Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы




Скачать 46.49 Kb.
НазваниеПарниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Дата конвертации10.01.2013
Размер46.49 Kb.
ТипДокументы



10.05.2012г. №148-П


Парниктік газдар

шығарындылары мен сіңірулерін

реттеу саласындағы жобалық

тетіктердің бірліктерін квоталар

бірліктеріне ауыстыру қағидаларын

бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидалары бекітілсін.

2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны қорғау министрінің

2012 жылғы «10» мамырдағы № 148-П

бұйрығымен бекітілген

Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ауыстыру - көміртегі бірліктерін бір түрден басқа түрге айналдыру операциясы;

2) көміртегі бірлігінің иесі - парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін иеленетін тұлға;

3) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктері - шығарындыларды азайту бірліктері, шығарындылардың сертификатталған бірліктері, шығарындылардың ішкі азайту бірліктері.

3. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыруды Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторы жүргізеді.

4. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру олардың иелерінің Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі есеп шоттарында жүзеге асырылады.

5. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі есеп шотта тиісті бірліктердің болуы жағдайында жүзеге асырылады.

2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібі
6. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру олардың иесінің өтініш білдіруі бойынша жүргізіледі.

7. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыруды жүргізу үшін көміртегі бірліктерінің иесі Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторына ауыстырылатын бірліктердің түрі мен көлемін көрсете отырып сұраным жібереді.

8. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру немесе ауыстырудан бас тарту туралы шешімді көміртегі бірліктерінің иесінен ауыстыру жөнінде сұранымды алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.

9. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы мынадай жағдайларда ауыстырудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды:

1) Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі өтініш берушінің есеп шотында парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу салысындағы жобалық тетіктер бірліктерінің қажетті мөлшерінің болмауы;

2) ауыстыруды жүргізу үшін қолданылатын Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабының 7-тармағына сәйкес бекітілетін тиісті кезеңге арналған Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) квота көлемі резервінде квота бірліктерінің болмауы.

10. Шығарындыларды азайту бірліктерін және шығарындылардың сертификатталған бірліктерін квота бірліктеріне ауыстыруды Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының белгіленген мөлшер бірліктері қолданысқа енгізілгеннен кейін Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторы жүргізеді.

11. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторы ауыстыру туралы шешім қабылданған жағдайда көміртегі бірліктерінің иесінен тиісті сұраным түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде осы операцияны жүргізеді.

12. Ауыстыру квотаның бір бірлігі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерінің бір бірлігі арақатынасында жүргізіледі.

13. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру осы операцияда қолданылатын көміртегі бірліктерінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 1 сағаттан кешіктірмей жүргізеді.

14. Квота бірліктеріне ауыстырылған шығарындылардың ішкі азайту бірліктері Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының келесі қолданылу кезеңіне тасымалдауға жатпайды.

15. Ауыстырылған квота бірліктері табиғат пайдаланушылар парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталарды өтеу мақсаты үшін парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктер бірліктерін қолдануға қатысты тиісті кезеңге арналған Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары белгілеген мөлшерлік шектеуге енбейді.

Похожие:

Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы iconӘкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы iconПарниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы iconПарниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларын бекіту...
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы iconПарниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-ші бабына сәйкес БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы iconҰсыну нысандарын, қағидаларын бекіту туралы «Техникалық реттеу туралы»
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды...
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы iconСауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы iconКөміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17 бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница