Қазақстан казахстан kazakhstan




НазваниеҚазақстан казахстан kazakhstan
страница1/11
Дата конвертации17.01.2013
Размер1.86 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Білім басқармасы, Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты


Оралбай Қазанқап

Дулат Ақылбай

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНЫҢ ӘЛІППЕСІ



ҚАЗАҚСТАН

КАЗАХСТАН

KAZAKHSTAN




АСТАНА - 2009





Білім басқармасы, Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты

Оралбай Қазанқап

Дулат Ақылбай

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНЫҢ ӘЛІППЕСІ

АСТАНА - 2009
Пікір жазғандар: Ф.Н.Жұмабекова – Л.Н. Гумилев атындағы ұлттық Университетінің п.ғ.к., доцент,

М.Е.Дүйсембина - ББЖ ҚБАИ директорының орынбасары.

Е.І.Іргебай - Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп директоры


Авторлар: Оралбай Қазанқап, Дулат Ақылбай «Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп» ММ


Тоғызқұмалақ ойынының әліппесі: - Астана, 2009. – 60 бет

Еңбек, жалпы орта мектептердің 3 – 11 сынып оқушыларына, ересектерге және жалпы тоғызқұмалақ ойыны ойыншыларына арналған. Оқу әдістемелік құралда тоғызқұмалақ ойынының ережесіне түсінік беріледі және оны практикада жүзеге асыру жолдары көрсетіледі. Оқу - әдісемелік құралдың тоғызқұмалақ ойынынымен айналысушаларға тигізер көмегі аз болмасы анық.
Баспаға Астана қаласы ББЖКБА және ҚДИ ғылыми кеңестің шешімімен ұсынған (№20 хаттама, 17 қараша 2009 жыл.)







Алғы сөз
Аталған еңбекте авторлар: Оралбай Қазанқапұлы мен Ақылбай Дулат қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарын, салт-дәстүріміз бен тілімізді, діліміз бен бірге ұлттық спорттық ойындарымызды жас ұрпаққа таныстыруда жан-жақты ізденіс жасаған. Ұлттық ойындарымыздың ішінде халық арасына кеңінен танылып, қанатын жая алмай келе жатқан түрі – тоғызқұмалақ. Кеңестік жүйеде «ескіліктің сарқыншағы» деп айдар тағып, тоғызқұмалақ ойынын халық санасынан өшіруге тырысқан, арнаулы ережесін дайындамақ түгілі, жарыстар өткізуге де тыйым салынып келген ойынды қайта жаңғыртып, мектепте арнайы тоғызқұмалақ ойынының үйірмесін ашқан. Оралбай Қазанқапұлы тоғызқұмалақ ойынын жан-тәнімен сүйіп, шынымен берілген, ұлттық спорт түріне еңбегін сіңірген қайраткерлердің арқасында ұлттық ойынымыз жоғалмай, сақталып қалғандығын тілге тиек етеді. Тоғызқұмалақ ойынының қалыптасуы мен дамуына бір кісідей үлес қосып жүрген азамат ретінде – ол тоғызқұмалақ ойынынан жоғары дәрежедегі жаттықтырушы, ұлттық дәрежедегі төреші. Өзінің барлық білгендерін оқушыларға үйретуде аянбай еңбек етуде. Авторлар өздері жинақтаған бай тәжірибесін оқу - әдістемелік құрал ретінде ұсынып отыр. «Тоғызқұмалақ ойынының әліппесі» атты еңбек қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалып, жазылу стилі жеңіл, жатық қарапайым тілде жазылған. Құралда тоғызқұмалақ ойының даму кезеңдері қамтылып, жалпы ойнау ережесі нақты көрсетілген. Сонымен қатар жекелеген дебюттер мен ойындар талданып берілген. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, математика пәніне деген қызығушылығын арттырады, логикалық ойлауын дамытуға ықпал етеді. Сондай-ақ, тоғызқұмалақ ойынының жаңа үлгідегі тақтасының ұсынылуы еңбектің құндылығын қуаттай түседі. Тоғызқұмалақ ойынын үйренушілерге жақсы көмекші құрал. Осыған орай және жоғарыда аталған себептер мен салдарларды ескере отырып, жалпы білім беретін мектептерде ұлттық құндылықтарымыздың бірі тоғызқұмалақ ойынын ұйымдастыруға әдістемелі көмек көрсету мақсатында осы оқу-әдістемелік құралды ұсынуды жөн көріп отыр.

Ф.Н.Жұмабекова Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің доценті, п.ғ.к


Тоғызқұмалақтың даму тарихы
Бүгінгі күнге дейін дүние жүзінде «Зияткерлік» ойындарды дамыту, өркендету маңызды мәнге ие болып отыр. «Зияткерлік» ойындар дегеніміз ой шығармашылығын дамытатын спорт түрі. Оның тағлымдық, тәрбиелік, танымдық құндылықтарын айтпағанның өзінде терапиялық сипаты қаншама. Тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат секілді ойындар жасөспірімнің бойында салмақтылық, сабырлық, төзімдік есептегіштік, ойшылды қасиеттерін қалыптастырумен қатар кең ақыл, қиял иесі болуына да жағдай жасайды. Сондықтан да бұл ойынды «малшылар математикасы» деп тегін айтылмаған. Себебі де далада кездесе кеткен екі малшы қазан мен отауды жерді шұқып жіберіп, қалталарында жүрген 162 қойдың кепкен құмалақты әр отауға тоғыз – тоғыздан салып қояды да ойынға кірісіп кетеді. Кім көп құмалақ алса – 82 құмалақ ұтқан болып саналады. Егерде 81 – ден болса, тең ойын дейді. Міне бүгінгі ұрпаққа жеткен ауыз әдебиетіндегі аңыз. Тоғызқұмалақты қазақ пен қырғыз халықтарының өте қызықты ойындарының бірі болып саналады. Бұл тоғызқұмалақ ойынын ерте заманнан бері ойнап келеді. Халқымыздың көне ойыны «Тоғызқұмалақ» кешегі отаршылық кезінде ұмтыла бастаған, соңғы жылдары ортамызға қайта оралып отыр. Қазақ, қырғыз халқы атам заманнан бері спортқа әуес болған. Ұлттық ойын түрлері: тоғызқұмалақ, қазақша күрес, асық ойындары, арқан тартыс, көкпар, аламан бәйге, аударыспақ, жорға жарыс, бәйге, қыз қуу, теңге алу т.т. Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде шығып, қалай қалыптасқаны белгісіз. Әркім әр түрлі айтады. Тоғызқұмалақ шығыс халықтарының әдеттегі дәстүрімен айтқанда, тоғызқұмалақ ойынының жүрісі оңнан солға қарай жүреді. Ойнаған кезде, демек батыстың дәстүріне, яғни сағат тілінің бағытына қарсы жүреді.

Тоғызқұмалақ ойыны басталар алдында әр отауға тоғыз – тоғыз құмалақ салу керек. Отаудың оң жағында 81 құмалақ, сол жағында 81 құмалақ болу керек. Барлығы 162 құмалақ.

Тоғыз саны киелі сан. Әйел халқы құрсағындағы пайда блған нәрестені тоғыз ай, тоғыз күн сақтайды екен. Бұл тоғыз санының кереметтігі.

Өткен мен бүгінгі күнді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз деп айтсақ қателеспейміз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдалануды заманымызға жас ұрпақты тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Мектепте, балабақшада терең ойды талап ететін халық даналығы қалдырған ойын. Бұл ойынның аса өзіндік ерекшелігі күрделі құрал жабдықтар қажет етпейді.

Мектеп жасындағы балалардың ойлау қабілетін арттыру үшін «Тоғызқұмалақты» арнаулы тақтада ойнайды. Шахмат секілді. Тақтада 18 – отау, екі қазан болады. Екі ойыншыда да 162 құмалақ болуға тиіс. Тоғызқұмалақ ойынны тек қазақ, қырғыздар емес, Республикада тұратын барлық ұлт өкілдері ойнайды. Тоғызқұмалақ ойыны – 1949 жылы Алматыда өткізілген жарыстан кейін, ұлттық спорт түрлерін жоғары дәрежеде өткізуге көп еңбек сіңірген қайраткер Мұзафар Рақымұлы, Кәрімбайұла Рахымбай, СССР халық әртісі Қалибек Қуанышпайұлдары және де басқа көрнекті ұлт өкілдері қатысуымен үлкен жиналыс болған. Сол жиналыстан кейін «Тоғызқұмалақ» ойынының өткізу ережесін бекіткен. 1968 жылға дейін Жамбылдық Ақпанбеитов Рақымбай Қазақстан Республикасының 10 дүркін «чемпионы» аталған. Мен өзім Ақпанбеитов Рақымбай кәриамен 1965 жылы Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілген еді. Сол жарысқа мен қатысып, Ақпанбеитов Рақымбай ақсақалмен тең ойнадым. Кәрия маған батасын беріп тұрып, әй, Қазанқап Назарұлы құсап ойнайды екенсің деп батасын берген еді. Ол партиялар архивте бар. Қазанқап әкем, Каримбаев Рахымбайдың жолдасы болған бұл кісілер жиі ойнап жүрген.

Қазақстанда 1975 жылы бірінші республикалық спартакиада өткізілді. Қазақтың ұлт спорт түрлерінен 2004 жылдан бастап халықаралық спорт бағдарламасына енген. Қазіргі кезде халықаралық жарыстар турнирлер өткізіліп тұрады. Тоғызқұмалақ ойынының екі түрі бар. Оның біріншісі қазіргі ойындар, ал екіншісі «қоздату» ол оңайлау. Бұл жас балаларға сондай – ақ тоғызқұмалақты жаңадан ойнай бастағандарға арналған.



Ойынның негізгі түрі

Ойнаушының бірінші болып жүруі «жеребе» арқылы алынған нөміріне байланысты. Ойын басталар алдында әр ойыншы отауларына тоғызқұмалақтан салу керек. Екі ойыншының отауларында 162 құмалақ болу керек. Ақ жағы ойынды солдан оңға қарай жүріспен кез келген отаудан жүруге болады. Ол үшін ойыншы жүріс жасайтын ойыннан бір құмалақ қалдырады да қалғандарын келесі оң жақтағы отаудан бастап бір – бірден салып шығады. Егер ең соңғы құмалақ қарсылас жақтың отауларының біріне түсіп ондағы жатқан құмалақтар санын жұп жасаса онда ол сол отаудағы барлық құмалақты ұтып алған болып есептелінеді және өз қазханына салады. Мысалы, ақ жағы бірінші жүрісін екінші отаудан жүрсін, сонда соңғы құмалағы қарсыласының бірінші отауына түсті делік, ондағы құмалақтар санын онға жеткізді. Яғни ұтып алып өз қазанына салды.

Қара жағы болса бірінші жүрісін екінші отаудан жүрген болса, қарсыласының екінші отауына түсті дағы сондағы құмалақтың санын онға жеткізді. Яғни ұтып алып, ол да өз қазанына салып алады.

Ойынды негізінен алғанда өзінің барлық отауындағы құмалақ санының жұп болуын қамтамасыз етіп, бұл отауды жабық отау деп атайды. Қарсы ойнаушының отауындағы құмалақ санының үнемі тақ ұстауға оның отауларын ашық ұстауға келіп итермелейді.

Сондықтан есептеу керек, өзінің қай отауынан жүру керек екенін жолшыбай әрбір отауға бір құмалақтан тастай отырып, соңғы құмалақты қарсы ойнаушының тақ санды отауына түсіріп, ондағы құмалақ санын жұп жасап, ұтып алуға тырысу керек. Мұнда қарсы ойнаушының отауындағы құмалақты сауға болмайды. Барлық есеп – қисапты ойда ұстау керек. Рас жүріс жасау алдында қарсы ойнаушыдан отауындағы құмалақтар қанша екенін сұрауына болады. Онымен құмалағыңыз қанша, отауыңыз ашық па? Немесе отауыңыз жабық па деп сұрауға болады. Ол дұрыс жауап беруге міндетті. Егер ойнаушылардың арасында дау шықса, қандай да болса күдік туса төрешінің қатысуымен шешіледі. Ойын үстінде ойнаушылардың біреуінің отауында екі құмалақ болып, оған қарсы ойыншы жүріп келіп, ақырғы құмалағын салса (үшеу) онда бұл отау оның тұрақты тұздығы болады. Мұның мәнісі мынау: Бұл отауға жүріс арқылы түскен құмалақтарды ойынның аяғына дейін осы тұздықты жасаған адам алып отырады. Тұздық тоғызыншы отаудан алуға болмайды және қарама – қарсы отаудан тұздық алынбайды. Тұздық бір рет алынады.
Қоздату ойыны

Алғашқы жүрісті сақтай отырып, ойыншы қандай да болсын өз отауларының біреулерінен бірден – бірін қалдырмай барлық құмалақтарды алады да, сағат тіліне қарсы бағытта жүре отырып, бұл құмалақтарды келесі отауларға бір – бірлеп салып шығады. Оның барлық есебі келесі отауларға құмалақтарды салып шыққаннан кейін, соңғы отау бос болуына итермелеуі керек. Сонда ол бос отаудан кейінгі отаудағы барлық құмалақтарды өз қазанына алып қоюына хұқы болады. Бұл жағдай ұтыс болып есептеледі де, екінші ойыншы жүріс жасайды. Ал, егер бірінші ойыншы соңғы отауға құмалақ салып қойса, келесі отау бос болмай шықса, онда мұндағы құмалақтарды ол тіпті егер бұл тақтаның екінші жағында болса да өзінің бұдан арғы жүрістерін жасау үшін пайдалана алады.

Жүріс кезегі бірінші ойыншы ұтыс жағдайына ие болғанда немесе бірінші бос отаудан кейінгі отауда құмалақ қалмағанда беріледі. Бірінші жүрісті тек өз отауларынан жасаған жөн, ал келесі жүрістерді қарсы жақ отауларынан да жасауға болады. Егер қай ойыншының болсын жүріс нәтижесінде отауда құмалақ саны төртеу болса, жүріс жасап отырған ойнаушы «қойым қоздады» деп кімнің отауында болса да бұл төрт құмалақты өз қазанына алып алады. Кімнің қазанында құмалақтар көп болып шықса, сол ойыншы ұтқан болып саналады.
Тақ және жұп сандар

Тоғызқұмалақ ойынын жақсы ойнау үшін ең алдымен тақ және жұп санды жақсы білу керек. Мысалы: тақ сандар: 1,3,5,7,9,11,13,15,17 т.б. Жұп сандар: 2,4,6,8,10,12,14,16,18 т.б.

Тақ санды отауды ашық дейміз, соңғы құмалақ тақ санға түссе ұтып алады. Егерде жұп құмалақ жатқан отауға соңғы құмалақ түссе ұтуға болмайды. Тақ санды ашық, жұп санды жабық дейміз. Ойын кезінде әр ойыншы өзінің отауын жабық ұстап отыруы керек. Ал қарсыласының отауларын ашық ұстауға тырысуы керек. Ойынның мақсаты ойын аяқталған кезде әркім өзінің қазанына кем дегенде 82 құмалақ жинау керек. Ондай жағдайда ойыншы жеңіске жеткен болады.
Тұздық

Шахматта – «ферз», ал дойбыда – «би», тоғызқұмалақта – «тұздық». Тұздық алу өте аса маңызды болып саналады.

Ойын барысында ең соңғы құмалақ қарсыласының отауының біреуіне түскенде ондағы құмалақтар саны алғашқы рет үшке толтырса, онда сол отаудан «тұздық» алынды деп есептелінеді де, отауға «тұздық» белгісі қойылады. Мысалы: жүріс кезінде бастаушыдан ол өзінің отауындағы 9 – шы отаудағы бір құмалақты алып қарсыласының бірінші отауына жүреді, сөйтіп қарсыласының бірінші отауында жатқан екі құмалақтың алғашқы рет үшке толтырған себепті «тұздық» алды. Ал қарсыласы өзінің екінші отауындағы 14 құмалақты жүру арқылы қарсыласының 6 – отауынан «тұздық» алды. Ескерту: тұздықты әр ойыншы бір – ақ рет алады. Тұздықты 9 – шы отаудан алуға болмайды.

Атсұрау

Ойынның аяқ кезіне қарай қай ойыншының жүруге жүрісі болмай қалса, сол ойыншы «Атсұрауға» ұшырады деп есептеледі. Мысалы: жүріс қостаушыдан. Қостаушы барлық құмалағын 9 – шы отауға жинағаның өзінде 7 – і жүріс бар екен, ал бастаушының 2 – і жүрісі ғана қалды. Бұл жағдайда бастаушы «Атсұрау» жағдайына ұшырады деп есептеледі. Бұл ойын 68:94 құмалақ айырмашылығымен қостаушының пайдасына шешіледі. Атсұрауға ұшырағанда қазанындағы құмалақ саны 81 – ге жетпеген кезде ғана жеңіліске ұшырайсың.

9 8 7 6 5 4 3 2 1

26

2

І

І













Х

63













І

Х







І

67


Тоғызқұмалақ тақтасы және құмалақтары

Тоғызқұмалақ ойнау үшін арнаулы тақтада ойнайды. Тақтаның ішінде 18 кішкене отауы және екі үлкен қазаны бар. Әр отау әріппен белгіленген және ойыншының сол жағынан оңға қарай санағанының өзінің арнаулы аттары бар. Бірінші отау – А – таңдық, екінші отау – Б – көшпелі, үшінші отау – В – от өтпес, төртінші отау – Г – атсыратар, бесінші отау – Д – бел, алтыншы отау – Е – беласар, жетінші отау – Ж – қанды қақпан, сегізінші отау – З – көк мойын, тоғызыншы отау – И – маңдай. Отаулардың бұл аттарының мәні ойынның барысында әрбір отаудың атқаратын қызметін дәл көрсетеді. Мысалы: беласар, қанды қақпан, көк мойын отауларынан тұздық жасалса, онда бұл артықшылық береді, өйткені жүрістің көпшілігі осы атаулар арқылы жүргізуге тура келеді. Нақ сондай – ақ таңдық, көшпелі отауларында құмалақты көп ұстап отыруға болмайды, өйткені бұған қарсы ойнаушы үздіксіз шабуыл жасап отырады.

Ескерту: 1946 жылға дейін отаулар аттары жоғарғыдай аталып келген. 1947 жылдан – 1976 жылға дейін әріппен белгіленіп келген, ал 1976 жылдан бастап санмен белгіленген.
Ойынды жазып ойнау

Барлық жарыста және жолдастық кездесулерде жүрістерді жазып отырып ойнау керек. Бұл ойыншыларды тәртіпті етеді, бұлардың шатасып кетпеуіне кепілдік береді және жарысқа қатысқан ойыншылардың табыстары мен қателерін талдауға мүмкіндік береді. Мысалы: жүріс жасалған отаудың әрпі В отауы, содан соң оның ішіндегі құмалақтар саны 9 көрсетсе, В – 9 деп жазамыз. Жүрген кезде соңғы құмалақ салынған отаудың әрпі – Б сонымен бірге ондағы құмалақтардың саны көрсетіледі. Осы жүрістен кейін отауда – 9 құмалақ еді, соңғы құмалақты қосқанда 10 құмалақ болды – Б 10 деп жазамыз. Жалпы В9 – Б10.

Ескерту: алған құмалаққа + белгісін қойған жөн, санауға оңай, алған құмалақты біліп отыру үшін.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Қазақстан казахстан kazakhstan iconТехническая спецификация: «Услуги по продвижению торговой марки «Kazakhstan Online»
...
Қазақстан казахстан kazakhstan iconПартнеры и юристы Юридической фирмы «grata» вступили в Республиканское общественное объединение «Коллегия коммерческих юристов «Kazakhstan Bar Association»
Бликанское общественное объединение «Коллегия коммерческих юристов «Kazakhstan Bar Association» (далее KazBar) было зарегистрировано...
Қазақстан казахстан kazakhstan iconСтраховые (перестраховочные) организации по состоянию на 01. 03. 2010 года
Ао «Дочерняя организация Европейского акционерного общества «Аllianz Kazakhstan (Альянз Казахстан)» (прежнее наименование ао "ск...
Қазақстан казахстан kazakhstan iconСтраховые (перестраховочные) организации по состоянию на 01. 01. 11 года
Дочерняя организация Европейского акционерного общества «Аllianz S. E.» Ао «Страхованя Компания «Allianz Kazakhstan» (Альянз Казахстан)-...
Қазақстан казахстан kazakhstan icon«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» kazakhstan
ЖӨніндегі қазақстан компаниясы акционерлік қОҒамының корпоративтік хатшысы туралы
Қазақстан казахстан kazakhstan iconЭлектр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) kegoc
«kegoc» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) «Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру...
Қазақстан казахстан kazakhstan iconБекітілді «kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің
«электр желілерін басқару жөніндегі қазаҚстан компанияСЫ» акционерлік қОҒамы kazakhstan
Қазақстан казахстан kazakhstan iconУ9(2К)0-04 S81 Statistical yearbook Kazakhstan
Акмолинская область. Итоги Национальной переписи населения Республики Казахстан 2009 года : статистический сборник том III / Агентство...
Қазақстан казахстан kazakhstan iconБюллетень «Discover Kazakhstan»
Мы надеемся, что бюллетень «Discover Kazakhstan», будет важным средством общения со всеми экотуробъектами, парнерами и практиками...
Қазақстан казахстан kazakhstan iconБюллетень «Discover Kazakhstan»
Мы надеемся, что бюллетень «Discover Kazakhstan», будет важным средством общения со всеми экотуробъектами, парнерами и практиками...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница