2009 жылғы 1- жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ауылды аумақтарын дамытудың




Скачать 52.52 Kb.
Название2009 жылғы 1- жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ауылды аумақтарын дамытудың
Дата конвертации10.01.2013
Размер52.52 Kb.
ТипДокументы
2009 жылғы 1- жарты жылдықтың қорытындысы бойынша

Қазақстан Республикасының ауылды аумақтарын дамытудың

2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын орындау

барысы туралы жиынтық талдама ақпараты
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) тарапынан 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 286 қаулысымен бекітілген 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарына (бұдан әрі - Жоспар) сәйкес кешенді шаралар атқарылды.

2009 жылғы 1 шілдеге Жоспардың 29 тармақтың барлығы орындалды.

2008 жыл бойынша Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерінің (бұдан әрі - АЕМ) әлеуметтік-экономикалық даму мониторингі жүргізілді.

2009 жылғы 10 сәуірде «2008 жыл бойынша республиканың ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық даму мониторингінің қорытындылары және ауылдың инфрақұрылымын дамыту және мамандарды тұрақтандыру бөлігінде Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың міндеттері туралы» мәселесі бойынша ауылдық аумақтарды дамыту саласы бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның мәжілісі өткізілді.

ВАК мәжілісінің қорытындысы бойынша хаттама қабылданып, орындау үшін облыстық әкімдіктерге және тиісті орталық атқарушы органдарға жолданды. Хаттаманың тапсырмаларын орындау Министрліктің тұрақты бақылауында.

2008 жыл бойынша АЕМ әлеуметтік-экономикалық даму мониторингінің қорытындылары даму әлеуеті жоғары АЕМ санының өсу динамикасының қалыптасқандығын дәлелдейді. Атап айтқанда, 2008 жылы республика бойынша 2004 жылмен салыстырғанда даму әлеуеті жоғары АЕМ саны 1266 бірлікке артқан, ал даму әлеуеті төмен АЕМ саны 492 бірлікке кеміген.

2009 жылдың 1 қаңтарына республика бойынша 7093 АЕМ бар, оның ішінде 2473-і жоғары, 4490-ы орта, 103-і төменгі даму әлеуетіне сәйкес, 27 АЕМ тұрғындары жоқ.

Бұл көрсеткіш ауылдық аумақтарды дамытуды бағалаудың және жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттерін рейтингілік бағалаудың негізгі өлшеуіші болып табылады.

Осы тұрғыда, даму әлеуеті жоғары АЕМ санының өсу динамикасына негізгі ықпал етуші болып қаржыландыру көлемі табылады. Инвестициялардың көп бөлігі ауылда басымды болып табылатын білім беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен қамтамасыз ету салаларының мәселелерін шешуге бағытталды.

Атап айтқанда, 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында 46 ауылдық білім беру объектілерінің құрылысын салуға республикалық бюджеттен 9,9 млрд. теңге, оның ішінде «100 мектеп» жобасының шеңберінде 26 объектіге 5,9 млрд. теңге бағытталды.

Жергілікті бюджеттен құрылысқа және қайта жаңғыртуға 5,7 млрд. теңге бағытталды.

Республикалық бюджеттен 28 денсаулық сақтау объектісін салуға 5,7 млрд. теңге, оның ішінде «100 аурухана» жобасының шеңберінде 22 объектіге 5,1 млрд. теңге бағытталды.

Жергілікті бюджеттен құрылысқа және қайта жаңғыртуға 1,5 млрд. теңге бөлінді.

Жаңартылған «Ауыз су» бағдарламасы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсартуды қажет ететін ауылдық елді мекендерді толықтай қамту және бірінші кезекті шараларды тұрғындары тасымалданатын және алдын ала тазартусыз ашық көздерден суды пайдаланатын елді мекендерге бағыттау қарастырылған.

Республикалық бюджет қаражаттарының сыртында жергілікті атқарушы органдарға көмек ретінде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, және Оңтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендері үшін Азия даму банкісінің сыртқы қарыздары тартылуда.

Ағымдағы жылдың өзінде республикалық бюджеттен ауыз су объектілерінің құрылысына 10,9 млрд. теңге бағытталды, ол 155 ауылдық ауыз су объектілерінің құрылысын салуға және қайта жаңғытруға мүмкіндік берді.

2007-2009 жылдарға жоспарланған іс-шараларға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар тарапынан басқа да қажетті тіршілікті қамтамасыз ету жағдайлары жасалуда.

Жылдан жылға республикада электр энергиясымен қамтамасыз етілмеген ауылдардың саны төмендеуде. 2008 жылдың қорытындысы бойынша, 2004 жылмен салыстырғанда орталықтандырылған электр жүйелеріне қосылмаған АЕМ саны 109 бірлікке азайды. Бүгінгі күнге олардың саны 116 бірлікті құрайды. Көпшілігінде бұл тұрғындары аз елді мекендер. Ағымдағы жылы аймақтарда ауылдарды энергияның баламалы көздеріне қосу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, Қарағанды облысында электрлендірілмеген 11 АЕМ-де электр таратушы желілерінің құрылысын салу жобалары басталды, ал Қостанай облысында «2008-2010 жылдарға арналған электржылуэнергетикасын дамыту» аймақтық бағдарламасы қабылданып, оған ауылды электрмен қамтамасыз ету шаралары енгізілген.

Ауылдық аумақтарды газдандыру үшін жылдың 1 жарты жылдығында барлық көздерден 25,8 млрд. теңге бағытталды және 10,2 млрд. теңге игерілді. Бұл ауылдық жерлердегі 1 043 шақырым газ құбыры желілерін құрылыспен, қайта жаңғыртумен және жөндеумен қамтуға мүмкіндік берді. Республика бойынша барлығы 571 АЕМ немесе 8,1 пайызы табиғи газбен қамтамасыз етілген.

АЕМ-ді телефондандыру мен телефон байланысын жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, «Қазақтелеком» АҚ-ның мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылдың 1 қаңтарына тұрғындарының саны 50 адамнан кем АЕМ қосқанда орталықтандырылған электр энергиясымен қамтамасыз етілген барлық АЕМ телефондандырылған.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша ауылдық аумақтарда 7 045 мәдени-демалыс ұйымдары, оның ішінде 4 074 кітапхана, 2 869 клуб, 83 музей мен 19 кинотеатр жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар тарапынан мәдениет нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша «Жол картасы» шеңберінде 2 179 863 мың теңге сомасына 315 жобаны іске асырылуда.

Бүгінгі күнге жергілікті атқарушы органдар тарапынан ауылдық аумақтарды абаттандыру, санитарлық тазалау бойынша жұмыстар атқарылуда.

Ағымдағы жылы «Жол картасын» іске асыру шеңберінде ауылдық аумақтарды абаттандыру, санитарлық тазалау шараларын атқаруға республикалық бюджеттен 3 811 394 мың теңге бөлінді. Мысалы, АЕМ абаттандыру бойынша Алматы облысында 50, Шығыс Қазақстан облысында 140, Қарағанды облысында 111, Қостанай облысында 85, Қызылорда облысында 34 және Маңғыстау облысында 53 жоба іске асырылуда.

Қоғамдық тәртіпті сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру, кедейшілік деңгейін төмендету, және жеке, отбасылық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында ауыл тұрғындарына 748,9 млн. теңгеге 2 180 шағын несие берілген. Оның ішінде табысы күн көріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтарына 64,5 млн. теңгеге 341 шағын несие, табысы орташа үй шаруашылықтарына 684,4 млн. теңгеге 1 839 шағын несие берілген.

Ауылды аумақтарды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың Бас сызбасына байланысты ауыл тұрғындарын ұтымды орналастырудың сызбасын әзірлеу бойынша кезеңді дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін республиканың әр ауылдық елді мекендерінің әлеуеттік сыйымдылығын анықтау бойынша талдау жүргізілген.

Ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық даму мониторингісінің қорытындысы бойынша 2008 жыл ішінде Ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі ВАК-да қарастырылған әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытудың белгілі бір мәселелері анықталды.

ВАК отырысының қорытындысы бойынша тиісті хаттама қабылданып, ол облыстар әкімдіктеріне шара қабылдау үшін бағытталды. Бұл хаттамада назар аударуға қажет негізгі мәселелер болып мыналар табылады: білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің апатты және бейімделген үй-жайларда орналасуы, мектептерде сабақтардың 3-4 ауысымда жүргізілуі, тасымал суын пайдалану, сондай-ақ, жергілікті автокөлік жолдарының техникалық жағдайы.

Облыстар әкімдіктері орталық атқарушы органдармен бірлесе отырып, Ауылдық аумақтарды дамытудың Мембағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ауылдық жерлерде орын алып отырған мәселелерді шешу жөніндегі жұмыстар жалғасын табуда.




Похожие:

2009 жылғы 1- жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ауылды аумақтарын дамытудың icon2009-2012 жылдарға арналған кешенді жоспарын 2012 жылғы 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2009-2012 жылдарға арналған Кешенді жоспары (бұдан әрі...
2009 жылғы 1- жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ауылды аумақтарын дамытудың icon2006 жылғы 1 жарты жылдыққа арналған Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы туралы анықтама
Бесқарағай ауданының бюджеті кірісі бойынша 2006 жылғы 1 жарты жылдыққа 100,7 пайызға орындалды, яғни 2006 жылғы 1 жарты жылдыққа...
2009 жылғы 1- жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ауылды аумақтарын дамытудың iconМАҢҒыстау облысының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған аймақТЫҚ бағдарламасы
Ауыл аумақтарын дамытудың Аймақтық бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері, мақсаты, міндеттері мен іске асыру мерзімі
2009 жылғы 1- жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ауылды аумақтарын дамытудың icon2011 жылғы 1-жарты жылдығындағы облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп
Шығыс Қазақстан облысының облыстық бюджетінің атқарылуының жалпы қорытындысы мынадай көрсеткіштер бойынша сипаталады
2009 жылғы 1- жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ауылды аумақтарын дамытудың icon«Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
2009 жылғы 1- жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ауылды аумақтарын дамытудың iconҚазақстан Республикасында ювенальды әдiлет жүйесiн дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Азақстан Республикасында ювенальды әдiлет жүйесiн дамытудың 2009 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы...
2009 жылғы 1- жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ауылды аумақтарын дамытудың iconҚазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2011
«Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 1 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
2009 жылғы 1- жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ауылды аумақтарын дамытудың iconДенсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
Ентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығы; Қазақстан Республикасының...
2009 жылғы 1- жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ауылды аумақтарын дамытудың icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы. «Бизнестің Жол картасы 2020»
«Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасының орындалуының қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлігі үшін мемлекеттің...
2009 жылғы 1- жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ауылды аумақтарын дамытудың iconАстана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011-2014 жылырға арналған кешенді жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат
Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011-2014 жылырға арналған кешенді жоспары Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница