Ахметов Қ. Алқалы жиын, дүбірлі тоймен өткерді/ Қ. Ахметов //Орталық Қазақстан. 2005. 26 наурыз




Скачать 43.23 Kb.
НазваниеАхметов Қ. Алқалы жиын, дүбірлі тоймен өткерді/ Қ. Ахметов //Орталық Қазақстан. 2005. 26 наурыз
Дата конвертации17.01.2013
Размер43.23 Kb.
ТипДокументы
Ахметов Қ.

Алқалы жиын, дүбірлі тоймен өткерді/ Қ. Ахметов //Орталық Қазақстан. - 2005. - 26 наурыз
Бір өзі ғылымның бірнеше саласында кесек іс тындырыл, саналы ғұмырын туған халқының жарқын болашағы жолына сарп еткен бірегей тұлға, ғұлама ғалым - Евней Арыстанұлы Бөкетовтің 80 жылдық мерейтойын кемеңгер жанның өшпес ізі қалған Қарағанды қаласы Ұлыстың ұлы күні келген шақта үлкен дайындықпен қарсы алып, алқалы жиын, дубірлі

тоймен өткерді. Ғалымның мерейтойы қарсаңында талай іс-шараның ұйымдастырылуына ұйытқы болған ізбасар жандар бұл тойда ұрпаққа тəлім боларлық істердің үлгісін көрсетті.

Иə, оның көзін көріп, шарапатына бөленген жандар, игілікті ісін жалғастырушы шəкірттері мерейтой қарсаңында қыруар шаруа тындырды. Бұл ретте Евней Арыстанұлының зор еңбегімен еліміздегі іргелі білім ордасына айналған Қарағанды мемлекеттік университеті ұжымының еңбегі елеулі болды.

Наурыздың 23 жұлдызында Е. Бөкетовтің туған күнінде басталған тойда осынау жиынға жиылған қауым атбасын ҚарМУ-ға тірегенді. Сол күні жиылған қонақтар оқу орны жанында ғалымға тұрғызылмақшы ескерткіштің іргетасын қалау рəсімін жасал, бұдан сон ҚарМУ-дың студенттер сарайында - Академик Е.А.Бөкетов - ғалым, оқытушы, ойшыл атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция басталды.

Алқалы жиында облыс əкімінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі Қабылсаят Əбішев, химиялық-техникалық зерттеу институты ұлттық орталығының бас директоры Нұралы Бектұрғанов, жазушы Кəкімбек Салықов, Білім жəне ғылым министрлігі аппаратының жетекшісі, ҚР ҰҒА академигі Рахметқажы Берсімбаев, ҚР ҰҒА академигі Əбілқас Сағынов, профессор Сұлтан Досмағамбетов, Қазақстан-Ресей университетінін ректоры, ҚР ҰГА академигі Зейнолла Молдахметов, маңызды білім беретін «Болашақ» институтының президенті, ЖМ ХҒА академигі Жамбыл Ақылбаев, ҚазҰУ профессоры Айтқожа Биғалиев, ҚарМУ ректоры, ЖМ ХҒА академигі Еркін Көбеев президумнан орын алып, жиынға төрағалық еткен ҚарМУ ректоры конференцияны ашық деп жариялаған соң мінберге облыс əкімінің орынбасары Е.Тоғжанов көтерілді.

- Бөкетовтің қайтыс болғанына 20 жылдан астам уакыт өтсе де уақыт бəрін өз орнына қойды. Ұрпақ тəрбиешісі, ұлағатты ұстаз Евней ағамыз ұлы тұлға,

халқына адал қызмет еткен қайраткер. Елімізде, жоғары білімнің дамуына, ғылым мен білімнің экономиканың ілгерілсуіне зор үлес косқан ол халықтың есінде ұлт ұстазы ретінде мəңгі қалды. Бүгін міне сан қырлы талант иесінің өнегелі еңбек жолы, ғылыми, əдеби мұрасы өз бағасын алып жатыр. Той, тойға ұлассын! - дей келе облыс əкімінің орынбасары мерейтой қарсанында еңбегімен ерекшеленген бірқатар ғалым, қызметкерлерге облыс əкімі атынан Құрмет грамотасын тарту етті. Олар: Г.Ақбаева, Д.Аймағанбетова, В.Батурин, Р.Жанбозина.

Бұдан соң, сөз толғаған Рахметқажы Берсімбаев: «Академик Бөкетовтің биорганикалык жəне органикалық химия, қара жəне түсті металлургия салаларына деген ерен құштарлығы Д. Менделеевтің мұрасын, əсіресе мұнайды қайта өндеу саласын, сонымен бірге периодтык заңнын ашылуы мен қалыптасуын асқан дəлдікпен зерттеу барысында айкын көрінді,- деп бастап ғалымның басқа да жетістіктерін ғылыми тұрғыдан талдап, таразылай жеткізіп, - келесі кезекте ғалым мерейтойына орай ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша омырау белгісімен марапатталған ғалымдардың есімін атап, тартуды тапсырды. Марапатқа ие болған Л.Құсайынова, Ə.Телғарин, В.Евдокимов, А.Масалимов, З.Жүмағали, Ш.Тоқсанбаевалардан соң тағы да бір топ ғалым-оқытушыларға Құрмет грамотасы ұсынылды.

Ал, Евней Арыстанұлының ғалымдық, оқытушылық, жазушылық, сыншылық, қайраткерлік т.б. сандаған қыры туралы жан-жақты баяндаманы ҚарМУ ректоры Еркін Қинаятұлы Көбеев жасады.

Евней Арыстанұлының педогогикалық дарыны,əсіресе, 1972-1980 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде ректорлық қызмет атқарған кезде айкын көрінді. Ол университеттін биорганикалық химия кафедрасының алғашқы меңгерушісі болды, ал 1976 жылы физикалық химия атты жаңа кафедра ашып, бұл жаңа əрі жас ұжымға алғашында өзі жетекшілік етіп, содан кейін басқару тізгінін өз шəкірттерінің біріне берді.

Тек химия саласы бойынша ғана емес, сонымен қатар экономика, заң, физика-математика, филология саласы бойынша мамаңдар мен ғалымдар қызмет ететін Карағанды мемлекеттік университеті сияқты ірі ғылыми-педагогикалық ұжымды басқара отырып, Евней Арыстанұлы оқу үрдісін ұйымдастыру мен пəндерді оқыту сапасын назардан шығарған емес.

Ол көзінің тірісінде 52 кандидат жəне ғылым докторларын дайындады, дүние салған соң академиктің жетекшілігімен жұмыс жасаған немесе ғылыми кеңесін алған 7 кандидат 11 ғылым докторы днссертацияларын қорғады.

Ғалым турасындағы осындай деректерді келтіре тұрып келелі сөз айтқан Е.Көбеев əңгімесін түйіндей келе, аталар салтымен кемеңгер тұлғаның інісі Қамзабайдың жəне ҚарМУдың ректоры болып, ұлы ұстаздың игі ісін жалғастырған ізбасарлары — З.Молдахметов пен Ж.Ақылбаевтың, А.Биғалиевтің иығына шапан жауып, алғыс хат ұсынды.

Халықаралық конференция үстінде сөз алған ғалымдардыц əрқайсысы ғалымның мүрасына əр тараптан келіп, əр тақырыпта ой толғағанды.

Сөз алған жазушы Кəкімбек Салықов Евней Арыстанұлының жазушылық,

аудармашылық қыры, шешендігі жайлы əңгімелеп өтті.

Бұдан соң, түс əлетінде, аталмыш жиыннан кейінгі уақытта секциялық мəжілістерде бас қосқан қонақтар, түс ауа ғалым атындағы мұражайға сапарлап, кешкісін С.Сейфуллин атындағы драма театрында «Юлий Цезарь» қойылымын тамашалады.

Ертесіңде ғылыми-тəжірибелік конференция ҚарМУ-да қорытындыланып, бұдан соңғы мəжіліс Ж.Əбішев атындағы химия-металлургия институтында жалғасты.

Дарынды ғалымның ғылыми жетістіктері мен ғылыми ұйымдастырушылық қызметі танылған аталмыш институтта да Е.Бекетовтің мол мұрасы жайлы оның үзеңгілес жолдастары, шəкірттері, жақын-жуықтары тебірене сөз толғады. Бұнда да марапаттау сəттеріне кезек берілді. Тағлымы мол жайттар көрініс тапты. Ерекше бір атап айтарлық нəрсе бұл жиында Бөкетов жайындағы естеліктер мен деректердің басын қосқан туынды — жазушы Медеу Сəрсекенің «Ебіней Бөкетов» атты кітабының тұсаукесер рəсімі болды.

Ғұлама ғалымның мерейтойы бұл мезетпен аяқталмақ емес, оның нағыз мерейтойлы күндері енді басталғандай. Өйткені оның артында бүгін іргесі берік, еңселі елі бар.

Похожие:

Ахметов Қ. Алқалы жиын, дүбірлі тоймен өткерді/ Қ. Ахметов //Орталық Қазақстан. 2005. 26 наурыз iconОразалиева Г. Асқар тауымыз еді Естелік / Г. Оразалиева // Орталық Қазақстан. 2005. 17 наурыз; 19 наурыз. Осыдан тура жиырма екі жыл бұрын, анықтай айтсақ, 1983 жыл 13-ші желтоқсан таңында:« академик Бөкетов қайтыс болыпты»
Асқар тауымыз еді Естелік / Г. Оразалиева // Орталық Қазақстан. 2005. 17 наурыз; 19 наурыз
Ахметов Қ. Алқалы жиын, дүбірлі тоймен өткерді/ Қ. Ахметов //Орталық Қазақстан. 2005. 26 наурыз iconТобаяқов Б. Аңызға айналған Әз аға / Б. Тобаяқов // Орталық Қазақстан. 2005. 26 ақпан; Қазақстан-заман. 2005. 10 наурыз
Аңызға айналған Әз аға / Б. Тобаяқов // Орталық Қазақстан. 2005. 26 ақпан; Қазақстан-заман. 2005. 10 наурыз
Ахметов Қ. Алқалы жиын, дүбірлі тоймен өткерді/ Қ. Ахметов //Орталық Қазақстан. 2005. 26 наурыз iconБөкетов Қ. Бір әңгіме хақында / Қ. Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз
Жақыпбектің айтқаны» деген әңгімесін «Орталық Қазақстан» газеті жариялай бастағанда таныстар, оқырмандар телефон арқылы: «Бұл болған...
Ахметов Қ. Алқалы жиын, дүбірлі тоймен өткерді/ Қ. Ахметов //Орталық Қазақстан. 2005. 26 наурыз iconМарат Ахметов совершил облет юго-восточных районов Татарстана
Заместитель Премьер-министра рт – министр сельского хозяйства и продовольствия Марат Ахметов совершил облет юго-восточных районов...
Ахметов Қ. Алқалы жиын, дүбірлі тоймен өткерді/ Қ. Ахметов //Орталық Қазақстан. 2005. 26 наурыз iconСалықов К. Евней Бөкетов дарынды аудармашы / К. Салықов // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз
Евней Бөкетов дарынды аудармашы / К. Салықов // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз
Ахметов Қ. Алқалы жиын, дүбірлі тоймен өткерді/ Қ. Ахметов //Орталық Қазақстан. 2005. 26 наурыз iconҚұдабаев А. Ебекең туралы үзік сырлар / А. Құдабаев // Орталық Қазақстан. 2005. 24 наурыз
Ебекең туралы үзік сырлар / А. Құдабаев // Орталық Қазақстан. 2005. 24 наурыз
Ахметов Қ. Алқалы жиын, дүбірлі тоймен өткерді/ Қ. Ахметов //Орталық Қазақстан. 2005. 26 наурыз iconРамиль Ахметов: «Курильщик лишается и энергии, и денег, и уверенности в себе, и душевного покоя». Н. Горюнова: в казани в13 часов и 7 минут. У микрофона Нина Горюнова. Мы начинаем «Деловой вторник на радио «Эхо Москвы»
Рамиль Ахметов: «Курильщик лишается и энергии, и денег, и уверенности в себе, и душевного покоя»
Ахметов Қ. Алқалы жиын, дүбірлі тоймен өткерді/ Қ. Ахметов //Орталық Қазақстан. 2005. 26 наурыз iconЭйлер дөңгелектері Қарағанды қаласы М. Жұмабаев атындағы №39 мектеп-гимназиясының
Математикада ХІХ ғасырдың еінші жартысында жиын ұғымы пайда болды. Жиын ұғымының математикаға енуі жиын теориясын қалыптастырды....
Ахметов Қ. Алқалы жиын, дүбірлі тоймен өткерді/ Қ. Ахметов //Орталық Қазақстан. 2005. 26 наурыз iconРезюме ахметов Ерлан Сабырович

Ахметов Қ. Алқалы жиын, дүбірлі тоймен өткерді/ Қ. Ахметов //Орталық Қазақстан. 2005. 26 наурыз iconКаренов Р. Өмірі де, өзі де өнеге еді / Р. Каренов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз
«Ежелден ел тілегі ер тілегі, Адал ұл ер боп туса ел тірегі» Бауыржан Момышұлы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница