Интелектуалды марафонды ұйымдастыру және өткізу Ережесі




Скачать 94.39 Kb.
НазваниеИнтелектуалды марафонды ұйымдастыру және өткізу Ережесі
Дата конвертации17.01.2013
Размер94.39 Kb.
ТипДокументы
Интелектуалды марафонды ұйымдастыру және өткізу Ережесі
Интелектуалды марафонын ұйымдастыру және өткізу Ережесі 2010 жылдың 30 желтоқсанында №2 хаттамамен университеттің Ғылыми кеңесінде бекітілген жоғары білім берудің кәсіби оқыту бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Типтік ережесі негізінде жасақталды.

Өзгерістер,толықтырулар енгізілді (қосымша 1, тармақ 4.3) және 2011 жылы

29 желтоқсанда № 2 хаттамамен университеттің Ғылыми кеңесінде бекітілді.

Берілген Ереже Интелектуалды марафонның мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру тәртібі мен өткізілуін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстарын, қаржыландыру, қатысу тәртібі мен жеңімпаздарды іріктеуді анықтайды.

1. Өткізу тәртібі

1.1 Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (әрі қарай КМТжИУ) Маңғыстау облысы мектептерінің 11 сынып бітірушілерін оқуға тарту мақсатында жыл сайын бірнеше кезеңнен тұратын Интелектуалды марафон өткізеді. Талапкерлерге:

- институттар мен кафедралардың «Ашық есік» күндерін (2-ші тармақты қара), «Білім марафоны» (3-ші тармақ), және пәндік білім олимпиадаларын өткізу (4-ші тармақ).

1.2 Интелектуалды марафонның мақсаты:

- мектеп бітірушілердің келешек мамандық таңдаудағы танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен дамыту;

- талантты және қабілетті оқушыларды қолдау және өзін-өзі көрсетулері үшін жағдай жасау;

- тұлғаның қабілетін ашу және дамыту, оның шығармашылық және зияткерлік күш-жігерін тиімді іске асыру;

- жоғары оқу орнының қызметін жан-жақты насихаттау;

- жоғары оқу орны мамандықтарының танымалдылығын арттыру;

- марафонға қатысушылардың келешекте Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-де білім алуға деген қызығушылықтарын ынталандыру.

1.3. Интелектуалды марафонның міндеттері:

- білім беру ұйымдары оқушыларының Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-дің келешектегі білім беру әрекетіне құлшынысын дамыту;

- Маңғыстаудың қабілетті және талантты жастарын әлеуметтік қолдау.

1.4. Интелектуалды марафонды өткізу тәртібі

Бірнеше кезеңнен тұратын Интелектуалды марафон Ш.Есенов атындағы КМТжИУ аумағында өткізіледі.

Интелектуалды марафонды өткізу үшін Конкурстық комиссия (әрі қарай - комиссия) құрылады. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялылық туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын, негізгі Ережені және білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Комиссия құрамына институт өкілдері: институт директорлары, кафедра меңгерушілері, тәжірибелі оқытушылар кіреді.

Комиссия төрағасы болып Интелектуалды марафон өткізіліп отырған аумақтың ұйым жетекшісі тағайындалады.

1.5. Интелектуалды марафонды басқаруды іске асырады:

- оқу ісі жөніндегі проректор;

- институт директорлары;

- институт кафедраларының меңгерушілері;

- аталған іс-шараны өткізуге жауапты тұлғалар (институттар мен кафедралар бойынша)

1.6. Интелектуалды марафонды қаржылай қамтамасыз ету

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-де өткізілетін Интелектуалды марафонды қаржыландыру оқу орны есебінен, сонымен қатар басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғалардың Ш.Есенов атындағы КМТжИУ білім беруді әлеуметтік қолдау үшін ұсынған арнайы пакеттері де қатыса алады.

2. «Ашық есік» күндерін ұйымдастыру және өткізу. Бірінші кезең

2.1. «Ашық есік» күндерін өткізудің мақсаты:

- мектеп бітірушілердің білім алу қажеттіліктерін еңбек нарығы сұранысына сәйкес жеке бағыт-бағдар негізінде үйлестіру;

- Маңғыстау өңіріндегі мектеп оқушыларының келешек мамандықтарын саналы түрде таңдауы үшін жағдай қалыптастыру;

- Маңғыстау облысы мектептерінің 11 сынып бітіруші түлектерін жоғары оқу орнының білім беру қызметімен таныстыру;

- жоғары оқу орнының инфрақұрылымымен таныстыру: компьютерлік кластар, дәрісханалар, кітапхана, Интернет-зал т.б.

2.2. «Ашық есік» күндерін өткізудің міндеттері:

- университеттегі мамандықтар мен бағыттар бойынша талапкерлер контингентін қалыптастыру;

- мектеп оқушыларына жоғары оқу орнының мамандықтарына түсу үшін бағдарлы пәндер бойынша жоғары білімге дейінгі дайындық жұмыстарын ұйымдастыру;

- Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіне қабылдау туралы Ережемен және еңбек нарығының даму келешегінен хабардар ету.

2.3. «Ашық есік» күндерін өткізудің тәртібі

«Ашық есік» күндерін ұйымдастыру және өткізуде басылым түрлерін және институт, кафедра, жалпы жоғары оқу орны бойынша ақпараттық материалдарды таратуға байланысты дайындық жұмыстарына назар аудару ұсынылады;

- университеттегі мамандықтардың танымалдылығын ақпараттық қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының (радио, теледидар,баспасөз) жоғары оқу орнындағы жұмысы;

- оқушылар арасында КМТжИУ-де білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған, өңірімізге тиімді мамандықтарды таңдауда оқушылардың қабілеті мен дайындығына сәйкес келетін алдын-ала кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізу;

«Ашық есік» күндерін ұйымдастыру мен өткізуде мынадай жұмыс түрлерін жүргізу ұсынылады:

- оқу орны бойынша мектеп оқушыларына саяхат ұйымдастыру мен өткізу;

- оқушыларға оқу орнының алдыңғы қатарлы профессорларымен және еңбек нарығының сұранысына ие мамандықтардың өңірімізге белгілі өкілдерімен кездесу ұйымдастыру және өткізу;

- «Педагогика және психология» кафедрасы қызметкерлерінің қатысуымен оқушыларды жеке кәсіптік бағдар беру тестісінен өткізу (кәсіби кеңес берушілер тест нәтижесін түсіндіруге және мамандық таңдауда дұрыс ұсыныстар беруі тиіс);

- институттарда жеке пәндер бойынша байқау тесттерін өткізу;

- кафедраларда оқушылардың мамандық таңдаудағы қызығушылығын арттыру мақсатында кәсіби бағытталған топтық және жеке сабақтар өткізу;

- оқушылар мен ата-аналарға жоғары оқу орнының түлектері және студенттерімен кездесу ұйымдастыру.
3. «Білім марафоны» қазан мен сәуір айлары аралағында өткізіледі және тағайындалады:

- мектеп бітірушілерге кәсіби бағдар беру бойынша мақсатқа бағытталған және жүйелі жұмыстар жүргізу;

- бітіруші түлектерге ҰБТ-ке дайындалуға көмек көрсету;

- жас ұрпақтың кәсіби бағытталу кезеңінде жоғары оқу орны мен мектептің біріккен қызметін ұйымдастыру;

- мектептің жоғары сынып оқушыларын ғылыми-тәжірибелік іс-әрекеттерге тарту арқылы кәсіби бағдар беру.

3.1. «Білім марафоны» кезеңінде мынадай жұмыс түрлерін өткізу мүмкіндігі бар:

- Ақтау қаласындағы гимназиялар, мектептердің жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдарын анықтау үшін психологиялық-педагогикалық тренингтер ұйымдастыру;

- жоғары оқу орны институттарының мамандықтарына түсу үшін бағдарлы пәндер бойынша жоғары білімге дейінгі дайындықты ұйымдастыру түрлері;

- үйірме жұмыстары немесе дайындық курстары;

- мектепте ғылыми зертханалар ұйымдастыру (келешек талапкерлер арасынан ғылыми әлеуетін қалыптастыру мақсатында - мысалы «Жас зерттеуші»т.б)

- жоғары сынып оқушыларын жоғары оқу орны студенттерінің тәжірибеден өтетін орындарына қатыстыру;

- оқушыларды жоғары оқу орны студенттерінің ұйымдастырған және өткізген іс-шараларына қатыстыру;

4. Мектеп бітірушілер үшін пәндік білім Олимпиадасы

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ Маңғыстау өңіріндегі Ақтау қаласында мектеп бітіруші оқушылар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа он жылдық - жаңа әлеуметтік өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде талантты жастарды қолдау үшін Олимпиада өткізеді. Олимпиадаға ағымдағы оқу жылының қазан айынан басталған білім марафонына қатысқан Маңғыстау облысы мектептерінің бітіруші түлектері қатыса алады. Пәндік олимпиада мектептің көктемгі демалыс күндері өткізіледі және Интелектуалды марафонды қорытындылайды.

4.1. Пәндік білім Олимпиадасының мақсаты мен міндеттері:

- «Жаңа он жылдық - жаңа әлеуметтік өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің халыққа Жолдауын жүзеге асыру;

- КМТжИУ-дің өңіріміздегі алдыңғы қатардағы білім беру ұйымы ретіндегі мәртебесін күшейту;

- талантты жастарды, жетім балаларды, ата-ана қамқорлығынсыз қалған қамқоршылықтағы балаларды, мүгедек балаларды, көп балалы және аз қамтылған жанұя балаларын әлеуметтік қолдау.

4.2. Пәндік олимпиада қатысушылары және оларды іріктеу шарттары:

- Олимпиадаға ағымдағы оқу жылының қазан айынан басталған білім марафонына қатысқан Маңғыстау облысы мектептерінің бітіруші (11-ші) сынып түлектері жіберіледі;

- Олимпиадаға қатысу үшін жалпы білім беру ұйымының жетекшісі Олимпиадаға қатысуға өтініш пен тілек білдірген оқушылардың тізімін қоса береді;

- Олимпиадаға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 1-15 наурызы аралығында өткізіледі.

4.3. Пәндік олимпиаданы өткізу тәртібі:

Университет басшылығы Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу бойынша комиссия жасақтайды (пәндік бағыттарға сәйкес). Комиссия құрамына бөлім басшылары, кафедраның алдыңғы қатарлы оқытушылары, кәсіби бағдар беру жұмысының жауапты тұлғалары кіреді. Комиссия төрағасы болып ұйым басшысы тағайындалады.

- Олимпиада тапсырмаларын жасақтайды және бекітеді;

- оқушылардың жауаптарын бағалау, тестілеу нәтижесін жариялау және Олимпиада біткеннен кейін дұрыс жауаптардың кілтін саралау үшін қазылар алқасын тағайындайды;

- тестілеу мазмұны және дұрыс жауаптардың кілті ашылғаны туралы мәлімет түскен жағдайларда Олимпиадаға қатысушының нәтижесін қабылдамау және дәрісханадан аластатуға шешім қабылдайды;

- Комиссия мүшелерінің отырысына қатысушылардың берген дауыс санына қарай Комиссия шешім қабылдайды, отырыс хаттамасы жасақталып, комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды. Дауыс саны тең түскен жағдайда Комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы.

Олимпиада жалпы білім беру пәндері: Биология, Физика, География, Дүниежүзі тарихы, Орыс тілі және әдебиеті бойынша өткізіледі;

- Олимпиада жалпы білім беретін оқу бағдарламасы негізінде жасақталған тест тапсырмалары бойынша өтеді, олардың мазмұны берілген бағдарлама шеңберінен шығарылмайды;

- әр пәннен тест тапсырмалар саны - 50;

- Олимпиаданың өткізілуіне 2 астрономиялық сағат беріледі (120 минут);

- нәтиже 100 баллдық жүйемен бағаланады;

- қатысушыға бір орыннан екінші орынға ауысуға, емтихандық материалдармен алмасуға, көшіруге, дәрісханаға шпаргалка кіргізуге және пайдалануға, оқулықтар және оқу әдебиеттерін, ұялы телефондарды әкелуге рұқсат етілмейді;

- берілген Ереженің тармақтары қатысушылар тарапынан бұзылған жағдайда Комиссия төрағасы табылған және тартып алынғаны жөнінде акт жасақтайды. Комиссияның шешімімен қатысушы дәрісханадан шығарылады, тест нәтижесі қабылданбайды.

- Конкурстық комиссия шешімімен Олимпиада жеңімпаздарына I, П, Ш дәрежелі грамота тағайындалады.

Егер I, П, Ш дәрежелі грамота иегерлері ҰБТ-ті өз дәрежесінде тапсырса (таңдаған мамандықтарына таңдау пәні сәйкес болса), оларға білім алуға әлеуметтік қолдау пакеті (сертификат) табысталады (1-ші қосымша):

- I дәрежелі грамота иегері – Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-дің 100 % білім беру грантын иеленеді;

- II дәрежелі грамота иегері – Ш.Есенов атындағы КМТжИУ –дің 75% білім беру грантын иеленеді;

- III дәрежелі грамота иегері - Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-дің 50 % білім беру грантын иеленеді.

Білім алу қызметінің сертификаты Ш.Есенов атындағы КМТжИУ шеңберінде ғана жарамды. Егер грант иесі сертификатты пайдаланбаған жағдайда университет берілген құжатты өзіне қалдыруға құқылы.

қосымша 1

Оқушылар таңдаған мамандықтың таңдау пәнімен сәйкестігі





Пәні

Мамандығы

1

Биология

5В060800 Экология

5В010100 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

5В010200 Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі

5В011300 Биология

2

Физика

5В071200 Машина жасау

5В073200 Стандарттау, метрология және сертификаттау

5В071300 Көлік, көлік техникасы және технологиялары

5В090100 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалын ұйымдастыру

5В071700 Жылу энергетикасы

5В072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар

5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау

5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

5В011000 Физика

5В011100 Информатика

3

Химия

5В011200 Химия

5В072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

4

География

5В011600 География

5В090200 Туризм

5В090300 Жерге орналастыру

5В090700 Кадастр

5

Дүниежүзі тарихы

5В011400 Тарих

5В020800 Археология және этнология

6

Орыс тілі және әдебиеті

5В011800 Орыс тілі және әдебиеті






Похожие:

Интелектуалды марафонды ұйымдастыру және өткізу Ережесі iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ережесі
Аулысымен бекітілген мемлекеттік тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі негізінде Қазақстан...
Интелектуалды марафонды ұйымдастыру және өткізу Ережесі icon«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі Жалпы ережелер
Осы «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Болашақ» бағдарламасы...
Интелектуалды марафонды ұйымдастыру және өткізу Ережесі iconКонкурсты өткізу ережесі қоса жалғанады. Директорам школ!
Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 8-Наурыз мерекесіне арналған «Абысын тату болса, ас көп» және «Сәукелелі (Бұрымды)...
Интелектуалды марафонды ұйымдастыру және өткізу Ережесі iconОқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесі
Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының „Білім туралы” Заңының 5-бабы 25) тармақшасына сәйкес және білім беру ұйымдары...
Интелектуалды марафонды ұйымдастыру және өткізу Ережесі icon«Өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және пайдалануға беруге, құрылыс алаңдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі
Эпидемиологиялық талаптар санитариялық ережесі (бұдан әрі – Санитариялық ереже) құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу...
Интелектуалды марафонды ұйымдастыру және өткізу Ережесі iconДенсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесi Жалпы ережелер Осы Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесі (бұдан әрі Ереже) «Денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Осы Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесі (бұдан әрі Ереже) «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының...
Интелектуалды марафонды ұйымдастыру және өткізу Ережесі iconОрта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі –Конкурс)
Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңына», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған...
Интелектуалды марафонды ұйымдастыру және өткізу Ережесі iconКонкурсты (бұдан әрі Конкурс) өткізу ережесі «Білім туралы»
Конкурс өткізу ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010...
Интелектуалды марафонды ұйымдастыру және өткізу Ережесі iconКонкурс тәсілімен өзгеше тәртіпті қолдану арқылы ұйымдастыру және өткізу бойынша өткізілген қызметтерінің қорытындысы туралы хаттама
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға арналған әлеуметтік жобаларды 2012 жылы қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөнінде шараларды...
Интелектуалды марафонды ұйымдастыру және өткізу Ережесі icon«Білім меценаты-2012» меценаттарына құрмет көрсетудің салтанатты рәсімдерін өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің
Азақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, ұйымдастыру комитетінің төрағасы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница