Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №332-iv заңы




Скачать 69.53 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №332-iv заңы
Дата конвертации10.01.2013
Размер69.53 Kb.
ТипДокументы




Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкiметi арасындағы Бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi ратификациялау туралы







Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi № 332-IV Заңы



-->
"Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 17 шiлдедегi № 291-292 (26136); "Казахстанская правда" от 17.07.2010 г., № 186 (26247); Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 17-18 (2570-2571), 106-құжат

      2009 жылғы 22 қарашада Кабулда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкiметi арасындағы Бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасын
      Президентi                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Ауғанстан Ислам Республикасының Үкiметi арасындағы
Бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы
келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкiметi,
      бiлiм беру саласындағы ынтымақтастықты теңдiк және өзара тиiмдiлiк принциптерiнде дамыту ниетiн басшылыққа ала отырып,
      Тараптар мемлекеттерi заңнамаларының нормаларын негiзге ала отырып,
      бiлiм беру саласындағы екi жақты ынтымақтастықтың болашақтағы дамуы Тараптар мемлекеттерi халықтарының арасында достық пен өзара түсiнiстiктi орнатуға және қолдауға едәуiр дәрежеде ықпал ете алатындығын назарға ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар кадрлар даярлау, бiрлескен бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеу және жүзеге асыру мәселелерi бойынша ақпарат алмасу жолымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру саласындағы ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдеседi.
      Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру жүйесi мен құрылымы, бiлiм беру саласындағы реформалар және бiлiм берудiң жаңа технологиялары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

2-бап

      Тараптар өзара қызығушылық тудыратын проблемалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу немесе бiлiм беру ұйымдары қол қоятын шарттардың негiзiнде Тараптар мемлекеттерiнде өткiзiлетiн ғылыми бiлiм беру конференцияларына, семинарларға, симпозиумдарға қатысу мақсатында профессорлық-оқытушылық құрамды шақыруды өзара негiзде көтермелейдi.

3-бап

      Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң бiлiм беру саласындағы заңнамалары туралы ақпарат алмасады.

4-бап

      Қазақстан тарапы 2010 - 2014 жылдар аралығында жыл сайын Ауғанстан Ислам Республикасы азаматтарының қатарынан 200 адамды: оның iшiнде 140 адамды жоғары оқу орындарына және 60 адамды техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдайды. Медициналық мамандықтарға жоғары оқу орындарына қабылдау 2010 — 2012 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Бiлiм алушылардың жалпы саны 1000 адамды құрайды, оның iшiнде 700 адам - жоғары оқу орындарында, 300 адам - техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында. Оқыту 2019 жылға дейiн (медициналық мамандықтар -2020 жылға дейiн) Қазақстан Республикасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болады.

5-бап

      Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтарын оқыту Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында денсаулық сақтау (200 адам), ауыл шаруашылығы (135), iшкi құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету (75) саласындағы, гуманитарлық сала және журналистика (45), мемлекеттiк шекараны қорғауды қамтамасыз ету (45), инженерлiк (100) және педагогикалық бағыттағы (100) мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
      Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасының техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында оқыту Қазақстан тарапының пiкiрлерi мен мүмкiндiктерi ескерiле отырып, жыл сайын ауған тарапы айқындайтын кәсiптер мен мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

6-бап

      Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының жоғары және кәсiптiк-техникалық оқу орындарында бiлiм алатын Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтарын өз мемлекетiнiң заңнамасында белгiленген негiзде және шектерде пәтер мен коммуналдық қызметтерге төлемақысыз тұрғын үй-жаймен қамтамасыз етедi.
      Жөнелтiлетiн жерден бiлiм алатын жерге дейiн және керi және жазғы демалыс уақытындағы, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде авиакөлiкпен, Қазақстан Республикасының iшiнде темiр жол немесе автомобиль көлiгiмен көлiктiк шығыстарға жыл сайын Қазақстан тарапымен келiсiлген бағыт бойынша Қазақстан тарапының қаражаты есебiнен ақы төленедi.
      Қазақстан тарапы iшкi құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету және мемлекеттiк шекараны қорғау мамандықтарына оқитындардан басқа, барлық бiлiм алушыларға бүкiл бiлiм алу кезеңiнде өз мемлекетiнiң заңнамасында студенттерге арнап белгiленген мөлшерден екi есе артық мөлшерде стипендия төлейдi.
      Қазақстан тарапы бiлiм алушыларға өз мемлекетiнiң денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы шеңберiнде медициналық қызмет көрсетудi ұсынады.

7-бап

      Қазақстан тарапы iшкi құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы мамандық бойынша. бiлiм алушыларды Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiнiң тиiстi санаттары үшiн белгiленген нормалар бойынша ақшалай үлеспен, тамақпен және тұрғын үй-жаймен қамтамасыз етедi.
      Iшкi құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы мамандық бойынша бiлiм алушы Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтарында өздерiмен бiрге Қазақстан Республикасында бiлiм алу уақытында күнделiктi және мерекелiк шеруде киюге арналған ұлттық полицейлiк киiм нысаны болуы және олар Ауғанстан Ислам Республикасының айырым белгiлерiн тағуы тиiс.

8-бап

      Қазақстан тарапы мемлекеттiк шекараны қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мамандық бойынша бiлiм алушыларды Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiнiң тиiстi санаттары үшiн белгiленген нормалар бойынша ақшалай үлеспен, тамақпен, киiм-кешекпен  және тұрғын үй-жаймен қамтамасыз етедi.

9-бап

      Оқуға қабылданған Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтары мiндеттi түрде Қазақстан тарапының жоғары оку орындарында даярлық бөлiмдерiнде тiлдiк оқудан өтедi.
      Оқыту тiлдерi даярлық бағытына байланысты қазақ және орыс тiлдерi болып белгiленедi.

10-бап

      Даярлық бөлiмдерiн аяқтағаннан кейiн тыңдаушылар таңдаған мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оку орындары мен техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына бөлiнедi.

11-бап

      Iшкi құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету және мемлекеттiк шекараны қорғау мамандықтары бойынша оқыту циклдерi және бiлiм беру бағдарламаларының мазмұны Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерiнiң талаптары ескерiле отырып қалыптастырылады.

12-бап

      Тараптар келiскен оқу деңгейлерi мен мамандықтар бойынша тыңдаушыларды даярлық бөлiмдерiне қабылдауды Қазақстан тарапының ведомствоаралық көшпелi комиссиясы жүзеге асырады. Ведомствоаралық көшпелi қабылдау комиссиясының жұмысына жұмсалған шығындар Қазақстан тарапының есебiнен жүзеге асырылады (Ауғанстан Ислам Республикасына бару және одан кету бойынша көлiктiк, тұру және тәулiктiк шығыстар - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi есебiнен; Қазақстан Республикасы шегiндегi көлiктiк шығыстар, жол жүру визалары мен медициналық сақтандыруды ресiмдеу - мүдделi мемлекеттiк органдардың есебiнен).
      Ведомствоаралық қабылдау комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң өкiлдерi - 3 адам (комиссия төрағасы, комиссия хатшысы, комиссия мүшесi), Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнен - 1 адам (комиссия төрағасының орынбасары), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнен - 2 адам, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнен -1 адам, Iшкi iстер министрлiгiнен - 1 адам, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен -1 адам кiредi.
      Ведомствоаралық қабылдау комиссиясының Ауғанстан Ислам Республикасындағы жұмыс мерзiмi 7 күндi құрайды.

13-бап

      Ауған тарапы бұқаралық ақпарат құралдары мен жергiлiктi билiк органдары арқылы Ауғанстан Ислам Республикасының халқын Қазақстан Республикасының жоғары оку орындары мен техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы хабардар етедi.
      Ауған тарапы бiлiм алуға үмiткерлердiң құжаттарын жинауды, медициналық тексеруден өтуiн және олардың көшпелi қабылдау комиссиясымен әңгiмелесуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      Ауған тарапы көшпелi қабылдау комиссиясының тыңдаушыларды даярлық бөлiмдерiне қабылдау жөнiндегi жұмысына жағдай жасауды қамтамасыз етедi.
      Ауған тарапы уәкiлеттi өкiл арқылы ауған студенттерiн оқыту процесiнде туындайтын мәселелердi жедел шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органының қарауына енгiзедi.

14-бап

      Қазақстан Республикасындағы даярлық бөлiмдерiндегi Ауғанстан Ислам Республикасы тыңдаушыларының және студенттерiнiң/курсанттарының оқуы, тұруы, оларға медициналық қызмет көрсету Қазақстан тарапы мемлекетiнiң заңнамасы негiзiнде және шегiнде жүзеге асырылады.

15-бап

      Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтары оқуды аяқтағаннан кейiн отанына оралуға мiндеттi.

16-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң оқу орындары беретiн мемлекеттiк үлгiдегi бiлiм туралы құжаттарды Тараптар таниды және олардың баламалылығын белгiлейдi.

17-бап

      4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 14, 15-баптарды қоспағанда, осы келiсiмде көзделген iс-шараларды iске асыру Тараптар мемлекеттерiнiң мүдделi ұйымдары арасында тiкелей шарттар жасасу негiзiнде жүзеге асырылады, бұл шарттарда олардың құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi анықталуы тиiс.

18-бап

      Осы Келiсiм екi Тарап та ресми мақұлдайтын бiлiм алмасу жөнiндегi басқа iс-шараларды өткiзу мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.

19-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге жеке хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      Осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары арасында келiссөздер мен өзара консультациялар өткiзу жолымен шешiледi.
      Осы Келiсiм Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

20-бап

      Егер Тараптар әрбiр нақты жағдайда керi шешiм қабылдамаса, осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату оның шеңберiнде жүзеге асырылатын бiлiм алушылармен алмасуға, осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату күнiне дейiн аяқталмаған жобаларға немесе бағдарламаларға ықпал етпейдi.

21-бап

      Осы Келiсiм 2021 жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.
      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2009 жылғы 22 қарашада Кабул қаласында әрқайсысы қазақ, дари және ағылшын тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Түсiндiруде алшақтықтар туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының       Ауғанстан Ислам Республикасының
            Үкiметi үшiн                       Үкiметi үшiн








-->

Похожие:

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №332-iv заңы iconАзаматтардың денсаулығын сақтау туралы
...
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №332-iv заңы iconҚазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №333-iv заңы
Бiр тараптан Қазақстан Республикасы және екiншi тараптан Еуропалық қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әрiптестiк...
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №332-iv заңы iconҚазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесiн бекiту туралы
Шкi су көлiгi туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңы 8-бабының 7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №332-iv заңы iconҚазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы n 508 Заңы
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 24, 174-құжат; "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы n 332-333
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №332-iv заңы iconБiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз n 254-256
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №332-iv заңы iconБiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз n 254-256
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №332-iv заңы iconБiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., n 20, 151-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз n 254-256
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №332-iv заңы iconҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi n 290 Заңы
Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы...
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №332-iv заңы iconҚазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №329-iv заңы
Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмдi (Даму бағдарламасын қолдауға берiлетiн...
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi №332-iv заңы iconДәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 18, 19 шiлдедегi №293, 294 (26137, 26138); "Казахстанская правда" от 09. 09. 2010 г., №236 (26297);...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница