Сынып: 9 «Ғ» Өткізген: Қыдырбекова Г. Ж. Астана 2010 Тақырыбы




Скачать 47.46 Kb.
НазваниеСынып: 9 «Ғ» Өткізген: Қыдырбекова Г. Ж. Астана 2010 Тақырыбы
Дата конвертации10.01.2013
Размер47.46 Kb.
ТипДокументы
Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тағзым саған, жауынгер!»
Сынып: 9 «Ғ»
Өткізген: Қыдырбекова Г.Ж.

Астана 2010
Тақырыбы: «Тағзым саған, жауынгер!»

Мақсаты:

Білімділік: ҰОС туралы мәлімет беру, соғыста ерлік көрсеткен еліміздің батырлары туралы білімдерін кеңейту;

Дамытушылық: өз бетімен ізденуге, мәнерлеп оқуға тәрбиелей отырып жеке тұлғаны жан-жақты дамыту;

Тәрбиелік: аттары аңызға айналған батыр бабаларымыздың ерлігін дәріптей отырып, елжанды, жігерлі, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: батылардың суреттері, ерлік туралы нақыл сөздер жазыған плакаттар.
1-жүргізуші: Осыдан 64 жыл бұрын 1941 жылы 22 маусымда бүкіл әлемді дүр сілкіндірген соғыс атты сойқан басталды. Неміс фашистері біздің елімізге басқыншылық шабуылын жасады. Бірақ 15 Одақтас Республиканың еңбектеген баласынан, еңкейген кәрісіне дейін жауға қарсылық көсетті. Ер азаматтар қару алып майданға аттанса, қарттар, әйелдер, балалар күн, түн демей еңбектенді. Осындай қиыншылықпен төрт жылға созылған соғыста біздің еліміз жауды ойсырата жеңіп, Белиндегі рейхстагқа жеңіс туын тікті. Бұл 1945 жылдың 9-мамыры еді.

2-жүргізуші: 2-ші дүние жүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең алапат соғыс болды. Сол соғыста жеңіске жетіп, әлемді фашизм құлдығынан азат еткен аталарымыз бен әжелерімізге мәңгілік қарыздармыз. Олар келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін майданға аттанып, ерліктің үлгісін паш етті. Кеңес Одағының батылары Б.Момышұлы, Т.Бигелдинов, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Қ.Қайсенов сынды ата-әжелеріміздің аттары аңызға айналды, ардақты есімдері мектептерге, ауылдарға, көшелерге берілді.
1-оқушы: Соғыс өтті жалмап талай өмірді,

Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.

Соғыс аты естілгенде құлаққа

Елестетер қара тажал өлімді.
Келді міне, гүлдей жайнап гүл көктем,

Самал желі шашты тарап, бетті өпкен.

Ұмытуға хақымыз жоқ оларды

Олар біздің бақыт үшін қан төккен.
2-оқушы: Өткізді олар сызды окопта күндерін,

Елестетем қанды кешіп жүргенін.

Естігендей болам жаудың шебіне

Атой салған сарбаздардың үндерін.
Талай жанды қиды ажалбалтасы,

Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы.

Біздің мына бейбіт өмір алаңсыз

Ел қорғаған аталадың арқасы.
3-оқушы: Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,

Ер азамат бәрі кетті елдегі.

Соғыс деген - зұлымдардың зорлығы,

Соғыс деген – фашистердің ермегі.

Қанға бояп тіршіліктің тынысын,

Қанішердің, соғыс, нағыз жырысың.

Талай жастың жанын қиған жазықсыз,

Бүйткен сенің атақ-даңқың құрысын.
1-жүргізуші: 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қазақ жауынгерлері асқан ерлікпен көзге түсті. Соғыстың аты – соғыс. Басты мақсат – жеңіске жету. Жеңіске жету жолында қаһармандық көрсеткен біртуар ерлердің бір шоғыры бүгінде ел кіндігіне айналып отырған қасиетті Ақмола өңірінен шыққан.

4-оқушы: Рақымжан Қошқарбаев

Рейхстагқа Жеңіс туын нық қадаудың бақыты біздің Рақымжан Қошқабаевқа да бұйырыпты. Ол 1924 жылы Астананың іргесіндегі Тайтөбе ауылында туып-өскен. 1942 жылы әскерге алынып, 1944 жылы Фрунзедегі (қазіргі Бішкек) жаяу әскер училищесін тамамдаған. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30 сәуірде ол жауынгер Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа ту тікті.

Рейхстагқа ту тіккендердің қайсысы болса да Батыр атағын алуға лайық еді. Амал қанша .... жоғары басқа шешім қабылдады. Рахымжан ағамыздың «Алтын жұлдызға» лайық кеудсіне тек «Қызыл ту» ордені тағылды. Тек Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Рақымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.

5-оқушы: Талғат Бигелдинов

Ол 1922 жылы Астана іргесіндегі Майбалық ауылында туған. Әскери ұшқыш авияция генерал-майоры, екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған. 1940-1942 жылдары Саратов барлау авиация мектебінен, №3 Чкалов бомбалаушы авияция ұшқыштары мектебінен, №1 Чкалов жойғыш ұшқыштары мектебінен білім алған. 1943 жылдың ақпанынан майданға жіберіліп, сол жылғы 7 наурызда қарапайым «Ил-2» шабуылшы ұшағымен жаудың сол кездері керемет саналған «Миссершмит -109» жойғыш ұшағын атып түсірді. Бұл ерлігі бұрын-соңды кездеспеген оқиға ретінде әлемдік авияция тарихына енді. Бигелдинов соғыс кезінде 305 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып шығып, жаудың ондаған ұшақтарын, жүздеген танкісі мен зеңбіректерін, мыңдаған солдаттарын жойды.

Батыр қос «Алтын жұлдыз» медалінің, екі бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы, екінші дәрежелі Ұлы отан соғысы, Александр Невский, екі «Еңбек» «Қызыл ту», «Қызыл жұлдыз», үшінші дәрежелі «Даңқ», «Отан» ордендрінің, Польша әскері кресі марапатының, бірнеше медальдардың иегері. Үш рет КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болған.

6-оқушы: Әлмұхан Сембинов

Әлмұхан Сембиновтың тарих тақтасынан алатын оны ерекше. 1924 жылы Ақмола облысындағы Астрахан ауданы орталығына жақын орналасқан Жаңабірлік елдімекенінде дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына алынып, қатардағы жауынгерден 121-інші, 362-ші балау және атқыштар полктерінің командиріне дейін көтерілген. «Даңқ» орденінің толық иегері.
7-оқушы: Сағадат Нұрмағамбетов

Астын сызып тұрып айрықша атап өтетін батыр ағалардың бірі Сағадат Нұрмағамбетов. Ол 1924 жылы Ақмола өңірінің Қосым ауылында дүниеге келген. Әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы. 1943 жылы Түркменстанның Кушка қаласындағы пулемет училищесін бітіргеннен кейін майданға жіберілді. 1949 жылы Мәскеудегі әскери академияны бітіріп, Түкменстан әскери округы штабында істеді. 1954-1958 жылдары мотоатқыштар полкінің командирі, 1958-61 жылдары мотоатқыштар дивизиясының штаб бастығы, 1962-69 жылдары Қазақ КСР азаматтық қорғаныс штабының бастығы .... 1992-95 жылдары Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі. Сағадат Нұрмағамбетов Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында аумақтық тұтастықты қамтамасыз етуде, Республиканың қарулы күштерін құруда, ұлттық қадрларды даярлауда үлкен еңбек сіңірді.

Хор: «Жойылсын жалғыз соз соғыс деген!»

2-жүргізуші: Соғыстың адам айтқысыз ауыр зардабын көрген ҰОС ардагерлері мен тылда еңбек еткен ардагерлерімізге зор алғыс. Талай адамның өмірін қиған сұм соғыс бейбіт елімізден аулақ болсын.

Біз жеңдік, жеңілді жау,

Желбіре, жеңіс туы.

Өлмейді, өшпейді ерлік

Жасасын Жеңіс күні!

Похожие:

Сынып: 9 «Ғ» Өткізген: Қыдырбекова Г. Ж. Астана 2010 Тақырыбы iconАстана қаласы №57 орта мектеп. 7- сынып Тақырыбы: Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі
Білімділік: Экологиялық мәдениеттілікті қалыптастырып, табиғатты қорғауға, аялауға шақыру
Сынып: 9 «Ғ» Өткізген: Қыдырбекова Г. Ж. Астана 2010 Тақырыбы icon«Тапқыр информатиктер» Өткізген: Саттарова Жанар Егізбайқызы Астана-2011 жыл 8-сынып Информатика сабағы. Саб тақырыбы: «Тапқыр информатиктер»
Саб. Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін тереңдетіп, ақыл-ойларын қалыптастыру
Сынып: 9 «Ғ» Өткізген: Қыдырбекова Г. Ж. Астана 2010 Тақырыбы iconЛисаков қаласы «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Өткізген : Мауленова Г. С. Ашық сабақ. Математика 2-сынып Сабақтың тақырыбы
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, карта, әр оқушыға деңгейлік тапсырма беті, суреттер, ребус, кеспе сандар, сыйлықтар
Сынып: 9 «Ғ» Өткізген: Қыдырбекова Г. Ж. Астана 2010 Тақырыбы icon«Бақытты сәт» 11 «Ә» сынып Өткізген: биология пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: медицинада, табиғатты қорғауда және эволюция туралы ілімдерін дамыту үшін генетика білімдерін пайдалану
Сынып: 9 «Ғ» Өткізген: Қыдырбекова Г. Ж. Астана 2010 Тақырыбы iconСырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ж.Қ. Утебаеваның 3 «Б» сынып оқушыларымен өткізген тәрбие сағыты

Сынып: 9 «Ғ» Өткізген: Қыдырбекова Г. Ж. Астана 2010 Тақырыбы icon4 – сынып Өткізген: Қожабекова М. Астана 2011 Уақыты
Дамытушылық мақсаты: Қазақша ойлауын,сөйлеуін, жазуын дамыту, жаңа сөздер арқылы сөздік қорларын молайтып өз ойларын еркін жеткізуге...
Сынып: 9 «Ғ» Өткізген: Қыдырбекова Г. Ж. Астана 2010 Тақырыбы iconПолисахаридтер. Өткізген: химия пәнінің мұғалімі Уралбаева Қ. А. Астана 2011 ж
Сабақтың тақырыбы: Полисахаридтер. Крахмал мен целлюлоза полисахаридтердің маңызды өкілдері
Сынып: 9 «Ғ» Өткізген: Қыдырбекова Г. Ж. Астана 2010 Тақырыбы icon15 мектеп-лицей Ата-аналарға арналған тренинг «Ренішті қалай кешіруге болады?» Өткізген: Камерова Динара Төлебайқызы бастауыш сынып мұғалімі Астана, 2010 жыл Ата-аналарға арналған тренинг «Ренішті қалай кешіруге болады?»
Мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру, адами құндылықтарын бағалау. Бір- бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке,...
Сынып: 9 «Ғ» Өткізген: Қыдырбекова Г. Ж. Астана 2010 Тақырыбы iconАстана қаласының ішкі саясат басқармасы Қазақстанның Ақпараттық Саясат Институты
«Астана және Президент» тақырыбы бойынша газет немесе интернет-сайтта жарияланған, теледидар мен радио эфиріне өткен материалдарға,...
Сынып: 9 «Ғ» Өткізген: Қыдырбекова Г. Ж. Астана 2010 Тақырыбы icon8-наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік сценариі Өткізген: Елемесова Алмагүл Ғабділмәлікқызы. 2 «Б»сынып жетекшісі
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница