын ұлғайтуға – 2 млн. теңге;

  • «Қзыл-жар» шаруа-қожалығының ауыл шаруашылығын жүргізуге – 2 млн. теңге;

  • «Мерей» шаруа-қожалығының ірі қара мал бордақылауға – 2 млн. теңге.

Қажымұқан ауыл округіне қарасты Амангелді ауылынан «Қайнар май» акционерлік қоғамы 240 орынға арналған демалыс емделу профилакториін ашуды жоспарлауда. Жобаның жалпы құны 450 млн. теңге. 2008 жылға 96 млн. теңге игеріліп, жоба толығымен 2010 жылы қолданысқа беріліп, 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Ауданда 2009 жылдың 6 айында 5302 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 14,7 пайызға төмендеген. Оның ішінде тұрғындар қаражаты есебінен 4946 шаршы метр, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 20,5 пайызға төмендеген. Тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 21,4 мың теңгені құрап отыр.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес 2009 жылдың алты айында 199 отбасындағы 1071 адамға 6 млн. 205 мың 500 теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалып, төленді, немесе өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда алушылар саны 36 отбасы, 222 адамға артып, төленген қаржы 2 млн. 607 мың теңгеге артты. 2009 жылдың ІІ-тоқсанына кедейлік шегінің мөлшері 4 мың 302 теңге болса, 2008 жылдың осы мерзімінде кедейлік шегінің мөлшері 4 мың 025 теңгені құраған, яғни 277 теңгеге ғана артқан.

Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес биыл алты айда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған 2 мың 002 отбасындағы 7 мың 111 балаға 42 млн. 910 мың теңге тағайындалып, 47 млн. 871 мың теңге төленді, оның 4 млн. 961 мың теңгесі 2008 жылдың желтоқсан айының қалдығы.

Аудан бойынша 2009 жылдың алты айында 224 аз қамтамасыз етілген мұқтаж отбасылар болып, жалпы аудан бойынша отбасылардың 1,2 пайызын құрады, ал кедей азаматтар 1241 адамды құрап, жалпы аудан тұрғындарының 1,2 пайызын құрады. 2008 жылы осы мерзімде аз қамтамасыз етілген мұқтаж отбасылар 183, ал кедей азаматтар 990 адамды құраған, немесе өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 41 аз қамтамасыз етілген мұқтаж отбасыларға және 251 кедей азаматтарға артты.

Тұрғын үй көмегі 2009 жылдың алты айында 889 отбасыға 12 млн. 996 мың теңге тағайындалып 12 млн. 996 мың теңге төленді. Өткен жылдың осы кезеңінде 681 отбасыға 9 млн. 397 мың теңге тағайындалып, төленген болатын.

Тұтыну бағасының индексі өсуі жағдайында аз қамтылған отбасыларға аудандық бюджеттен 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмекке 2 млн. 089 мың теңге қарастырылды.

Ауданда адам қорғаныш тапшылығының қоздырғыш (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған 10 бала тіркелген, оларға ай сайын 28 мың 267 теңге қаралып, 1 млн 696 мың теңге жәрдемақы төленді.

2009 жылдың 1 шілдесіне мерзімі өткен еңбекақыға қарызы бар орта және ірі бизнес субъектілері жоқ.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, зейнеткер жасындағы «Батыр аналар» мен «Алтын алқа» иегерлері, соғыс жылдары тылдағы еңбегі үшін марапатталған және кемінде алты ай еңбек еткен тыл еңбеккерлері, жасына байланысты және зейнеткер жасындағы мүгедек азаматтарға қаңтар айында «Ардагерлер», «Мейір» үйлеріне – 104 азамат, сондай-ақ мүгедектерді оңалту орталығына 14 азамат, Түркестан аймақтық мүгедек балаларды оңалту орталығына 7 мүгедек бала жолданды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және аз қамтамасыз етілген азаматтарға жергілікті бюджеттен, кәсіпорындар мен ұйымдар және коммерциялық құрылымдар есебінен 515 адамға қосымша 1 млн. 109 мың 380 теңгенің әлеуметтік қолдаулары көрсетілді.

80 жастан асқан жалғызілікті ешкімі жоқ 14 қарттың зейнетақысына 101 мың 840 теңге үстеме жәрдем ақы тағайындалып төленді.

Мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының аз қамтамасыз етілген қарт азаматтарға шефтік көмек азық-түлік және қаржылай бойынша барлығы 83 адамға 607 мың 600 теңгенің көмегі көрсетілді.

2009 жылдың 6 айында ресми тіркелген жұмыссыздар саны 742 адам, оның 326-ы әйел, 416-ы ер азамат.

2009 жылдың 6 айында 1034 адам тұрақты жұмыспен, 120 адам нысаналы топ бойынша жұмыспен қамтылды. Ал ақылы қоғамдық жұмыспен 299 адам қамтылған.
БІЛІМ

Аудан бойынша жыл басында білім мекемелерінің жалпы саны – 80 болатын, Қараспан ауыл округіне қарасты Семхоз ауылында жаңа мектептің ғимараты пайдалануға берілуіне байланысты Жұлдыз, Мәдениет елді мекендердегі шағын жинақты бастауыш мектептері жабылып, бүгінгі таңда білім ұйымдарының саны – 78 құрайды. Оның ішінде жалпы білім беретін мектеп - 64, оның орта мектептері 38, негізгісі 11, бастауыш мектептері 15. 2009 жылдың қаңтар айының есебі бойынша оқушы саны - 22075. Жалпы білім беретін ұйымдарда 2540 мұғалім жұмыс істейді, оның 90 пайызы жоғары білімді мамандар.

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны - 14, оның 11-і мектепке дейінгі (1017 бала), 2-і мектептен тыс мекеме, 1-уі балалардың жазғы демалыс лагері.

Қ.Бектаев атындағы орта мектебінің жанындағы интернатта оқушы /тәрбиеленушілер/ саны - 103.

64 мектептің барлығы телефондандырылған, оның 61-і интернет желісіне қосылған. Ал, 2 мектепте «DAMA» және 1 мектепте «Малютка» құрылғысы орнатылғандықтан интернет желісіне қосыла алмайды. Қашықтықтан оқытудың спутниктік каналы 18 білім мекемесінде орнатылған.

27 мектеп мультимедиялық-лингофондық, 18 мектеп физика, 12 мектеп химия, биология кабинеттерімен жабдықталған. Одан бөлек биылғы жылы 4 мектепке мультимедиялық-лингофондық, 2 мектепке – биология кабинеттерін 30 млн. 358 мың тегег алу жоспарланып, бүгінгі таңда 14 млн. 522 мың теңге игерілді.

Сонымен қатар, 10 мектепке 26 интерактивтік тақта бар. Биыл 6 мектепке 6 интерактивтік тақта орнатуға 38 млн. 094 мың теңге қаралып, 17 млн. 460 мың теңге игерілді.

Кітапхана қорын жаңарту мақсатында жергілікті бюджеттен 22 млн. 551 мың теңге қаржы қаралып, 6 млн. 181 мың теңгесі игерілді.

Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген отбасындағы балалар саны - 444. Жалпыға міндетті білім қорына қаралған 22 млн. 005 мың теңгенің 11 млн. 573 мың теңгесі киімдер алуға, 8 млн. 129 мың теңгесі аз қамтамасыз етілген отбасылардың 444 баласына ыстық тамаққа және 2 млн. 303 мың теңгесі аз қамтамасыз етілген отбасылардың 329 баласына жазғы лагерде демалуына бөліну көзделген. 6 айда 7 млн. 256 мың 500 теңгесі игерілді. 2008 жылы осы мақсатқа 8 млн. 294 мың теңге қаралған болатын, немесе бөлінген қаржы 2,6 есеге артқан.

Ауданымызда 22 мектепте асхана, 15 мектепте буфет жұмыс істейді. Онда 13 635 оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылған. Бұл барлық оқушының 61,8 пайызы. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың 444 баласы «жалпыға міндетті білім қорынан» тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Оқушылардың денсаулығын қадағалайтын 50 медбике қызмет атқарады.

2009 жылы 3 мектепке күрделі жөндеуден өткізуге 20 млн. теңге жоспарланып /Қарақұм 8 млн, Жамбыл 5 млн, Ерназаров 7 млн. теңге/, сметалық құжаттары сараптамадан 29.05.2009 жылы өтіп, 30.05.2009 жылы ашық конкурс жарияланды. 2009 жылдың 1 шілдесіне 5 млн. 483 мың теңге игерілді.

Мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 64 млн. теңге қаралып, 55 млн. 564 мың теңгесі игерілді, сондай-ақ бала бақшаларға 12 млн. теңге /10 бала бақшаға 1 млн. теңгеден, «Аққу» бала бақшасына 2 млн. теңге/, мектептен тыс мекемелерге 5 млн. теңге /жазғы лагерге 4 млн.теңге, саз мектебіне 1 млн.теңге/ қаралды.

Биылғы жылы өткен ҰБТ қорытындысымен аудан бойынша орташа балл 71,84 құрады.

СПОРТ

Ауданымызда 1 балалар мен жасөспірімдер мектебі, стандартқа сай 1500 орындық орталық стадионы, 24 спорт зал, 52 спорт алаңдары, 7 ауыл футбол алаңы мен 45 алаңша, Қонаев атындағы демалыс лагеріндегі жүзу бассейні аудан бойынша спорт саласын дамытуда тыңғылықты жұмыс атқарып келеді.

Бүгінгі таңда спорттың 11 түрінен, яғни футбол, баскетбол, қазақша күрес, бокс, жеңіл атлетика, каратэ-до шотакан, самбо, дзю-до, және шахматтан оқу жаттығу сабақтары жүргізіліп келеді, онда 64 топта 756 оқушы жаттығады. Жыл басымен салыстырғанда 1 топқа, 16 балаға өсім бар.

Ауданда 83 спортпен шұғылданатын мекеме бар, бұған қатысатын 5 мың 306 адам болса, оның 64 мектептен 3 мың 699 оқушы, 15 мекемеден 450 адам, бір кәсіптік техникалық мектептен 401 оқушы және жасөспірімдер спорт мектебіндегі 756 оқушы. Оның 2 мың 700-і оқушылар, ал қалған 2 мың 590 спортқа қатысушының 1920-сы ерлер болса, 670-і әйелдер мен қыз балалары.

Жыл басынан 17 спорттық жарыс өткізіліп, оған 22 мың 400 адам қатысты.

ДЕНСАУЛЫҚ

Аудан тұрғындарына 55 емдеу–профилактикалық мекеме, атап айтқанда 1 аудандық орталық аурухана, 1 туберкулезге қарсы диспансер, 2 ауылдық аурухана, 2 бастапқы медициналық санитарлық көмек Қараспан, Шұбарсу, 9 дәрігерлік емхана және 40 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу бағдарламасы бойынша 9 бағытта жұмыстар атқарылуда, атап айтқанда; темекі шегуге, нашақорлыққа, маскүнемдікке қарсы күрес, дене тәрбиесін тәрбиелеу, тиімді тамақтану, ана мен баланың денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік маңызды мәселелердің алдын алу.

Өткізілген шаралар: дәріс – 758, әңгімелер – 9 449, мақалалар – 19, санбюллетень – 227, семинар – 159.

Емдеу мекемелеріндегі алдын-ала тексеру бойынша тексерілуге тиісті тұрғындар саны нақтыланып, облыстық денсаулық басқармасында бекітілді.

Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар аурушаңдық көрсеткіштері біршама қалыпты жағдайда. Аса қауіпті жұқпалы аурулар мен топтық бұрқасындар тіркелген жоқ. 2008 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бруцеллез, сары ауру аурушаңдықтары төмен. Сары ауру негізінен мектеп жасына дейінгілер мен оқушылар арасында тіркелуде. Сары ауру тіркелген мектептердің және науқас ошақтарының құдықтарына залалсыздандыру жұмыстары атқарылып келеді.

2009 жылы 6 айында ана өлімі жағдайы жоқ, бірақ 1 жасқа дейінгі 35нәресте өлімі тіркелгені. Былтыр осы мерзімде 48 болатын.

2009 жылға халықты флюрографиялық тексеруден өтуге тиіс 42 763 азаматтың 5 айында 23 913-і өтіп, 56,9 пайызды құрады.

2009 жылдың 6 айында бюджеттен ауруханадағы азаматтардың тамақтандыру шығындарына 13 млн. 452 мың теңге, дәрі-дәрмекке 49 млн. 661 мың теңге игерілді.

МӘДЕНИЕТ

Ауданда 1 мәдениет үйі, 4 ауылдық мәдениет және 8 клуб, 1 орталықтандырылған кітапхана, балалар кітапханасы, 30 ауылдық кітапханалар халыққа қызмет көрсетуде.

Осы жылдың алты айында мәдени-ағарту мекемелерінде 384 мәдени іс-шара өтіп, оған 72 мыңнан астам көрермен қатысты. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 163 592 кітап қоры биылғы жылы 2 704 дана кітаппен толықтырылды (оның ішінде 555 – «Ордабасы энциклопедиясы»).

Қаңтар айында балалар кітапханасында «Кел жаңа жыл төрлет» атты 1-4 сыныптар арасында ертеңгілік, «Бір кісідей ат салысайық» халық санағына байланысты әңгіме өткізілді. Осы кітапханада «Қазақстан 2030», суретші Ә.Қастеевтің туғанына 105 жыл, Қазақстанның халық әртісі С.Майқанованың туғанына 95 жыл, өнер қайраткері Е.Өмірзақовтың туғанына 110 жыл, белгілі балалар жазушысы А.П.Гайдардың 105 жыл, оңтүстік Қазақстандық қобызшы-сазгер Ж.Қаламбаевтың туғанына 100 жыл, орыс жазушысы П.П.Бажовтың туғанына 130 жыл, жазушы С.Ерубаевтың туғанына 95 жыл толуына орай кітап көрмелері, сонымен қатар қойылды.

Аудандық мәдениет үйінің арнайы есеп шотына 358 мың теңге құйылды. Мәдени іс шараларға 280 мың теңге жұмсалды.

Аудандық мәдениет үйінің ғимаратын 2007 жылы ағымдағы жөндеуден өткізуге 44 млн. 500 мың теңге бөлініп, бүгінге игерілмеген қаржы 276 мың теңгені құрап отыр, оған тиісті жұмыстар көлемі орындалғанда толығымен аударылады.

ТАЗАЛЫҚ

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 28 ақпандағы «Аудан елді мекендерінде көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарының жүргізілуі туралы» №94 қулысына сәйкес аудан көлемінде көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалау айлығы жарияланды. Бүгінгі күнге 10 ауыл округтерінің елді мекендерінде санитарлық тазалау жұмыстары атқарылуда. Санитарлық тазалау іс-шараларын өткізуге барлық мекеме басшылары, ауыл округі әкімдері, ауыл билері, мемлекеттік мекемелер мен өндіріс, шаруашылық, қоғамдық ұйымдар қызметкерлері және жеке тұрғындар қатысуда. Елді мекендерді күл-қоқыстан тазарту жұмыстарымен 11 ауылдық тұтынушылар кооперативтері айналысады.

Аудан халқының денсаулығын жақсарту, аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын-алу салауатты өмір салты мен мәдениеттілікті, тазалық ережелерін сақтау барысында лекциялар оқылып, әңгімелер өткізіліп, үгіт-насихат жұмыстары атқарылуда. Осы тақырыптарға қатысты аудандық «Ордабасы оттары» үнқағазына 10 мақала жарияланды.

Аудан көлемінде халық арасында тағам қауіпсіздігін қадағалау саласы бойынша астан уланудың алдын алу мақсатында 195 нысан есепке алынып, 2009 жылға іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді.

Аудан бойынша халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту, ауыз су арқылы таралатын жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, шаруашылықтардағы жұмыс істеп тұрған ауыз су жүйелерінен аудандық санитарлық эпидемиологиялық сараптау орталығының зертханасына 462 ауыз су сынамасы жеткізіліп, оның 3-і оң нәтиже берген жоқ. Жыл басынан 133 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіліп, 54 лауазымды азаматқа 224 мың 048 теңге ақшалай айппұл салынды.

2009 жылдың 6 айында аудандық бюджеттен санитарлық тазалық жұмыстарына 1 млн. 543 мың теңге, абаттандыру және көгалдандыруға 7 млн. 091 мың теңге, жарықтандыруға 1 млн. 926 мың теңге игерілді.

АУЫЗ СУ

2009 жылы сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуіне облыстық бюджет есебінен 54 млн. 400 мың теңге қаралды (Ол Шұбар су елді мекеніне 40 млн. 600 мың теңге, Ұялы жар елді мекеніне 7 млн. теңге, Қайнар елді мекеніне 6 млн. 800 мың теңге). Игерілген қаржы 36 млн. 173 мың теңге.

Аудандық бюджеттен ауыз су жүйелерін ұстауға қаралған 4 млн. 543 мың теңгенің 6 айда 2 млн. 569 мың теңгесі игерілді.

Аудандағы жұмысқа жарамды 21 ауыз су жүйесінің 15-і жұмыс істеуде. Тұрғындардың жер асты құбыр суымен 29 078 адамы (34,4 пайыз), құдық суымен 54 775 адамы (64,8 пайыз), ұңғыдан (скважина без разветвление) 312 адамы (0,37 пайыз), ашық су көзінен 253 адам (0,3 пайыз) қамтамасыз етілген.

Бадам, Қарақұм ауылдарында 24 сағат ауыз су берілуде, ал Темірлан, Шұбар және Жеңіс, Тоқсансай, Шұбарсу, Ынтымақ, Семхоз, Қайнар, Ұялыжар және Бөген - 10 сағат.

Барлық орнатылған су есептегіш құралдар саны - 970 дана.

«Таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты Темірлан, Шұбар, Бадам, Жеңіс ауылдарында ауыз су тарифінің бағасы 22 теңге 90 тиын.

Аудандағы істеп тұрған 21 ауыз су жүйесінің 4-уі «Таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын балансында /Темірлан, Шұбар, Бадам, Жеңіс/, 8-ін коммуналдық меншікке алу жұмыстары жүргізілуде /Қарақұм, Қайнар, Ұялыжар, Ынтымақ, Семхоз, Көкарал, Жайылма/. Қалған 10 ауыз су жүйелері ұжымдар мен жеке тұлғалар иелігінде.

Аудандық бюджеттен Бөген ауылындағы су ұңғысын сатып алуға 1 млн. 150 мың теңге қаралды.

«Таза су» бағдарламасы бойынша 14 ауылда «Омега» қондырғысын орнату жұмыстарының конкурстық құны 73 млн теңге, үнемделген қаржы 460 мың теңгені құрады, бүгінгі таңға жоспардағы 21 млн 881 мың теңге толығымен игерілген.
ЖОЛ ЖӨНДЕУ

2009 жылға автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жергілікті бюджет есебінен 20 млн. теңге қаралды, жыл басынан 8 млн. 440 мың теңге игерілді.

2009 жылдың 6 айында облыстық маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеуге 18 млн. 603 мың 735 теңге, күтіп ұстауға 2 млн. 901 мың 953 теңге бөлініп, игерілді.
ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ

Аудан бойынша көмір қажеттілігі 59 мың 850 тонна, оның ішінде 7 мың 761 тонна ауданның бюджет мекемелеріне, қаралған қаржы 44 млн 420 мың теңгенің маусым айында 4 млн 829 мың теңгесі игерілді (мектептер).

Қазіргі таңға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерге тасымалдаушылар анықталған. Олар: «Азамат-Р», «Дербес», «Демеу-К» ЖШС-тері. Орташа бағасы тоннасына 5700 теңгеден.

Сондай-ақ, аудандық медицина бірлестігіне биылғы жылға қажетті 1 908 тонна көмірдің қаржысы 11 млн. 450 мың теңге қаралып, осы күнге дейін келісім шарттар түзілмеген. Себебі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес конкурс өткізу үшін тиісті құжаттары облыстық салалық басқармасына осы жылдың мамыр айында өткізілген, бірақ нәтижесі жоқ. Одан бөлек аудандық туберкулезге қарсы диспансеріне 163 тоннасына 975 мың теңге қаралып, жеңімпаз болып «Демеу-К» ЖШС-і анықталды, келісім шарттар түзілді.

Халыққа керек қажетті «Дербес» ЖШС қамтамасыз етеді.
БАЙЛАНЫС

Аудан бойынша елді мекенде 15 АТС халық игілігіне қызмет етуде, оның 9-ы электронды станциялар. Екі WLL қондырғысы радиоұзартқыш станциясы қойылды. Аудан бойынша барлық 59 елді мекен телефондандырылған, телефон нүктесі барлығы 5956, 6 айда 784 нүктеге артты.

Кең жолақты интернет ADSL арқылы аудан бойынша 13 мектеп, 15 мекеме және 61 жеке тұлға қосылды. Бадам, Қараспан елді мекендеріне абоненттердің интернет жүйесіне қосылуына жаңа аппаратура ADSL жүйесі қосылды.

Телекомуникация торабының халыққа қызмет көрсету табысы 2009 жылдың 5 айында 57 млн. 275 мың 954 теңгені құрады.

Ауданымызда 1 аудандық пошта торабы, 16 байланыс бөлімшесі және 2 байланыс пункті халыққа қызмет көрсетеді. Аудандық пошта торабы ауыл тұрғындарына аптасына 5 рет, ал 16 байланыс бөлімшесі мен 2 байланыс пункті аптасына 4 рет үзбей пошта жеткізуде.

Аудан тұрғындарына пошта торабы биыл 6 айда 23 млн. 547 мың теңгенің қызметін көрсетті.
ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Ауданымызда 2009 жылдың 6 айында 104 қылмыс тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 8-ге артқан. Оның ішінде 3 қасақана кісі өлтіру, 6 қарақшылық шабуылы, 28 кісі тонау, 7 бұзақылық.
«Жол картасы» бойынша

жұмыстардың іске асырылуы

Елбасымыздың дағдарысты ауыздықтау мақсатында берген тұрақтандырушы басымдықтарда атап көрсеткен шараларды іске асыру біздер үшін уақыт күттірмес міндеттер жүктеп отыр. Осы жағдайда «Дағдарысқа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі шаралар туралы» облыс әкімдігінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі №146 қаулысын басшылыққа ала отырып, бөлінген бюджет қаражаттарының толық, тиімді және нысаналы пайдалануын бақылау жөнінде аудан әкімдігінің 30 сәуір 2009 жылы № 263 қаулысымен арнайы және кіші комиссиялар құрылды.

Арнайы комиссияның 2 рет, кіші комиссиялардың 6 рет отырыстары өткізіліп, жол картасын іске асыруға бөлінген қаражатты тиімді, мақсатты пайдалану барысы туралы, жұмыссыздарды жұмысқа тарту, кәсіби даярлықтан өткізу мәселелері қаралды.

Сенім телефонының жұмысы ұйымдастырылып, жауапты тұлғалар бекітілді. Аудандық «Ордабасы оттары» газетінің 30 мамыр 2009 жылы №25 санында жарияланды.

Бүгінгі күнге дейін комиссияға қаражаттардың кідіру себептері, қорқытып алушылық және пара беру фактілері жөнінде шағым түскен жоқ.

«Жол картасы» бағдарламасына сәйкес 40 жобаларды жүзеге асыру үшін қарастырылған 631 млн. 109 мың теңге қаржының, 326 млн. 970 мың теңгесі игерілді.

Ауданда 27 обьектінің тендері өтті. Қаржысы - 269 млн. 546 мың теңге. Үнемделген қаржы - 2 млн. 494 мың теңге.

Облыста 13 обьектінің тендері өтті. Қаржысы - 355 млн. 078 мың теңге, үнемделген қаржы 3 млн 991 мың теңге.

Бүгінгі таңда тендерден өткен 40 нысан бойынша жұмыстар басталып, жоспарланған 957 жаңа жұмыс орындарынан 747 жұмыс орны нақты ашылды. Қалған 210 жаңа жұмыс орындарына адамдар атқарылатын жұмыстың түрлеріне қарай тамыз-қыркүйек айларында тартылады. Конкурс жеңімпаздарымен келісім шарттар жасалынып жұмыстар жүргізілуде.

Облыстық салалық басқармалар арқылы қаржыландырылатын 10 нысан бойынша жоспардағы 176 млн. 173 мың теңге орнына 96 млн. 776 мың теңге болып игерілді. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын 30 нысан үшін жоспардағы 230 млн. 194 мың теңгенің 147 млн. 137 мың теңгесі игерілді.

Мемлекеттік сатып алу конкурстары толығымен веб сайтқа хабарланып, бұқаралық ақпарат құралдарында /Бюллетень/ жарияланды. Комиссия құрамына аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» ХДП-нің Ордабасы аудандық филиалының бірінші орынбасары және «Аяулы алақан» қоғамдық қорының төрағасы қатыстырылды.

2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 270 адам орналасу керек болса, маусым айына жоспардағы 120 адам жұмыспен қамтылды, оның 9-ы көп балалы, 79-і аз қамтылған, 32-і оралман азаматтар. Осы мақсатқа жергілікті бюджетке жоғары бюджеттен 1 млн. 200 мың теңге түсіп, игерілді.

Жастар практикасын жүзеге асыру бойынша 80 жас маман келісім түзілген 32 кәсіпорынға жіберілді. Осы мақсатқа бөлінген 600 мың теңге толығымен игерілді.

Жоспарға сай қайта даярлау курстарына 80 адам толығымен қайта даярлауға жіберілді /55-і №2 лицейге, 25-і №3 лицейге/. Қаржы облыстық бюджет есебінен.

Үстіміздегі жылдың 19 маусымында арнайы аудан активінде қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, «Нұр Отан» ХДП-ның, «Аяулы алақан» қоғамдық қорының өкілдерінің қатысуында дағдарысқа қарсы саясатты іске асыру барысындағы «Жол картасы» бойынша атқарылған жұмыстар туралы сала басшыларының есебі тыңдалып, жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар беріліп, қорытындыланды.

Алдағы уақытта да бұл жұмыстар өз жалғасын тауып, комиссияның қатаң қадағалауында болады.





Похожие:

2009 жылдың алты айына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы 2009 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің тапсырмаларын, «Қазақстан 2030» icon2009 жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы туралы 2009 жылдың 9 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оңды ілгерілеулер бар. Ауданда «Жол картасы»
Ауданда «Жол картасы» жобасы іске асырылуда, 272 жұмыс орындары құрылған. Былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда орташа еңбекақы...
2009 жылдың алты айына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы 2009 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің тапсырмаларын, «Қазақстан 2030» iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
2009 жылдың алты айына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы 2009 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің тапсырмаларын, «Қазақстан 2030» icon«2010 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» мәселе жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің баяндамасы

2009 жылдың алты айына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы 2009 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің тапсырмаларын, «Қазақстан 2030» icon2009 жылы Новодолинский кентінің әлеуметтік – экономикалық дамуы бағдарламасының орындалуы туралы есеп және 2010 жылға алға қойылған міндеттер
Новодолинский кенті әкімі аппаратының жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясын және...
2009 жылдың алты айына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы 2009 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің тапсырмаларын, «Қазақстан 2030» iconҰлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі
Сіздерге 2011 жылда атқарылған жұмыстар туралы ой бөлісіп, алдағы жұмыстар туралы бөліскім келеді
2009 жылдың алты айына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы 2009 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің тапсырмаларын, «Қазақстан 2030» iconШілікті ауылдық округінде 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы Шілікті ауылдық округінің әкімі өз жұмысын Қазақстан Республкасының «Қазақстан Республкасындағы жергілікті мемлекеттік басқару»
Республикасының басқа да Заңдарын, Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясын, 2011 жылғы Елбасының «Болашақтың іргесін...
2009 жылдың алты айына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы 2009 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің тапсырмаларын, «Қазақстан 2030» iconКатонқарағай ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық...
2009 жылдың алты айына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы 2009 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің тапсырмаларын, «Қазақстан 2030» iconАуданның 8 айы мен жыл аяғына дейінгі әлеуметтік экономикалық дамуы туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауданның экономикалық дамуы мен әлеуметтік саланың жалпы беталу динамикасы жақсы
2009 жылдың алты айына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы 2009 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің тапсырмаларын, «Қазақстан 2030» icon2009 жылы атқарылған жұмыстар Зайсан ауданы бойынша 2009 жылғы 6 наурыздағы Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға»
Жоспар бойынша 2009 жылдың 13 наурызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың...
2009 жылдың алты айына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы 2009 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің тапсырмаларын, «Қазақстан 2030» iconҰлан ауданының әкімі Б. С.Үйсімбаевтың 2009 жылда атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы
Ауданның агроөнеркәсіп кешені 1195 ауылшаруашылық құрылымын біріктіреді, оның ішінде 1171 шаруа қожалықтары, 5 коммандиттік серіктестік,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница