Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы




Скачать 404.29 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
страница1/4
Дата конвертации10.01.2013
Размер404.29 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

МАТЕМАТИКА
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1-4 сыныптар



Астана – 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

МАТЕМАТИКА

жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




Астана – 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Оспанов Т.Қ., Ералиева М.Е., Құрманалина Ш.Х., Әлдібаева Т.Ә.

Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Математика» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 28 б.



© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010


I. ТҮСІНІК ХАТ

Жалпыға міндетті орта жалпы білім беру стандартына сәйкес «Математика» оқу пәні өзінің дербестігін сақтай отырып, «Математика» білім беру саласының мазмұнына енеді.

Математика – мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра, геометрия элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.

Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады.

Бастауыш мектеп математикасы негізгі орта мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады. Бұл бастауыш мектепте математиканы оқытудың төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Мақсаты::

  • мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игерту;

  • «Математика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мөдени мүраларымен үндестіру арқылы баланы түлға ретінде қалыптастыру;

  • оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;

  • мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан-жақты дайыңдауды жүзеге асыру.

Міндеттері:

  • баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;

  • математиканың өмірде болып жатқан нақты қүбылыстарды жалпылауға жөне қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;

  • оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

Оқу бағдарламасы оқу материалының мазмұнын және пәннің құрылымын іріктеудің төмендегідей негізгі ұстанымдарына сүйенеді: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішіндік және пәнаралық интеграция, қолжетерлік, оқушылардың дара жетістіктері мен шығармашылығын ескеру.

Ғылымилық ұстанымы кіші жастағы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауды көздейді.

Үздіксіздік ұстанымы мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі мектеп («Математика» 5-6 сыныптар) математикасы курсындағы барлық мазмұндық-әдістемелік желілердің ретімен дамуын қамтамасыз етеді, оқытудың әдіснамасы, мазмұны, әдістемесі мен технологиясы деңгейінде оқытудың барлық сатылары арасындағы сабақтастықты білдіреді.

Іс-әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен амал-тәсілдерін саналы әрі берік игеруге арналған негізді қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді «ашуға», өзін-өзі бағалау мен өз әрекетін бақылауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Пәнішілік интеграция ұстанымы математикалық білім беру мазмұнын құрайтын сан және өрнек, теңдеулер мен теңсіздіктер, функциялар, геометриялық фигуралар және геометриялық шамаларды өлшеу, ықтималдық теориясы мен статистика элементтері деп аталатын мазмұндық желілер арасындағы табиғи бірлікті қамтамасыз етеді. Пәнаралық интеграция әлемнің біртұтас бейнесін оқушыларда қалыптастыруға мүмкіндік береді, олардың әр түрлі оқу пәндердің өзара байланысын саналы түрде түсiнулерiне көмектеседі. Осы ұстанымның маңызды компоненті қарым-қатынас жасаудың ерекше құралы ретіндегі математикалық тілге үйрету болып табылады.

Қолжетерлік ұстанымы баланың жас ерекшелігін ескеруді және психологиялық жағдай туғызуды, жетістікке жетуді, тілектес болуды көздейді, бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында оқушының жеке білім беру траекториясы бойынша өз қозғалыс бағытын сезінуіне көмек береді.

Оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру ұстанымы қиындық деңгейі әр түрлі тапсырмаларды, оқытудың тұлғалық-маңызды мотивтерін қалыптастыратын өздік, зерттеу және жобалық жұмыстарды қолдануды көздейді, тиімді оқыту технологияларын және оларды бейімдеу деңгейін іріктеуге, әр түрлі іс-әрекетті (жасау, түрлендіру, алгоритмдік және шығармашылық) ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруды, жаңа амал-тәсілдерді «ашуды», практикалық бағыттағы тапсырмаларды орындауды көздейді.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 1-4 сыныптардағы «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1 сынып - аптасына 4 сағат, барлығы 136 сағат.

2 сынып - аптасына 4 сағат, барлығы 136 сағат.

3 сынып - аптасына 5 сағат, барлығы 170сағат.

4 сынып - аптасына 5 сағат, барлығы 170сағат.

«Математика» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Бастауыш сыныптардағы математиканың вариативті мектептік компоненті пәнді тереңдете оқытуға бағытталған. Пәнді тереңдете оқыту математиканың бастауыш курсының негізгі математикалық мазмұнын кеңейту арқылы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: стандартты емес және қызықты есептерді, қиындығы жоғары есептерді шешу; тиімді есептеу тәсілдері; сандардың бөлінгіштігі; ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың элементтері және т.б.

Вариативті оқушылық компоненті стандарт деңгейінде бағдарлама мазмұнын меңгеру барысын түзетуді көздейді.

ІІ. БІЛІМНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1 сынып

(аптасына – 4 сағаттан, барлығы –136 сағат)
Қарапайым түсініктер (16 сағат)

Заттарды санау (Қанша? Неше? Нешеу?)

Заттарды әр түрлі белгілеріне (түci, өлшемі, пішіні) қарай салыстыру (бірдей, әр түрлі, дөңгелек, үшбұрыш, шаршы).

Заттарды ұзындығына қарай салыстыру (ұзын-қысқа, биік-аласа, қалың- жұқа). Ұзындықты өлшеу.

Заттардың екі тобын салыстыру (артық кем, сонша).

Кеңістік туралы түсінік (жоғарыда, теменде, сол жакта, он, жакта, астында, устінде, арасында, қатар, алдында, артында және т.б.). Қозғалыс бағыты (солдан оіңға қарай, оіңнан солға қарай, жоғарыдан төмен қарай, төменнен жоғары қарай).

Уақыт аралығы туралы түсінік (бұрын, кейәін, алдымен, содан кейін, сонан соң, соған дейін).

Заттарды санау (Heшінші?), апта күндерінің, жыл мезгілдерінің, айдың атаулары және peтi.

Біріктірy және бөліп алу.

Сызықтар (түзу, қисық сызық, тұйықталған қисық сызық тұйықталмаған қисық сызық). Нүкте. Сәуле. Бұрыш. Keciнді және оны сызу. Кесіндінің ұзындығын өлшеу (сан­тиметр). Фигураны бөліктерге бөлу және құрастыру.
Он көлеміндегі сандар (36 сағат)

Заттарды санаудың, кесіндінің ұзындығын өлшеудің және амалдың нәтижесі ретіндегі сан жөнінде түсінік.

Цифр санды жазып қорсету ушш қолданылатын таңба. 1-ден 10-ға дейін сандардың атауы, peтi және жазылуы.

Нөл саны мен оның жазылуы. Сандарды салыстыру. Са­лыстыру танбалары (=,<,>).

Бір таңбалы сандардың қатары. Он - екі таңбалы сан.

Амалдардың менмағынасы және атаулары (қосу және азайту) және олардың белгіленуі ("+" және "" танбалары). Сандарды және сәйкес шамаларды (ұзындыктарды) қосу және азайту.

Санды теңдіктер мен теңсіздіктер. Тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктер. Санды тендіктер мен теңсіздіктерд іқұру және оқу.

Бір амалдан тұратын санды өрнек құру, оқу, жазу және оның мәнін табу. Өрнек. Өрнектің мәні. Қосылғыштар. Азайткыш. Азайғыш. Қосынды. Айырма. Қосындының және айырманың мәні. Қосудың ауыстырымдылық қасиеть Қосумен азайту өзара кepi амалдар. Өрнектерді салыстыру.
Кестелеп қосу және азайту (63 сағат)

Санды және әріпті өрнектер. Құрамында бip әріп болатын өрнектерді құру, жазу, оқу және олардың мендерін табу. Тендеу. Қарапайым тендеулер құру және шешу ("сынап керу" әдісімен).

2, 3, 4... , 10 сандарының құрамы және олардың әркайсысының сәйкес құрамдарға жіктелуі.

Есептеу тәсілдері:

а) натурал сандар қатарының негізгі қасиеті уралы білім
негізінде қосу және азайту;

ә) санның құрамы жайындағы білім негізінде қосу және азайту;

б) сандар қатары көмегімен қосу және азайту;

в) өзінің ауыстырымдылық қасиетіне негізделген қосу;

г) қосудың сәйкес жағдайы жайындағы білім негізінде
азайту.

10 көлеміндегі қосу кестесі және азайтудың оған сәйкес жағдайлары. 3-3; 3-0; 0+3; 3+0 түріндегі қосу және азайту.

Есеп математикалық жаттығулардың ерекше түpi. Есептің мәнді белгілерін тағайындау. Есептің құрамды бөліктері және оны шешу үдерісінің кезеңдері.

Қосуға және азайтуға берілген жай есептерді құру және шығару (қосындыны және қалдықты табу; берілген саннан бірнеше бірлік артық немесе кем санды табу; бip санның екінші саннан қанша бірлік артық немесе кем екенін анықтау). Kepi есеп. Өзара кepi есептер. Есептерді салыстыру және түрлендіру.

Геометриялық фигуралар (төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш). Көпбұрыштың төбeci, бұрышы және қабырғасы жайында түсінік. Геометриялық фигураларды салыстыру және оларды бip-бірінен ажырату.

Кесінділердің ұзындықтарын салыстыру. Кесінділердің қосындысы мен айырмасы. Кесінді сызу. Кесіндінің ұзындығын арттыру және кеміту.

Бір сағатқа дейінгі дәлдікпен уақытты анықтау.

Толық ондықтар. Жүз. (11 сағат)

Ондықты шығарып алу. Ондықтың санаудың жана бірлігі екендігі жайында түсінік. Ондықтармен санау. Ондықтардың атаулары, peтi, оқылуы, жазылуы. Ондықтарды салыстыру. Ондықтарды және сәйкес шамаларды (ұзындықтарды) қосу және азайту.

Заттардың және кесінділердің ұзындықтарын салыстыру. Дециметр және оның сантиметрмен ара-қатынасы. Еркін өлшеммен көпбұрыш сызу. Геометриялық фигуралардың қиылысу нүктелерін табу. Көпбұрыштың кабырғаларының ұзындықтарын өлшеу.

Ондықтарды қосуға және азайтуға берілген жай есептер құру және шығару.
Қайталау (10 сағат)

Санау, сандарды оқу, жазу және салыстыру; ұзындыкты салыстыру және өлшеу; фигураларды бip-бірінен ажырату; кесінділер сызу; кестелік қосу және азайту; ондықтарды қосу және азайту; өрнектер, теңдіктер және теңсіздіктер; теңдеу және оны шешу; есептер шығарту; баланың білім деңгейін анықтау.
2 сынып

(аптасына –4 сағаттан, барлығы – 136 сағат)
Жүз көлеміндегі сандар (104 сағат)

Сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және азайту (12 сағат); Ондықтан аттап ауызша қосу және азайту (24 сағат); Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту (20 сағат).

Кестелік қосу және азайту (28 сағат);

Ондықтан аттап ауызша қосу және азайту (20 сағат);

Бірліктермен және ондықтармен санау. 0-ден 100-ге дейінгі сандардың аталуы, peri және жазылуы. Екі таңбалы сандар. Екі таңбалы сандарды салыстыру. Екі таңбалы сан­дардың ондық құрамы және олардың сәйкес жіктелуь

Амаддарды орындаудың рет тәрттбі. Жақшалар. Екі амалдан (қосу және азайту) тұратын санды өрнек құру, жазу, оқу, мәнін табу. Өрнектерді салыстыру. Қосу және азайту. Өзара кepi амалдар. Қосудың қасиеттері (ауыстырымдылық, терімділік).

100 көлеміндегі сандарды және сәйкес шамаларды ауыз­ша және жазбаша қосумен азайту. Қосуды және азайтуды тексеру. Есептеу тәсілідерк санды беліктері бойынша қосу және азайту; сандардың ондық құрамы жайындағы білімге негізделген қосу және азайту; санның бip таңбалы Екі санның қосындысы түріндегі құрамы жайындағы білімге негізделген қосужәне азайту; қосудың сәйкес жағдайы жай­ындағы білімге негізделген азайту; сандардың разряд бірліктері бойынша қосу және азайту.

20 көлеміндегі сандарды қосу кестесі және азайтудың сәйкес жағдайлары. Бір таңбалы санды немесе ондықтарды және екі таңбалы санды қосужәне азайту. Ондықтан аттамайтын және аттайтын жағдайлардағы ауызша және жазба­ша қосу мен азайту.

Қосу мен азайтуға берілген жай есептерді құру және шығару (бұрыннан белгілі негізгі түрлері және белгісіз қосылғышты, азайғышты және азайткышты табуды қосындыны және қалдықты табу есептеріне кepi есептер ретінде қарастыру). өзара кepi жай есептер құру және шығару. Олардың шешулерін салыстыру. Екі амалмен (қосу және азайту) шығарылатын есептер. Екі амалмен шығарылатын есептерді са­лыстыру және түрлендіру.

Бір әріпі бар құрылысы күрделірек өрнек және оның мәнін табу. Осындай өрнектерді салыстыру. Теңдеу. Қарапайым тендеулер құру және шешу.

Геометриялық фигуралар (тік сүйір және доғал бұрыштар, көпбұрыш, тік төртбұрыш (шаршы), сынык сызык тұйықталған және түйықталмаған сынык сызыктар) және оларды салу. Көпбұрыштың периметрі.

Тк төртбұрышты (шаршыны) геометриялық ұғым ретіңде анықтау және оның қасиеттері.

Уақыт аралығы туралы қарапайым түсінік. Минут, са­ғат, тәуілік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр және олардың арақатынасы.

Сыйымдылық туралы түсінік. Литр.

Масса туралы түсінік. Килограмм.

Ұзындықты өлшеу. Метр, оның дециметрмен және сантиметрмен арақатынасы.

Қарапайым шамаларды (масса, ұзындық сыйымдылық) салыстыру.
Мың көлеміндегі сандар (24 сағат)

Сандарды оқу, жазу және салыстыру (12 сағат); Қосужәне азайту (12 сағат).

Жүздікті шығарып алу. Жүздіктердіің санаудың жаңа бірлігі екендігіжайында түсінік. Жүздіктермен санау. Толық жүздіктердің атаулары, peri, окылуы және жазылуы. Жүздіктермен, ондықтармен және бірліктермен санау. Үш таңбалы сан және оның ондық құрамы. Үштаңбалы сандар­ды салыстыру. 1000 көлеміндегі сандарды оқу және жазу.

Үш таңбалы сандарды және сәйкес шамаларды қосумен азайту. Қосу және азайту өзара кepi амалдар. Қосуды, азай­туды тексеру.

Есептеу тәсілдері: 100 көлеміндегі сандармен орындалатын амалдарға келтіру аркылы қосужәне азайту; кестелік жағдайларға келтіру аркылы қосужәне азайту; разряд бірліктері бойынша қосу және азайту; сандардың ондық құрамы жайындағы білімге негізделген қосу және азайту.

Шамалар, оларды өлшеу және салыстыру (өлшем бірліктері: уақыт секунд, ұзындык километр, масса грамм, центнер, тонна); бip ғана шаманың өлшем бірліктерінің ара қатынасы.

Тендеу. Қарапайым тендеулер құру және оларды туратендіктердің, озара Kepi амалдардың қасиеттеріне сүйеніп шешу.

Көбейту және бөлу амалдарын енгізуге дайындык (бірдей қосылғыштардың қосындысын табумен, тиісінше және теңдей бөлумен байланысты практикалық жұмыстар).
Қайталау (8 сағат)

Сандарды оқу, жазу, салыстыру және жжтеу; шамалар және оларды салыстыру, өлшеу; кестелік қосу және азайту; кестеден тыс қосу және азайту; есеп және оны шығару тәсілдері; алгебраның және геометрияның элементтері; оқушылардың білім денгейін анықтау.

  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы геометрия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница