Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды




НазваниеПарниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды
Дата конвертации10.01.2013
Размер99.7 Kb.
ТипДокументы



11.05.2012 ж. № 150-ө

Парниктік газдар шығарындыларын

азайту жөніндегі ішкі жобаларды

қарауға және мақұлдауға, есепке алуға,

есептілік пен мониторингке дайындау

қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-10-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары бекітілсін.

2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанын кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Н. Қаппаров


Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны қорғау министрінің

2012 жылғы «11» мамырдағы № 150-ө

бұйрығымен бекітілген

Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингті дайындау (бұдан әрі – ішкі жобалар) тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) аз ауқымды жоба - энергия көздерін 15 мегаваттқа дейін жаңарту жөніндегі жоба немесе энергияны тұтынуды жылына 60 гигаватт сағатқа дейін төмендете отырып, энергия тиімділігін жақсартуға бағытталған, не болмаса жоба бойынша көміртегі бірліктерін шығару кезеңі ішінде көміртегі қос тотығы эквивалентінің 60000 тоннаға дейін парниктік газдар шығарындыларын төмендетуге мүмкіндік беретін жоба;

2) базалық сценарий - парниктік газдар бойынша жобалар болмаған жағдайда мейлінше жоғары мүмкіндікпен дами алатын үздік үлгідегі жағдайлар ұсынатын және онымен парниктік газдар шығарындыларын азайту жобалары шеңберінде қол жеткізілген бағалауды салыстырғандағы қызметтерді іске асырудың мүмкін нұсқасы;

3) жобаның өтініш берушісі - парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қарау және мақұлдау үшін ұсынатын жобаға қатысушы;

4) жобаның типі - кәдімгі жоба, аз ауқымды жоба, байланысқан жоба, жерді пайдалануды өзгертуге немесе ормандылықты арттыруға қатысты жоба;

5) жоба бойынша көміртегі бірліктерін шығару кезеңі - парниктік газдар шығарындыларын азайтудың ішкі тетіктері жөніндегі жобаның нәтижесін бекіту және мерзімді бағалау негізінде жобалық көміртегі бірліктерін шығаратын мерзім;

6) маңыздылық деңгейі - парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаны іске асырудың верификация есебі туралы қорытындыны дайындау үшін қолданылатын бастапқы сандық мағына;

7) мониторинг - парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін немесе басқа парниктік газдар шығарындыларын немесе/және сіңірулермен байланысты қосымша деректерді ішкі жобалар бойынша өткізілетін үздіксіз немесе кезеңдік бағалау;

8) ішкі жоба - парниктік газдар шығарындылары ішкі тетігінің және базалық сценарийде сәйкестендірілген шарттардың өзгеруі негізінде жүзеге асырылатын парниктік газдар шығарындыларының азаюына немесе парниктік газдар шығарындылары сіңіруінің ұлғаюына бағытталған қызметтер немесе қызмет түрлері.

3. Ішкі жобаны іске асыру нәтижесінде парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңіру көлеміне жобаның өтініш берушісіне шығарындыларды қысқартудың ішкі бірліктері беріледі.
2. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі мониторинг жобаларын қарауға және мақұлдауға дайындау тәртібі
4. Шығарындыларды ішкі қысқарту тетігінің шарттарында жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін өтініш беруші қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына дәйекті түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жобаның тұжырымдамасы (жобалық идея);

2) жобалық құжаттама;

3) мониторинг жоспары;

4) тәуелсіз аккредиттелген ұйымдардың сараптама қорытындылары.

5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындыларын қысқарту жөніндегі ішкі жобаны қарауды және мақұлдауды бір немесе екі сатыда өткізеді.

6. Бір сатылық қарау рәсімінде жобаның өтініш берушісінен жобаны алдын ала мақұлдау туралы шешім қабылдау және жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарын әзірлеудің негізділігін анықтау, сондай-ақ олар бойынша тәуелсіз аккредиттелген ұйымның сараптамалық бағасын алу үшін жобаның тұжырымдамасы (жобалық идея) талап етілмейді.

7. Екі сатылық қарау рәсімінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ең алдымен жобаның тұжырымдамасын (жобалық идея) қарастырады. Жоба алдын ала мақұлданған жағдайда, жобаның өтініш берушісі жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарын әрі қарай қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына ұсыну үшін әзірлеу жұмыстарына кіріседі.

8. Бір сатылық қарау рәсімі аз ауқымды жобаларға, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын қысқарту жөніндегі мынадай басымды ішкі жобаларға қатысты қолданылады:

1) жел энергиясын пайдалану жобалары;

2) күн энергиясын пайдалану жобалары;

3) кіші электр станцияларын қалпына келтіру және салу;

4) биогазды пайдалану жобалары;

5) көмір жылу электр станцияларын газға көшіру;

6) қоқыс метанын кәдеге жарату;

7) қоғамдық автокөлікті газға және электрге ауыстыру;

8) көмір шахталарының метанын және коксты газын кәдеге жарату.

9. Жобаның өтініш берушісі жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынудан бұрын 20 күннен кеш емес уақытта жобалық құжаттамаға немесе жобалық құжаттаманың түйіндемесіне, сондай-ақ мониторинг жоспарына қоғамдық рұқсатты қамтамасыз етеді.

10. Жобаның өтініш берушісі жобаны талқылау нәтижесін жобалық құжаттамада көрсетеді.

11. Жобаның өтініш берушісі жобалық құжаттаманы және мониторинг жоспарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына ұсынған кезде тәуелсіз аккредиттелген ұйымның сараптама қорытындысын қоса береді.

12. Сараптама қорытындысын тәуелсіз аккредиттелген ұйым дайындайды және өтініш беруші ұсынған бекітілген талаптар мен критерийлердің конкурстық құжаттамасын, мониторинг жоспарын, оның ішінде парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің базалық деңгейін анықтау, шығарындыны ішкі тетік шарттарында азайту жобасын іске асыру туралы шешім қабылдау үшін ұсынылған ақпараттардың толық және дәл екендігін растау мақсатында беріледі.

13. Тәуелсіз аккредиттелген ұйымның сараптама қорытындысын дайындауды жобаның өтініш берушісі қамтамасыз етеді.

14. Тәуелсіз аккредиттелген ұйымдардың тізбесі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

15. Ішкі жобалардың қарауға ұсынылған жобалық құжаттама мен мониторинг жоспары бойынша шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оларды қабылдаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарастырады.

16. Өтініш берушінің сұрауы бойынша қарау мерзімі ұзартылуы мүмкін.

17. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жобаны мақұлдау туралы шешімді:

1) ұсынылған жобалық құжаттама және мониторинг жоспарына ұсынылған мәліметтер;

2) тәуелсіз аккредиттелген ұйымның сараптама қорытындысы негізінде қабылдайды.

18. Жобаны қабылдамау туралы шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мынадай жағдайларда қабылдайды:

1) жобаның өтініш берушісімен ұсынылған құжаттар толық емес, тиісті түрде дайындалмаған немесе дәйексіз мәліметтерден тұрса;

2) жобалық құжаттамада көрсетілген орын бойынша жобаны іске асыру мүмкіншіліктері болмаса.
3. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды есепке алу тәртібі
19. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды есепке алуды ұйымдастыру мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мақұлданған барлық жобалардың, оның ішінде жобалық идеяны қарау сатысындағы жобаларды тіркеу жүргізіледі.

20. Ішкі жобаларды есепке алу кезінде әрбір жобаға, оның ішінде қарау сатысы, ол қайда жерде жатыр және ол бойынша қандай шешім қабылданғаны туралы ақпаратқа қоғамдық рұқсат қамтамасыз етіледі.

21. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында барлық тіркелген жобалар бойынша ақпарат орналастырылады және оған мынадай мәліметтер енгізіледі:

1) жобаның атауы;

2) жобаның өтініш берушісі және инвесторы туралы мәлімет;

3) жобаны мақұлдауға қатысты қабылданған шешім;

4) жоба жүзеге асырылатын болжамды орын;

5) жоба бойынша өтініш берілген парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе олардың сіңірілуін ұлғайту.
4. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобалардың есептілігі мен мониторинг тәртібі
22. Мақұлданған ішкі жобалар бойынша шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін алу үшін жобаны іске асыру кезінде парниктік газдар сіңірілуін азайту немесе/және ұлғайту мониторингі жүргізеді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ішкі жоба бойынша мониторинг нәтижелері туралы жыл сайынғы есептер ұсынылады.

23. Жобаның өтініш берушісі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен мониторинг жоспары негізінде барлық көміртегі бірліктерін шығару кезеңі барысында парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе/және сіңіруін ұлғайтуға мониторинг жүргізеді.

24. Ішкі жобалар бойынша қолданылатын мониторинг рәсімі мыналарды айқындайды:

1) мониторинг мақсаты;

2) өлшем бірліктерін қоса алғандағы деректер және ақпараттар түрі;

3) деректер көзі (көздері);

4) мониторинг тәсілі (есептеу, өлшеу әдісі);

5) қолданылатын мониторинг әдістемелері;

6) мониторинг өткізу уақыты және оның кезеңділігі;

7) мониторингке қатысушылардың міндеттері;

8) мониторингтік ақпаратты басқару жүйесі.

25. Мониторинг өткізу шеңберінде шығарындыларды азайту немесе сіңіруін ұлғайтуға бағытталған жобаның әрбір парниктік газдар бойынша сандық баға жүргізіледі, кейіннен олар көміртегі қос тотығының тонна эквивалентіне ауыстырылады.

26. Егер өлшеу әдісі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен арнайы қарастырылмаған болса, парниктік газдар шығарындыларын немесе сіңіруін сандық бағалау есептеу әдісімен өткізіледі.

27. Өлшеу жабдықтарын және мониторинг өткізуге арналған жабдықтарды қолданған кезде жобаның өтініш берушісі аталған өлшеу жабдықтарын калибрлеуді қамтамасыз етеді.

28. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жобаны шығарындыларды ішкі азайту тетігі шартында іске асыру туралы есепті дайындауды және ұсынуды жобаның өтініш берушісі жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.

29. Ішкі жобаны іске асыру туралы есепті жобаның өтініш берушісі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусым - 1 қараша кезеңінде беріледі.

30. Ішкі жобаларды іске асыру туралы есептерді ұсыну ерікті болып саналады және оларға белгіленген жоба бойынша көміртегі бірліктерін шығару кезеңі ішінде жүзеге асырылады.

31. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылған ішкі жобаларды іске асыру туралы есептер мынадай ақпараттан тұрады:

1) жобаға өтініш беруші туралы деректер;

2) жобаны қысқаша сипаттау, оның ішінде жобаның атауы, типі, көлемі, ауқымы мен шекарасы, өткізілу орны, көміртегі бірліктерін шығару кезеңінің ұзақтылығы және жоба бойынша атқарылатын жұмыстардың түрі;

3) есептік кезеңді көрсету;

4) жоба шеңберінде өткізілетін мониторинг бойынша парниктік газдар шығарындылары немесе/және сіңірулері туралы деректер, есептік кезеңдегі көміртегі қос тотығының тонна эквивалентіндегі көлемін көрсету;

5) есептік кезеңде жобаны іске асыру барысында парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе/және сіңіруін ұлғайту туралы деректер;

6) берілген парниктік газдар шығарындылары немесе/және сіңіруінің верификациясы туралы мәлімет;

7) жобаның базалық сценарийінің сипаттамасы;

8) бекітілген жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарынан жобаны іске асыру кезінде пайда болған айтарлықтай кез келген ауытқушылықтар туралы ақпарат;

9) парниктік газдар шығарындыларын немесе/және сіңірулерін есептеудің негізі ретінде қолданған критерийлерді, рәсімдер мен құжаттарды сипаттау.

32. Жобаны іске асыру туралы есепті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тапсырылғанға дейін тәуелсіз аккредиттелген ұйымның верификациясына жатады.

33. Жобаны іске асыру туралы есепті верификациялау ондағы ұсынылған парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе/және сіңірілуін ұлғайту жобасын іске асыруда қол жеткізілген нәтижелер туралы деректерді, бекітілген мониторинг жоспарына сәйкес мониторинг жүргізуді растау мақсатында жүргізіледі.

34. Жобаның өтініш берушісі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға есеппен бірге верификация туралы қорытындыны ұсынады немесе верификацияны өткізген тәуелсіз ұйым қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қорытындының көшірмесін жолдайды.

35. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ішкі жобаны іске асыру туралы есепті бекіту немесе бекітпеу туралы шешімді оны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.

36. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ішкі жобаны іске асыру туралы есепті бекітпеу туралы шешімді мынадай жағдайларда қабылдайды:

1) есепте толық емес және /(немесе) дәйексіз ақпараттарды ұсыну;

2) берілген парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе олардың сіңіруін ұлғайту көлемін есепте растамауы.

Похожие:

Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды iconПарниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды iconПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды iconПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды iconПарниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-ші бабына сәйкес БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды iconПарниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды iconПарниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды iconСауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидалары бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды iconӘкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды iconПарниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница