Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы




Скачать 404.29 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
страница4/4
Дата конвертации10.01.2013
Размер404.29 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4

1 және 2-сыныпта есептің қысқаша жазылуы, есептің мазмұнын геометриялық фигуралармен, сұлбалармен, модельдермен иллюстрациялау қолданылады, олармен жүргізілетін практикалық әрекеттер есептің шешу жолдарын іздестіруге негіз болады. Оқушылардың есептерді құрастыруы барысында да мұндай сұлбаларды (не модельдерді) қолдануға болады. Сандық деректердің көмегімен құрастыру (салу) мүмкін болған жағдайда есепті шығару үшін амалдарды таңдап алуда сұлбаларға сүйенуге болады. Ілгеріде есептердің мәтінінде үлкен сандар кездескен жағдайда балалар есептерді сызбаның көмегімен иллюстрациялаумен танысады.

1-2-сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру нақты заттық көрнекіліктен иллюстративтік және сұлбалық түріне біртіндеп көшуді көздейді. 1-басқыштағы білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған жаттығулар жүйесі ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жіктемелеу және т.б.) орындау барысында логикалық пайымдаулар жасау білігін дамытуға негізделеді.

«Математика» пәнін оқытудың бірінші циклы қоршаған ортадағы обьектілерден таныс геометриялық фигураларды таба алу және олармен жұмыс жасай алу біліктерін қалыптастыруға бағытталған.

Әдістемелік жүйенің негізгі ерекшелігі «сан» мен «шаманың» бір уақытта қарастырылуы, 1000 көлеміндегі және көп таңбалы сандар мен шамалардың мәндеріне амалдар қолдану жарыстырыла жүргізілуі болып табылады.

Мәнді ерекшелігі ондық санау жүйесін құрудың нысандарын, бастауыш мектепте теріс емес бүтін сандар нумерациясын оқытуды аяқтау болып табылады. Сан объектілерді санаудың, шаманы өлшеудің және арифметикалық амал орындаудың нәтижесі ретінде қарастырылады. 3-4-сыныптарда сандар нумерациясы, арифметикалық амалдар мен шамалар концентрлер бойынша оқытып-үйретіледі.

Санның, арифметикалық амалдар мен математикалық қатынастардың мән-мағынасын әлдеқайда жоғары деңгейде түсінуге ықпал ететін маңызды шамалар мен олардың бірліктері, шамалар арасындағы тәуелділік, алгебра және геометрия элементтері қарастырылады.

Әрбір жаңа ұғымды енгізу оның мәні мен мазмұнын ашуға ықпал ететін белгілі бір іс-әрекетті орындаумен қабаттаса жүргізіледі. Жаңа материалды енгізуге, алынған білім, білік пен дағдыларды жүйелі түрде кеңейту, дамыту мен бекітуге дер кезінде балаларды дайындауға жағдай жасалуы тиіс.

3-4-сыныптарда қарастырылатын есептер күрделене түседі. 2-3 және одан да артық амалды есептер шығарылады. Оқушыларды есепті шешудің жолдарын өз бетімен табуға, есепті шешудің қарапайым жалпы тәсілдерін қолдануға үйрету қажет. Кері есептерді құрастыру және шығару, есептерді әр түрлі тәсілдермен шығарумен байланысты есептермен жұмыстың жүйесі әр түрлі шығармашылық әрекетке қатыстыра отырып, әр оқушыда есепті шығара алу білігін қатыптастыруға мүмкіндік береді. Өрнек, қысқаша жазу, сұлба бойынша есептер құрастыруға, есептерді әр түрлі тәсілдермен шығаруға және әлдеқайда тиімдісін таңдап алуға арналған жаттығулар қажет. Құрама есептің шешуі амалдар (түсіндіру арқылы, сұрақтармен немесе, сұрақсыз) және/немесе өрнек арқылы жазылуы тиіс. Есептерді шешу барысында қысқаша жазу, сызба не сұлба түрінде қосымша жазу оқушының және мұғалімнің таңдауы арқылы жүргізіледі.

Бағдарлама ауызша және жазбаша есептеу тәсілдерінің тиімді арақатынасын анықтап берді. Ауызша есептеу білігі жеткілікті деңгейде қалыптастырылғаннан кейін жазбаша тәсілдер енгізіледі.

Есептеулердің негізі болып табылатын арифметикалық амалдардың қасиеттері тікелей практикада қолданылады. Есептеу тәсілдерін оқыту барысында қосу мен азайту, сондай-ақ көбейту мен бөлу өзара кері амалдар ретінде қатар қарастырылады.

Есептеу тәсілдерін және есептердің шешуін негіздеп беруде суреттер, сұлбалар, эскиздер, сызбалар қолданылуы қажет. Оқушылардың өздері есеп бойынша сұлбалар, суреттер, кестелер мен қысқаша жазу (модель) құруға және оқуға үйренеді. Математика курсында модельдер (есептер, өрнектер) және алгоритмдер (амалдар реті) жөнінде ұғым қалыптасады.

Дидактикалық тұрғыдан қарастырғанда алгебра элементтерінің ішінен теңдеу ұғымы, есепті теңдеу құру арқылы шешу маңызды болып табылады. Теңдеулерді шешудің төмендегідей тәсілдері қарастырылады: «сынап көру» тәсілі; арифметикалық амалдардың өзара кері екендігіне негізделген тәсіл; тура теңдіктің қасиетін қолдануға негізделген тәсіл.

Өрнектерді салыстыру амал орындау негізінде және өрнектердегі сандық материал мен арифметикалық амалдарға талдаулар жасау арқылы жүргізілуі мүмкін.

Математика сабақтарында арифметикалық материал басым болады, ал геометриялық материал оның құрамдас бөлігі болуы тиіс. Бұл геометриялық және басқа да білімнің байланысын жүзеге асыруға, сондай-ақ математика сабақтарында оқу әрекетін түрлендіруге мүмкіндік береді. Геометриялық материалдарды оқыту барысында тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдерін салыстыруға және олардың ішіндегі тиімдісін таңдап алуға; тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын, тік төртбұрыштардан құралған фигураның ауданын табуда қолданылатын қорытындыларды салыстыруға ерекше көңіл бөлінеді. Тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын табуда осы ұғымдарды бір-бірімен шатастыры алмау қажет. Периметр, аудан, көлем жайлы білім санды және әріпті өрнектерді құру, оқу, түрлендіруге қатысты білік және дағды қалыптастыруда қолданылады. Мұндай тұрғыдан қарау алгебра және геометрия элементтерінің арифметикалық материалдармен байланысын тиімді түрде ашады.

Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерімен таныстырудың ерекшелігі практикалық жұмыстарды орындау барысында олардың практикалық әдіспен оқытылуында.

Арифметикалық, алгебралық және геометриялық материалдарды оқыту үрдісінде қарапайым тұжырымдар мен пікірлер құрастыру барысында математикалық логиканың элементтері қолданылады. Оқушыларды байланыстырушы – логикалық сөздермен («және/немесе...», «егер..,онда...», «бұл ғана емес, сонымен бірге...») және қарапайым пайымдаулар құруда оларды қолданумен таныстыру қажет.

Курстың мазмұны әр жыл басында тірек білім, білік және дағдыларды белсендендіруді көздейді. Бұрынғы өтілген материалды бекіту негізінде жаңа мәліметтерді енгізу арқылы оны үнемі дамыту жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде оқытылатын ұғымдар арасында жаңа байланысты салыстыруға, жалпылауға, тағайындауға, логикалық байланыстарды жүйелеуге мүмкіндік береді.

1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы геометрия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница