Қаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар




НазваниеҚаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Дата конвертации10.01.2013
Размер42.6 Kb.
ТипДокументы
Қаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Ауылдық округ әкімінің аппаратында 19 аппараттық кеңес мәжілісі болды. Аппарат мәжілістерінде: 17 түрлі мәселе қаралып, қаулылар қабылданды. Қабылданған қаулылар тиісті адамдарға жолданып, орындалуы тұрақты бақылауда.

2012 жылдың 1,2 ақпан күндері Жіңішкесу, Қаратал, Үлкен-Қаратал ауылдарында ауыл әкімі Т.Ж.Дюсембаев, 15 ақпан күні аудан әкімі Зайнулдин С.З. Қаратал округі тұрғындармен есепті жиын өткізді. Көпшілік жиынында айтылған сын-ескертпелер жинақталып, арнайы шаралар жасалып, орындауы бақылауға алынды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты бағыты” халыққа жолдауын ауыл округінде құрылған ақпараттық топтардың ауыл тұрғындарына насихаттауы ұйымдастырылды.

2012 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттарының кезектен тыс және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді.

2012 жылға тазалық, көркейту- көгалдандыру жұмыстарына жасалған іс-шаралар:

2000 түп ағаш көшеттері,

1900 дана гүлзарлар егілді.

Ауыл көшелері тазаланып, 500 тонна күл-қоқыстар шығарылды. Омск-Майқапшағай трассасының бойында орналасқан Кебаев көшесіндегі ауыл тұрғындарының 3 км қоршаулары жаңаланды. Электр бағандары сырланып, әктеліп, 30 кіші баннерлар жаңаланды және 90 гүл отырғызылған сауыттар ілінді.

2012 жылы Қаратал ауылы тірек ауылдарының қатарына қосылды. Ауылда республикалық, облыстық, аудандық бюджет қаржысына «Жастар паркі», балалар, хоккей алаңдары салынып, Омаров көшесін жарықтандыру жұмыстары, Қаратал орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Амрен» шаруа қожалығы өз қаражатына тауарлы сүт фермасын құру жұмыстарын жалғастыруда.

Округте кәсіпкерлермен азық-түлік бағасын көтермеуге, шаруа қожалығы жетекшілерімен тұрмыс жағдайы нашар адамдарға көмекке 1,224 мың тенгеге меморандумға қол қойылды.

Мемлекеттік қызметкерлерінің, шаруа қожалықтарының декларацияларының өткізілуі ұйымдастырылды.

9 айда 5 отбасының 14 мүшесіне атаулы 428,3 мың тенге әлеуметтік көмек тағайындалып, 42 отбасының 139 баласына 1745 мың тенге жәрдемақы тағайындалып, төленді.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша кәсіптік оқуға жіберілгендер саны 5.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 77 адам тартылды.

Қайырымдылық акциясы негізінде Ұлы Отан Соғысының ардагерлерінің, жалғызбасты қариялардың қысқы мал азығын дайындау жұмыстары шаруа қожалықтарының жетекшілерінің көмегімен толығымен атқарылды.

Мүмкіндігі шектеулі балалар, 18 жастан асқан тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар және жалғызбасты қарттар мен мүгедектер 3 әлеуметтік қызметкерлердің қамқорлықтарына алынған.

Төтенше жағдайдың алдын алу барысында атқарылған шаралар:

Көктемгі су тасқынына байланысты штаб құрылып, шаралар жоспары жасалып бекітілді. Қаратал орта метебінде 80 қап, Қазақстан орта мектебінде 60 қап, Қаратал ауылдық емханасында 20 қап, Қаратал әкімдігінде 20 қап, ауыл тұрғындары 450 қап, жиыны 630 қапқа құм-топырақ салынып дайындалды.

Ауыл тұрғындарының тасқынға қарсы іс-шаралар жасау жөнінде 02.03.2012 жылы көпшілік жиналысы өткізілді. 10,17,24 наурызда сенбіліктер ұйымдастырылып, 76 су өткізгіш және арықтар қардан тазартылды.

Қаратал ауылының тасқынға қарсы дамбадан бақша суын өткізу үшін ауыл тұрғындары ұйымдастырылып 7 су өткізгіш қойылды.

9 айда 8 өрт ошақтары тіркеліп, округта құрылған ерікті өрт сөндірушілер жасақтары күшімен сөндірілді.

Мекемелердің жылу қазандықтары тексеріліп, қысқа дайындық жұмыстары үнемі назарда.

Ауылшаруашылық саласындағы жұмыстар:

2012 жылғы көктемгі егіске дайындық жұмыстары жөнінде қажетті тұқым, дизель отыны есептеліп, Қаратал округ аумағындағы барлық шаруа қожалығының жетекшілерімен, кәсіпкерлермен, ауыл тұрғындарымен жиналыс өткізіліп түсінік жұмыстары жүргізілді.

Көктемде 1085 га дәнді дақыл, 830 га майлы дақыл, 480 га көпжылдық шөп егілді.Егілген егін уақытында суарылды. Нәтижесінде 875 тонна бидай, 458 тонна арпа, 525 тонна сұлы және 18 тонна тары қамбаға құйылды.

Ауыл тұрғындары және шаруа қожалықтары жұмысшыларының, техникаларының күшімен 14801 тонна табиғи шөп, 910 тонна көпжылдық шөп, 610 тонна сабан түрінде мал азығы дайындалды.

2012 жылғы жоспар бойынша атқарылатын ветеринариялық-профилактика-

лық шаралар толығымен жүргізілді. 01 қазанға:

Ірі қара 9404 бас

Қой-ешкі 26851 бас

Жылқы 2476 бас

Құс 7350 бас

болды.

Мәдени көпшілік шаралар:

Қаратал ауылдық мәдениет үйінде аптасына екі рет жастарға арналған би кештері ұйымдастырылды. Жастарға үлгі болсын деген ниетпен Қаратал ауылының тумасы Б.Боранбаев өзінің өнерпаздарымен мерекелік концертін қойып, ыстық ықыласын білдірді. «Шекараны күзету- қасиетті міндет» атты шекарашыларға мерекелік кеш өтті. Ауыл кітапханашысы Роза Бурашеваның ұйымдастыруымен «1001 мақал, 101 жұмбақ» жастар арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Мәдениет үйі қызметкерлерінің жетекшілігімен 2012 жылы «Ауылға кел» атты «Ақ қанат» тобының Қаратал жұртшылығына арналған концерті өткізілді. Сонымен қатар,8-наурыз «Әйелдер күні» мерекесі, 22-наурыз «Наурыз мейрамы», 1-мамыр «Қазақстан халықтар бірлігі», 9- мамыр «Жеңіс күні», 1-маусым Балаларды қорғау күніне «Бақытты балалық шақ», Конститутция күніне «Алтын Заң аясында» атты атты мерекелік концертпен мәдени іс-шаралалар ұйымдастырылып, қатысушыларға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

2012 жылы мәдениет қызметкері Қалиева Айнұрдың «Өмірім өнеріммен өрнектелген» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарын бір кеші мәнді өтуіне септігін тигізді.Сонымен қатар,Қаратал ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары Сарытерек ауылына «Елдігіміздің жүрегі-Астана» атты, Сарытерек ауылы «Бәйтерек» лагерьінде демалушы қарттарға «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік концертпен гастрольдік іссапарларға шықты.Осы концертке жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, тәлім-тәрбие беріп жүрген асыл әжелеріміз «Қаратал келіндері» өз өнерлерін паш етті.

Жастар маманы Қайролданов Бейбіт мәдениет үйінің спорт залында аудандық жарыстардан жүлделі орындар иеленіп жүрген 20-дан астам жастарды спортпен жаттықтырады.

2012 жылдың қыркүйек айында «Мен, сен, ол,біз- салауатты елміз» атты спорттық шараға қатысқан Қаратал және Үлкен-Қаратал ауылының жұртшылығы белсенділіктерімен дене шынықтыру мәдениетінің жарқын бейнесінің куәгері болды.

Похожие:

Қаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында 2012 жылға арналған бағдарлама бойынша бірталай жұмыстар атқарылды
Қаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconҚаратал ауылдық округ бойынша 2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Аппарат мәжілістерінде: 21 түрлі мәселе қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.Қабылданған қаулылар тиісті адамдарға жолданып, орындалуы...
Қаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconСартерек ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Сол күні ауыл тұрғындарымен жиын өткізіліп, әрбір үйлердің сыртқы қоршауларын жөндеу, үйлерді әктеу, гүлдер, көшеттер отырғызу туралы...
Қаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconАуылдық округі бойынша 2009 жылы атқарылған жұмыстарға анықтама. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша
...
Қаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconҚаратал ауылдық округ бойынша 2012 жылдың 6 ай көлемінде атқарылған жұмыстар
Ауылдық округ әкімінің аппаратында 6 айда 14 аппараттық кеңес мәжілісі болды. Аппарат мәжілістерінде: 12 түрлі мәселе қаралып, тиісті...
Қаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconБіржан ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ведомостваларға, жеке тұлғаларға 178 қатынас-хат жолданса, 78 өкім шығарылды
Қаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыстар атқарылды
Қаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconҚарабұлақ ауылдық округі бойынша 2012 жылдың i-жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі егін және мал шаруашылығы. Округ бойынша 117 шаруа қожалығы жұмыс істейді және 9 кәсіпкерлік түрі...
Қаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconАбай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы
Жылдың 5 айында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша жылдық жоспар негізінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Жоспарланған...
Қаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыс жасауда
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница