Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы




Скачать 272.34 Kb.
НазваниеШығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
страница1/3
Дата конвертации18.01.2013
Размер272.34 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3


Аягөз ауданы әкімдігінің

2011 жылғы 24 қазандағы

№ 790 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз

ауданының 2012-2016 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму болжамы


Аягөз қ., 2011 ж.


  1. Кіріспе


Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі - Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысына сәйкес әзірленді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын орнату мақсатында әзірленеді және бес жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамынан, үрдістерінен, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерінен және үш жылға арналған бюджеттік параметрлер болжамынан тұрады.

Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер болжамы жергілікті атқарушы органдардың 2012-2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспарларын, сондай-ақ 2012-2014 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің болжамын әзірлеу үшін негіз болып табылады.



  1. Экономикалық даму үрдістері


Ауыл шаруашылығы.

2011 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5116,2 млн. теңгені немесе 2010 жылдың сәйкес кезеңіне 123,3%-ды құрады, табиғи көлем индексі – 104,2%.

Ірі-қара малы бойынша – 9,2% төмендеу тіркелсе, қой және ешкі бойынша – 0,9%, құс бойынша – 3,7% өсу тіркелген. Жылқы саны 2010 жылдың 8 айымен салыстырғанда 3 басқа артты.

Тірі салмақтағы ет - 8942,9 тонна, сүт – 29338,2 тонна, жұмыртқа – 2782,3 мың дана өндірілген. Алынған ауыл шаруашылығы өнімін шығару көлемі бойынша өткен жылғы сатыға сәйкес ет - 3,4%, сүт - 0,6%, жұмыртқа - 4,6% жоғары. Жүн өндіру 513,5 тоннаны құрап, өткен жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда 2,4%-ға жоғары.

2010 жылы егістік көлемі 14000 га болса, 2011 жылы 15783 га, былтырғы жылдың деңгейіне 112,8% құрады. Оның ішінде: 9233 га дәнді дақыл (былтырғы жылға қатысты 104,5%), 1950 га күнбағыс (104,4%), 703 га картоп (100,4%), 336 га көкөніс (112%), 5 га бақша дақылдары (былтырғы жылы болмаған), 3156 га көп жылдық шөп (137,4%), 400 га біржылдық шөп (былтыр болмаған).

9233 гектар дәнді дақыл алқабынан 7479 тонна немесе әр гектардан 8,1 центнерден астық жиналды, бұл өткен жылдан 1621 тоннаға кем немесе 82,2% құрайды.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің

2008-2010 жылдардағы өсу динамикасы



Өнеркәсіп. Ауданның барлық өнеркәсібі бойынша 2011 жылдың 8 айында 3032,1 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп, 2010 жылдың 8 айына қатысты 125,1% құрады. Нақты көлемінің индексі - 138%.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеруде 53,8 млн.теңгенің (НҚИ – 97,5%), өңдеу өнеркәсібінде 2475,1 млн.теңгенің (146,5%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондиционерлеуде 408 млн.теңгенің (133%), сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 95,2 млн.теңгенің (80,6%) өнімдері өндірілді.

Өндірістік өнімнің негізгі үлесін табиғи көлем индексі 146,5% құрайтын өңдеу өнеркәсібі алады. Мұнда жалпы өнеркәсіп өнімінің 81,6%-ы өндірілген.

Өндірістік өнім көлемі бойынша жеткізілген 2744,3 млн.теңге жоспар-тапсырма ауданда 287,8 млн.теңгеге немесе 10,5%-ға артық орындалды.
Өнеркәсіп өнімінің

2008-2010 жылдардағы өзгеру динамикасы

Тауар айналымы. 2010 жылы бөлшек сауда тауар айналымының көлемi (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 4603,9 млн.теңгенi құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 24,8%-ға артты. Ауданда 4 сауда базары, 12 сауда үйі, 371 дүкен және сауда бөлімдері, 28 дәріхана, 30 жанар-жағар май станциясы жұмыс істейді. Сауда айналымы көлемінің 87,5% сауда базарлары мен кәсіпкерлердің үлесіне келеді. 1 тұрғынға шаққандағы сауда айналымының көлемі 2009 жылғы 383,0 мың теңгеден 2009 жылы 431,0 мың теңгеге дейін, немесе 12%-ға артты.

Шағын кәсіпкерлік. 2010 жылы тіркеуде тұрған шағын кәсіпорындар саны 111 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 65, белсенділері 57 немесе 51,4%-ды құрады немесе бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 13,6% жоғары.

Түскен салықтар 54,8 млн. теңге, өткен жылға қатысты 104,4% құрайды.

Инвестициялық қызмет. 2010 жылы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 1414,8 млн.теңге болып, 2009 жылдың деңгейіне 116,8% құрады. Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымында меншікті қаражат – 50,5%-ды, республикалық бюджет қаражаты – 32,7%-ды, жергілікті бюджет 16,9%-ды құрады.

Тұрғындар есебінен 2010 жылы жалпы аумағы 4024 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, 2009 жылмен салыстырғанда 1,6%-ға артты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2011 жылдың 1 қаңтарына ресми жұмыссыздық деңгейі 0,7% құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеді. Жыл бойы 1843 адам жұмыссыз ретінде тіркелген, 2009 жылмен салыстырғанда 53 адамға аз.

Қайта оқыту, мамандандыруға 159 жұмыссызды оқуға жіберу жоспарланып, 95%-ға орындалды (151 адам жолдама алды).

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 580 жұмыссыз жіберілді, бұл жылдық жоспардың 101,8%-ы, осы мақсатқа 13,7 млн.теңге жұмсалды.

2010 жыл қорытындысы бойынша 633 жаңа жұмыс орындары ашылды, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 97% құрайды.

Жұмыссыздар арасынан 1475 адам жұмысқа орналасты, бұл жұмыс іздеушілердің 80%-ы.

Жастар іс-тәжірибесі бағдарламасы бойынша 8 жас түлекті жастар іс-тәжірибесіне жіберу жоспарланса, 9 адам қала мекемелерінде іс-тәжірибеден өтіп, жоспарға қатысты 112,5% құрады. Осы іс-шараларға қаралған қаражат – 745,0 мың теңге толығымен игерілді.

Нысаналы топтардан әлеуметтік жұмыс орындарына 7 адам жіберіліп, 503,0 мың теңге игерілді.

2010 жылы аудан бойынша аз қамтылған 4211 адам 84,3 млн.теңге атаулы әлеуметтік жәрдемақы алды. 7532 адамға 105,0 млн.теңге балалар үшін берілетін жәрдемақы, 2563 отбасына 35,7 млн.теңге тұрғын-үй жәрдемақысы төленді. Үйде тәрбиеленіп оқитын 141 мүгедек балаға 22,8 млн.теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға теңестірілгендерге коммуналдық шығындарды өтеу мақсатына барлығы 15,7 млн.теңге төленді.

Облыс әкімі гранты негізінде оқу орындарында білім алушы 67 студентке 27,5 млн.теңге төленді.

Көп балалы 2097 анаға 8 наурыз мейрамына 21,0 млн.теңгеге көмек көрсетілді.

Салықтар және бюджет. 2010 жылы жалпы бюджеттің көлемі 3760,0 млн.теңге құрады. Оның ішінде жергілікті бюджетке жоспардағы 1 млрд. 289 млн.теңгенің орнына 1 млрд. 311 млн. теңгеге салықтар түсті немесе 101,7%-ға орындалды.

Жыл басынан бері алынған трансферттер 1899,5 млн.теңге, оның ішінде 1149,1 млн.теңге субвенция, 638,5 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер мен 111,9 млн.теңге даму трансферттері алынды.

2010 жылғы бюджеттік қаржының игерілуі 98,2% құрады.
Экономиканы дамыту факторлары және шарттары
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімінің көлеміне кен өндіру өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі (машина жасау өнімдерін өндіруді қоспағанда), электрмен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету алынып, орта есеппен 7% өсіммен есептеліп отыр.

Есептегі жылы өңдеу өнеркәсібінің 40%-ын құрайтын (машина жасауды қоспағанда 98%) тамақ өнімдерін өндіру жыл сайын динамикалық түрде өсіп 6-дан 14%-ға дейін 2016 жылғы көрсеткіш 2010 жылдан 163,1%-ға дейін артатын болады.

Осы саладағы киім өндіру, өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру көлемі 2011 жылғы бағалауға қарап 53,0 – 72,9%-ға төмендегенімен 2012 жылдан бастап қолға алынатын іс-шаралардың нәтижесінде 2016 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 2,3 және 1,34 есеге артатын болады.

Электрмен, газ, бумен жабдықтау бірқалыпты, жылына алдыңғы жылдан 7%-ға артып отырады деп болжануда.

Сумен қамтамасыз ету, кәріз суларын пайдалану бұл саланың экономикалық қиыншылықтарын ескере келе жылына 1-3 пайыз өсіммен болжанады.

Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі биылғы жылы 2010 жылмен салыстырғанда 11,2%-ға өседі деп күтілуде.

2012 жылы алдыңғы жылдан 7,7% өсім болмақ. 2013 жылы 2012 жылға 104,3%, 2014 жыл 2013 жылға 113,9% құрап, жалпы өнім көлемі 5923,2 млн.теңгеге жетуі жоспарлануда. Бұл өсім – «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің, «Ақбастау», «Құсмұрын» рудниктерінің қайта жандануына байланысты олардың өнім көлемі алдын-ала жасалған болжамдарға сәйкес 2014 жылы 500,0 млн.теңгені құрауы есебінен болмақ. 2015 жылы өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға өсіп, 5923,2 млн.теңгеге жетеді. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-мен Қытай Халық Республикасының «Халық» банкінің арасындағы меморандумға сәйкес Ақтоғай кен байыту комбинатының құрылысына 1,5 млрд.теңге АҚШ долларына несие берілмек. Осыған байланысты комбинат толық іске қосылып, кен өндіру өнеркәсібінде үлкен алға жылжулар болады деп күтілуде.

Комбинатта бір ауысымда 1500 адам жұмыс істеп, жылына 29,0 млн.тонна сульфид өндірілмекші. Соның нәтижесінде кен өнеркәсібінде 2016 жылы 5750,0 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, жалпы өнеркәсіп бойынша өнім көлемі 11567,4 млн.теңгені құрамақ. Бұл көрсеткіш 2015 жылдан 95,3%-ға, 2010 жылдан 2,9 есеге артық болады.

Ауыл шаруашылығы. Нақты сектордың ауыл шаруашылығы көрсеткіштері ауданның 2012-2016 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі орын алады. Ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі 2016 жылға дейін алдыңғы жылдарға қарағанда үнемі өсуі қаралған, яғни 2012 жылы – 6,9%-ға, 2013 жылы – 7,9%-ға, 2014 жылы – 9,2%-ға, 2015 жылы – 8,8%-ға, 2016 жылы – 9,0%-ға, ал 2016 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 48,3%-ға өсуі көзделген. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде мал шаруашылығының үлес салмағы жоғары, яғни жалпы өнімнің 92%-ын құрайды. Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін 2016 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 58,4%-ға, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көлемін 16,8%-ға арттыру көзделіп отыр.

Агроөнеркәсіп кешенінен пайда түсімін арттыру ауыл шаруашылығы өнімдерін кешенді қайта өндеу, малдардың санын және өнімділігін, дәнді дақылдардың түсімділігін ұлғайту шараларын іске асыру, сондай-ақ, алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану есебінен жоспарлануда.

Сыртқы сауда айналымы. 2011 жылы сауда айналымының көлемі 2010 жылға қарағанда 18,2%-ға, соның ішінде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі – 18,3%-ға және көтерме сауда айналымының көлемі – 15,8%-ға артты. 2012-2016 жылдарда дейін сауда айналымының көлемі 21,3%-дан 27,8%-ға дейін артпақ. 2016 жылы 2010 жылдан 3,4 есе артпақ.

Негізгі капиталға инвестиция. Соңғы үш жылда негізгі капиталға инвестиция динамикасы көрсеткендей 2010 жылы инвестиция көлемі 2009 жылға қарағанда 4,0%-ға ұлғайғаны байқалады. 2011 жылы 2010 жылдың деңгейіне қарағанда 11,9%-ға өсу күтілуде.



  1. 2012-2016 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы.


2011 жылы аудан азаматтарының өмір сүру деңгейін жоғарылатуға және жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуін болдырмауға, ауданның болашақтағы дамуы үшін негіз құруға бағытталған әлеуметтік проблемаларды шешу саласында бұрын қабылданған шараларды іске асыру жалғастырылуда.

2012 – 2016 жылдарға арналған салық саясатының негізгі бағыттары бұрынғыдай салықтардың кірістерді қайта бөлу бойынша мемлекеттің әділ құралы ретіндегі әлеуметтік маңызды, ынталандырушы және фискалдық функцияларын нығайтуға, мемлекеттік функциялар мен міндеттемелердің толық көлемде орындалуын қаржылық қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Бұл орайда мемлекет қабылдаған міндеттемелерді орындау және жаңа бастамаларды іске асыру фискалды жүктемені ұлғайтуды талап ету мүмкін.

Орта мерзімде жүргізіліп отырған шығыстар саясаты бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттігіне сүйене отырып, бюджетті әзірлеу және атқару жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталатын болады.

Осы мақсатта 2011 жылы тиімділік және нәтижелілік индикаторларына негізделген бюджетті қалыптастыру және орындау жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі енгізіледі, бұл жетекшілік етілетін салаларда стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету дәрежесін, тікелей, соңғы нәтижелер көрсеткіштері мен тиімділік көрсеткіштеріне жету (жетпеу) талдауын анықтауға мүмкіндік береді.

2012-2014 жылдарға арналған аудан бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Салық кодексі ережелері мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді ескере отырып, орта мерзімді кезеңге арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының экономикалық көрсеткіштерінің болжамдық параметрлері базасында анықталған.
Аудан бюджетінің кірістері (трансферттер есебінсіз) млн. т

Көрсеткіштер атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Кірістер

1,4

1,5

1,6

салықтық түсімдер

1,4

1,5

1,5

салықтық емес түсімдер

0,01

0,01

0,01

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

0,01

0,01

0,01


2012-2014 жылдардағы бюджет түсімдері көлемінің болжамы экономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлері, өткен жылдардағы түсімдер динамикасы мен ағымдағы жағдайды талдау негізінде құрылған.
Шығыстар көлемі бір жағынан жинақ сұранысты, екінші жағынан бюджеттік инвестициялар есебінен инвестициялық белсенділікті қолдауды қамтамасыз ететін деңгейде ұсталатын болады.

Шығыстар саясаты мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында бюджет қаражатының бекітілген көлемі қолданылып қарастырылған ең жақсы тікелей нәтижеге жету қажеттілігіне қарай бюджетті әзірлеу және орындау жолымен бюджет шығыстарының тиімділігі мен нәтижелілігін жоғарылатуға бағытталатын болады.

Осы мақсатта тиімділік пен нәтижелілік индикаторларында негізделген бюджетті қалыптастыру және орындау жүйесі, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі жұмыс істейтін болады, ол жетекшілік ететін салаларда (өңірлерде) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету дәрежесін, тікелей, соңғы нәтижелер көрсеткіштері мен тиімділік көрсеткіштеріне жету (жетпеу) талдауын анықтауға мүмкіндік береді.

  1   2   3

Похожие:

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconI. 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Бюджет Кодексіне 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне және...
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconI. 2012-2016 жылдарға арналған Жаңақорған ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес...
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconҚазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
Елдің 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconЖамбыл ауданы әкімінің 2011 жылғы 29 қарашадағы
Жамбыл ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconБҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы
Бұқар жырау ауданының 2012-2016 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы icon2012 – 2016 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы Мазмұны
Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің 2012-2016 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі...
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconҚазақстан Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
...
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconӨскемен қаласының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Өскемен қ., 2011 ж. Мазмұны
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 2012-2014 жылдарға арналған шығыстардың болжамды көлемдері
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы iconШарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша
Шарбақты ауданының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының болжамы (одан әрі-Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы icon2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе
Республикасы Үкіметінің №423 қаулысымен бекітілген әлеуметтік – экономикалық даму болжамын рәсімдеу ережесіне енгізілген өзгерістерге...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница