Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009




НазваниеАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
страница1/4
Дата конвертации10.01.2013
Размер0.52 Mb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4
ӘОЖ 330.42:330.34:338.43 Қолжазба құқында
ОРАЛБАЕВА АЙЖАН ҚУАНТҚАНОВНА

Ауыл шаруашылығы құрылымдарының динамикалық дамуының диагностикасы

08.00.13 - Экономиканың математикалық және инструменталды әдістері
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.


Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының

докторы Р.У. Рахметова

Ресми оппоненттері: экономика ғылымдарының

докторы Макулова А.Т.

экономика ғылымдарының

кандидаты Байшоланова К.С.
Жетекші ұйым: ал Фараби атындағы

Қазақ Ұлттық университеті


Диссертация 2009 жылдың «1» шілде сағат «1300» Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіндегі ғылымдар докторы дәрежесін беру жөніндегі Д14.45.10 диссертациялық Кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Мекен жайы: 050035, Алматы қ., О.Жандосов көшесі, 55 үй, 144 бөлме.


Диссертациямен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат « » 2009 жылы таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалым-хатшысы,

экономика ғылымдарының докторы Текенов У.А.

КІРІСПЕ



Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арнаған 2009ж. 28-ақпанындағы дәстүрлі Жолдауында «Бәсекеге қабілеттілік – Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кіруінің кілті» деп айқындап берді. Сондықтан да ауыл шаруашылығының барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталуы, қазіргі уақытта ел экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі. Соңғы жылдары өз ауыл шаруашылығында өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген мемлекеттік реттеудің арқасында қол жеткізілген макро-микроэкономикалық көрсеткіштерге динамикалық сипат беру қажетті болып отыр.

Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті аграрлық өнімдердің үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке жарайтын басым салаларды, яғни отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі ауыл шаруашылық құрылымдардың тиімді және бәсекеге қабілетті қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады. Олардың тиімділігін көтерудің бірден бір жолы – оның қызметін жан-жақты талдап, қалыпты жағдайдан ауытқуын дер кезінде диагностикалап уақытылы шара қолдану болып табылады.

Сонымен, кез-келген шаруашылықтың экономикалық қызметінің нәтижесі мен жалпы жағдайына кешенді диагностикалау қажетті. Бұған қоса, жалпы бүкіл әлемдік дағдарыс кезінде кез келген шаруашылықтың қызметіне уақытылы диагностикалау және оның тиімді әдістерін қолдану – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Қазіргі нарық жағдайында мекеменің динамикалық дамуына үнемі диагностика жасау бәсекеге қабілетті болудың қажетті шарты. Сондықтан кәсіпорынның шаруашылық қызметінің динамикалық дамуын диагностикалау, оның нормалы жағдайынан ауытқуын саралау, оның себептерін анықтап шаралар жоспарлау және нормалы жағдайға жеткізу өзектілігі диссертациялық жұмыс тақырыбының таңдалуына себепші болды.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Диссертациялық жұмыстың орындалуы барысында автор жалпы экономиканың оның ішінде ауыл шаруашылық құрылымдарының динамикалық дамуының теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша жарық көрген шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріне сүйенді. Олардың ішінде алыс және жақын шетелдерден келесі ғалымдарды атап өтуге болады. Ресей ғалымдары М.И.Баканов, А.Д.Шеремет, С.А.Барнгольц, Б.И.Майданчик, А.И.Муравьев, Самборский, В.В.Осмоловский, Н.В.Ковалев, Г.В.Савицкая, Т.Б.Бердникова, В.Я.Поздняков, Н.С.Пласкова, Н.В.Радионов, С.П.Радионова, және басқалар. Қазақстандық ғалымдардан тек Х.Ш.Дүйсенбаевты атап өтуге болады.

Жоғарыда аталған ғалым зерттеушілердің кәсіпорынның динамикалық дамуын жан жақты зерттеуге қосқан үлестері аз емес. Дегенмен, шаруашылықтың қызметін терең факторлы талдаудың кешенді математикалық әдістерін қарастырмаған.

Ресей ғалымдары осы ғасырдың басында экономикалық үрдістерді диагностикалауды ұсына бастады. Мына экономист ғалымдардың еңбектерінде талдау және диагностикалау әдістемелері қарастырылған: А.Д.Шеремет, Л.А.Головнина, О.А.Жигунова, М.М.Глазов, Н.Н. Погостинский, Ю.А.Погостинский. Дегенмен осы ғалымдардың еңбектерінде экономикалық талдау мен диагностикалау түсініктері және әдістері мен әдістемесі айқындалып қарастырылмаған. Осыған байланысты экономикалық диагностикалаудың әдістерін жетілдіру диссертациялық жұмыс тақырыбының таңдалуына себепші болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Осыған байланысты жұмыстың мақсаты ауыл шаруашылық құрылымдарының динамикалық дамуын диагностикалау мәселелерін зерттеп және әдістерін жүйелеу. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыста келесідей міндеттер қойылған:

  • шаруашылықтың динамикалық дамуының теориялық негізін зерттеу және күріш өндірісінің даму жолдарын талдау;

  • шаруашылық қызметінің динамикалық даму үрдісін диагностикалау мәнін, маңыздылығын және талдау әдістерін және олардың ерекшеліктерін саралау;

  • Диагностикалау әдісін жүйелі талдау және жетілдіру;

  • Ауылшаруашылық мекемелердің қызметін талдауда диагностикалау әдісін қолдану арқылы оның қызметінің динамикалық дамуын жетілдіру мақсатына ұсыныс жасау.

Зерттеу пәні. Шаруашылықтың динамикалық даму үрдісіне экономикалық талдау және диагностикалау әдістері.

Зерттеу нысаны. Қызылорда обылысының күріш өндірісі саласы және ЖШС «Шаған жер», ЖШС «Сейфуллин атындағы», ЖШС «Лимитед», ЖШС «Жаңа жол» күріш шаруашылықтарының мәліметтері.

Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздерін экономика жүйесінің орнықтылығы, оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарының динамикалық даму үрдісін зерттеу және талдау әдістемелері жөніндегі отандық және шетелдік ғалымдардың жан жақты еңбектері құрайды. Диссертациялық зерттеудің ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері, Қызылорда обылысының статистика басқармасының және ЖШС «Шаған жер», ЖШС «Сейфуллин атындағы», ЖШС «Лимитед», ЖШС «Жаңа жол» күріш шаруашылықтарының жылдық есеп мәліметтері құрайды. Сонымен қатар ғылыми тәжірибелік конференциялар, семинарлар және ғылыми мерзімдік басылымдарда жарияланған мәліметтер пайдаланған.

Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы. Нарық жағдайында ауыл шаруашылық мекемелерінің динамикалық дамуын диагностикалау, оның әдісін жетілдіру және динамикалық даму үрдісін қалыптастыру негізінде шешім қабылдаудың әдістемесін ұсыну.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар.

- «экономикалық диагностика», «динамикалық диагностика» ұғымына авторлық түсініктеме берілді;

- диагностикалау әдісі жетілдірілді: сызықты емес нормативті модельді сызықты түрге келтіру әдістемесі ұсынылды;

- шаруашылықтың динамикалық даму деңгейін диагностикалаудың жүйеленген матрицалық норматив әдісі ұсынылды;

- күріш шаруашылық құрылымдарының даму үрдісінің динамикалық нормативті матрицалық моделі дайындалды;

- шаруашылықтың динамикалық дамуына факторлық талдау және оны жетілдірудің шаралары ұсынылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен ұсыныстар, әдістемелік нұсқаулар келесі бағытта қолданылуы мүмкін: ауылшаруашылығы мекемелерінің экономикалық қызметіне талдау және стратегиялық шешім қабылдауда, жоспарлауда; кез келген экономикалық, бизнестік мекемелердің қаржылық жағдайына аналитикалық есептеу жұмыстарына. Диссертациядағы жетілдірілген диагностикалау әдісі экономикалық мамандықтардың «Экономикалық талдаудың теориясы», «Экономика статистикалық талдау» «Қаржылық талдау» пәндерін оқыту барысында қолданыста бола алады.

Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы. Жұмыстың негізгі нәтижелері мынадай халықаралық ғылыми практикалық конференцияларда баяндалды: Современная аграрная экономика: проблемы и решения /Воронеж мемлекеттік аграрлық университеті, наурыз, 2006; Экономика, бизнес және білім беру саласындағы жаңа үрдістер/ХБУ-дың 15-жылдығына арналған 1V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, Алматы, қараша, 2007; Ұлттық экономика: инновациялық және бәсекеге қабілетті үлгіні қалыптастыру /II Т.Рысқұлов оқулары, Алматы, мамыр, 2007; Бизнес, ғылым, білім: ынтымақтастық қырлары /III Т.Рысқұлов оқулары, Алматы, мамыр, 2008.

Зерттеу бойынша жарияланған еңбектер. Диссертация тақырыбы бойынша 3,5 баспа табақ бетті құрайтын 7 ғылыми жұмыс жарияланған.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Өндірістің динамикалық дамуы кез-келген қоғамдық-экономикалық формацияда өзекті болып табылады. Нарық экономика шартында кәсіпорын сыртқы экономикалық ортаға анықталмаған өсу жағдайында жұмыс жасауға мәжбүр және экономикалық жүйені орнықтыруды арттыру бағытында болуы мен стратегиялық басқарушылық шешімдерді қабылдау мәселелері маңызды болып келеді.

Қарапайым түсінікте динамикалық даму мынаны білдіреді, объекті кері ауытқуға ұшырамаған, орнықты. Экономикалық объектінің орнықтылығы динамикалық үрдістің негізі, оның әр периодындағы нәтижесі салыстырмалы. Демек, динамикалық даму - салыстырмалы категория және оны басқа динамикалық үрдіспен салыстыру арқылы ғана бағалауға болады.

Тәжірибеде көбіне жүйені тұрақсыз жағдайға келтіретін факторларды елемеу немесе одан «кетіп қалу» мүмкін емес. Сондықтан кез-келген жүйенің динамикалық даму негізінде ең алдымен қандай болмасын әсер етулерді алдын-ала болжау, содан кейін басқару болып табылады.

Экономиканың аграрлы сферасында жүйелер үшін орнықты өндіріс оның ерекшеліктері бойынша анықталады. Нақтырақ айтқанда: ауылшаруашылығы ұдайы өндірістік процесс және тірі организмдермен тығыз байланысты болады; ауылшаруашылығында өндірілетін өнімдердің көбісін қоймада қор ретінде жинақтауға келмейді; өндірістік процестердің маусымдық шектелуі; өндіріс күштерінің төмен деңгейі және т.б. Осының барлығы ауылшаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда орнықты болуының күрделігін білдіреді, сондықтан да осы мәселеге аса көңіл бөлуді қажет етеді.

Кейбір экономист- ғалымдар орнықтылықты тар көлемдегі мағынада да, кең мағынада да анықтауда. Олар орнықтылықты тар көлемде егіннің шығымдылығы мен жалпы өнімнің терең өспеуімен түсіндіреді, ал кең мағынада жалпы жиынның орнықтылылығын ғана емес, сонымен қатар саланың интенсивтілігі, өндірілетін өнім сапасының және әлеуметтік - экономикалық міндеттердің шешілуін қамтиды.

Қорытындылай келе, біздің ойымызша, ауылшаруашылығы орнықтылық кең мағынасында, саланың ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерінен тәуелсіз өз қызметін (шаруашылық, қаржылық, әлеуметтік және т.б.) орындай отырып, өзінің ішкі құрылымын сақтау болып табылады. Жеке объектінің орнықтылығы – сыртқы факторлардың өзгерісі мен жүйенің ішінде мүмкін болатын құрылымдық өзгерістердің болуы жағдайында да өзінің тұтастығын сақтау қабілетімен сипатталады. Орнықтылықтың негізі объектінің ішінде орналасқан. Әртүрлі факторлардың әсер етуіне оның тұрақтылығын арттыру үшін ең алдымен объектіні ішінен жетілдіру керек.

Шаруашылықтар толық тәуелсіздікті алумен, аграрлы секторды мемлекеттік қаржыландыру жүйесінің бұзылуынан және қазіргі қаржылық дағдарыс кезінде олардың қаржылық орнықтылығының мәні мен ролі өсті. Бұл түсінік шаруашылық жүргізу субъектінің негізгі және айналым құралдарына деген қажеттілігін жабу, уақытылы және толық мөлшерде өзінің нарықтық контрагенттері, мемлекет және басқа да ұйымдар (жергілікті және мемлекеттік салықтар, салықтық емес қорларға және т.б.) алдындағы қаржылық міндеттемелерін толық көлемде орындау мүмкіндігін сипаттайды.

Қаржылық орнықтылық ақша қаражаттарын еркін оңтайландыра отырып, оларды тиімді пайдалануда өндірістік процессті үздіксіз қамтамасыз ету және өнім мен қызметті өткізу және өндірісті ұлғайту мен жаңарту шығындарымен қамтамасыз етуге қабілетті. Сондықтан орнықтылық нарық талаптарына сай және динамикалық дамуының қажеттіліктеріне жауап бере алатындай сипатта болуы керек.

Орнықтылық сандық және сапалық бағаланып ауылшаруашылық құрылымның жұмыс атқару динамикалық дамуын жоғарылатуға мүмкіндік беретін шаралар жүйесін әзірлеу керек. Даму деңгейін жоғарылату жөніндегі шаралар негізі бір уақытта әр түрлі бағытта кешенді жүргізілуі қажет екені анық. Сонда оларды жүргізу тиімділігі айтарлықтай жоғары болады.

Осыларды есепке ала отырып, ең алдымен нақты шаруашылық деңгейінде және де оның ресурстық мүмкіншіліктерін жүзеге асыра алатын, және аз шығындалатын шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру маңызды. Бұндай шаралардың арасынан өндіріс құрылымын жетілдіру, ауыл шаруашылық өндірісінің икемді жүйесін қолдану, резервтік қорлар жүйесін жетілдіру, тәуекелділікті төмендетуге бағытталған шаралар және т.б. шараларды бөлуге болады.

Макроэкономикалық факторлар (жоғары деңгейлі инфляция, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының төмендігі, ұзақ мерзімді несиелендіру жүйесінің жоқтығы және т.б.) қатарына әсері мен жекелеген шаруашылықтарды дамытудың ішкі күрделілігі олардың ресурстық потенциалдарының сәйкес келмеуін тереңдетуде. Аграрлық құрылымдардың материалды-техникалық базасының тұрақты түрде қысқаруы, қажетті көлемде айналыс құралдарына деген қажеттілікті жабу мақсатындағы құралдардың жоқтығы өндірістің интенсивтілік деңгейінің тез қысқаруына және оның тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады.

Қаржы күйзелісінің зардабынан рынок конъюнктурасы өзгеріп, негізгі және айналым құралдарының бағасының өсуімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің базасының өсуі әлдеқайда алда тұр және отандық өндірушілер өніміне сұраныс ұлғайды. Осының есебінен қосымша пайда алып, ереже бойынша кәсіпорын оны ағымдық қажеттіліктерге, өндіріс технологиясы мен дәстүрлі құрылымын қолдауға бағыттады. Бірақ, конъюктурада уақытша қалыптасқан қатаң бағыттар мен жақын уақыт ішінде максимальды пайда алуға ұмтылуға және көптеген тауар өндірушілердің перспективалық даму мәселесінің шешілуіне мүмкіндік жасалды.

Қызылорда облысының жағдайына әлде қайда тұрақты ауыл шаруашылығы дақылы күріш болып табылады. Аз көлемдегі орнықтылыққа жем шөп дақылдары ие болып отыр. Ауыл шаруашылық құрылымдарының динамикалық дамуын сипаттау белгілі бір коэффициенттер арқылы талданады. Мысалы: жер көлемі бойынша орнықтылық коэффициенті ; еңбек қоры бойынша орнықтылық коэффициенті ; материалды – ақшалай шығыны бойынша орнықтылық коэффициенті ; жалпыжәне жекелеген өнім түрлерін өндіру бойынша орнықтылық коэффициенті; шаруашылықтың қаржылық орнықтылығының коэффициенттері; шаруашылықтың орнықтылығының интегралды коэффициенті . Коэффициенттер бірден үлкен болмауы қажет, олай болмаған жағдайда қандай да бір ресурсқа тапшылық байқалады да өнім өндірісінің азаюына әкеледі.

Осылардың ішінде тек қаржылық коэффициенттердің шекарааралық мәндері бар, олармен салыстыру арқылы даму деңгейіне сипаттама беруге болады. Барлық әдістер шаруашылықтың жекелеген көрсеткіштеріне факторлық талдау жасауға болады, бірақ жалпы жағдайына сипаттама бермейді және не себептен болған өзгеріс екендігін анықтамайды. Яғни динамикалық өзгеріске, өсу немесе кему жағдайына факторлық сараптама және эталонды жағдайымен салыстырылмайды.

Нарық жағдайында қысқа периодтарда үнемі экономикалық үрдістің өзгерісіне сипаттама беріліп отырса, дағдарысты алдын алуға, бәсекеге қабілеттілікті сақтауға мүмкіндік болады. Жалпы экономикалық үрдіс тиімді жұмыс жасауы бір бөлек, бәсекелестермен салыстырғанда қабілеттілігі төмендемеуі екінші жағдай. Оның ішінде, дағдарыс жағдайында қаржы төлем қабілеттілігін сыртқы факторларды ескеріп, бәсекелестермен салыстыру арқылы үнемі бақылауға алған жөн. Осыған байланысты, экономикалық үрдіске үнемі уақытылы диагностика жасау, дағдарысқа қарсы шаралардың бірі.

Жалпы диагностика медицина термині. Адамның денінің саулығының нормативі негізделген. Жалпы медицинада адам ағзамының қалыпты жағдайының нормативтері (мысалы, қанның құрамы, температура т.с.с.) белгіленген. Адамның денсаулығын анализ арқылы нормативпен салыстырып ауытқуын анықтап диагноз қойылады, емдейді. Осы процессті диагностикалау деп атайды.

Ал техникалық диагностикада осы сияқты техниканың алдын ала белгіленген нормативті қалпінен ауытқуын тексеріп, сараптама жасап нормаға келтіру шараларын көрсетеді.

Осы ғасырдың басында экономикалық диагностика термині практикаға енді. Орыс ғалымдары диагностика орта мәнімен, бәсекеге қабілетті кәсіпорын мәліметтерімен салыстыру арқылы ауытқуын анықтау деп қарастырып келді. Солардың ішінде белгілі аналитик экономист А.Д. Шеремет экономикалық диагностика - шаруашылық қызметін басқарудағы ахауларды анықтау, себептерін білу, оны қалыпқа келтірудің шараларын қарастыру әдістері және құралдары деп түсіндіреді. Қорыта айтқанда, шаруашылық қызметін диагностикалау – оның даму жағдайын бағалау, факторлардың оң және кері өзгерулері арқылы дамуының орнықтылығына әсерінің себептерін нақтылау, шаруашылық қызметінің тиімді даму жолдарын ұсыну деп толық сипаттама берді.

Сонымен қатар диагностиканы бірнеше түрге бөліп қарастырды: экспресс диагностика; функционалды диагностика; терең диагностика.

Көп авторлар талдау мен диагностиканы айырмай, олардың әдістерін жалпы ортақ қарастырған. Олардың пәні және мақсаттары бір. Ал кейбіреулері талдау алғашқы, диагногстика кейін жүреді деп реттейді.

Ал А.Д. Шеремет талдау диагностикалау құралы, диагностика - ол қорытынды тұжырым. Талдау – зерттеу үрдісі, ал диагностика - оның қорытындысы. Талдау мен диагностика - тығыз өз ара байланысты үғым: талдаусыз диагностика болмайды, ал талдаудың мәні қорытынды бағалау шешімін шығаруда немесе диагноз қоюда. Талдау мен диагностика шешім қабылдаудың негізі. Медицинада мынадай тізбек қалыптасқан: талдау – диагноз – емдеу; ал экономикада талдау – диагностика – шешім қабылдау. Біз осы пікірге қосыламыз.

Бірақ диагностика терминінің бастапқы қолданыс мағынасына қарасақ нормативтік жағдайдан ауытқуын зерттеуді білдіреді. Ал экономиканың нормативтік жағдайы оның заңдылықтары екенін ескерсек, онда экономикалық диагностика сол заңдылықтан ауытқуын зерттеу болып табылады. Егер экономика осы заңдылықтарға сәйкес дамыса, онда өрлеу жолында болады, бәсекеге қабілеттілігі артады. Бірақ, әр түрлі жағдайларға байланысты кейбір факторлардың заңдылыққа қарама қарсы өзгеруіне қарай экономикада кему тенденциясы, құлдырау немесе дағдарыстар болады.

Жалпы диагностикалау белгілі бір кезеңдегі экономикалық үрдісті норматив пен салыстырып сараптама жасауды қарастырады. Ол жылдық немесе аз периодтағы мәліметтер бойынша да жасалуы мүмкін, қажеттігіне сәйкес қысқа мерзімге немесе ұзақ мерзімдік үрдістерге жүргізуге болады. Қайсысы болсада нормативпен салыстырылады.

Осыған орай, экономикалық үрдістердің оның теориялық заңдылығы мен дамуының нормативті моделі белгіленсе, онда онымен салыстыру арқылы сараптама жасалып, ауытқуларына байланысты жақсарту шаралары дер кезінде жасалған болар еді. Экономиканы диагностикалау үшін оның динамикалық дамуын қамтамасыз ететін нормативті моделі болуы керек.

Сонымен экономиканың дамуын диагностикалау ұғымын қарастырып, авторлық түсініктеме береміз.

Экономикадағы нақты үрдістердің тенденциялық қалыптасуын оның теориялық заңдылық негізіндегі нормативті моделімен салыстырып сараптау арқылы ауытқу себептерін анықтап, нормативке келтіру шараларын қарастыру экономикалық диагностикалау деп аталады.

Экономикалық үрдістер жалпы динамикалық үрдістерге жатады, уақыт үздіксіз үрдіс. Уақыт кезеңінде экономикалық үрдістердің факторлары бірде кеміп, бірде өсіп отырады. Олардың өсуі мен кемуі экономикалық теорияның заңдылығына сәйкес келуі экономикалық жетістіктің кепілі. Уақыт кезеңінде экономикалық үрдістердің динамикалық өзгеру тенденциясына диагностика жасау өзекті мәселе. Сондықтан динамикалық диагностика ұғымына түсінік береміз.

Уақыт аралығындағы экономикалық үрдістің тенденциясын теориялық заңдылық негізіндегі нормативті моделімен салыстырып сараптау арқылы өтпелі кезеңдегі ауытқу себептерін анықтап, нормативке келтіру шараларын қарастыру динамикалық диагностикалау деп аталады.

Мұнда жалпы бір кезеңнен екінші кезеңге өткенде экономикалық көрсеткіштердің теориялық заңдылықтарына сәйкес оң және кері өзгеруі мүмкін. Егер экономикалық үрдіс заңдылыққа периодты түрде кері өзгеріс қалыптасса, онда кәсіпорын дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Практикада барлық уақытта оң тенденция бола бермейді, бірде кеміп, бірде өсіп отырады. Сондықтан кез келген экономикалық объектінің қызметіне уақыт аралығындағы өзгерісін нормативті модельмен салыстырып сараптама жасау дағдарысты алдын алу шараларына жатады.

Экономикалық үрдістерге диагностика жасаудың әдістері қалыптаспаған. Ғылыми әдебиеттерде анализ бен диагностика жалпы ажыратылмай бірге қарастырылған, осыған байланысты әдістері де жіктелмеген.

Осы жұмыстың негізгі арқауы диагностикалау әдістерін қалыптастыру. Практикада шаруашылық қызметіне талдаудың бірнеше әдістері бар. Соның ішінде динамикалық норматив әдісі. Бұл әдіс шаруашылықтың орнықты даму деңгейін анықтауға пайдаланылған. Жалпы жаңа әдіс, математикада аналитикалық моделдеу бағытына және матрицалық әдістерге жатады. Оның негізінде Динамикалық норматив болады.

Динамикалық норматив (ДН) – бұл жалпы кәсіпорынның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеу режимінің моделі. Кәсіпорынның іс жүзіндегі әрекет ету моделін нормативті модельмен салыстыру оларда бар резервтер мен ауытқуларды анықтауға мүмкіндік береді. Өзінің мазмұны бойынша динамикалық норматив және оларға кіретін экономикалық көрсеткіштер, шаруашылық жүйесінде жүзеге асырылатын байланыстардың ғылыми көрінісі болып табылады. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасын дәл бақылай отырып, шаруашылық жүйесінің қозғалу бағытын анықтап қана қоймай, сонымен бірге осы қозғалысқа терең талдау жасалып себептері анықталады, соған сәйкес шаралар қарастырылады.

Динамикалық норматив (ДН) әдісі мына ғалымдардың еңбектерінде орын алды: Әуелі И.М.Сыроежин ұсынған және ол ары қарай Н.Н.Погостинская, Ю.А.Погостинский сияқты авторлардың жұмыстарында қарастырылды. Бірақ әдіс практикада кеңінен қолданысқа енбеді. Оның бір себебі әдістің есептеулерінің күрделігінде және әдісте логикалық сәйкестіксіз бар. Аталған кемшіліктерді ескеріп әдісті жетілдіріп диагностикалау талаптарына келтірілді.

Осы әдіс бойынша динамикалық норматив былай құрылады. Шаруашылықтың экономикалық көрсеткіштері қатысты түрде қарастырылады. Мысалы, Өткізілген негізгі өнімнің рентабельділік коэффициенті (Көөр)= Негізгі қызметтен өткізген өнімнің таза табысы (ӨӨТТнқ)/Өткізілген өнімнің табысына (ӨӨТ) тең. Рентабельділік коэффициенті неғұрлым жоғары болуы үшін алымының (Негізгі қызметтен өткізген өнімнің табысы) тенденциясы бөлімінің (Өткізілген өнімнің табысы) тенденциясынан жоғары болуы керек. Басқада көрсеткіштер үшін экономикалық теория негізінде осындай эталондық қатынастар құрастырылады. Осы қатынастардың жиынтығында көрсеткіштер реттеліп рангтеледі. Рангтері бойынша квадратты матрица құрастырылып нормативті модель қалыптастырылады.

Авторлардың ұсынысы бойынша ДН екі түрге бөлінеді: сызықты және сызықты емес. Мұнда, сызықты ДН болу үшін көрсеткіштердің тенденциялық салыстырулары тізбекті байланыста болуы керек. Ал сызықты емес болғанда олардың тенденциясы үздіксіз тізбек құрамайды. Практикада сызықты емес түрі жиі кездеседі. Сызықты норматив моделінің матрицасының элементтері 1 және -1 ден құралады

aij=

Ал сызықты емес норматив моделінің матрицасының элементтері

aij=

Авторлардың ұсынған әдістемесі бойынша нақты көрсеткіштердің мәліметтерінің тенденциялар рангтері сызықты түрге сәйкес келеді. Сонда сызықты емес жағдайында норматив матрицасы мен нақты көрсеткіштер матрицасы салыстыруға келмейді. Сондықтан сызықты емес нормативті модельді нақты мәліметтермен салыстыру үшін сызықты түрге келтіру керек. Ол үшін графтар теориясын пайдаланамыз.

Көрсеткіштердің тенденциялары бойынша шектелген геометриялық граф
  1   2   3   4

Похожие:

Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница