Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы




Скачать 404.29 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
страница2/4
Дата конвертации10.01.2013
Размер404.29 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4

сынып

(аптасына –5 сағаттан, барлығы – 170 сағат)
Мың көлеміндегі сандар. Мың көлеміндегі сандарды қосу және азайту (қайталау) (4 сағат)
Мың көлеміндегі сандарды көбейту және бөлу (22 сағат)

Амалдардың мән-мағынасы және атаулары (көбейту мен бөлу) және олардың белгшенуі ("х және :" таңбалары). Көбейту мен бөлу, өзара кepi амалдар.

Бip амалдан (көбейту немесе бөлу) тұратын санды өрнек құру, оқу, жазу және мәнін табу.

Көбейткіштер. Бөлінгіш. Бөлгіш. Көбейтінді және бөлінді. Көбейтіндінің және бөліндінің мәні. Көбейтудің (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік) қасиеттері. Көбейтуді және бөлуді тексеру. Қосындыны санға көбейту және бөлу. Қалдықпен бөлу және оны тексеру.

Есептеу тәсілдері: еселеп қосу арқылы көбейту; көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне негізделген көбейту; көбейтудің сәйкес жағдайы туралы білімге негізделген бөлу; 0 мен 1 сандарының қасиеттеріне негізделген көбейту және бөлу; амалдардың қасиеттеріне, яғни қосындыны санға көбейту мен бөлуге негізделген көбейту және бөлу; бөліндінің мәнін "сынап керу" тәсілімен табу.

Кестелік көбейту және бөлу (55 сағат)

Ауызша көбейту және бөлу (50 сағат)

Жазбаша көбейту және бөлу (29 сағат)

Бір таңбалы сандарды көбейту кестесі және бөлудің сәйкес жағдайлары. Көбейту мен бөлудегі 0 мен 1 қасиеттері. Нөлге бөлудің мүмкін еместігі.

Ондықтарды және сәйкес шамаларды бip таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу. Ондықты ондыққа ауызша бөлу. Екі таңбалы санды бip таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу. Екі таңбалы санды екі таңбалы санға "сынап керу" тәсілімен бөлу. Екі таңбалы санды бip таңбалы санға калдықпен бөлу Көбейтуге және бөлуге берілген жай есептерді құру және шығару: бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, тиісінше және теңдей бөлу, саннан бірнеше есе артық немесе кем санды табу, бip санның екінші саннан неше есе артық немесе кем екенін табу, белгісіз көбейткішті, бөлгішті және бөлінгішті табу, санның үлесін табу және үлесінің мөлшері бойынша санды табу, негізгі топтағы шамалар арасындағы тәуелділік; өзара кepi жай есептер құру және шығару. Жай есептерді салыстыру және түрлендіру.

Қосу, азайту, көбейту және бөлуге берілген 23 амалмен шығарылатын есептерді шешу. 23 амалмен шығарылатын есептерді салыстыру және түрлендіру.

Yш таңбалы сандарды және сәйкес шамаларды бip таңбалы санға көбейту және бөлу.

Есептеудің

  • 100 көлемінде орындалатын амалдарға келтірілетін;

  • кестелік жағдайларға келтірілетін;

  • сандардың разряд бірліктерін бip таңбалы санға көбейтуге және бөлуге негізделген;

  • қолайлы қосылғыштардың қосындысын санға көбейтуге және бөлуге келтірілетін;

  • жүздіктерді бip таңбалы санға көбейтуге және бөлуге негізделген;

  • жүздіктерді ондықтарға келгіру аркылы көбейтуге және бөлуге негізделген;

  • сандарды жазбаша көбейту (баған түрінде) және бөлу (бұрыштап) тәсілдері.

Санның квадраты және кубы жөнінде тусшік. Осындай санды өрнектер құру, оқу, жазу және олардың мәндерін табу.

Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері. Геометриялық фигураларды әріптермен бөлгілеу.

Аудан жөнінде түсінік. Фигураның ауданын табу. Ауданның бірлігі -сантиметр квадрат (см2). Палетканың кемегімен ауданды табу. Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы және оны квадрат сантиметрмен өлшеу.

Бір әріп, бөлу және көбейту амалдарымен байланысты қарапайым өрнек құру, оқу, жазу. Құрылымы күрделірек санды және әріпті өрнектердің мәндерін табу.

23 амалдан тұратын (жақшалы және жақшасыз) өрнектердегі амалдарды орындаудың рет тәртібі.

Тендеу. Қарапайым тендеулер құру және оларды тура теңдіктердің, өзара кepi амалдардың қасиеттеріне сүйеніп шешу. Қарапайым теңдеулерді жай есептердің мазмұны бой­ынша құру.

Шамалар. Оларды өлшеу және салыстыру. Шамалар арасындағы тәуелділік жөнінде түсінік (бағасы, саны және кұны, бip заттың массасы, заттың саны және жалпы массасы).

Кубтың көлемі жөнінде түсінік. Көлемнің өлшем бірлігі - куб сантиметр (см3).

Қайталау (10 сағат)

Сандарды және шамаларды оқу, жазу және салыстыру; кестелік қосумен азайтуды және көбейту мен бөлу; есептер шығарту; алгебра мен геометрия элементтері.


  1. сынып

(аптасына –5 сағаттан, барлығы –170 сағат)
Қайталау (25 сағат)

Натурал сандар және нөл.

Сандар және шамалар, олармен жүргізілетін амалдар.

Көптаңбалы сандар, оларды оқу, жазу және салыстыру.

Сандарға және өрнектерге қолданылатын амалдар (қосу және азайту).
Бір таңбалы санға көбейту және бөлу (60 сағат); екі таңбалы санға көбейту және бөлу (20 сағат); үш таңбалы санға көбейту және бөлу (25 сағат)

1000000 көлеміндегі сандарды оқу, жазу және салысты­ру. Бірліктер класы және мыңдар класы, олардың разрядтық бірліктері. Санды, оның разрядтық қосылғыштарының қосындысы түрінде керсету. Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу. Санды қосындыға көбейту.

Натурал сандармен және нөл санымен, сәйкес шамалармен орындалатын арифметикалық амалдар. Есептеудің

  • 100 көлемііңде орындалатын амалдарға келтірілетін;

  • кестелік жағдайларға келтірілетін;

  • сандардың разрядтық қосылғыштарға жіктелетіні жайындағы білімге негізделген;

  • санның разряд бірліктерімен орындалатын амалдарға келтірілетін;

  • сандардың разряд бірліктерін бip таңбалы санға көбейтуге және бөлуге негізделген;

  • қолайлы қосылғыштардың қосындысын санға көбейтуге және бөлуге негізделген;

  • арифметикалық амалдардың қасиеттеріне (қосылғыштарды және көбейткіштерді топтау, санды көбейтіндіге көбейту және бөлу, санды қосындыға көбейту) негізделген тәсілдері.

Көп таңбалы сандармен, сәйкес шамалармен:

  • бұрын игерген білімге сүйеніп;

  • санды 10, 100, 1000 және т.б. сандарға көбейту және бөлу жайындағы білімнің көмегімен;

- нөлмен аяқталатын сандардың ерекшеліктерін ескерін;
бip, екі және үштаңбалы санға көбейту және бөлу

- алгоритмдерін пайдаланып ауызша, жазбаша есептеулер жүргізу.

Тура және жанама түрде тұжырымдалған, шамалардың негізгі тобымен (бағасы, саны, кұны; жылдамдық уакыт, кашыктық; заттардың саны, бip заттың массасы, жалпы массасы; тік төртбұрыштың ұзындығы, ені, ауданы және т.б.) байланысты есептер. Kepi есептер оларды салыстыру және түрлендіру. Қосу, азайту, көбейту және бөлуге берілген, 3-4 амалмен шығарылатын есептерді қарастыру. 3-4 амалмен шығарылатын есептерді салыстыру және түрлендіру.

Дөңгелек. Шеңбер. Көп бұрыштардың периметрлерін табу.

Ауданды квадрат дециметрмен және квадрат метрмен өлшеу. Палетқаның көмегімен көпбұрыштың ауданын табу. Көлем. Тік бұрышты параллелипедтің көлемі. Көлемнің өлшем бірлігі дм3 және м3.

Геометриялық фигураның нүктелердіің жиыны екендігі жайында түсінік. Фигураларды; яғни:

  • тұйықталған және тұйықталмаған қисық сызықтарды;

  • тұйықталған және тұйықталмаған сынық, сызықтарды;

  • дөңгелек пен шеңберді; кесіндіні, сәулені және түзуді;

-cүйір, тік және доғал бұрыштарды, көпбұрыштарды салыстыру.

Геометриялық салулар: кесіндіні қақ бөлу; параллель және перпендикуляр түзулерді жүргізу; берілген параметрлері бойынша тік төртбұрышты (шаршыны) сызу.

Шамалар арасындағы тәуелділіктер, көпбұрыштың (әcipece оның дербес түрлерінің) периметрі мен ауданы жай­ындағы білімге негіздей отырып құрылымы күрделі санды және әріп өрнектер құру, жазу, салыстыру және олардың мәнін табу.

Құрылымы күрделі (х+714=1520:4 және т.б.) тендеулер құру және шешу. Eceптi шешудің алгебралық тәсілінің мән-мағынасы. Осындай тендеулер көмегімен есептер шығару. 3 – 4 амалдан тұратын (жақшалы және жақшасыз) өрнектердегі амалдарды орындаудың рет-тәртібі.

Шамалар, оларды өлшеу және салыстыру (өлшем бipліктepi: көлемнің см3, дм3, м3; ұзындыктың мм; ауданның дм2, м2, мм2, а, га. Өлшеу бірліктерінің арасындағы қатынастар. Шамалар арасындағы тәуелділіктің мысалдары (бip қалыпты қозғалыстағы уакыт, жылдамдық, жол; баға, мөлінері, кұны; тік төртбұрыштың ауданы және сыбайлас қабырғалары және т.б.) Жақындау және алыстау жылдамдығы. Бір-біріне кездесу және қарама-қарсы бағыттардағы қозғалыстарда уақыт, қашықтық және жылдамдықтың арасындағы тәуелділік.

Микрокалькулятор көмегімен есептеулер жүргізу.
Қайталау (40 сағат)

Сандардың шығарылып алынуы, жазылуы және окылуы, сандарды салыстыру (сан, цифр, натурал сан, нөл саны, натурал сандар қатары; ондық санау жүйесінің ерекшелігі; бірліктермен, ондықтармен, жүздіктермен, мыңдармен, миллиондармен, миллиардтармен санау, ондық жүйеден езгеше санау жүйелері).

Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері (әрбір амалдың мәнмағынасы; 0 мен 1-дің қасиеті; амалдардың орындалу мүмкіндт; қосумен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік заңдары; көбейтудің қосуға катысты үлестірімдігік заіңы; амалдар заңдарының колданылу аясы).

Шамалар және оларды өлшеу. Шамалардың өлшеу бірліктері мен олардың арасындағы қатынастардың кестесі (шама ұғымын нақтылай түсу); шаманы өлшеудің мән-мағынасын аша түсу; санаудың ондық жүйесі мен өлшеудің метрлік жүйесінің байланысы; шаманы өлшеу бірліктерін түрлендіру; уақыттың өлшеу бірліктері жүйесінің өлшеудің метрлік жүйесінен айырмашылығы. Санның және шаманың үлестері. Бүтінді бөліктерге бөлу, бөлінекті шығарып алу.

Сандармен және шамалармен жүргізілген амалдар (кестелік, кестеден тыс ауызша және жазбаша есептеулер; сандармен және шамалармен жүргізілетін амалдарды салыстыру; тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін және ауданын, тік бұрышты параллелепипедтің көлемін есептеп табу).

Өрнектер: өрнектің түрлері, ерекшеліктері, өрнектерді құру, оқу, жазу, салыстыру және олардың мәндерін табу; өрнектерді ықшамдаудың қарапайым мысалдары.

Тендеулер және оларды шешу тәсілдері: теңдеу ұғымын нақтылай түсу; бip түбipi, бірнеше түбipi болатын, түбipi болмайтын тендеулердің мысалдары; тендеулерді құру және шешу.

Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері: нүкте аркылы кәсілдни боліктерге бөлу; кесіндіге, сәулеге және түзуге тиісті және тиісті емес нүктелерді табу; фигураларды кесінділерден құрастыру, геометриялық фигураларды әріптермен белгілеу және оқу; анықталатын және анықталмайтын геометриялық ұғымдар; кeciндi, түзу, сәуле, дөңгелек, шеңбер сияқты геометриялық ұғымдардың мән-мағынасын аша түсу; дөңгелекке, көпбұрышка және шеңберге тиісті және тиісті емес нүктелерді табу; транспортирдің көмегімен бұрыштарды өлшеу және салу; параллель және перпендикуляр түзулер салу, ушбұрыштарды салу.

Есептер мен оларды шешудің әдістерін жай есептерге сәйкес амалды анықтау және оны негіздегі беру; құрама есептің шешу жоспарын құру; есепті әр түрлі әдісіпен шешу; есепті арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығару.
ІІІ. СЫНЫПТАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙIНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1 сынып оқушысы:

  • бip таңбалы сандар қатарының ретін;

  • салыстыру таңбаларын (>,<,=);

  • қосумен азайтуға байланысты таңбалар мен терминдерді;

  • қосудағы және азайтудағы нөл мен бірдің қасиеттерін;

  • қосудың ауыстырымдылық қасиетін;

  • 10 көлеміндегі қосу кестесін білуі тиіс.

  • қарапайым санды және әрят енектерді құруды, оқуды, жазуды, мәнін таба алуы;

  • қарапайым теңдеулерді сынап керу тәсілімен шеше алуы;

  • геометриялық фигураларды атай алуы;

  • бip таңбалы сандарды оқи, жаза алуы және салыстыра алуы;

  • толық ондықтарды оқи, жаза алуы және салыстыра алуы;

  • нөл мен бірдің қасиеттерін пайдаланып сандарды қоса және
    азайта алуы;

  • 10 көлеміндегі қосу кестесін пайдаланып сандарды азайта алуы;

  • ондықтарды қоса және азайта алуы;

  • қосу мен азайтуға берілген жай есептерді шығара алуы;

  • геометриялық фигураларды бip-бірінен ажырата алуы;

  • сызғыштың көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшей алуы;

  • берілген ұзындығы бойынша кесіндіні сала алуы тиіс.


2 сынып оқушысы :

  • екі таңбалы сандардың және үштаңбалы сандардың ондық құрамын;

  • қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін;

  • қосуды азайтумен, ал азайтуды қосумен тексеруге болатынын;

  • 20 көлеміндегі қосу кестесін;

  • шамалардың және олардың өлшем бірліктерінің атауларын, өлшем бірліктердің ара қатынасын;

  • жақшалы өрнектерде арифметикалық амалдардың орын
    далуының реет тәртібін;

  • жақшалы өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу ретін;

  • қарапайым тендеулерді тура теңдіктердің қасиеттеріне және қосумен азайтудың кepi амалдар болатынына сүйеніп шешу тәсілін;

  • тік төртбұрыштың (шаршының) анықтамаларын және қасиеттерін;

  • көпбұрыш түрлерінің (үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш және т.б.) анықтамаларын;

  • көпбұрыш кабырғаларының ұзындыктарының қосындысының оның периметрі екенін білуі тиіс.

  • екі таңбалы және үштаңбалы сандарды санаудың ондық жүйесінде оқи, жаза және оларды салыстыра алуы;

  • шамаларды салыстыра алуы;

  • екі таңбалы және үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктей алуы;

  • шамалардың кандай да бip өлшем бірлігінен басқаларына көше алуы;

  • 20 көлеміндегі қосу кестесін пайдаланып азайтуды орындай алуы;

  • сандардың бipi бip таңбалы немесе толық ондықтар болғанда қосу мен азайтуды ауызша орындай алуы;

  • кестелік немесе 100 көлеміндегі амалдар орындауға келтірінетін жағдайларда қосу мен азайтуды ауызша орындай алуы;

  • екі таңбалы және үштаңбалы сандарды жазбаша қосу­ды және азайтуды орындай алуы;

  • қосудың дұрыстығын азайтумен, ал азайтудың дұрыстығын қосумен тексере алуы;

  • бip және екі амалмен шығарылатын есептерді шығара алуы;

  • құрамында бip ғана әріп болатын жакшалы және жақшасыз әріпті өрнектерді (1-2 амалдан тұратын), санды тендіктер мен теңсіздіктерді құра, оқи және жаза алуы;

  • бip әріпте болатын кез келген өрнектің (1-2 амалдан тұратын) мәнін таба алуы;

  • қарапайым тендеулерді турат ендікгердің қасиеттеріне
    және қосумен азайтудың кepi амалдар болатынына сүйеніп
    шеше алуы;

  • тін төртбұрышты (шаршыны) сала алуы;

  • тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін есептей алуы тиіс.




  1. сынып оқушысы:

  • көбейтудің қасиеттерін (ауыстырымдьшық терімдігіқ үлестірімділік);

  • көбейту мен бөлуге байланысты белгшер мен терминдерді;

  • бip таңбалы сандарды көбейту кестесін;

  • шамалардың атауларын (аудан және көлем) және олар­дың өлшем бірліктерін (квадрат сантиметр, куб сантиметр);

  • жақшалы және жақшасыз санды өрнектерде арифме­тикалық амалдардың орыңдалуының реттеуді;

  • жақшалы және жақшасыз өрнектердегі арифметикалық амалдардың орындалу ретін;

  • қарапайым тевдеулерлерді "сынап көру" әдісімен шешу тәсілін;

  • қарапайым тевдеулерді тура теңдіктердің, өзара кepi амалдардың қасиеттеріне сүйеніп шешу тәсіліін;

  • тік төртбұрыштың (шаршының) қасиеттерін;

  • геометриялық шамалардың (периметр, аудан және көлем) атаулары мен өлшем бірлікгерін;

  • тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі мен ауданын табудың ережелерін білyi тиіс.

  • сандарды және шамаларды салыстыра алуы;

  • көбейту кестесін пайдаланып бөлуді ауызша орындай алуы;

  • бірдің және нөлдіің қасиеттерін пайдаланып, ауызша есептеулер жүргізе алуы;

  • бip таңбалы сандардың және 10 санының квадраттары мен кубтарын ауызша есептей алуы;

  • екі таңбалы сандарды бip таңбалы санға ауызша көбейтумен бөле алуы;

  • кестелік жағдайларға келтірінетін сандарды ауызша көбейте және бөле алуы;

  • екі таңбалы сандарды екі таңбалы санға "сынап көру" тәсілімен ауызша бөле алуы;

  • сондай-ақ:

  • екі таңбалы сандарды бip таңбалы санға қалдықпен бөлуді;

  • үштаңбалы сандарды бip таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлуді;

  • 2- 3 амалдан тұратын жақшалы және жақшасыз санды өрнектерді құруды, оқуды және жазуды;

  • көбейтудің дұрыстьнын бөлумен, бөлудің дұрыстығын көбейтумен тексеруді орындауды;

  • 2- 3 амалдан тұратын жақшалы және жақшасыз санды өрнектердің мәндерін табуды;

  • санның және шаманың үлесін еептеп табуды; әр алуан, яғни көбейту және бөлу амалдарының мәнмағынасын ашатын; белгісіз көбейткіштерді, бөлінгішті, бөлінішті табуды талап ететін жай есептердің "...есе артық", "...есе кем" қатынастарымен, еселік салыстырумен, маңызды шамалар арасындағы (заттың бағасы, мөлшері және кұнының; тік төртбұрыштың eнi, ұзындығы және ауданының, бip заттың массасы, заттардың мөлшері және жалпы массасының) тәуелділіктерімен, үлес ұғымымен байланысты есептерді шығаруды; жай есептердің қандай да бip комбинациясы болып табылатын құрама есептерді (2-3 амалдан тұратын) шығаруды үйренуі;

  • құрамында бip ғана әріп болатын, жақшалы және жақшасыз әріпті өрнектерді (1-3 амалдан тұратын), санды тендіктер мен теңсіздіктерді құра алуы, оқи және жаза алуы;

  • құрамында бip ғана әріп болатын кез келген әріпті өрнектің (1-3 амалдан тұратын) мәнін таба алуы;

  • қарапайым теңдеулерді және амал компоненті немесе нетижесі санды өрнек болып келетін құрылысы күрделі теңдеулерді шеше алуы;

  • нүктені, кесіндіні, бұрышты, үшбұрышты, төртбұрышты, (соның ішінде тік төртбұрышты (шаршыны), бесбұрышты, алтыбұрышты, дөңгелекті, шеңберді, сәулені, түзуді, сынықты, қисықты) ажырата алуы;

  • тік төртбұрышты (шаршыны) сала алуы;

  • геометриялық фигураларды латын альфавиті әріптерімен белгілей алуы және сол белгілеулер бойынша оқи алуы;

    • тік тербұрыштың (шаршының) периметрін және ауданын есептей алуы тиіс.


4 сынып оқушысы:

      • миллион көлеміндегі сандардың натурал қатарының ретін;

      • қосудың және көбейтудің қасиеттерін;

      • арифметикалық амалдармен байланысты таңбаларды және терминдердің бip таңбалы сандарды қосужәне көбейту кестелерін; шамалардың және олардың өлшем бірліктерінің атауларын, соіңдайак өлшем бірлисгердің арасындағы негізгі қатынастарды;

      • жақшалы және жақшасыз санды өрнектерде арифме
        тикалық амалдардың орындалуының реет тәртібін;

      • есептің құрамдас боліктерін және оны шығару
        проіңесінің кезендерін білуіi тиіс.

      • құрамында әріпі бар жақшалы және жақшасыз өрнек­терде арифметикалық амалдардың орындалуының рет тәртібін;

      • қарапайым тендеулерді "сынап керу" әдісімен шешу тәсілін;

      • теңдеулерді тура теңдіктер және өзара кepi арифмети­калық амалдар жайындағы білімге сүйеніп шешу тәсілдерін;

      • тік төртбұрыштың (шаршының) қасиеттерін;

      • геометриялық шамалардың (ұзындық, аудан, көлем) және олардың өлшем бірліктерінің атауларын, сондайақ өлшем бірліктерінің арасындағы негізгі қатынастарды;

      • тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі мен ауданы табудың ережелерін бiлyi тиіс.

      • миллион көлеміндегі сандарды санаудың ондық
        жүйесінде жаза және оқи алуы;

      • сандарды және шамаларды салыстыра алуы;

      • сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы
        түрінде жаза алуы;

      • қосу және көбейту кестелерін пайдаланып азайту мен бөлуді ауызша орындай алуы;

      • бірдің және нөлдің қасиеттерін пайдаланып ауызша есептеулер жүргізе алуы;

      • 100 көлеміндегі сандармен ауызша есептеулер жүргізуді, көп таңбалы сандар болғанда 100 көлеміндегі сандармен амалдар орындауды немесе кестелік жағдайларға келтірілетін болса, ауызша есептеулер жүргізе алуы;

      • миллион көлеміндегі кез келген көп таңбалы сандар­ды жазбаша қоса алуы (азайта алуы);

      • көп таңбалы сандарды бip таңбалы және ең таңбалы сандарға жазбаша көбейте алуы және бөле алуы (соныд шинде қалдықпен бөле алуы);

      • бip таңбалы сандардың және 10 санының квадраттары мен кубтарын ауызша есептей алуы;

      • 23 амалдан тұратын жақшалы және жақшасыз санды өрнектерді құра алуы, оқи алуы және жаза алуы;

      • қосудың дұрыстығына азайтумен, азайтудың қосумен, көбейтудің дұрыстығын бөлумен, бөлудің дұрыстығын көбейтумен тексере алуы;

      • 24 амалдан тұратын, жақшалы және жақшасыз санды өрнектердің мәндерін таба алуы;

      • шамалардың кандай да бip өлшем бірлігінен баскаларына көшіре алуы;

      • миллиард көлеміндегі көп таңбалы сандарды микро­калькулятор көмегімен есептей алуы;

      • санның және шаманың үлесін есептей алуы;

      • әр алуан, яғни: әрбір амалдың мәнмағынасын ашатын, амал компонентінің бipiн табуды талап ететін; "...бірлік артық", "...бірлік кем", "...есе артық", "... есе кем" қатынастарымен, айырмалық және еселік салыстырулармен, аса мадызды шамалар (заттың бағасы, мөлшері және кұнының; тік төртбұрыштың ені, ұзындығы және ауданының; бip заттың массасы, заттардың мөлшері және жалпы массасының; бip қалыпты түзу сызықты қозғалыстағы жылдамдық уақыт және қашықтықтың) арасындағы тәуелділіктерге, үлес ұғымымен байланысты есептерді шығар алуы;

      • жай есептердің кандай да бip комбинациясы болып та
        былатын құрама есептерді (23 амалдан тұратын) шығара алуы;

      • құрамында бip ғана әріпі бар, жақшалы және жақша­сыз (1-3 амалдан тұратын) өрнектерді, санды теңдіктер мен теңсіздіктерді құра, оқи және жаза алуы;

      • құрамында бip ғана әрпі бар, кез келген өрнектің (1-3 амалдан тұратын) мәнін таба алуы;

      • қарапайым теңдеулерді және амал компоненті немесе нәтижесі санды өрнек болып келетін құрылымы күрделірек теңдеулерді шеше алуы;

      • геометриялық фигураларды: нүктені, кесіндіні,
        үшбұрышты, бұрышты, төртбұрышты (соның ішінде тск
        төртбұрышты (шаршыны), бесбұрышты, алтыбұрышты,
        дөнгелекті, шенберді, сәулені, түзуді, сынықты, қисықты)
        ажырата алуы;

      • сызғыштың көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшей алуы;

      • берілген ұзындығы бойынша кесінді сала алуы (сыза алуы);

      • тік төртбұрышты (шаршыны) сала алуы;

      • геометриялық фигураларды латын алфавитінің әріптерімен белгілеуді және сол белгілеулер бойынша оқи алуы;

      • тік төртбұрыштын (шаршының) ауданын және периметрін есептей алуы тиіс.


1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы геометрия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница