Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы «Телерадио хабарлар тарату туралы»




Скачать 110.49 Kb.
НазваниеТелерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы «Телерадио хабарлар тарату туралы»
Дата конвертации17.01.2013
Размер110.49 Kb.
ТипДокументы
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы

«Телерадио хабарлар тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі


К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекiтiлген

Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу

ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. «Телерадио хабарлар тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар), Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу жөніндегі конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібін және оған жеке және заңды тұлғалардың қатысу шарттарын анықтайды.

2. Конкурсқа қатысуға жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – Үміткер) өтінімдерін қарауды және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеуді Қазақстан Республикасы Үкіметі құрған Қазақстан Республикасында Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.

3. Комиссияның жұмысшы органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Конкурсты өткізудің ұйымдастырушысы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) болады.
2. Конкурстың өткізілу тәртібі
4. Конкурсты өткізу жөніндегі шешімді Ұйымдастырушы қабылдайды.

5. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және оның өткізілуіне кемінде жұмыс отыз күн қалғанға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады.

Ақпараттық хабарлама мынандай мәліметтерді қамтиды:

  1. Конкурстың өткізілу уақыты, датасы және орны;

  2. Елді мекеннің (аумақтың) атауын көрсете отырып, телерадио хабарлар тарату мақсатына арналған жиілік, радиожиілік (радиожиіліктегі арналар) жолақтарын бөлу және оларды пайдалану шарттары туралы мәліметтер;

  3. Өтінімдерді қабылдау орны және жиіліктің нақты номиналын пайдалану бойынша техникалық, қаржы, және басқа да құжаттарды алу және Конкурстың, өтінімдерді қабылдау уақытының басталуы мен аяқталуы және Конкурсқа қатысу үшін басқа да қажетті құжаттар тізбесі туралы қосымша ақпарат.

6. Конкурсқа қатысуға уақытында өтінім берген және осы Қағидаларға сәйкес рәсімделген құжаттарды талаптарға сай ұсынған Үміткерлер жіберіледі.

7. Үміткердің Конкурсқа қатысуға өтінім беруі, оның осы Қағидаларда белгіленген және Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада жарияланған шарттарды қабылдағанын білдіреді.

8. Конкурсқа қатысуға Үміткерлер осы Қағидалардың кез келген тармағы бойынша Ұйымдастырушыдан түсіндірме алуына болады.

9. Тіркелген тапсырыс кері қайтарылған жағдайда, Үміткер Ұйымдастырушыға жазбаша түрде хабарлама жолдайды.

10. Конкурсқа қатысуға тапсырыс беруді Үміткердің атынан қатысуға құқық беруді растайтын тиісті тұрғыда рәсімделген сенімхатты көрсету арқылы Үміткердің өкілі жүзеге асырады.

11. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген тапсырыс мезгілі аяқталғаннан кейін, қосымша құжаттарымен бірге келіп түскен өтінімдер қабылданбайды. Өтінімнің қабылданбау себептерін көрсете отырып, құжаттарды қабылдауды жүзеге асырған тұлға белгі жасайды.

12. Ұйымдастырушы Үміткерлердің Конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер мен оларға қосымша тіркелген құжаттардың, сондай-ақ өтінім берген тұлғалар мен олар ұсынған құжаттардың мазмұны туралы құпиялықтың сақталуын қамтамасыз етеді.

13. Үміткер Конкурсқа қатысу үшін осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес өтінім ұсынады.

14. Өтінімге осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес құжаттар қоса ұсынылады.

15. Осы Қағидалардың 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген құжаттар тігілген, нөмірленген беттерімен және соңғы бетіне оның қолы мен мөрімен (жеке тұлға үшін, егер болса) куәландырылған күйінде жапсырылған конвертте Ұйымдастырушының мекенжайына жібереді.

16. Комиссия Конкурсты өткізу туралы ақпараттық бағдарламада көрсетілген мерзімде және орында, үміткерлер мен олардың өкілдерінің қатысуымен өтінімдер мен басқа құжаттар салынған конверттерді ашады.

17. Егер, ұсынылған құжаттар осы Қағидада қарастырылған талаптарға сай келмеген жағдайда Үміткер Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

18. Ұйымдастырушы конверттерді ашу хаттамасын екі жұмыс күн ішінде жасайды.

Конверттерді ашу хаттамасына Комиссия төрағасы, Комиссияның қатысып отырған қатысушылары және Комиссия хатшысы қол қояды.

19. Комиссия ұсынылған тапсырыстар мен басқа да құжаттарды қарап, конверт ашылған күннен бастап, он жұмыс күннен аспайтын мерзімде Конкурс қорытындысын шығарады.

20. Үміткерлердің өтінімдерін қарау, сондай-ақ Конкурс жеңімпазды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу, анықтау Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген телерадио хабарларын тарату мақсатына арналған жиіліктің, радиожиіліктің, (радиожиіліктегі арналардың) әрбір жолағы бойынша жүзеге асырылады.

21. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктің, радиожиіліктің (радиожиілік арналары) әрбір жеке жолағына қатысты Конкурсқа қатысуға тек бір Үміткер жіберілетін болса, ол өткізілмеді деп саналады.

Үміткердің және (немесе) оның уәкілетті өкілінің Комиссия отырыстарына қатыспауы себебінен конкурстық өтініштен бас тартуға жол берілмейді.

22. Конкурс бойынша шешiмдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып саналады.

Ең үздік шығармашылық, техникалық және қаржы ұсыныстарын жасаған Үміткер Конкурс жеңімпазы болып табылады.

Комиссия Конкурс жеңімпазын анықтауда келесі өлшемдерді басшылыққа алады:

- аудитория мүдделерін есепке ала отырып, ретрансляцияланатын теле-, радиоарналардың бағдарламалық тұжырымдамасы;

- жоспарланған халықты теле-, радиоарналармен қамту;

- теле-, радиоарналарды тарату үшін жоспарланған жабдықтарың болуы, сипаттамасы, ахуалы мен түрі;

- білікті техникалық қызметкерлерінің болуы;

- көзделетін қаржыландыру негіздері, жоспарланған шығындар мен кірістер, жобаның өтелу мерзімі.

23. Конкурс нәтижелері жеңімпаздарды анықтаған күні Комиссия отырысында жарияланады және Конкурс қорытындысы Комиссия төрағасы мен оның мүшелері қол қойған хаттамамен рәсімделеді және екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
__________________


Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы

Телерадио хабарларын таратуды

дамыту мәселелері

жөніндегі комиссия төрағасына
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу бойынша конкурсқа қатысуға өтінім
Жалпы мәліметтер:


  1. Заңды тұлғаның /толық атауы/жеке тұлғаның аты-жөні.

______________________________________________________________

2. Заңды мекенжайы:____________________________________________

3. Телефондардың, факстердің нөмерлері:

______________________________________________________________

4. Конкурстық хабарландыруға сәйкес пайдалануға жоспарланған жиілік номиналы:

______________________________________________________________

  1. Конкурстық хабарландыруға сәйкес таратушы станцияның қуаты, Вт: ______________________________________________________________

  2. Таратушы станцияның орнатылу пункті

______________________________________________________________

  1. Жоспарланған ретрансляцияланатын телеарналар тізбесінің атауы ______________________________________________________________

  2. Хабар таратуға құқық алуынан бастап, қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі:

______________________________________________________________

  1. Теле-,радиоарналармен халықты қамтудың жоспарланған көлемі:

______________________________________________________________
Қосымша тіркелетін құжаттар

1.______________________________________

2.______________________________________

3.______________________________________
Бірінші басшының/жеке кәсіпкердің қолы

М.О. 201 ___ ж. «___» _________
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларына 2-қосымша

Үміткерлердің Конкурстық ұсыныстары
Өтінімге келесі құжаттар қоса ұсынылады:


    1. нотариалды түрде куәландандырылған келесі құжаттардың көшірмелері:

заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

жеке тұлға үшін – жеке басын және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беруді растайтын құжаттар;

2) радиотаратқыш жабдықтарын орнату орны көрсетілген, теле-, радиоарналар қамтитын аймақтың шекараларын енгізе отырып шамамен алғандағы аумақ орнының картасы;

3) келесідей мәліметтер көрсетілген түсіндірме жазба:

телевизиялық сигналдың (бір сөйлеу, көп сөйлеу) дыбыстық сүйемелдеу түрі;

теле-, радиоарналарды тарату үшін жоспарланатын жабдықтардың болуы, сипаттамалары, ахуалы және түрі туралы ақпарат;

білікті техникалық қызметкердің болуы (дипломдар және еңбек кітапшасының көшірмелерін қосымша);

көзделетін қаржыландыру негіздері, жоспарланған шығындар мен кірістер, жобаның өтелу мерзімі;

4) теле-, радиоарналарды тарату стандартын орындау туралы міндеттеме;

5) арнаның орташа ақпараттық жылдамдығын және жоспарланған хабар тарату сапасының стандарттарын ұстап тұру туралы міндеттеме;

6) телерадио хабарларын тарату желілерін ұйымдастыру сызбасы немесе бір бағдарламалық хабар тарату;

7) спутниктік байланыс арналары пайдаланған жағдайда, қосымша:

пайдаланылатын жердің жасанды серіктерінің, орналасқан жері және тиесілігі (спутниктік оператор), олардың орналасу нүктесі, қызмет көрсету зонасы;

спутниктік операторларға берілген желіде қолданылатын қабылдағыш-таратқыш жерсеріктік станцияларының трансмиссиялық жоспарларының көшірмесі;

жиіліктердің алатын белдеулері (пайдаланылатын спутниктік ресурс мөлшері);

8) радиостанцилар үшін қосымша шығармашылық ұсыныстар:

радиоарнаның хабар тарату кестесі (кейінгі айға);

келесі мәліметтерден тұратын ақпаратты:

радиоарнаның тақырыптық бағыттылығы;

хабар таратудың тілдік арақатынасы, мемлекеттік тілдегі радиобағдармаларды трансляциялау уақыты;

меншіктік радиобағдарламалардың, сатып алынатын радиобағдарламалар мен ретрасляциялардың арақатынасы.
___________________

Похожие:

Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы «Телерадио хабарлар тарату туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі №1198 Қаулысы
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту...
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы «Телерадио хабарлар тарату туралы» iconТелерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидалары Жалпы ережелер
Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы...
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы «Телерадио хабарлар тарату туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қазандағы №1333 қаулысы Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы «Телерадио хабарларын тарату туралы»
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы «Телерадио хабарлар тарату туралы» iconҚазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық қатынастарды, телерадио хабарларын тарату субъектілерінің құқықтары мен...
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы «Телерадио хабарлар тарату туралы» iconТеле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Лицензиялау туралы»
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 3 тармақшасына және «Телерадио хабарлар...
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы «Телерадио хабарлар тарату туралы» iconТелерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүдденi есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттiлiгiн...
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы «Телерадио хабарлар тарату туралы» iconКонкурстық хабарлама
Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңының 7-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында...
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы «Телерадио хабарлар тарату туралы» iconТеле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын таратушы операторларының желілеріне қосу ережелерін бекіту туралы
Жылғы 18 қаңтардағы «Телерадиохабар тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 15 тармақшасына сәйкес, БҰйырамын
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы «Телерадио хабарлар тарату туралы» iconКонкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы
«Телерадио хабарларын тарату туралы»» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 6 тармақшасына сәйкес...
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы «Телерадио хабарлар тарату туралы» iconҚазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница