2008 жылдың 26 маусымындағы Педагогикалық кеңесте қаралды Директордың 2008 жылғы 26 маусымдағы




Скачать 191.58 Kb.
Название2008 жылдың 26 маусымындағы Педагогикалық кеңесте қаралды Директордың 2008 жылғы 26 маусымдағы
Дата конвертации10.01.2013
Размер191.58 Kb.
ТипДокументы
2008 жылдың 26 маусымындағы

Педагогикалық кеңесте қаралды

Директордың 2008 жылғы 26 маусымдағы

бұйрығымен бекітілген
Астана қаласы гуманитарлық колледжінің ішкі тәртібі

Ережесі
І Жалпы ереже


  1. Астана гуманитарлық колледжінің ішкі еңбек тәртібі ережесі Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі» туралы заңдарына, колледж Жарлығына сәйкес құрылған, мұнда педагогикалық қызметкерлердің, студенттердің еңбек және оқу міндеттері, оқу тәртібіне шығармашылық қарым-қатынасы, жұмыс тәртібін үнемді қолдануы қамтылған.

  2. Ішкі тәртіп ережелерін қолдануына байланысты барлық сұрақтарды колледж басқармасы өзіне берілген құқық аралығында шешеді, ал Заңдағы және ішкі тәртіп ережесінде қарастырылған кейбір жағдайларда кәсіподақ ұжымымен келісіліп немесе бірге шешіледі.


ІІ Қызметкерлерді қабылдау және шығару тәртібі


  1. Жеке және ұжымдық келісім жасау және оны бұзудың мазмұнымен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңының 9, 12, 15, 26, 28, 32, 33, 34, 35 баптарында көрсетілген.

  2. Колледждің әрбір бос орнына жұмысқа қабылдау жоғары білімі, сол пән мамандығы бойынша – педагогикалық тәжірибесі бар қызметкерлер арасында байқау өткізу арқылы жүзеге асырылады.

  3. Жұмысқа қабылдау кезінде әкімшілік әр келушіден талап етуге міндетті. Белгіленген тәртіппен толтырылған еңбек кітапшасын беруі қажет, егер келуші жұмысқа алғаш рет қабылданып отырса, тұрақты жерінен анықтама қағазын алып келуі керек, ал Қарулы күштер қатарынан босатылған болса, әкімшілікке әскери куәлігін міндетті түрде көрсетуі қажет. Жұмысқа қабылдау кезінде жеке куәлігін, СТК, ӘЖК, білімін көрсететін дипломын және басқа білімі туралы немесе мамандық дайындығы туралы құжатын көрсетуін талап етуге құқығы бар.

  4. Жұмысқа қабылдау колледж директорының бұйрығымен жүргізіледі. Бұйрықта жұмыс кестесіне сәйкес қызмет орнының аты және еңбек ақы төлеу жағдайы көрсетілуі қажет.

  5. Еңбек туралы Заңның 36, 32 бабына сәйкес қызметкерлер жұмысқа, берілген жұмысты сәйкес орындауын тексеру мақсатымен 3 айға сынақ мерзімімен қабылданады.

  6. Жұмысқа қабылдау немесе белгіленген тәртіпке басқа жұмысқа ауыстыру кезінде әкімшілік міндетті:

  • Қызметкерді берілген жұмысымен, қызмет орнының нұсқауымен, еңбек ақы төлеу жағдайымен, оның құқығы мен міндеттерін түсіндіру және таныстыру қажет.

  • Колледждегі жүргізіліп жатқан ішкі тәртіппен таныстыру қажет.

  • Техникалық қауіпсіздік және мекемедегі санитария туралы, еңбек гигиенасы, өртке қарсы қорғау және еңбек қорғаудың басқа ережелерімен нұсқау беру қажет.

  1. Әр оқытушыға және педагогикалық қызметкерге кадрлар бөлімінің санағы бойынша жеке іс парақ, өмірбаян, білімі туралы құжаттың көшірмесі, тағайындалу, орын ауыстыру, қабылдау және босату туралы жеке іс жинағы жүргізіледі.

Жеке іс жинақ оқу мекемесінде сақталады. Қызметкер жұмыстан босатылған соң, оның жеке іс жинағы оқу мекемесінде сақталады. Жеке келісім әкімшілік бұйрығы бойынша тоқтатылады. Қызметкер жұмыстан босатылған күні әкімшілік оның жұмыстан босатылғаны туралы жазылған еңбек кітапшасын беруге және соңғы рет еңбек ақысын есептеп беруге міндетті.

  1. Еңбек кітапшасына жұмыстан босатылған себебі толығын анық заң жүзіне сәйкес баптары, тармақтары көрсетіліп толтырылуы қажет. Босатылған күн, соңғы жұмыс күні болып саналады.


III. Гуманитарлық колледж қызметкерлерінің негізгі міндеттері


  1. Барлық колледж қызметкерлері міндетті:

Еңбек тәртібін сақтау- оқу мекемесіндегі тәртіп негізгі адал жэне шыншылдықпен жұмыс істеу, әкімшіліктің бұйрықтарын дәл және өз уақытында орындау, барлық жұмыс уақытын берілген міндеттерді орындауға жұмсау, басқа қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауға кедергі жасамау қажет;

Еңбек қорғау міндеттерін толығымен орындау, техникалық қауіпсіздік және мекемедегі санитария туралы, еңбек гигиенасы, өртке қарсы қорғау және еңбек қорғаудың басқа ережелерінің нұсқауын толығымен орындау қажет.

Өзіңнің жұмыс орныңды, мүлкіңді, жұмыс құралдарын ұқыпты ұсталсын, сондай-ақ колледж территориясында және аудиторияларда тазалық сақталсын; құжаттар мен бағалы заттарды сақтау белгіленген тәртіп бойынша ұсталсын.

Мемлекеттік мүліктерді сақтау және жұмыс құралдарын, аппарратураларды, аспаптарды, және т.с.с. заттарды үнемдеп, ұқыпты ұстау қажет, берілген шикізаттарды, материалдарды, электр энергиясын үнемді жұмсау қажет.

Өзіңді беделді ұстан, жатақхана тәртібін сақта.

Оқу орнының Жарғысын сакта.

  1. Оқу орнының директорының, кәсіподақ ұжымының бірлесуімен мамандығы немесе қызмет орнына байланысты әр қызметкер өзінің мамандығы бойынша белгіленген қызмет орнының міндеттері анықталған, ортақ міндеттерін орындайды.

  2. Гуманитарлық колледжі оқытушылары міндетті:

Біліктілікті жоғарлатудың әр түрін, 5 жылда бір рет өтуі тиіс.

Оқытушының шеберлігін және іскерлік біліктілігін әрдайым жоғарылату, отандық және шетел ғылымы мен техникаларының жаңа жетістіктерін меңгеру, есептеуіш техниканың көмегімен нәтижелі әдіспен жоспарлау, еңбекті ғылыми ұйымдастыру және басқару. Әр семестрге күнтізбелік-тақырыптык жоспар құрылсын, сондай-ақ әр сабақ жоспарын, қажетті құжаттар жүргізілсін.

Пәндерге байланысты оқушылар үйірмесін басқару.

Біліктілікті жоғарылатудың өткізу тәсілдерін, оқушыларды тәрбиелеу және оқыту әдістерін, құралдарын өзі анықтайды, тәжірибелік әдістерді қолданып, сабақ өткізеді.

Педагогикалық процесс оқушылардағы жалпы адамгершіліктік, бағалы сезімдерді ояту, олардың өз бетімен жүруін, жалпы ойын жеткізуін, олардың мәдениетті және физикалық жетілуіне қамқор жасап, жоғарғы нәтижелермен қамтамасыз ету.

Шығармашылығы дамыған қабілеті бар ертеңгі мамандарды барлық жұмыс түрлеріне және оқушының өз беделін қадірлеуге нәтижелі еліктіре білу.

Оқушылардың сабақ үлгерімдері санағы жүргізілсін және өзіндік жұмысты ұйымдастыру және оны бақылау.

Жан-жақты мәдениетті тұлға, қазақстандық патриоттық, азаматтық, интернационалистік, жоғарғы беделді және ынсапты, ертеңгі және жылдық жоспарға сәйкес оқушыларды тәрбиелеу.

Пәндерге байланысты оқушылар үйірмесін басқару.

Оқушының науқастануына байланысты және т.б. себептермен оқуға шықпауын оқытушы бір күн алдына кезекші әкімшілігіне немесе бөлімше орынбасарына хабарлауы тиіс.

  1. Оқытушы сабақ басталуына 15 минут ерте келіп сабақты ұйымдастыру дайындығын бастайды. Әр қызметкердің өз мамандығына, біліктілігін немесе кызмет орнына байланысты атқаратын міндеттері белгіленген тәртіппен жұмыс орны нұсқауда және ережелерде белгіленген.


IV. Гуманитарлық колледж әкімшілігінің негізгі міндеті:


  1. Колледж мұғалімдері мен тағы басқа қызметкерлер жұмысын ұйымдастыру әр қызметкер өз мамандығына және біліктілігіне байланысты қызмет орнын анықтауға, уақытылы сабақ кестесімен таныстыруға жаңа оқу жылына күнтізбелік-тақырыптарды бекітуге, оқытушыларға оқу жылының соңында (кезекті еңбек демалысына кетер алдында) олардың келесі оқу жылының жүктемесімен таныстыруға.

Оқу және жұмыс шартын денсаулыққа қауіпсіз болатындай қамтамасыз ету, оқу орнының ыңғайлы, жарық, жылы, желдеткіш құралдарының, станоктардың және басқа керекті шикізаттардың болуымен үздіксіз оқу процесін жүргізу. Мамандарды қабылдау және босату жоспары тапсырмасының орындалуын қамтамасыздандыру, мамандарды даярлау және олардың сапасын жақсарту үшін жағдай жасау, қазіргі заманғы мекемелердің талаптарына сәйкес ғылым мен техникаға, мәдениет пен олардың ертеңгі күніне жағдай жасау, еңбек және ілгерідегі оқу әдістемесін енгізу және зерттеуді ұйымдастыру.

Оқу орнын, жатақханаларды, спорт және демалыс орындарын қазіргі заманға сай жөндеу жұмыстарымен қамтамсыздандыру.

Сабақ оқу кестесін сақтау, оқу жоспары мен бағдарламадардың орындалуын бақылау жасау.

Алкоголизм мен ішкіліктің алдын алу және оның пайда болуын ескерту, тәртіпке салу, алкоголге қарсы үгіт және оның нәтижелі болуын бағыттау шаралары дайындалсын және жүргізілсін.

Оқу орнының жұмысын жақсартуға бағытталған оқытушыларды қоғамдық ұйымдастыру және қызметкерлердің ұсыныстарын уақытылы қарастырып енгізу, колледждің үлгілі қызметкерлерін қолдау және құрметтеу.

Еңбек ақысын, қызметкерлердің жеке еңбектерінің нәтижиесін және жалпы жұмысының тұжырымына материалдық қызықтырумен қамтамасыздандыру, еңбек ақысын, қолданылып жатқан еңбек ақысын үнемді және орынды ұйымдастыруды әрқашан жетілдіру.

Еңбек ақының, стипендияның берілуі әр ай сайын, келесі айдың 10-на дейін жүргізіледі.

Еңбек, кәсіптілік және оқыту тәртіптерін қатаң сақталуын қамтамсыздандыру, ұйымшыл-экономикалық және тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу, оның нығайуына, жұмыс уақытын босқа жоғалтуын жоюына бағыттылған, бірқалыпты еңбек ұжымдарын жинақтау, еңбек тәртібін бұзушыларға еңбек ұжымының көзқарасын ескере отырып шаралар қолдану.

Еңбек туралы заңды және еңбек қорғау тәртібін сақтау, қызметкерлер мен оқушылардың еңбек пен оқу шарттарын жақсарту, оқытушыларға арналған жұмыс орындары мен демалыс бөлмелерін керекті санитарлы-техникалық жабдықтармен қамтамасыздандыру, жұмыс жағдайын жасау, еңбек қорғау тәртіптерінің сәйкестілігімен, техникалық қауіпсіздік, санитарлық қалып ережелер және т.б.

Оқытушылардың және басқа колледж қызметкерлерінің іскерлік біліктілігін жоғарылатуын қамтамасыздандыру оқу орындарының біліктілігін жоғарылату факультеттерінде оқытушылардың мамандық шеберліктерін жоғарылатуға керекті жағдай жасауға көмектесуге мүмкіндік туғызуға, оларды алғы-шектегі технологияларды кең енгізетін оқу орындарында тәжірибе алмасуы.

Колледждің барлық қызметкерлерін өз мерізімінде уақытылы демалыспен қамтамасыздандыру.

Оқушылардың өзін-өзі басқаруың дамытуына әрқилы көмектесу.

Оқу орнының қызметкерлері мен оқушыларының сыртқы киімдерін сақтайтын жағдаймен қамтамасыздандыру. Бөлмелердің қосалқы кілттерін оқу орнының комендантына сақтауға тапсыру. Қызметкерлердің барлық техникалық қауіпсіздік нұсқауларының еңбек санитариясын және тазалық талаптарын әрдайым бақылау.

Колледждің барлық қызметкерлерін өз мерізімінде уақытылы демалыспен қамтамасыздандыру, оқу жылының соңында (демалысқа шығар алдында) келесі оқу жылының жүктемесімен таныстыру.

Колледж қызметкерлерінің мұқтаждары мен талаптарына ықыласпен қарау, олардың тұрақжайы және мәдени-тұрмыс жағдайларын жақсартуға шаралар қолдану,

16.Әкімшілік өзінің міндеттерін кейбір кездейсоқ жағдайларда колледждің кәсіподақ ұжымымен бірлесіп, сонымен қатар еңбек жүйелеріне артылған міндеттерді ескеріп атқарды.
V. Гуманитарлық колледж оқушыларының негізгі міндеттері:

17. Гуманитарлық колледж оқушылары міндетті:

Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға, өз елімнің конституциясын білуге жэне сақтауға, мемлекеттік символдарды құрметтеуге, халық дәстүрін сыйлауға.

Тандап алған мамандығы бойынша іс жүзінде әдеттер мен іскерлікті терең меңгерулері қажет.

Кез-келген конституциядағы және қоғамға қарсы көріністерге қарсылық көрсету.

Әрқашан өзінің мәдени және мамандық деңгейін жоғарылату үшін жұмыс атқаруы, қажетті және шығармашылықпен ғылым негіздері мен өзін-өзі оқыту әдеттерін меңгеру.

Колледж жарғысын ішкі тәртібін сақтау.

Міндетті оқу және іс жүзіндегі сабақтарға қатысу.

Оқу жоспары мен бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды белгіленген уақытында орындауы қажет.

Колледжде еңбексүю коғамдағы пайдалы жұмыстарға белсенді қатысу, өзіне-өзі қызмет ету және өзін-өзі басқару барысында тәрбиелеу. Ұжым ынтасымен жеке басының мүддесін үйлестіруді үйрену..
Меншіктің барлық түрін сақтау және нығайту.

Жетіспеушілекке ауытқушылыққа шыдамсыздықпен қарап, белсенділік өмірлік орнын алу, колледждің қоғамдық өміріне қатысу, колледж басқарушылары мен оқытушыларының нұсқауларына бағыну, оқушылар мен қызметкерлердің ар-намысын сыйлау.

- адамдармен қарапайым қарым-катынас

- өзінің сыртқы күйіне көңіл бөлу: өзін ұстау мәнері, киім кигенде қарапайымдылық, сыпайылық таныту.

18. Колледжге, аудиторияға оқытушылар, жетекшілер кірген кезде студенттер орнынан тұрып сәлемдесуі керек.

19. Оқушылар оқыту сабағы үстінде оқытушылардың түсініктемелерін және жолдастарының жауаптарын мұқият тыңдаулары қажет, сөйлеспей және сабақтан өзге жұмыстармен айналыспай, оқытушының барлық нұсқауларын орындауға тиіс. Сұрақ-жауап кезінде орнынан тұрып, содан соң ғана оқытушының рұқсатымен отыруы қажет.

20. Оқушыларға оқушының немесе әкімшіліктің рұқсатынсыз әр түрлі заттарды зертханадан, оқу және басқа орындардан алып кетуіне тыйым салынады.

21. Науқастанып және басқа себепті жағдайлармен сабақка келмей қалған уақытта, оқушы осы жайында топ басшысына хабар беруі қажет, ол сынып жетекшісіне жеткізеді. Науқастанып қалған жағдайда топ басшысына ауырғаны туралы анықтама қағазын беруі қажет.

22. Колледж директорының бұйрығы бойынша әр оқу жылына оқушылар арасынан тәртіпті, ұйымдастырғыш, үздік оқушылардан топ басшысы сайланады.

Топ басшысы сынып жетекшісшің басшылығымен жұмыс істейді, ал сыртқы бөлімде бөлім меңгерушісінің басшылығы жүргізуімен, өзінің тобына нұсқаулар мен бұйрықтар береді.

23. Топ басшысының міндетіне мыналар кіреді: топтағы тәртіпті қадағалау, оқу бөліміне оқушының белгілі бір себептермен кешігуін, сабаққа келмеуі туралы баяндама жасайды, оқу құралдары мен инвентарларының сақталуын, сабақ оқу кестесіне енгізілген өзгерістер туралы оқушыларға ескерту беруге, топтағы оқушылар арасында оқулықтар мен оқу құралдарын уақытылы қабылдап және оны бөлуге, топтағы кәсіподақ ұжымымен қоғамдық жұмыстарға, спорттық және мәдени шараларды бірлесіп өткізуге, оқушылардың степендияларын уақытылы алуын кадағалайды. Топ басшысының берген тапсырмаларын барлық оқушылар орындауға міндетгі.

24. Топ басшысы топ арасындағы кезекшілік кестесіне сәйкес әр күн сайын кезекші сайлайды.

Топтағы кезекшіге мынандай міндеттер жүктеледі: тәртіп, тазалық және оқу орынындағы топ заттарының сақталуын қадағалайды, келесі болатын сабаққа керекті құралдарды (бор және т.б.) дайындайды.

VI. Жұмыс уақыты және сабақ оқуды ұйымдастыру
25. Колледжде аптасына 6 жұмыс күні белгіленген.

Басқару, оқу-тәрбие және әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері үшін жұмыс уақытының ұзақтығы - 7 сағат.

26. Сабақ оқу екі ауысымда өтеді:

Сабақтың басталуы – 800

Сабақтың аяқталуы - 2005

27. Әкімшілік колледж қызметкерлерінің жұмысқа келуін және олардың жұмыстан қайтуын ұйымдастыруға міндетті. Сабақтың басталуы алдында оқытушы мен лаборант сабаққа қажетті оку құралдарын, аппаратураларды дайындайды.

Сабақ уақыты ұзақтығы - 45 минут, сабақ аралық үзіліс – 10 минут, жұп аралық үзіліс - 10 минут.

Оқу топтарындағы қабылданған оқушылар саны белгіленеді:

күндізгі бөлімде: 25-30 адам;

сырттай бөлімде: 20-25 адам;

28. Үлкен іс- шаралар дүйсенбі күні өткізіледі .( топ жетекшілерінің семинары, пәндік- циклдік комиссия отырысы, ПБК төрайымдары мен кафедра меңгерушілерінің отырысы, старостат,топ белсенділер жиналысы, ғылыми-әдістемелік кеңес,педкеңес, өндіріістік жиналыс).

29.Колледжде жүргізілетін барлық жұмыстар апталық жиналыста директордың қатысуымен жоспарланады және талқыланады. Апталық жоспарлар бекітілген соң, оған енгізілген немесе қосылған өзгерістерді енгізу тек директордың рұқсатымен жүргізіледі.
. 30.Колледждегі оқу сабақ жоспарымен сәйкес жасалған, директордың бекітуімен құрастырылған сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Сабақ кестесі бір семестрге құрылады және ол оқу орынының көрінетін жеріне сабақтың басталуынан бір апта бұрын ілінеді. Оқушылар сабақ оқу жүктемесі аптасына 36 сағаттан аспауы қажет.

31.Қысқы демалыс кезеңінде, сондай-ақ кезекті демалыс кезеңге дейін және одан кейін жазғы демалыс кезеңдерінде оқытушыларды жылдық және семестрлік жоспарларда бекітілген бойынша, колледж әкімшілігі мыналарға қатыстыруы мүмкін:

- педагогикалық кеңес жұмыстарына қатыстыруға;

- әдістемелік комиссиясының жұмыстарына және ұйымдастыруға, әдістемелік оқыту сұрағына байланысты, семинарлар және оқу бағдарламаларын, күнтізбелік жоспарларды талқылауға және т.б.оқытушылардың теориялық білімін тереңдетуге және біліктілігін жоғарылату шаралары туралы;

32.Кабинет меңгерушілері мен пәні комиссиясының жетекшілері оқу- теориялық құжаттарды, зертханаларды, кабинеттерді келесі семестрге дайындайды.

33. Сырттан келген адамдардың сабақта қатысуы тек директор мен директордың оқу жөніндегі орынбасарынын рұқсатымен ғана жіберіледі.

34. Жұмыс уақытында тиым салынады:

қызметкерлерді жұмыс уақытынан бөлуге, шақыруға немесе қоғамдық міндеттерді жұмыс уақытында орындатуға;

коғамдық жұмыстар бойынша жиналысқа шақыруға, отырысқа және т.б. жиылыстарға шақыруға;

коғамдық жұмыстарды орындату үшін оқушыларды сабақтан босатуға.

35.Колледждің басқарушы қызметкерлері (орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, қоғамдық жұмыстың жетекшілері, коменданттар, бухгалтерия және кітапхана қызметкерлері, кіші қызметкерлер) жұмыстан директордың рұқсатымен кетеді. Оқытушылардың демалысқа кетуінің бір күні бөлім меңгерушімен, екі немесе одан арғы күндері колледж директорының рұқсатымен жүргізіледі.

36.Оқушыларды сабақтан босатуға рұқсат беру құқығы бөлім меңгерушілеріне жүктеледі.

37.Сабақтарды ауыстыру және қайта қою, сыныптан тыс шаралар бөлім меңгерушілерімен іске асырылады.

38. Колледж қызметкерлерінің себепті жағдайлармен жиналыстардан босатуға рұқсат беретіндер:

пед. кеңестен және оқу орынының жиналыстарынан - колледж директоры;

- кәсіподақ жиналысынан - кәсіподақ ұжымының төрағасы;

әдістемелік түрдегі жиналыстан және педагогикалык практикадан - колледж директорының орынбасары;

39.Тәртіп бойынша үсті-үстіне сабақ беруге жіберілмейді. Әкімшілікте үсті-үстіне сабақ беру қарастырылған заң бойынша, кәсіподақ ұжымының рұқсат беруімен ғана қолданылады.

Оқу орнының үсті-үстіне сабақ беру жұмысы колледж директордың бұйрығы бойынша іске асырылады.

40. Кезекті еңбек демалысы, әкімшілікте кәсіподақ ұжымымен келісу арқылы бекітілді. Кезекті еңбек демалысының кестесі әр календарлық жылдың 5 сәуіріне дейін құрылады және колледж қызметкерлерінің барлығына мәлімет таратылады.

Кабинеттер мен зертханалардағы құралдардың сакталуына, оқу материалдарын сабаққа дайындауға кабинет және лабаротория меңгерушілері, лаборанттар жауапты.

41.Тиым салынады:

сабақты себепсіз босатуға;

сабақ өтіп жатқан уақытта дәлізде дауыстап сөйлеуге, біреуге тіл тигізуге;

бас киімде жэне сырт киімде жүруге;

темекі шегуге, спирттік ішімдікті қолдануға;

оку орынындағы шеберханаларда, зертханаларда және оку кабинеттерінде техникалық қауіпсіздік пен еңбек қорғау ережелері ілінуге тиіс.

42.Колледж тәртібіне сәйкес барлық оқу орындарындағы және оқу-кәсіпорындарыдағы тазалық пен жинақылықты техникалық жұмысшылар қамтамасыздандырады, ал күндізгі бөлімде оқушылар өздері қамтамасыздандырады.

43.Колледж оқытушысының немесе басқа колледж қызметкерінің жұмысқа келмеуі кезінде, әкімшілік оны басқа оқытушымен ауыстыруға міндетті.

Жұмыс орынына ішімдік қолданып келген қызметкерді әкімшілік сол күні жұмысқа жібермейді.

Колледж қызметкері жүмысқа шықпай қалған күні, жүмысқа жарамсыздығы жөнінде емдеу мекемесінен анықтама қағазын алып келуге тиісті.

44.Колледж қызметкері жұмысқа шықпай қалған күн, жұмысқа жарамсыздығы жөнінде емдеу мекемесінен анықтама қағазын алып келуге тиісті.

45. Әр сабақтың басталуы алдында оқытушылар мен оқушыларды назарына 2 рет қоңырау соғылады: біріншісі - ескерту (сабақ басталудан 2 минут бұрын), ал екіншісі - оның басталуы туралы. Сабақ аяқталған уақытта бір коңырау соғылады.

46.Факультативтік сабақтар өткізу үшін бөлек сабақ кестесі құрылады.

Демалыстың ұзақтығын қысқарту, белгіленген оқу орынының жоспарына кірмейді.

47. Демалыстың ұзақтығын қысқарту, белгіленген оқу орнының жоспарына кірмейді.

VII. Жұмыстағы жетістіктері үшін марапаттау
48.Колледж қызметкерлері мен оқытушыларына жұмыстағы міндеттерін үлгілі орындағаны үшін, жастарды тәрбиелеудегі жетістіктері үшін, жұмысының үздік жүруі үшін, еңбектегі жаңа туындылары үшін жэне тағы басқа еңбектегі жетістіктері үшін төмендегідегідей марапатталады:

Алғыс жариялау;

Ақшалай сыйлықтар беру;

Бағалы сыйлықтармен марапаттау;

Мақтау қағазымен марапаттау;

Марапаттау кезеңінде еңбек ұжымының пікірлері саналады. Марапаттау директордың бұйрығымен жарияланады, барлық еңбек ұжымына жеткізіледі және еңбек кітапшасына жазылады.

Марапаттауды қолдану кезінде оның өлшемі саналып, өсиет (адамгершілік) және ақшалай түрінде қамтамасыздандырылады.

49.Жұмыстағы өзінің міндеттерін адал және үлгілі орындағандарға, бірінші кезекте бағалы сыйлықтар және тұрмыстық, әлеументтік-мәдени жағдайларда жеңілдіктер беріледі.

50.Колледж қызметкерлеріне еңбектегі ерекше жетістіктері үшін жоғарыда тұрған ұйымдар марапаттауға мыналарды береді, орден, медальдармен, Құрмет мақтау қағазымен, төс белгісімен, "Орта білім берудегі үздік жетістіктері үшін" белгісімен марапаттау және құрмет атақтары мен осы мамандықтың үздік жұмыскері атағы беріледі.

Оқушыларға ғылыми-техникалык шығармашылықтағы жэне қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысулары мен үздік үлгерімдері үшін мынадай өлшемдегі марапаттулар беріледі:

Алғыс жариялау;

Бағалы немесе ақшалай сыйлықтармен марапаттау;

Мақтау қағазымен марапаттау.

Марапаттау директордың бұйрығымен жарияланады, бұл туралы барлық оқушылар тобына, жиналыста жеткізіледі. Бұйрықтың көшірмесі жеке іс кағазында сақталады.
VIII. Жұмыстағы және оқудағы тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершіліктері
51. Жұмыстағы тәртіпті бұзғаны үшін, яғни еңбек міндеттері жүктелген кызметкердің кінәсінен коғамдық және тәртіптік жауапкешіліктердің орындалмауынан, карастырылған заң бойынша жазалар қолданылуы тиіс.

52. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін колледж әкімшілігі келесі жазалау тәртіптерін қолданады:

Ескерту.

Қатаң сөгіс жариялау

Жұмыстан босату

Қызметкерді жазалау тәртібі бойынша босату кәсіподақ ұжымымен келісіліп қолданылады, оқытушының ішкі тәртіп ережесі немесе оған жүктелген еңбек келісіміндегі жүктелген міндеттерін ешқандай себепсіз жүйелі орындамауынан, егер қызметкерге алдында бір рет қоғамдық және тәртіптік немесе себепсіз жағдайлармен қоғамдық жазалау қолданылған болса (соның ішіде жұмыс күнін 3 сағаттан артық себепсіз жағдайлармен бос өткізсе), сонымен қатар жұмыс орынына ішімдік қолданып келуі, жұмыс күнін себепсіз жағдайлармен өткізсе, сол күн себепсіз бос өткізілген күн деп саналады.

Жұмысты бос өткізген қызметкерге тең күйінде, жұмыс күнін 3 сағаттан артық себепсіз жағдайлармен бос өткізгендерге осы жаза қолданылады.

53.Тәртіптік жазалау колледж директоры және оның орынбасарының келісуі бойынша қолданылады.

Колледж әкімшілігі тәртіптік жазалаудың орынына, еңбек тәртібінің бұзылғандығын еңбек ұжымы мен қоғамдық ұйымдарға беруге құқылы.

54.Еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік жазалау алдында, олардан жазба түріндегі түсініктеме талап етілуі қажет. Қызметкердің жазба түріндегі түсініктеме беруінен бас тартуы, тәртіптік жазаламауға себеп бола алмайды.

Әкімшілік тәртіптік жазалауды тікелей айыптың айқындалған кезінен бастап, қызметкердің науқастану уақытын және кезекті демалысын санамай, бір айдан кешіктірмей қолданылады.

Тәртіптік жазалау, айыптың айқындалған кезінен кейін 6 айдан соң қолданылмайды.

55.Әр еңбек тәртібін бұзғанға тек бір ғана тәртіп қана тәртіптік жазалау қолданылады.

56.Еңбек тәртібін бұзғандығы жөніндегі бұйрық себептерін көрсеткен түрде қызметкерге хабарлауы, үш күн ішінде қолхатпен беріледі. Қажет болған жағдайда бұйрық колледж қызметкерлеріне жеткізіледі.

57. егер жыл бойына дейін жазаға тартылған қызметкер, сол күннен тәртіп жазасын қолданған болса, онда ол жаңа тәртіптік жазаға тартылмайды.

Егер қызметкер еңбек тәртібін бұзбай, сонымен қатар өзін жақсы жақтарымен көрсетсе, онда әкімшілік өз пікірімен немесе еңбек ұжымымен бірігіп жауапқа тартуды алып тастау бұйрығын шығарады. Шара қолдану мерзімі кезінде марапаттау қызметкер құжатына тіркелмейді.

58.Окушылардың ішкі тәртіп ережесін бұзғандарына, келесі жазалар колданылады:

Ескерту.

Сөгіс жариялау.

Колледжден босату.

Тәртіптік жазалау колледж директоры мен оның орынбасарының бұйрығы бойынша хабарланады.

Ескерту :

- сабақты 8 сағат себепсіз босатқаны үшін ескерту хабарландырылады; - 18 сағат себепсіз босатқаны үшін қатаң ескерту хабарландырылады;

- 36 сағат себепсіз босатқаны үшін колледжден босатылады. Тәртіптік жазалау колледж директорының бұйрығы бойынша хабарландырылады.

Колледжден босатылу колледж әкімшілігі мен оқытушыларына жүйелік бағынбаудың ең соңғы ескерту шаралары ретінде қолданылады.

Оқушыларды педагогикалық кеңес пен оқушылар кәсіподақ ұжымының ұсынысымен, ал кәмілеттік жасқа толмаған оқушыларды қалалық және аудандық кәмілеттік жасқа толмағандар комиссиясының шешіміне сәйкес колледжден босатылады. Колледжден босатылған оқушылар, педагогикалық кеңес бекіткен, оқудан босатылғаны туралы көшірме және мінездемесімен қалалық кәмілеттік жасқа толмағандар комиссиясына жіберіледі, олар ары карай оқыту - тәрбиелеу орталығына немесе жұмыспен қамтамасыздандыру орталығына жіберіледі. Окушыларды тәртіптік жазалау тікелей айыпты болып санағаннан кейін 6 айдан кейін қолданылмайды. Егер жыл бойына дейін жазаға тартылған оқушы, сол күннен тәртіп жазасын қолданған болса, онда ол жаңа тәртіптік жазаға тартылмайды.
59.Оқушылардың еңбек кітапшасына колледжде, күндізгі бөлімде оқығаны туралы енгізіледі.

Директор Ә. Жүсіпов

Похожие:

2008 жылдың 26 маусымындағы Педагогикалық кеңесте қаралды Директордың 2008 жылғы 26 маусымдағы iconОблыс аумағындағы жекеленген ауылдарды тарату туралы
Алматы облысы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 13 маусымдағы n 126 "а" қаулысы және Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 13 маусымдағы n...
2008 жылдың 26 маусымындағы Педагогикалық кеңесте қаралды Директордың 2008 жылғы 26 маусымдағы iconҚарағанды облысы Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарындағы өзгерiстер туралы
Бiрлескен Қарағанды облысының әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 13 маусымдағы n 17/03 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының VIII сессиясының...
2008 жылдың 26 маусымындағы Педагогикалық кеңесте қаралды Директордың 2008 жылғы 26 маусымдағы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 12 маусымдағы n 578 Қаулысы
Республикасының ПҮаж-ы, 2008 ж., N 30, 300-құжат, "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 7 шiлде n 208-209
2008 жылдың 26 маусымындағы Педагогикалық кеңесте қаралды Директордың 2008 жылғы 26 маусымдағы iconЛисаков қ. №526 2008 жылғы 8 сәуір
Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымын-да және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы...
2008 жылдың 26 маусымындағы Педагогикалық кеңесте қаралды Директордың 2008 жылғы 26 маусымдағы iconАуылшаруашылық бөлімі бастығының 2008 жылғы 5 маусымдағы №1-03/5 бұйрығымен бекітілді Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламенті
Ауылшаруашылық бөлімі бастығының 2008 жылғы 5 маусымдағы №1-03/5 бұйрығымен бекітілді
2008 жылдың 26 маусымындағы Педагогикалық кеңесте қаралды Директордың 2008 жылғы 26 маусымдағы iconМаңғыстау облысының жетекшi спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгiлеу туралы
Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2008 жылдың 11 наурыздағы n 171 қаулысы. Маңғыстау облысының Әдiлет департаментiнде 2008 жылғы 28 наурызда...
2008 жылдың 26 маусымындағы Педагогикалық кеңесте қаралды Директордың 2008 жылғы 26 маусымдағы icon1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы хабарлама
Ауданның 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның...
2008 жылдың 26 маусымындағы Педагогикалық кеңесте қаралды Директордың 2008 жылғы 26 маусымдағы icon2008 жылдың қазанындағы Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі
Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылдың қазанында инфляция деңгейі 2007 жылдың желтоқсанына қарағанда 8,8%-ды құрады,...
2008 жылдың 26 маусымындағы Педагогикалық кеңесте қаралды Директордың 2008 жылғы 26 маусымдағы icon2008 жылдың қарашасындағы Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі
Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылдың қарашасында инфляция деңгейі 2007 жылдың желтоқсанына қарағанда 9,2%-ды құрады,...
2008 жылдың 26 маусымындағы Педагогикалық кеңесте қаралды Директордың 2008 жылғы 26 маусымдағы icon27. 06. 2008 жыл №294 Әділет басқармасында 14. 07. 2008 жылы №14-8-56 тіркелген Ордабасы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы
Жарлығын, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабын, Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница