«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары




Название«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
страница1/4
Дата конвертации10.01.2013
Размер0.95 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4




Әкімдіктің

2010 жылғы _______________

№ ____ қаулысымен бекітілген


«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

Қостанай қаласы, 2010 жыл

Мазмұны


1. Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының миссиясы және пайымдауы

3

2. Туризм және спорт салалары дамуының тенденциялары мен ағымдағы жағдайларын талдау

3

3. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және нысаналы индикаторлары мен нәтижелерінің көрсеткіштері

13

4. Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының дамуының функционалдық мүмкіндіктері

27

5. Ведомствоаралық өзара әрекеттер

28

6. Қауіп-қатарлерді басқару

30

7. Бюджеттік бағдарламалар

32



1 - тарау. Миссиясы және пайымдауы
Миссиясы – туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өңіраралық және салааралық үйлестіру мен мемлекеттік басқаруды тиімді қамтамасыз ету.

Пайымдауы – Қостанай облысында спортшылардың спорт шеберліктерінің өсуін қамтамасыз ету, салауатты өмір салты қағидаларының тиімді тетіктерін енгізу және бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру.

2 - тарау. Туризм және спорт салалары дамуының тенденциялары мен ағымдағы жағдайларын талдау
2009 жылы басқарманың жұмысы Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдардағы Үкімет бағдарламасын, 2007-2011 жылдарында Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны және 2007-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламаны, 2010-2014 жылдарға арналған басқарманың стратегиялық жоспарын орындауға бағытталды.

1-стратегиялық бағыт. Туристің қажеттілігін қамтамасыз ете алатын облыстың туристік инфоқұрылымын дамыту

Реттелуші саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері

2006-2008 жылдарға арналған Қостанай облысындағы туризмді дамытудың өңіраралық бағдарламаларының іске асыру қорытындысы бойынша 2006 жылдан 2008 жылға дейінгі аралықта туризмнің барлық түрлері бойынша орнықты өсу көрсеткіштерінің тенденцияларының сақталғаны байқалады.

2009 жылдан бастап келу туризмі 43 % өсті және келушілердің жалпы санынан 63 адамды (0,6 %) құрады.

2008 жылмен салыстырғанда жолға аттанған туристердің саны 5,3 % өсті және 4,7 мың адам немесе туристік ұйымдармен қызмет көрсетілген адамдардың жалпы санынан 29,8 % құрады. Сонымен қатар, ішкі туризм бойынша да 2008 жылға қарағанда қызмет көрсетілгендердің саны 4,2 % өскені байқалып, 156,2 мың адамды құрады.

2009 жылы жеке бизнестің туристік фирмаларды ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмыстарының қарқыны өсіп отыр. Қазіргі таңда 2008 жылға қарағанда 125,7 % немесе 44 фирма саналады, осы фирмалардың жалпы саны ішінен 5-уі туроператорлық жұмыстарға және 39 ұйым тураганттік жұмыстарға бағытталған.

Қазіргі уақытта туризм саласында 997 адам айналысуда. Жұмыс орындарын сақтап қалу 2014 жылға дейін мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып отыр.

Экономикалық дағдарыс туристік қызметтер нарығының жағдайына келеңсіз әсер етеді. 2009 жылы 2008 жылғы осы уақытына қарағанда 4779 туристке қызмет көрсетіліп, 99,2 % өсті, соның ішінде : 2008 жылға қарағанда келу – 63 адамды – 146,5 % , 2008 жылға қарағанда шығу – 4716 адамды – 97,2 % , ішкі туризм – 1431 адамды – 117 % құрады. 2008 жылғы осы уақытына қарағанда 2009 жылғы туристік қызметтер 165,9 млн. теңгені, 106,4 % құрады.

2009 жылы қазіргі заманға сай, аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешендердің жұмысқа қосу үрдісі жалғасуда, осыған орай Қостанай ауданында Мичурин селосында «Қонақжай аула «Золотой фазан» демалыс базасы және Садовое селосында турбаза, Алтынсарин ауданында «Джайляу КZ» демалыс базасы ашылды. Қостанай қ. «Александров бағы», «Дәмді» дәне «Созвездие» қонақ үйлері, Жітіқара қаласында «Барс», Қостанай ауданы Затобол селосында «Затобольск» - қонақ үйлері ашылды.

Сонымен қатар, туризм және спорт салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері ұтымды іске асып отырғанын атап кетуге болады: туризм саласында әйеледер туристік ұйымдардың басшылық қызметтерінде және қызмет көрсету саласында көбірек екендіктерін атап кетуге болады (жалпы санының 85 % құрайды). Ерлер көш бастап келген спорт түрлерінде де әйелдердің үлесі артып келе жатқаны көрінеді.

Негізгі проблемаларды талдау

Сонымен қатар, біздің аумақта туризм салаларының дамуын ұстап тұрған кейбір мәселелер бар:

1. Туризмнің дамыған инфрақұрылымының жоқтығы, орналасу объектілерінің материалдық базасы, соның ішінде қонақ үйлер, пансионаттар, демалыс үйлері мен базалары, сонымен бірге, санаторлық-курорттық мекемелердің моралдық және нақты түрде тозғандығы болып келеді.

Өткен жүзжылдықтың 70-80 жылдарына келетін туристік инфоқұрылымның қарқынды дамуына тура келді. Қазіргі таңда туристік құрылымдар жөндеу мен қайта жабдықтауды қажет етеді, осы құрылымдардың 100 % жеке адамдарда болғандықтан, бюджеттен қаржылардыру мүмкін емес.

2. Қонақүйлік сервистің төмендігі, туризмнің масштабы, түрлері, сапасы мен туристердің тұратын орындарының халықаралық стандарттарға сай еместігі болып отыр.

Осы мәселе бірінші мәселемен өзара байланысты. Осы мәселелердің шешімі «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын туристерді қабылдайтын орындардың қожайындарының пайдалануы болып отыр.

3. Қостанай облысының тарихи-мәдени орындары бойынша туристік сапарларды насихаттау жұмысының төмен деңгейде болуы болып отыр.

Туристік имиджді қолдау бойынша жүргізілген шаралар жүйелі емес, туризм бойынша көрмелерге қатысу жарнамалық қызмет тиімділігін толық түрде қамтамасыздандырмайды. Осы уақытқа дейін облыс қалалары мен аудандарында дене тәрбиесі мен спорт бөлімдерінде туристік істер жөніндегі қызметкерлерді штаттық кестеге қосу мәселесі шешілмей отыр, облыс аймақтарында туристік сапарларды үрдіске айналдыруда қиындықтар туғызып отыр.

4. Облыс имиджінің республикалық тұрғыда алға жылжытуда кемшіліктер туып тұр, аймақтың туристік мүмкіндіктерін жарнамалық ақпараттандыру көлемінің аздығы болып отыр.

Облыстың туристік өнімдерін республика көлеміндегі көрмелерде жарнамалау жүйелі емес және барлық туристік қорлары туралы толық ақпарат бере алмай отыр. Көрмелердің негізін Науырзым қорығының, «Сосновый бор» және «Джайляу» шипажайларының экспозициялары қамтып отыр, облыстың басқа аймақтары жайлы ақпарат болмай отыр, бұл облыстағы туризм саласының мүмкіндіктерін толық ашпайды.

5. Кадрларды дайындау, қайта даярлау және кадрлердің біліктіліктерін арттырудың төмен деңгейі және туризмнің ғылыми базасының жоқтығы.

Туризмді дамытуға кедергі болып тұрған негізігі мәселелердің бірі – қызмет көрсететін мамандандырылған мамандық иелерінің жоқтығы болып отыр. Бұл тек туризм индустриясының объектілерінде мамандандырылған қызметшілердің болмау мәселесіне ғана емес, сонымен қатар, туристік саласы үшін кадрларды дайындау сапасына да қатысты болып отыр.

Ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Қостанай облысының қазіргі таңдағы туризмінің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасқан деңгейін республикалық туристік нарығында сақтай отыра, өз туристік нарығын дамыту мүмкіндіктері өмір деңгейлерінің өсуіне және халықтың жұмыспен қамтылуының артуына, сапалы туристік қызметтерге өскелең сұраныстың қанағаттандыруына және облыстағы туризмнің орнықты дамуына жағдайлар қалыптастыруына жеткіліксіз.

Туристік саланың дамуына негізінен сыртқы факторлар, соның ішінде ел ішіндегі және шетелдегі әлемдік экономиканың жағдайы, құқықтық реттеу, экономикалық және саяси ахуалдар әсер етеді.

Сонымен бірге, осы саланың дамуна ішкі факторлар да әсер етеді, оларға мамандар саясатын (мамандарды дайындау және қайта даярлау, біліктіліктерін көтеру, еңбекті ұйымдастыру), отандық туристік өнімнің кәсіптік маркетингін жатқызуға болады.

Бүгінгі күні туристік салаға мамандарды жоғары, орта арнаулы білім беретін оқу орындарда дайындайды, 2 мамандық пен 4 біліктілік бойынша кәсіби білім беретін 2 оқу орны бар. Білім беру мемлекеттік білімдік стандарт шеңберінде жүргізіледі, бірақ Бүкіләлемдік туристік ұйымдардың талаптарына және осы сала қажеттіліктеріне сай білім бере алмай отыр.

Қостанай облысының туризмді ақпараттық насихаттау жөніндегі Басқармасының күн сайынғы жұмысы жергілікті және республикалық телеарналарда жарнамалық бейнероликтерді көрсету, ақпараттық турлар өткізу арқылы қостанайлық туристік өнімнің жоғары сұранысын қамтамасыз ете алмайды. Бұл бағытта шетелдік елдердің туристерін қатыстыру бойынша туроператорлардың нығайтылған жұмысы қажет, бұл келетін турист ағынның тұрақтылығын қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ туристік саланың табыстылығын да арттырады.

2-стратегиялық бағыт. Қостанай облысында бұқаралық спорт пен денешынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту

Реттелуші саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері

2009 жылы Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасы спорттың инфоқұрылымын ары қарай дамыту және облыстағы спорттың материалды-техникалық базасын жақсарту және облыстағы бұқаралық спортын дамыту бағытында бірнеше ұйымдастыру шараларын жүргізді.

2008 жылға қарағанда облыс бойынша 2009 жылы спорттық құрылымдар саны 2234 бірлікті немесе 103 % құрайды. 2009 жылдан бастап объектілердің саны 66 бірлікке көбейді, соның ішінде ауылдық жерлерде 16 бірлікке көбейді, соның ішінде :

Спорттық-сауықтыру кешендерінің саны 1 бірлікке көбейді,

2009 жылы 7 спорт зал салынды, 2008 жылы - 619, ал 2009 жылы – 626;

Шаңғы базаларының саны 9 бірлікке көбейді, 2009 жылы – 31 бірлік, 2008 жылы – 22 бірлік болды;

Ату тирлері 4 бірлікке көбейді, егер 2008 жылы – 101 болса, онда 2009 жылы -105 болды;

хоккей корттары 2009 жылы 3 бірлікке көбейді, егер 2008 жылы 36 болса, онда 2009 жылы – 39 болды.

52 бірлікке тегіс құрылымдар көбейді, егер 2008 жылы - 1069, онда 2009 жылы - 1119;

қосымша салынған спорт залдар саны 20 бірлікке көбейді, 2008 жылы - 164, 2009 жылы – 184.

2009 жылы спорт кешендерін жөндеуге 188,7 млн. теңге жұмсалды, соның ішінде: республикалық бюджеттен - 75,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 64,0 млн. теңге, қосымша кіріктірілген қаржыларлардан – 49,4 млн. теңге, 497 спорт объектілері ағымдағы жөндеуден өтті немесе 2008 жылға қарағанда 114,3 % өсті .

Қабылданған шаралар арқылы облыс спорт құрылымдарының бір сағатта қабылдайтын адамдар саны 2008 жылы 47937 болса, онда 2009 жылы 50029 адамға жетті, соның ішінде ауылда сағатына 590 адамнан 31370 адамға жетті.

Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын барлық жастағы халық саны 23,7 % немесе 210840 адам болды және 2008 жылғы көрсеткішке қарағанда 0,4% өсті, оның ішінде 6-18 жастағы балалар мен жасөспірімдер саны 15,2% (16001 бала) құрады және 2008 жылғы көрсеткішке қарағанда 862 адамғаа (1,4 %) өсті. 2009 жылы 35 жаңа денешынықтыру ұжымдары құрылды, осы уақытта олардың саны 1311 немесе 2008 жылға қарағанда 101,9 % өсті.

Денешынықтыру мен спротпен айналысатын мүгедектер саны жоспарлы түрде қамтамасыз етіліп 8,2 % өсті, бұл 1668 адамды құрады. 2008 жылға қарағанда осы көрсеткіш 2,0 % өсті.

2009 жылы спорттық мекемелер 3174 спорттық іс-шаралар жүргізді немесе 2008 жылға қарағанда 129,3 %, осы іс-шараларға 309,9 мың адам қатысты немесе 2008 жылға қарағанда 115,8 %, соның ішінде ауылдық жерлерде 1904 іс-шара, 177,9 мың адам қатысты. Барлығы спорттық жарыстарда облыс халқының 34,8 % қамтылды. Кешенді спорттық шаралар өткізілді: Шаңғы спортының Фестивалі, XXIII Жазғы «Тың» Спартакиадасы, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің арасында кіші Олимпиядалық ойындары, Президенттік тест нормативтерін тапсыру айлықтары өтті.

2009 жылы денешынықтыру және спорт саласында жұмыс істейтін адамдар саны 89 адамға көбейіп,1777 адамды құрады, 2008 жылға қарағанда – 105,3 %, соның ішінде ауылда 3 адамға - 871 адам болды.

Денешынықтыру қызметкерлерінің жалпы саны ішінен 1393 адам дене тәрбиесі мамандығы бар адамдар, 2008 жылға қарағанда 114,5 %, соның ішінде ауылда 646 – 2008 жылға қарағанда 119,2 % құрады. Жоғары дене тәрбиесі білімі бар 1193 адам, 2008 жылы жоғары дене тәрбиесі білімі бар 1056 адам болды, бұл 13 % кем.

2009 жыл аралығында облыс аймақтарында спорт жөніндегі әдіскерлер саны өзгеріссіз 114 адам деңгейінде қалып отыр.

Негізгі проблемаларды талдау

Дамудың жағымды үрдісімен қатар бұқаралық спорттың дамуына кедергі ететін мәселелер де бар:

1. Спорттық инфоқұрылымдар мен материалдық-техникалық базалардың деңгейі төмен болуы.

Ауылдарда спорттың дамуына материалды-техникалық базаның жоқтығы мәселе болып тұр. Ауылдық жерлерде орналасқан 457 спорттық залдардың 371 жалпы білім беретін мектептерде орналасқан және оларды оқу сабақтарын өткізуге пайдаланылады. Барлық спорт құрылымдарының тек 12,0% ғана халықтың спортпен айналысуына қолжетімді болып тұр. 302 ауылдық елді мекенде жабық спорт құрылымдары жоқ.

Ұйымдарда, оқу орындарында, халықтың тұрғылықты жерлері мен демалатын орындарда тек спорттық құрылымдардың жетіспеушілігі ғана емес, сонымен қатар, спорттық құралдар мен жабдықтар да жетіспейді.

2. Бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортының төмен дамуы

Осы уақытқа дейін салалық спорт клубтарын құру бойынша сұрақтары шешілмей отыр. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі уақытта 15,2 % мектеп жасындағы балаларды сабақтармен қаматамасыз ете алады. Материалдық базасы төмен, сапалы спорт құралдары мен жабдықтарының жоқтығы спорттық резервті жоғары деңгейде даярлауға мүмкіндік бермей отыр.

Халықтың тұрғылықты жері бойынша жұмыстар нашар жүреді, жасөспірімдер клубтарының желісі жеткіліксіз дамыған, тұрғылықты жерде және бұқаралық демалыс орындарында қарапайым спорт алаңдары мен құрылымдары жоқ. Ең басты мәселе ауылдарда спортты дамыту болып отыр. Инфоқұрылымның дамымауына байланысты ауыл балалары мен жасөспірімдеріңің спортпен айналысу саны қалалық көрсеткіштен төмен. Сонымен қатар, азаматтардың жүйелі түрде денешынықтыру және спортпен айналысуда белсенділік танытпауы да көкейтесті мәселе болып отыр.

3. Білікті мамандардың жетіспеуі

1) ауылдық жерлердегі 25%-ға жуық жалпы білім беретін мектептерде дене шынықтыру мұғалімдері жоқ, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің 20% жаттықтырушы-оқытушыларында арнайы білімдері жоқ.

2) ауылдық жерлерде спорт жөніндегі әдіскерлермен қамтамасыз етілу деңгейлері төмен, спорт жөніндегі  114 әдіскердің 48 ғана ауылдық жерлерде жұмыс істейді, Алтынсарин, Жітіқара, Қостанай, Науырзым және Ұзынкөл аудандарында спорт жөніндегі әдіскерлері мүлдем жоқ .

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Облыстың ішкі мән-жайын бағалау халықтық дене тәрбиесінің жүйесін және бұқаралық спортты дамытуды жетілдіруді куәландырады.

Бар факторлық шарттарын бағалау мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың, оқу орындарының оқушылары мен студенттерінің дене тәрбиесінің, халық арасында дене тәрбиелі-бұқаралық қозғалысының, мүгедектер арасындағы спорт пен дене тәрбие дайындығының, дене шынықтыру және спортты насихаттауының жетілдіруі бойынша қолданылған шараларды куәландырады.

Дене тәрбиесі мен спорттың дамуына бірнеше ішкі факторлар әсер етеді, олар негізінен әлеуметтік-экономикалық және жаһанданумен байланысты. Ішкі факторларды талқылау барысында мынадай негізгі қағидаларды атауға болады: халықтың денешынықтыру белсенділігі жеткіліксіз реттелуі, бұл спорттық орталықтарда бос уақытты өткізу жоғары бағамен және спорттық құрылымдардың шектеулігімен негізделеді. Балалар, жасөспірімдер мен ересек адамдар арасында дене тәрбиесі мен спортты насихаттау жеткіліксіз жүргізіледі.

3-стратегиялық бағыт. Республикалық спорт аренасында қостанайлық спорттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Реттелуші саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері

2009 жылы спорттық резевті даярлау мақсатында 27 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істеуде, осы мектептерде дайындалатын оқушылар саны 16001 адамды құрайды, спорттық мектептерде спортпен шұғылданатын жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларының 15,2 % қамтиды, 2008 жылы – 13,8 %.

2009 жылы І разрядты спортшылар – 195 адам, спорт шеберлігіне үміткер – 142 адам дайындалды. 2009 жылы халықаралық деңгейдегі спорт шеберлерінің саны 7 адамды құрады, бұл 2008 жылға қарағанда – 100 % көтерілді, Қазақстан Республикасының спорт шеберлерінің саны 11 адамға көбейіп, 55 адам болды, бұл көрсеткіш 2008 жылға қарағанда 25%-ға өсті.

Облыста 21 спортшыдан тұратын олимпиадалық резервті даярлайтын орталық жұмыс істейді, олар өз шеберліктерін шыңдап келеді. Орталық спортшыларының 100 % Қазақстан ұлттық құрама командасының негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамына кіреді. БЖСМ оқушыларын диспансерлеуді жүзеге асыратын Облыстық денешынықтыру-спорттық диспансері жұмыспен қамтамасыз етілген. 2009 жылы 5820 спортшы диспансеризациядан өтті ( 2008 жылы – 3840 адам), соның ішінде 5320 адам – БЖСМ оқушылары, бұл 2008 жылға қарағанда 134,5 %-ға артық. Тереңдетілген медициналық байқаудан 3718 адам, ағымдағы медициналық байқаудан 21356 денешынықтырушылар мен спортшылар өтті.

2009 жылы Қостанай облысының құрама командасы Қазақстан Республикасының II қысқы Спартакиадасында командалық 7 орынды, Қазақстан Республикасының II Жастар ойындарында – 6 жалпыкомандалық орынды, IV республикалық «Ақ Бидай-2009» ауыл ойындарында – 5 орынды, Қазақстан Республикасының спортшы-мүгедектер арасындағы III Спартакиадасында – 9 орынды иеленді.

Осы есеп беру жылында Азия чемпиондары Василий Левит (бокс), Дмитрий Уваров (триатлон), Марина Масленко (жеңіл атлетика) және Станислав Кузьмин (жүзу) болды, каратэ-кекушинкай бойынша Әлем Кубогын Дмитрий Моисеев жеңіп алды. Жазғы полиатлоннан Әлем Чемпионатында екінші орынға Елена Морозова, жасөспірімдер арасында самбодан әлем чемпионатында үшінші орынға Джваридзе Леван ие болды.

Ардагерлер арасында жеңіл атлетикадан Азия Чемпионы Поликарпов Сергей болды, пауэрлифтингтен Азия чемпионатындағы күміс медальдарды біздің облысқа Екатерина Крюкова, Венера Яковлева, Ирина Панина, Залим Кувамбаев және Андрей Дорохов әкелді, қола жүлде Марс Акпаленовқа бұйырды. Азиядада баскетболдан күміс жүлдегер Берик Исмаилов болды. Әлем чемпионаттарына Сауле Садуакасова (ауыр атлетика), Кирилл Гринев (шаңғы жарыстары), Иван Дычко және Василий Левит (бокс) қатысты.

Қазіргі уақытта алты спортшы Ванкувердегі (Канада) қысқы ХХІ Олимпиадалық ойындарына қатысу үшін лицензияларды жеңіп алу үшін күресуде, олар – конькимен жүгіруші Жигин Александр, Бондарчук Алексей, Кузин Денис, шаңғышылар Кондрышев Андрей, Осипов Александр және шорт-тректші Волокитина Дарья. Осы аталған спортшыларға халықаралық жарыстарға қатысу үшін және дайындалу үшін барлық жағдайлар жасалған.

2009 жылы облыстың алдыңғы қатарлы үш спортшысы жоғары спорттық жетістіктері үшін ай сайынғы ақшалай төлемдермен қамтамасыз етілді, ол үшін 6,1 млн. теңге бөлінді.

Негізгі мәселерді талдау

Дамудың жағымды тенденцияларымен қатар, жоғары жетістіктерге жету үшін кедергі болып тұрған мәселелер бар:

1. Балар-жасөспірімдер спортының нашар дамуы

Осы уақытқа дейін салалық спорт клубтарын құру бойынша сұрақтары шешілмей отыр. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі уақытта 15,2 мектеп жасындағы балаларды сабақтармен қаматамасыз ете алады. Материалдық базасы төмен, сапалы спорт құралдары мен жабдықтарының жоқтығы спорттық резервті жоғары деңгейде даярлауға мүмкіндек бермей отыр.

2. Білікті мамандардың жоқтығы:

1) осы уақытта балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің 20% жаттықтырушы-оқытушыларының арнайы білімдері жоқ. Сонымен қатар, штаттан тыс жаттықтырушы-оқытушылардың болуы, бірақ бұл тенденция азайып келе жатыр: 2008 жылы осындай 190 жаттықтырушы болса, бұл барлық жаттықтырушылардың жалпы санының 41,9 % құрайды, ал 2009 жылы – 186 адам, бұл барлық жаттықтырушылардың жалпы санының 38,4 % құрайды;

2) шеберлігі жоғары спорттағы алдыңғы қатарлы жаттықтырушылардың жасы – салиқалы, ал оларды толымды ауыстыратын жаттықтырушылар жоқ.

3. Заман талабына сай спорттың ғылыми базасы жоқ:

1) қазіргі кезде республиканың спорт мектептерінде спорт түрлері бойынша бірдей оқу бағдарламаларының жоқтығы спорттық резервті және халықаралық деңгейдегі спортшыларды дайындаудың жүйелік әдістемесін қамтамасыз етуге кедергі етеді;

2) спорттық құрылымдарды техникалық пайдалану үшін мамандардың жоқтығы, жоғары оқу орындары түлектерінің дайындық дәрежелері заман талабына сай емес.

Спорт саласы жоғары бәсекелес болып келеді және оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру, спортшылардың функционалдық және дене мүмкіндіктерін жоғарылату, қайта дайындау мен қалпына келтіру әдістемесіндегі барлық жаңа зерттемелер стратегиялық материал болып табылады, ал оларды басқа елдерден сатып алуға мүмкіндік жоқ.

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Облыстың ішінде жағдайларды бағалау бұқаралық спорттың дамуын жетілдіруді білдіреді.

Бар факторлық жағдайларды бағалау спорттық шеберлігі жоғары спортшыларды дайындау жүйесін жетілдіру бойынша және жоғары спорттық нәтижелердің өсуін ынталандыру үшін жағдайлар жасау бойынша қолданылған шараларды білдіреді.

Дене тәрбиесі мен спорттың дамуына ішкі факторлар әсер етеді, олар негізінен әлеуметтік-экономикалық және жаһанданумен тығыз байланысты факторлар. Ішкі факторларды талқылау барысында мынадай негізі қағидаларды ашып көрсетуге болады: спортттық құрылымдардың шектеулігі, жоғары жетістіктер спортының жеткіліксіз насихаттауы.
  1   2   3   4

Похожие:

«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы
«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconЗайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында аудан көлемінде тиімді мемлекеттік басқаруды...
«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған
«Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«келісілген» ОҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы
«Катонқарағай аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік...
«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconЖуалы ауданы әкімдігінің «12»қаңтардағы 2011 жылдың
«Жуалы ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық...
«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық,...
«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарына арналған стратегиялық жоспары
Миссиясы және пайымдауы
«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница