Конкурстық ҚҰжаттама мемлекеттік сатып алу бойынша




НазваниеКонкурстық ҚҰжаттама мемлекеттік сатып алу бойынша
страница1/6
Дата конвертации17.01.2013
Размер0.56 Mb.
ТипКонкурс
  1   2   3   4   5   6
Бекітемін:

“Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге

арналған Қостанай облыстық кітапханасы” ММ директоры Н.М. Теплякова

Бұйрық 2008 жылғы 14 наурыз------------

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

мемлекеттік сатып алу бойынша, ашық конкурс тәсілмен мемлекеттік сараптау қорытындысы бар “Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қостанай облыстық кітапханасы” ММ ғимаратын күрделі жөндеуге арналған жобалау сметалық құжаттама.
Тапсырыс беруші“Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қостанай облыстық кітапханасы” ММ Қостанай қ. Қасымқанов к. 74, шот № 017145126, РНН 391700057573, БИК 195301070, ҚР ҚМ Қазыналық Комитеті Астана қ.

Тапсырыс берушінің өкілі Теплякова Надежда Минеевна -директор, РНН 391710902927, байланыс телефоны 8(7142) 54-27-44, электронды мекен-жайы albiblio@yandex. ru.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы “Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қостанай облыстық кітапханасы” ММ Қостанай қ. Қасымқанов к. 74, шот № 017145126, РНН 391700057573, БИК 195301070, ҚР ҚМ Қазыналық Комитеті Астана қ.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі Жуламанова Кульдана Махметовна – директор орынбасары, РНН 91710902908, байланыс телефоны 8 (7142) 54-84-63, электронды мекен-жайы albiblio@yandex. ru.

Конкурстық құжаттаманың құны Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады (конкурстық құжаттама Интернет желісінде электронды түрде орналастырылады)
1. Жалпы ережелер

1. Ашық конкурс өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі ғимаратын күрделі жөндеуге арналған жобалау сметалық құжаттамасын жасау бойынша.
2. Тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома 7778000 теңгені құрайды
3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:
1) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін;
2) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 2 қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;
3) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

4) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 5 қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тауарларды беру (жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтер көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсете отырып, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;

  1. Әлеуетті өнім беруші мен бірлесіп орындаушыда болуы керек:

-мемлекеттік сатып алуда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтер нарқында жұмыс тәжірибесі.

Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі болған жағдайда конкурстық комиссия осы конкурстағыдай жұмыстарды орындау нарқындағы жұмыс тәжірибесінің қарайды. Сонымен қатар конкурстық комиссия әлуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, тәжірибесінің әр 2 жылы сайын конкурстық сураныс бағасын 1 процентке төмендеттеді, тек 5 процентпен асырмайды. Жұмыс тәжірибесі 1 жылға дейін немесе тіптен болмаса ондай процент орнатылмайды. Осы өлшемдегі конкурстық сураныстың шартты бағасына сомалық процентінің әсері 5 проценттен аспауы тиіс.

-кәсіби біліктілік деңгейі бар және мемлекеттік сатып алу жүргізетін, әлеуетті өнім беруші қалаған, қазіргі Заңның 8 бабының 3 тармағында бекітілген талаптарды арттыратын құралы болатын жұмыс нарқында жұмыс тәжірибесі бар мамандар.

Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушінің басқа әлеуетті өнім берушілерге қарағанда кәсіби бәлікті. Қызметкерлерді ұсынғаны үшін конкурстық сураныстың шартты бағасын 5 процентке төмендетеді. Әлеуетті өнім берушінің конкурс құрамы бойынша жұмыс тәжірибесі бар жұмыскерлері болғаны үшін конкурстық сураныстың шартты бағасын да 5 процентке түсіреді. Осы өлшем бойынша конкурстық сураныстың шартты бағасына сомалық проценттік әсері 10 проценттен аспауы тиіс;

-Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұсынылған жұмыс, көрсетілген қызмет түрлерінің еркін сертификаттауы жүргізілгенін құжаттардың болуы растайтын

Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұсынылған жұмыс , көрсетілген қызмет түрлерінің еркін сертификаттауы жүргізілгенін растайтын құжаттарды қарастырарда конкурстық сураныстың шартты бағасына проценттік әсері екі проценттен аспауы тиіс;

сертифакатталған менеджмент жүйесі мемлекеттік стандарттар талаптарына сай болу.

Сертификатталған менеджмент жүйесі мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың болуын қарастырарда конкурстық сураныстың бағасына әсері 3 процентпен аспауы тиіс

2)Жұмыстың функционалдық ,техникалық, сапалық мінездемесі мен техникалық қызмет көрсету шығындары.

Конкурстық комиссия құны ең төмен қолдану шығыны, техникалық қызмет жөндеу жұмыстары бар конкурстық суранысты анықтап , мұндай конкурстық сураныстың шартты бағасын екі процентке төмендетеді конкурстық сұраныстың шартты бағасына сомалық проценттік әскері екі проценттен аспауы тиіс.

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:
1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын “Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қостанай облыстық кітапханасы” ММ Қостанай қ. Қасымқанов к. 74, шот № 017145126, РНН 391700057573, БИК 195301070, ҚР ҚМ Қазыналық Комитеті Астана қ.
2) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2008жылғы "5" сәуір 10 сағ.00 мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге тиіс. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының почталық мекен-жайын, сұрау салуларды қабылдау жүргізілетін бөлімшені және бөлме нөмірін көрсету қажет).
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:
1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;
2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялауға міндетті.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2008жылғы "10" сәуір 11 сағ.00. мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он жұмыс күні мерзіміне ұзартады.
Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды.
8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін “Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Қостанай облыстық кітапханасы” ММ Қостанай қ. Қасымқанов к. 74 2008 жыл 5 сәуір 10 сағат 00 минутта кешіктірмей кездесу өткізеді. (вставить)
9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында жариялайды.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы

Конкурсқа қатысуға өтінім

  1. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
    11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
    1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырған және қол қойылған өтінімді;
    2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:
    құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
    заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынуға тиіс;
    әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
    төлем қабілетін растайтын құжаттарды;
    осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының банктің мөрі соғылған анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде алынуға тиіс;

Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның құжаттары болмауы біліктілік талаптарына сай емес өнім беруші деп тануға негіз болмайды (мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі п.65)
бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде жүргізілетін болса, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылы үшін аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін;
салық органының басшы немесе орынбасары қол қойған, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
бар болған жағдайда, ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепке тұрғаны туралы куәліктің көшірмесін.
Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берішінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;
3) әлеуетті берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 8 -қосымшаға сәйкес үлгі нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігін, мамандығы бойынша тауарларды өндіру және/немесе беру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын көрсете отырып, қызметкерлердің бар-жоғы және саны туралы құжаттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін;
әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге де талаптардың толық тізбесін қамтитын осы Үлгі конкурстық құжаттамаға қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туралы мәліметтерді;
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;
осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және бас мердігердің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетілер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын;
4) берілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесі (қатысатын лоттарды көрсете отырып), оның ішінде:
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипатының сипаттамаларын (техникалық ерекшеліктерін);
тауарды беру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орнын, шарттарын және мерзімін (кезеңдерін);
тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға (қажет болған кезде) тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына кепілдік беру мерзімін және (немесе) көлемін;

төлеудің баламалы шарттарын;
5) банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді;
6) тиісті мемлекеттік және салалық стандарттар мен нормативтердің тізбесін, сондай-ақ техникалық ерекшеліктерін қоса алғанда, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапалық сипаттамаларын және олардың конкурстық құжаттамаға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынғаны туралы міндеттемені;

7) Мемлекеттік сатып алу жұмыстары конкурсына мынадай құжаттар көрсетуі керек: келісім бағасы бар тізімдеме, ақтарылған жұмыс кестесі
8) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

9) Байқауға қатысу үшін құрастыру және ұсыну тіліне қойылатың талаптар, ҚР “Тіл туралы” заңына сай мемлекетік сатып алу туралы келісімдер.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Конкурстық ҚҰжаттама мемлекеттік сатып алу бойынша iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама
Конкурстық ҚҰжаттама мемлекеттік сатып алу бойынша iconКонкурстық ҚҰжаттама
Мемлекеттік сатып алу бойынша «Қызмет көрсететеін қызметкерлер үшін арнайы киім алу» конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуына қатысуна...
Конкурстық ҚҰжаттама мемлекеттік сатып алу бойынша iconКонкурстық ҚҰжаттама
Мемлекеттік сатып алу бойынша «Құрылыс техникасын және автокөлігін» конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуына қатысуна әлеуетті...
Конкурстық ҚҰжаттама мемлекеттік сатып алу бойынша iconБАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама
Конкурстық ҚҰжаттама мемлекеттік сатып алу бойынша iconКонкурстық ҚҰжаттама мемлекеттік сатып алу бойынша
«Балапан» ясли бақшасы қызметін атқаруға құрал-жабдықтар мен мүлік материалдарын сатып алу конкурсын қайта өткізу
Конкурстық ҚҰжаттама мемлекеттік сатып алу бойынша iconКонкурстық ҚҰжаттама жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша

Конкурстық ҚҰжаттама мемлекеттік сатып алу бойынша iconКонкурстық ҚҰжаттама жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша

Конкурстық ҚҰжаттама мемлекеттік сатып алу бойынша iconКонкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерге Конкурстық құжаттама бойынша түсініктеме беру
Республикасының 21. 07. 2007ж. №303 «Сатып алу» Заңының 5 бабына сәйкес, жылдық жоспарды конкурстық құжаттаманың Ережеге 2 қосымшасында...
Конкурстық ҚҰжаттама мемлекеттік сатып алу бойынша iconКонкурстық ҚҰжаттама мемлекеттік сатып алу бойынша
...
Конкурстық ҚҰжаттама мемлекеттік сатып алу бойынша iconКонкурстық ҚҰжаттама кітаптарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсы

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница