Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары




НазваниеҚазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
страница1/9
Дата конвертации10.01.2013
Размер1.38 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9





Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің

2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық

жоспары

1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссия Жерді ұтымды пайдалану мен қорғау, елдің экономикалық дамуына және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

ПайымдауҚазақстан Республикасының жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану әрі экономиканың түрлі саласының жергілікті жердің және мемлекеттік топонимиканың қазіргі жағдайына сәйкес келетін геодезиялық және картографиялық өнімдерге қажеттілігін толық қанағаттандыру.
2-бөлім. Жерді пайдалану мен қорғаудың, геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етудің ағымдағы жай-күйі мен дамыту үрдісінің талдауы
1. 1-стратегиялық бағыт. «Жер ресурстарын ұтымды пайдалану».

1.1. Жердің жай-күйін және жер ресурстарын пайдалануды реттейтін саланы дамытудың негізгі параметрлері.

Қазақстан Республикасының аумағы батысында Жайық өзенінің төменгі сағасынан, шығысында Алтай тауларына, солтүстігінде Батыс Сібір ойпатына дейінгі, оңтүстігінде Іле Алатауының тауларына дейін кең аумақты алып жатыр. Жер алаңы бойынша 272,5 миллион гектар жерді құрайтын республика әлемдегі он ірі мемлекет ішіне кіреді.

Қазақстан еуразиялық материктің ортасында, Еуропа және Азия континенттерінің жапсарында, әлемдегі ірі елдер – Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасы арасында, Орта және Орталық Азия мемлекеттерімен көршілес орналасқан.

Қазақстанның құрлықтағы Мемлекеттік шекарасының ұзындығы 13392,6 километр (бұдан әрі – км), оның ішінде: Ресей Федерациясымен – 7591,0 км, Өзбекстан Республикасымен – 2351,4 км, Қытай Халық Республикасымен – 1782,8 км, Қырғыз Республикасымен – 1241,6 км, Түрікменстан Республикасымен – 425,8 км құрайды.

Қазақстан Республикасы жер теңгерімінің 2010 жылғы 1 қарашадағы деректері бойынша республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымының жүйесіне 14 облыс, 2 республикалық маңызы бар қала, 161 әкімшілік аудан, 237 қала мен кенттер, сондай-ақ 6820 ауылдық мекендер кіреді. Бұдан басқа, 2454 ауылдық (селолық) округтер қалыптасқан.

Агрохимиялық картограммалар мен жерді пайдалану және қорғау үшін мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру негізінде жер ресурстары бойынша агрохимикаттарды пайдалану жөнінде өзекті деректерді қалыптастыру мемлекеттік жер кадастрын және жердің мониторингін жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық орналасуы, орналасу орны, мақсатты пайдаланылуы, жер учаскелерінің көлемі мен шекарасы, олардың сапалы сипаттамасы туралы, жерді пайдалануды және жер учаскелерінің кадастрлық құнын, өзге де қажетті мәліметтерді есепке алу туралы мәліметтер жүйесін білдіреді. Мемлекеттік жер кадастрында жер учаскелеріне құқық субъектілері туралы ақпарат та қамтылады.

Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру топографо-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстары, топырақ құнарлығын, геоботаникалық зерттеулер мен ізденістер, жерді мониторингілеу бойынша жұмыстар, жерді сандық және сапалы есепке алу, нақтылы жер учаскесіне жер-кадастрлық құжатты жасау, жер-кадастрлық карталарын және жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау жұмыстары арқылы қамтамасыз етіледі.

Жер кадастрының мемлекеттік деректері жерді пайдалану мен қорғау кезінде, жерге орналастыруды жүргізу, шаруашылық қызметін бағалау және жерді пайдалануға және қорғауға байланысты басқа да іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, құқықтық және басқа да кадастрды жүргізу, жердің төлем мөлшерін анықтау, жылжымайтын мүлік құрамындағы жер учаскелерінің құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердің құнын есепке алуды жүзеге асырған жағдайда жоспарлау кезінде негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес (бұдан әрі – Жер кодексі) (159-бап) жер мониторингі болып жатқан өзгерiстердi уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрi дамуын болжау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiлетiн жер қорының сапалық және мөлшерлiк жай-күйiн базалық (бастапқы), жедел, мерзiмдi байқау жүйесiн бiлдiредi. Жүйелі бақылаулардың, түсірілімдердің, зерттеулердің, түгендеулердің нәтижелері, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау материалдары, мұрағат деректері, жердің сапалық жағдайы туралы басқа да мәліметтер жер мониторингі үшін ақпарат көзі болып табылады.

Елдің жер ресурстарын пайдалану жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырумен түйіседі, оның міндеттері Қазақстан Республикасының жер заңнамасын мемлекеттік органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың сақтауын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын анықтауды және жоюды қамтамасыз ету, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, жер учаскелерін пайдалану ережелерінің сақталуын, жер кадастры және жерді орналастыруды жүргізудің дұрыстығын және жерді ұтымды пайдалану мен қорғау бойынша іс-шараларды орындау, Республикадағы жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру.

Сондай-ақ, алқаптардың құнарлығын зерттеу, елдің азық-түлік қауіпсіздігін құруға бағытталған топырақтың, өсімдік өнімдерінің және өнімдердің басқа да түрлерінің сапалық құрамын анықтау бойынша талдау жұмыстарын жүргізу арқылы ауыл шаруашылық өндірістеріне ғылыми-әдістемелік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) негізгі қызметі болып табылады.

«Агрохимия қызметінің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – «АҚРҒӘО» ММ) ғылыми-әдістемелік басшылығымен және бақылауымен Қазақстан Республикасының жалпы алаңы 17617,89 мың гектар болатын егістік алқаптарына агрохимиялық зерттеу жүргізілді, бұл республикамыздың жалпы алаңының 73,2%-ын құрайды (24064 мың гектар). Жыл сайын дақылдар мен облыстардың кескінінде ауыл шаруашылығы өндірісінің минералды тыңайтқыштарға қажеттілігінің есептемесі жүргізіледі, сондай-ақ әртүрлі топырақтық-климаттық аймақтардағы негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарына арналған агрохимикаттардың тиімділігін зерттеу бойынша ғылыми және жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру мақсатында Агенттік кадрлық қамтамасыз ету бойынша гендерлік теңдікті сақтайды.

Сондай-ақ, Агенттік гендерлік көрсеткіш бойынша жердің бар болуы туралы деректерді (жергілікті атқарушы органдар ұсынған деректердің негізінде) тұрақты негізде талдап және қадағалап отырады.

1.2. Негізгі проблемаларды талдау.

Қазақстанның әлем экономикасына белсенді енуі, оның бәсекеге қабілеттілігінің артуы жер ресурстарын ұтымды пайдалануға, халықтың экономикалық әлеуетін және өмір салтын көтеруді ұтымды ұйымдастыру үшін жақсы жағдай жасауға тікелей тәуелді.

Қазақстан Республикасын дамытудың, Жер кодексінің ережелерін іске асырудың стратегиялық жоспарларының негізгі бағыттарының бірі жоғары өнімді, экологиялық тазалыққа бағытталған және лайықталған жер пайдалану, жерге орналастыруды, жер ресурстарын басқарудың экономикалық тетіктерін жетілдіру, жер заңнамасының сақталуын бақылауды қалыптастыру арқылы жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау болып табылады.

Жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғауды қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер:

жер қорының құрылымын санаттар бойынша жетілдіру және жердің мақсатты тағайындалуының құрамын экономика және қоршаған ортаны қорғау салаларын дамытудың талаптарына сәйкес келтіру;

мемлекеттік жер кадастрын жасау және жүргізу, оны автоматтандырылған технологияларға көшіру;

топырақты сақтау және қалпына келтіру, жер жағдайына жағымсыз антропогендік әсерлерді жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыру есебінен жердің сапалық жағдайын жақсарту;

сапасы бойынша пайдалануға жарамды алқаптарды ауыл шаруашылығы айналымына тарту;

жерді ұтымды пайдалану және қорғауды, оңтайлы жер пайдаланудың экологиялық нормативтерін енгізу іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыру кезінде ландшафтық-экологиялық тәсілді кезең-кезеңмен іске асыру;

әлеуметтік-тиімді жер нарығына және жерді ұтымды пайдалануды және қорғауды экономикалық ынталандыруға көшу болып табылады.

Осы мәселелерді іске асыру бойынша негізгі іс-шаралар мыналар болып табылады:

аумақтарды ұйымдастырудың инновациялық жобаларын енгізу;

диханшылықпен айналысудың ғылыми-негіздемелік тұқым себу айналымын және аймақтық жүйесін енгізу және меңгеру;

эрозияға қарсы және өзге де табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру;

ландшафттық-экологиялық тәсіл негізінде агроқұрылымдардың аумақтарының шаруашылық ішілік ұйымдастырудың жобаларын (бизнес-жоспарларын) әзірлеу;

ауыл шаруашылығы нысанындағы жер учаскелерін паспорттандыру;

суармалы жерді пайдалануды жақсарту, топырақтың тұздануы, жел және су эрозиясымен күресудің техникалық жобаларын әзірлеу.

Жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігі жердің сапалық жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуді қажет етеді.

Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін топырақтық және геоботаникалық іздестірулерді жүргізу, топырақтың бонитировкасы, үйлестірілмеген жер учаскелерін межелеу бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Топырақ қабатының, дақылдардың, сапалық сипаттамасын, жем-шөп алқаптарының және топырақтың бонитировкасының техникалық жағдайын анықтау 7-10 жылда бір рет зерттеу жүргізу кезеңділігімен іздестіру жұмыстары (топырақтық, геоботаникалық және т.б.) негізінде жүргізіледі.

Сонымен қатар, 187,2 миллион гектар алаңға топырақтық зерттеу материалдары (топырақтық карталар, топырақты агроөндірістік топтастырудың картограммасы және т.б.) бар, олар барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының 86,8% құрайды, оның ішінде 1990 жылға дейін зерттелген 150,2 миллион гектар алаңның материалдары ескірген және қайта зерттеуді қажет етеді.

Халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында шабындық жерді, бірінші кезекте Астана, Алматы қалаларының және облыстық маңыздағы қалалардың қала маңы аудандарындағы егістік жерлерге түгендеу жүргізу қажет.

Бірыңғай мемлекеттік жер кадастрын жасау одан әрі жалғастырылады. Оны автоматтандырылған технологияларға ауыстыру және «электрондық үкімет» құрамына кіретін жалпы мемлекеттік ақпараттық жүйенің құрамдас бөлігі болып табылатын жер-ақпараттық жүйесін жасау және өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жүргізіледі.

Осылайша, нарықтық экономика жағдайында жер нарығын дамытудың келешегі туралы объективті және шынайы ақпараттарға экономикалық процеске қатысушылардың қызығушылығы әлдеқайда арта түседі. Осыған байланысты, Мемлекеттік жер кадастрын (бұдан әрі – МЖК) қалыптастыратын барлық мәліметтерге кешенді талдау жүргізу мақсатқа сай келеді. Қазіргі кезеңде компьютерлік технологияларды қолданбай жер кадастрын тиімді жүргізу мүмкін емес. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – МЖК ААЖ) жасау мемлекеттің, еліміздің экономика салаларының және халқының жерге (жылжымайтын мүлік) қатысты мүдделерін қамтамасыз ететін, жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғайтын, сондай-ақ жер және жылжымайтын мүлік нарығының қызмет жасауына қолдау көрсететін ақпараттық инфрақұрылымды құруға бағытталған. Қазіргі уақытта мемлекеттік жер кадастрының есептік және бағалау бөлігін сүйемелдеуді қамтамасыз ететін барлық деңгейдегі жер-ақпараттық деректер қоры бар МЖК ААЖ жасау ісі аяқталып келеді. МЖК жер жылжымайтын мүлігіне құқықтарды қорғаудың кепілі, жер ресурстарының әлеуетін тиімді басқарудың экономикалық тетігінің негізі ретінде болуы керек. Бұл «Электронды үкімет» шегінде Агенттіктің ақпараттық жүйесін одан әрі жетілдіру және оңтайландыруды қажет етеді, ол МЖК ААЖ пайдалану үшін телекоммуникациялық қызметтерді, МЖК ААЖ лицензиялық бағдарламалық өнімдерін техникалық қолдау және әзірленген кіші жүйелерді сүйемелдеуді қоса алғанда МЖК ААЖ жүйелік және техникалық қызмет көрсету бойынша шараларды іске асыру қажеттілігімен қатар жүреді. Жоғарыда аталған шаралар стратегиялық бағыттарда, мақсаттарда және міндеттерде көрсетілмеген қызметтің ағымдағы түрлерін көрсетеді.

«АҚРҒӘО» ММ жыл сайын Қазақстан Республикасының алаңы 1,8 миллион гектар жеріндегі шабындық топырақтарының құнарлығына агрохимиялық зерттеу жасап, мониторингін жүргізеді, осылайша 2007-2009 жылдарға 5,2 миллион гектар зерттелді. Сонымен қатар, агрохимиялық зерттеулердің қарқыны әрбір бес жыл сайын топырақтың құнарлығының нашарлауына байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы шабындық жерді олардың мониторингін жүргізу мақсатында жаңа материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Еліміздегі жердің сапалық және сандық есебін жүргізу бөлігіндегі нақты проблемалармен қатар, Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу санының артып отырғандығын атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының жер заңнамасы бұзылуының анықталу динамикасы 2006 жылдан басталған кезеңде 2009 жылдың қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды жоюдың саны тұрақты деңгейде артқан сайын заң бұзушылықтың да саны жыл сайын артып келе жатқандығын көрсетті (1-кесте).
1-кесте – Агенттіктің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау анықтаған заң бұзушылық динамикасы

Атауы

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Анықталған заң бұзушылықтар

2424

3438

2421

7999

Жойылған заң бұзушылықтар

1305

1307

1012

6509


Жүргізілген тексерістердің талдауы 2009 жылы Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзылуының негізгі түрлері жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу (60,8%), жерді мақсатты тағайындалуына сай пайдаланбау (18,3%) және жерге орналастыру құжаттамасын бекітілген тәртібін бұзу (7,1%) екендігін көрсетті.

Қазақстан Республикасының жер заңнамасының анықталған бұзушылықтардың талдауымен қатар, жер қатынастары субъектілерінің санының жыл сайынғы артуы байқалады. Қазақстан Республикасындағы жердің жағдайы және пайдаланылуы туралы жиынтық талдамалы есептің деректері бойынша 2006 жылы жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың саны 2,7 миллион, 2007 жылы – 3,2 миллион, 2008 жылы – 3,3 миллион, 2009 жылы – 3,4 миллион құрады.

Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзылу санының артуының негізгі себептері:

  1. Жерге сұраныстың артуы;

  2. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзылу сипатына жауапкершілік деңгейінің сай келмеуі;

  3. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзылуына қатысты сот шешімі бойынша атқару өндірісінің төмен деңгейі;

  4. Орталық органда әсіресе аймақтарда кадрдың жетіспеушілігі, сондай-ақ қоғам алдындағы жер инспекторлары тиісті дәрежедегі имиджінің болмауымен қатар мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін материалдық-техникалық жарақтандырудың жетіспеуі болып табылады.

Осылайша, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың жағдайына жасалған талдау мемлекеттік бақылауды жетілдіру, мемлекеттік инспекторлардың штат санын және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұлғайту бойынша жүйелі тетікті әзірлеу қажеттілігін көрсетті.

Ағымдағы жылы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жерді пайдалану мен қорғау тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Жер қатынастары саласындағы негізгі тәуекелдерге жерді ұтымсыз пайдалану нәтижесінде жер ресурстарына зиян келтіру, соның салдарынан топырақтың құнарлығының төмендеуі, құнарсыздану және шөлейттену, су және жел эрозиясы, ал жер қатынастарын реттеу бөлігінде – меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жерге қатысты құқықтарының бұзылуы мүмкін.

Бұл ретте мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесінің мақсаты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік қысымды төмендету, сондай-ақ аталған салада мемлекеттік бақылаудың тиімділігін жоғарылату болып табылады.

Топырақтың құнарлылығына агрохимиялық мониторинг бұл – табиғи процестердің барысындағы өзгерістердің антропогендік құрамдас бөлігін жеке бөліп көрсету мақсатында құрылған алқаптардың құнарлық жағдайының өзгерістерін бақылау, бағалау және болжаудың ақпараттық жүйесі. Жер учаскелерін ұтымды пайдалану табиғи процестерді басқаруды болжайды, яғни нақты шаруашылық нәтиже алу мақсатында алқаптарға бағдарланған әсер ету. Топырақтың құнарлығын сақтауға және ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары жемісін алуға бағытталған тыңайтқыштарды қолдану ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлерде макро- және микроэлементтердің болуына агрохимиялық зерттеу жүргізуге және талдауға тәуелді болады.

Агрохимиялық зерттеулерді 2002-2006 жылдар кезеңінде бюджеттік қаржыландыру есебінен тендерлік негізде әр түрлі ұйымдар 3,0 миллион гектар алаңға жыл сайын жүргізді, бұл агрохимиялық зерттеулердің орындалу сапасына бақылау жүргізуді қиындатты.

6,7 миллион гектар алаңға агрохимиялық зерттеу тиісті картографиялық негізсіз жүргізілді, ал жоспарлауда жүйелілік болмаған.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы алқаптарын агрохимиялық зерттеудің нәтижелерінің дұрыс болуы үшін бағара үшін 7 жылдық циклге және суармалы жер үшін 5 жылдық циклге 3,5 млн га жерді жыл сайын зерттеу қажет, алайда 2007 жылдан бастап ауыл шаруашылығы алқаптарын агрохимиялық зерттеу зерттеудің 1,8 млн га, ал 2010 жылдан бастап 1,0 млн га көлемімен ішкі қаражат есебінен жүргізіледі.

Осыған байланысты «АҚРҒӘО» ММ қаржыландыруды ұлғайту және топыраққа, агрохимикаттарға және өсімдік өнімдеріне сертификаттарды беру құқығын беруді көздейтін аккредиттеу қажет.

1.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Сыртқы факторлар.

Жердің экономикалық бағалауын жүзеге асыру «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының саяси платформасы ережелерінің біріне сай келеді, оған сәйкес жердің және өзге де табиғи ресурстардың ішкі және әлемдік нарықтағы бағасы бойынша ренттік құнын жыл сайын нақтылай отырып жүйелі есебін және экономикалық бағалауын жасау қажет.

Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған МЖК ААЖ жер кадастрлық ақпараттың атрибутты (мәтіндік) және графикалық екі түрі пайдаланылады. Атрибутты бөлігі 3,5 миллион жер учаскесіне берілген мәліметтерден тұрады. МЖК ААЖ-дегі графикалық бөлім атрибутты бөлімнің 45,4%-ын құрайды. Мұндай диспропорцияның пайда болуына жер учаскелерінің сандық көрсеткіші бойынша негізгі бөлігі елді-мекендерде орналасқандығы, онда қажетті масштабтағы картографиялық негіз жоқ және осыған байланысты жер учаскелерінің бұрылыстық нүктелерін координаттаусыз жер учаскелерінің шекаралары сызықтық өлшеуіштермен анықталғандығы негіз болады.

Жер учаскелерінің сандық есебі бойынша мәліметтерді ұсынудың мәселесі атрибуттық және графикалық ақпаратты сәйкес келтіру арқылы шешіледі.

Көрсетілген проблемаларды жою үшін үйлестірілмеген жер учаскелерін межелеу жүргізілуде, оған жер учаскелері шекараларының бұрылыстық нүктелерін құралдармен координаттау бойынша далалық геодезиялық, кадастрлық құжаттама бойынша оларды заңды сәйкестендіру, деректерді МЖК ААЖ графикалық базасына енгізу бойынша жұмыстар енеді.

Жер ресурстары саласындағы аталған мәселелерді шешу жер ресурстарының сапалық және сандық жағдайы туралы шынайы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

1990 жылға дейін шаруашылықішілік жерге орналастыру жобалары барлық ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен жасалды. Кейінгі жылдары бұл жұмыс түрлері жүзеге асырылмай келеді, ал аграрлық сектордың жеке субъектілері осы іске мүдделілік танытпай отыр.

Осыған байланысты түрлі аймақтардағы (кіші аймақ) бірнеше шаруашылықтарда пилоттық жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және бюджет қаражаты есебінен жерге орналастыру бойынша толық кешенді жұмыстар жүргізу мақсатқа сай болып отыр. Осы қадам өзін-өзі ақтайды және отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін бәсекелестікке сай болу мәселесі туындайтын және олардың аумақтарын ғылыми ұйымдастырусыз және шағын шаруашылықтарды ұлғайту қиынға соға бастаған нарық жағдайында осындай жобаларды жасау өзге шаруашылық субъектілеріне серпін береді.

Жаңа жағдайларда Қазақстан Республикасының жер ресурстарын тиімді басқару жер пайдаланудың қалыптасқан жүйесінде түпкілікті ұйымдастырушылық-технологиялық қайта ұйымдастыруды талап етеді.

Бұдан басқа, жерді түгендеу келешекте пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмаған немесе мақсатқа сай емес пайдаланылатын және пайдалануға берілген рұқсатқа сай келмей пайдаланылған жер учаскелерін анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстан үшін тағы бір өзекті мәселе жердің азуымен күрес болып табылады. Еліміздің 43 % жуық тұрғыны (6,5 миллион адам) ауылдық аудандарда тұрады және олардың көпшілігі аграрлық сектормен және жер пайдаланумен тікелей немесе жанама байланысты кіріске тәуелді. Табиғи жағдайға байланысты еліміздің аумағының 70 % шөлейттенуге және жерлердің бүлінуіне ұшырауда.

Осыған байланысты жердің мониторингіне үлкен мән берілуі тиіс. Алайда, қазіргі уақытта жер жағдайына көп жылдық бақылаулар жүргізуге арналған стационарлы экологиялық алаңдар және жартылай стационарлы экологиялық алаңдар еліміздің барлық аумағының 18 % ғана қамтиды, сондықтан жаңа экологиялық алаңдар салу және қолда барларын жетілдіру және дамыту жоспарлануда.

Жер ресурстарының сапалық жағдайы туралы, болып жатқан өзгерістер туралы шынайы ақпаратты алу, оларды бағалау және болашақта дамуын болжау жер мониторингін жүргізумен, соның ішінде геоақпараттық технологиялар негізінде бірыңғай жүйе құру, аэроғарыштық ақпаратты және қашықтықтан зондтауды пайдалана отырып, бақылаулар мен түсірілімдердің әдістерін жетілдіру арқылы қамтамасыз етіледі.

Жердің сапалық жағдайының өзгерісі туралы шынайы ақпарат алу үшін топырақтық аймақ және кіші аймақ ішінде бақылаулар желісін көбейту бойынша жұмыстарды жалғастыру және 2011 жылдың аяғына дейін азғындауға ұшыраған жердің 23 % мониторингпен қамтылуын қамтамасыз ету қажет, бұл өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, азғындау үдерісін тұрақтандыру бойынша бірегей экологиялық бағдарлама дайындауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың дамуына әсер ететін сыртқы факторларға прокуратура, сәулет, экология, орман және су шаруашылығы органдарымен соңғы нәтиже алуға бағытталған өзара әрекеттесу жатады. Ішкі істер органдарымен жерді пайдалану және қорғау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік инспекторға келуден бас тартқан тұлғаларды күштеп алып келу, соның ішінде жер заңнамасын бұзушылардың тұлғаларды нақтылау бойынша өзара әрекеттесу.

Ішкі факторлар.

Жер ресурстарын басқаруға әсер ететін ішкі факторлардың қатарына ғылыми-әдістемелік негізді халықаралық деңгейге сәйкестендіру арқылы жетілдіру, ИСО пайдалана отырып нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу, агрохимиялық қызмет көрсету және талдамалық жұмыстар саласында әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу және МЕМСТ-ларды біріздендіру, топырақта және өсімдік өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін анықтау бойынша ағымдық желінің жоқтығы жатады. Химиялық-талдамалық бөлімді аккредиттеу қажеттілігі, қазіргі заманға сай жабдықтар мен жоғары білікті мамандардың жетіспеуі, халықаралық стандарттар бойынша жұмыстар, бюджетті толықтыру үшін ақылы қызметтер көрсету қажеттілігі де жатады. Халықаралық және республикалық деңгейдегі конференциялар, мәжілістер мен семинарлар өткізу, ғылыми еңбектерді баспадан шығару.

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды дамытуға әсер ететін негізгі ішкі фактор ең алдымен штат санын арттыру және өңіраралық жер инспекцияларын автокөлікпен қамтамасыз ету, сонымен қатар, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру болып табылады. Қазіргі уақытта Агенттіктің жалпы штат саны 210 бірлікті құрайды, олардың ішінде өңіраралық жер инспекцияларында – 174, соның ішінде 116 инспектор және бір мемлекеттік инспектордың жүктемесі - меншік иелері және жер пайдаланушылардың 31 мыңнан астам бірлігі, алаң бойынша – 2,3 миллион гектар.

2. 2-стратегиялық бағыт «Мемлекеттің және экономиканың түрлі салаларының геодезия және картография өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып геодезия және картография саласын тұрақты дамыту»

2.1. Геодезия және картография саласын дамытудың негізгі параметрлері.

Республиканың көптеген экономика, қорғаныс салаларында жергілікті жер туралы ақпарат маңызды құрамдас бөлік болып табылады, осыған байланысты сапалы геодезиялық және картографиялық өнімдерге, қызметке сұраныстың ұлғаюы байқалады, осы өнімдер заңды құжат болып табылады. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметтері бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдауды сүйемелдеу жүйесінде кеңістіктік ақпарат үлесі осы жүйедегі жалпы ақпарат көлемінің 80 % дейін құрайды.

Қазақстан Республикасы аумағының топографиялық қамтамасыз ету жағдайы алаңдаушылық туғызады, карталардың 80% қазіргі заманғы жергілікті жердің жағдайына және мемлекеттік топонимикаға сай келмейді. Мемлекеттік топографиялық карталардың жаңартылуға қарағанда «қартаюы» жылдам, бұл өз кезегінде экономикадағы айтарлықтай шығындарға, ал әскери әрекет және төтенше жағдай туындаған аудандарда – орны толмас шығындарға соқтыруы мүмкін.

Бюджеттік қаржыландыру ұлғайғаннан бастап республиканың жалпы алаңының 13 % аэротүсірілімі орындалды, мемлекеттік геодезиялық желі пункттерінің жалпы санының 1,3 % зерттелді, нивелирлеу желісінің жалпы ұзындығының 5 % нивелирленді, барлық масштабтық қатардағы мемлекеттік топографиялық карталардың жалпы парақ санының 10 % жаңартылды.

Ескірген топографиялық карталардың үлкен пайызын ескере отырып, жаңа аэроғарыштүсірілімі негізінде мемлекеттік топографиялық карталарды жаңарту қажет етіледі. Барлық қалалар мен елді мекендердің түсірілімдері 1960-1980 жылдары орындалғандықтан, қалалардың ірі масштабты жоспарларын жасаудың өткір қажеттілігі туындады. Сондықтан 2008 жылдан бастап қалалардың ірі масштабты жоспарларын жасау үшін қалалардың цифрлы аэротүсірілімдерін жасауға кірістік.

Агенттік жасап отырған барлық масштабты қатардағы мемлекеттік топографиялық карталарда жергілікті жер туралы максималды толық ақпарат көрсетіледі және республикамыздың түрлі экономика және қорғаныс салаларында қолданылатын түрлі өндірістік материалдар жасау үшін негіз болып табылады.

Каспий теңізі түбінің қазақстандық учаскесі шегінде келісімшарттық аумақтан тыс мұнай газ құбырларының құрылысын қамтамасыз ету үшін теңіз картасы керек, оны жасау үшін геодезиялық және картографиялық жұмыстар орындалуда.

Геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік маңызы бар міндеттердің бірі мемлекеттік шекараны демаркациялауды геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету және халықаралық және қазақстандық құқық нормаларына сәйкес, мемлекеттік шекара туралы шартқа қоса берілетін құжаттарды соңғы рәсімдеу болып табылады.

Жер қабатының қазіргі заманға сай қозғалысы заңдылығын зерттеу үшін республикамыздың оңтүстік және шығыс өңірлерінде геодинамикалық полигондарда жыл сайын жоғары дәлдікті геодинамикалық өлшемдер жасалады. Жер сілкінуіне икемділікті ескере отырып, республикамыздың барлық аумағы бойынша батыс және орталық өңірлерде геодинамикалық полигондар жасау қажет.

Қазіргі уақытта спутниктік геодезиялық желілер салу және республикамыздың экономика, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салаларындағы міндеттерді шешу кезінде спутниктік технологияларды кеңінен енгізу үшін Қазақстан Республикасының аумағында бірегей мемлекеттік жүйе орнату өзекті болып отыр.

Қазіргі уақытта қолда бар жер үсті геодезиялық әдістер дәлдік, жеделділік, экономикалық тиімділік тұрғысынан ғылым мен тәжірибенің талаптарына, атап айтқанда қорғаныс, навигация, геодинамикалық үдерістерді зерттеуді геодезиялық қамтамасыз ету кезінде туындайтын талаптарға сай келмейді.

Бұдан басқа, қолда бар әдістер қазіргі заманға сай жұмыс істейтін спутниктік навигациялық жүйелер - ГЛОНАСС (Ғаламдық навигациялық спутниктік жүйе - Ресей Федерациясы) және NAVSTAR GPS (Navigation Satellite Timing and Ranging Global Positioning System - ғаламдық спутниктік навигациялық жүйе АҚШ) координаттар жүйесіне бірден өтуді қамтамасыз ете алмайды.

Навигациялық жүйелер беретін координаттардың бастауы Жердің ортасында болғандықтан жергілікті геодезиялық негізге байланған нүктелер координаты мен бастауы Жер ортасына сай келетін геодезиялық негізге байланған нүкте арасындағы айырмашылықты ескерген жөн.

Ресей Федерациясында, Өзбекстан Республикасында, Беларусь Республикасында және Әзірбайжан Республикасында әлемдік спутниктік желіге қосылған ұлттық геодезиялық желілері жасалған.

Сондықтан республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуы үшін өзекті бағыттардың бірі – Қазақстан Республикасының аумағында спутниктік геодезиялық желі салу және бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесін орнату болып табылады.

Бұл бағыт үлкен капитал салымын, ғылыми-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді, ғылыми-техникалық және өндірістік іс-шаралар дайындауды және мамандар оқытуды қажет етеді.

2.2. Негізгі проблемаларды талдау.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, республика аумағының тек 11 % қазіргі заманға сай карталармен жабылған, яғни, карталардың ескіруі жаңартудан тезірек жүруде.

Қазіргі уақытта қалалар мен елді мекендердің ірі ауқымды жоспарларын жасау мәселесі күрделі болып отыр, өйткені осы аумақтардағы қарқынды құрылыстар және өзге де жұмыс түрлеріне байланысты көптеген өзгерістер орын алды.

Республикамыздың жергілікті атқарушы органдарындағы жер қатынастары бойынша уәкілетті органдар топографиялық карталардың ескіруіне байланысты дабыл қағуда.

Топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдердің ерекше сипаты бар. Оның шынайылығы мен нақтылығына жауапты басқарушылық, экономикалық, саяси, әскери, қорғаныс және технологиялық шешімдер қабылдаудың сапасы тәуелді, ол шешімдерге көптеген мәселе, соның ішінде адам өмірі де тәуелді болады.

Жалпы алғанда Агенттіктің геодезия және картография саласында оң алғышарттар жасалды, сонымен бірге басты шешілмеген проблемаларға мыналарды жатқызуға болады:

  1. Картографиялау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік геодезиялық желі ішінара жоғалған, кейбірі мүлде қалпына келтірілмейді және соның салдарынан оған қойылатын талаптарға толық жауап бере алмайды.

  2. Спутниктік технологиялардың дамуына және топографиялық-геодезиялық өндірістің автономды спутниктік координаталық анықтау әдісіне көшуге байланысты республикамыздың жаңа координаттар жүйесін жасаудың және дамытудың өзекті мәселесі туындады.

  3. Қазақстан Республикасы аумағының топографиялық және картографиялық қамтамасыз етілу жағдайы алаңдаушылық туғызады, карталардың жаңартылмағандағына 10-20 жыл болған.

  4. Қазақстанның сейсмобелсенді аумақтары мен каспий маңы өңірлері жоғары дәлдікті геодезиялық өлшемдермен толық қамтылмаған.

  5. Агенттікке ведомстволық бағынысты геодезиялық кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық дамымай қалуы.

  6. Жас мамандар ағымының жоқтығы, мамандарды даярлау және қайта даярлаудың сапасы қазіргі заманның техникалық және технологиялық талаптарына сай келмейді.

  7. Пайдаланылуы мемлекет пен тұтынушыға зиян тигізуі мүмкін жалған геодезиялық және картографиялық өнімдерден нарықты қорғау.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан бағалауда Қазақстанның жағдайына байланысты басқа да проблемалар бар. Қазіргі уақытта жаһандану республикамызда орын алып жатқан барлық үдерістерге өз әсерін тигізуде, Қазақстанның ақпараттық кеңістігі бірегей ақпараттық кеңістікке енуде. Басқарушылық шешімдерді қабылдауды қолдау және республика өңірлерінің дамуын болжау үшін ақпараттық бөліктің құрамдас бөлігінің бірі өзекті және объективті кеңістіктік ақпарат болып табылады, онда жергілікті жердің мемлекеттік топографиялық карталардағы қазіргі жағдайы көрініс табады.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Ағымдағы жағдайды талдауды назарға ала отырып, сондай-ақ, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуі және бекуі бойынша қойылған міндеттерді ескере отырып, жер ресурстарын, геодезия және картографияны басқару саласының алдына жер ресурстары туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуге, «Институционалдық даму» көрсеткіштері бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексінде Қазақстан Республикасының рейтингін арттыруға, еліміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайтуға, ұлттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға септігін тигізетін стратегиялық бағыттарды анықтау міндеті қойылды.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 16 шiлде №301-302 (26696), "Казахстанская правда" от 16. 07. 2011 г., №222 (26643), Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары бойынша қорытынды
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің...
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 наурыздағы №213 қаулысы
Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары...
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1732 Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы
Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 22 ақпанындағы №103 қаулысымен бекітілген
Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру туралы Оперативтік...
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы 2008 жылғы...
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1666 № данасы Астана,Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі»мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Басқарма миссиясы мен пайымдалуы жер ресурстарын тиімді және рационалды пайдаланудағы мемлекеттік саясатты іске асыру, жердің сапалық...
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Зырян ауданының жер қатынастары бөлімі» мм 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Зырян қаласы – 2011 ж. Мазмұны
Зырян ауданының аумағындағы жер ресурстарын мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница