Шағын кәсіпкерлік субъектiлерінен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінiң 2003 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы




Скачать 42.57 Kb.
НазваниеШағын кәсіпкерлік субъектiлерінен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінiң 2003 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы
Дата конвертации17.01.2013
Размер42.57 Kb.
ТипДокументы
Шағын кәсіпкерлік субъектiлерінен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінiң 2003 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 345 қаулысы


      "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңының 8-бабының 2-2-тармағына және "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын және барлық мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар мен акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар үшiн мiндеттi болып табылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерiнiң 2003 жылға арналған номенклатурасы бекiтiлсiн.

      2. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар мен акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар осы қаулыға қосымшада санамаланған тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттiк сатып алуды заңнамада белгiленген тәртiппен осы тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) сатып алудың жалпы көлемiнiң кем дегенде 10 пайызы көлемiнде ұйымдастырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнің       
2003 жылғы 9 сәуірдегі 
N 345 қаулысымен    
бекiтiлген       

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен 2003 жылға арналған
мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар
 (жұмыстар, қызметтер көрсету) номенклатурасы

      1. Азық-түлiк тауарлары:
      1) ұн;
      2) нан, нан-тоқаш бұйымдары;
      3) макарон бұйымдары;
      4) жармалар;
      5) сүт, кiлегей;
      6) сары майлар және өсiмдiк майлары;
      7) ашыған сүт өнiмдерi;
      8) ет (жас ет, консервiдегі), ет өнiмдерi;
      9) шұжық бұйымдары;
      10) балықтан жасалған өнiмдер (жаңа ұсталған, ұсталған күйiнде мұздатылған, қақталған);
      11) алкогольсiз сусындар, шырындар;
      12) кондитерлiк бұйымдар;
      13) жұмыртқа;
      14) табиғи бал;
      15) бала тағамы;
      16) көкөнiстер, жемiстер (консервідегі), картоп;
      17) қант (құмшекер, шақпақ қант, кесек қант);
      18) тұз;
      19) тауықтар (тауықтың сирақ етi);
      20) кептiрiлген жемiстер;
      21) ашытқылар;
      22) қызанақ сықпасы;
      23) тұздықтар;
      24) ауыл шаруашылығы шикiзаты;
      25) теңiз өнiмдерi, балықтан және теңiз өнiмдерiнен жасалған консервілер;
      26) iрiмшiк (қатты, жұмсақ, тұздалған);
      27) татымды заттар және дәмдеуiштер;
      28) сорпалық құрама қоректер;
      29) саңырауқұлақтар;
      30) бау-бақша жемiстерi мен жабайы жемiстер.
      2. Азық-түлiкке жатпайтын тауарлар:
      1) терiден (табиғи, жасанды) тiгiлген киімдер және оның керек-жарақтары, теріден тiгiлген бас киімдер;
      2) тоқыма өнеркәсiбiнiң өнiмдерi (әскерилендiрiлген құрамалар үшін арнайы киiм-кешекті қоспағанда);
      3) тігін бұйымдары (әскерилендiрілген құрамалар үшiн арнайы киiм-кешектi қоспағанда);
      4) аяқ-киiм;
      5) аяқ-киiм майы;
      6) тұрмыстық, мектептiк және кеңселiк жиhаз;
      7) құрылыс материалдары:
      тұсқағaздық қағаз (тұсқағаз) және басқа да қабырғалық жабындылар;
      едендерге төсеуге, пештердi қаптауға арналған тақталар;
      кiрпіш;
      цемент;
      кесiлген ағаш материалдары;
      ағаштан жасалған бұйымдар;
      шыны пакеттер;
      санитарлық фаянс;
      пенопластикалық тақталар;
      пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есiктер, табалдырықтар, терезелер, кәсектер, терезе қақпақтары);
      табиғи тастан жасалған әрлеу материалдары мен бұйымдары, толтырғыштар, табиғи тастан жасалған жолға төсеу материалдары (қиыршық тастар, ұсақ тастар);
      полиэтилен құбырлары;
      жылу сақтайтын материалдар;
      лак бояу бұйымдары;
      еден жабуға арналған линолеум және басқа да полимерлiк материалдар;
      шегелер;
      8) алюминийден, резинадан жасалған бұйымдар;
      9) кабель өнiмдері;
      10) жууға арналған заттар;
      11) ағаштан, керамикадан (фарфор, фаянс) жасалған бұйымдар;
      12) музыкалық аспаптар;
      13) дәрiлiк заттар, медициналық бұйымдар және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы заттар;
      14) жабдықтар:
      стандартқа сай емес жабдықтар;
      су тұщыту жабдықтары;
      15) кеңсе тауарлары;
      16) дәрi-дәрмектер өндiруге арналған минералдық шикiзат;
      17) тоқыма шикiзаты;
      18) отын (көмiр, мазут, ағаш);
      19) жер бетiндегі органикалық заттар;
      20) көшіру-көбейту және ұйымдастыру техникасы, жинақтауыштар;
      21) ұйымдастыру техникасына қосалқы бөлшектер (бағдарламалық қамтамасыз ету);
      22) қой терiсi бұйымдары;
      23) қаракөл, қаракөл терiсiнен жасалған бұйымдар;
      24) киiзден жасалған бұйымдар;
      25) әйнектен жасалған тұрмыстық бұйымдар;
      26) пластмассадан жасалған тұрмыстық бұйымдар;
      27) қолөнершiлер бұйымдары;
      28) көмекшi медициналық жабдықтар;
      29) машина жасау және басқа да өнеркәсіп кәсіпорындарына арналған жинақтауыш бұйымдар мен материалдар;
      30) бау-бақша, бақша құралдары;
      31) былғарыдан жасалған бұйымдар.
      3. Жұмыстар орындау және қызметтер көрсету:
      1) жөндеу-құрылыс жұмыстары;
      2) автомобиль техникасын жөндеу;
      3) полиграфиялық;
      4) көліктік-экспедициялық;
      5) медициналық;
      6) күрделі тұрмыстық техниканы жөндеу;
      7) ғұрыптық;
      8) заңдық және нотариалдық;
      9) қоғамдық тамақтандыру қызметтерi;
      10) делдалдық, оның iшiнде жанармай-жағармай материалдарын сақтау мен сату жөніндегі;
      11) тұрғын үй-коммуналдық;
      12) тұрмыстық, (монша-кiр жуу, химиялық тазалау);
      13) ұйымдастыру техникасын, бақылау-касса машиналарын, дыбыстық және бейнелiк техникаларды жеткiзiп беру және қызмет көрсету жөніндегі қызметтер;
      14) көшіру-көбейту техникасына қызмет көрсету;
      15) шаштараз;
      16) киiмдер мен арнаулы киiмдер тiгу және жөндеу;
      17) суретке түсіру қызметтерi;
      18) туризм;
      19) жалға беру қызметтерi;
      20) аяқ-киiм жөндеу;
      21) былғары, пластмасса және металл галантереясын жөндеу;
      22) балалар және мектеп мекемелерiне тамақ өнімдерiн жеткiзіп беру;
      23) жарнамалық-ақпараттық, баспалық қызметтер көрсету;
      24) аударма iсi қызметін көрсету;
      25) мөртабан-мөр және жiбек жазба;
      26) эстетикалық қызметтер көрсету (визаж, косметологтардың қызметтер көрсетуi мен кеңестер беруi);
      27) оқу-білім беру қызметтерi.

Похожие:

Шағын кәсіпкерлік субъектiлерінен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінiң 2003 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы iconШағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасын және олардың көлемiн (пайызбен көрсеткенде) бекiту туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңының 8-бабының 2-2-тармағына...
Шағын кәсіпкерлік субъектiлерінен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінiң 2003 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы iconШағын кәсiпкерлiк субъектілерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 2004 жылға арналған номенклатурасын және олардың көлемiн (пайызбен көрсеткенде) бекiту туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы 8-бабының 2-2-тармағына және...
Шағын кәсіпкерлік субъектiлерінен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінiң 2003 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылға арналған
Заңға сәйкес сатып алу жүзеге асырылуы тиіс тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер
Шағын кәсіпкерлік субъектiлерінен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінiң 2003 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы iconҚызметтерді сатып алу туралы № келісімшарт Астана қ. 2012 жыл «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы, бұдан әрі «Тапсырыс беруші»
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асырудың бірыңғай ережелеріне сәйкес (бұдан әрі – Сатып алу ережелері) және...
Шағын кәсіпкерлік субъектiлерінен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінiң 2003 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы iconБазар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар
Курчатов қаласы базарларында тауарларды жүзеге асыру құқығы үшін біржолғы талондардың
Шағын кәсіпкерлік субъектiлерінен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінiң 2003 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы iconҚызметтер сатып алу туралы Шарт № Талдықорған қ. 2012 ж Бір тараптан «Қазпочта»
Тауар, жұмыс және қызметтер сатып алу Ережесінің 97 б және 2012 жылғы өткізілген сатып алу қорытындысы туралы Хаттамасы Негізінде...
Шағын кәсіпкерлік субъектiлерінен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінiң 2003 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы icon«Қызметті бір көзден тәсілімен мемлекеттік сатып алу және техникалық ерекшелігін бекіту туралы»
Жоспарындағы 263 007 000 «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы, «Басқа қызметтер және...
Шағын кәсіпкерлік субъектiлерінен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінiң 2003 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы iconТарбағатай аудандық мәслихатының 2011 жылғы № шешіміне
Тарбағатай ауданы бойынша базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан...
Шағын кәсіпкерлік субъектiлерінен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінiң 2003 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы iconҚалалық Перинаталдық орталық 2012 жылға арналған ктмкк шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс жеңімпазы туралы ақпарат
Зу құқығындағы «Қалалық Перинаталдық орталық» Мемлекеттік Коммуналдық Кәсіпорны 2012 жылға арналған кепілді тегін медициналық көмек...
Шағын кәсіпкерлік субъектiлерінен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінiң 2003 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница