Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік стандарты Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау




Скачать 81.22 Kb.
НазваниеМемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік стандарты Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау
Дата конвертации18.01.2013
Размер81.22 Kb.
ТипДокументы



Аягөз ауданы әкімдігінің

2008 жылғы 12 ақпанындағы

№ 563 қаулысына 5 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің

үлгілік стандарты
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау
1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, Астана және Алматы қалаларында белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларына) мемлекет ақшалай нысанда берілетін төлем».

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын:

-Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Қазақстан
Республикасының 2001 ж. 17 шілдедегі N 246-II Заңы,

- ҚР Үкіметінің 24.12.2001 ж. № 1685 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚазақстанРеспубликасының 2001 ж. 17 шілдедегі N 246-II Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы қаулысы.

4. Осы мемлекеттік қызметтің атауы: «Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді, мекен жайы Аягөз қаласы, Х.Дүйсенов көшесі, 104 үй.

5. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі):

кедейлік шегінен төмен тұратын адамдарға (отбасыларына) мемлекет ақшалай нысанда айсайын берілетін төлем. Кедейлік шегінің деңгейі облыстарда, Астана және Алматы қалаларында әр тоқсан сайын белгіленеді.

6. Атаулы әлеуметтік көмек кімге көрсетіледі:

1) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқын статусына ие адамдардың, шетелдіктердің, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

2) Мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, магистратура мен аспирантураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік тағайындалмайды.

3) Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар алты айға атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айрылады.

4) Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтау орталық атқарушы орган белгілейтін тәртіппен, атаулы әлеуметтік көмек үшін өтініш жасаған кезде табыс етілетін құжаттар негізінде жүргізіледі. Отбасының жиынтық табысына, тұрғын үй және атаулы әлеуметтік көмекті қоспағанда, белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай және заттай нысанда нақты алынған табыстардың барлық түрі енгізіледі.

5) Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ең ұзақ мерзімдері:

1) Уәкілетті орган өтініш берушілерден және әкімдерден қоса тіркелген құжаттарымен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

2) Кент, ауыл (село) әкімі өтініш берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға 20 күн ішінде жібереді.

8. Мемлекеттік қызмет ұсынудың ақылы немесе ақысыз екендігін көрсету: Қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызметті ұсынуда сапа талаптары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат көздерінде мемлекеттік стандартқа сәйкес жария ететін міндетті орынды көрсету:

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің стендінде орналастырылды.

10. Қызмет көрсетуде алдын–ала жазылу, жедел қызмет ұсыну қолданылса жұмыс кестесін көрсету:

Құжаттарды қабылдау күндері: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері сағат 8.30-дан 12.30-ға дейін, қала тұрғындары, Бейсенбі, жұма күндері кент, ауыл тұрғындары.

11. Қызмет ұсынатын қауіпсіздігін, мүмкіндігі шектеулі жеке тұлғаларға икемді күту жағдайы, құжаттардың үлгісі көрсетілген стендтер болу жағдайларын көрсету:

Кезек күтушілерге арналған фойеде құжат толтыратын үстел, арыз үлгілері ілінген стендтер бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін, оның ішінде жеңілдігі бар тұлғаларға қажетті құжаттар мен талаптар тізбесін көрсету:

Адам (бұдан әрі - өтініш беруші) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауы үшін өз атынан немесе отбасы атынан әлеуметтік жеке кодының нөмірін көрсетіп, тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға белгіленген үлгіде өтініш жолдайды. Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
1) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

2) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы мәліметтер;
3) Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.

13. Мемлекеттік қызмет алу үшін толтыратын бланкілер берілетін жерді немесе сайттарға сілтемелерді көрсету: Өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша қажетті құжаттарды аудандық уәкілетті органға, селолық жерде кент, ауыл (село) әкіміне табыс етеді.

14. Мемлекеттік қызмет алу үшін толтыратын бланкілер толтыруға, арыз, басқа да қажетті құжаттар беретін жауапты тұлғаның бөлмесінің нөміріне, мекен-жайына немесе сайтына сілтеме жасау:

Өтініш беруші өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.

15. Мемлекеттік қызмет алу үшін барлық қажетті құжаттарын тапсырғанын растайтын, тұтынушының мемлекеттік қызмет алған күні көрсетілген құжат формасының атауын көрсету:

Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыстар туралы құжаттардың табыс етілуі арқылы расталады.

16. Курьердің жеке баруы, сайт, электрондық пошта арқылы қызмет көрсету қорытындысы мүмкіндіктерінің әдістері мен жұмыс кестесінің толық тізбесін көрсету:

Құжаттар Х.Дуйсенов, 104 мекен-жайындағы «Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, № 4, 9 кабинетерге тапсырылады.
3. Жұмыс қағидасы

17. Мемлекеттік орган өтініш берушіге қатысты қызмет көрсету туралы толық ақпарат береді, белгіленген үлгідегі өтініш және оған қосымша бланкілерді тегін береді.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Өтінішберушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да объектілердің жұмыс сапасы бағаланатын көрсеткіштердің мәнін және олардың құрамына кіретін мекемелердің құрамын жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобы бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі
20. Егер Сіз басқарма мамандарының жұмысына қанағаттанбасаңыз немесе бөлімнің шешімімен келіспесеңіз, Сіз басқарма бастығыны арыздануға құқылысыз.

21. Шағым беріп арыздану мезгілі шешім қабылданған сәттен 1 жыл.

22. Шағымның қаралу барысы шағым түскеннен 15 күнде қаралады, немесе қосымша тексеру қажет етсе 30 күн

23. Егер Сіз түсірген арыздың жауабына қанағаттанбасаңыз жоғары құзырлы органдарға шағымдануыңызға құқылысыз.
6. Байланыс ақпараты
24. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның байланыс деректері:

- Аягөз қаласы Х.Дүйсенов көшесі, 104 мекен-жайындағы «Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ -нің бастығы, № 1 кабинет, қабылдау күні: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері сағат 8.30-дан 12.30-ға дейін, қала тұрғындары, Бейсенбі, жұма күндері кент, ауыл тұрғындары, тел: 3-27-56;

- «Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ бастығының орынбасары, № 2 кабинет, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері сағат 8.30-дан 12.30-ға дейін, қала тұрғындары, Бейсенбі, жұма күндері кент, ауыл тұрғындары, тел: 3-38-46;

25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпаратты 3-30-14 телефоны бойынша алуға болады.

Мемлекеттік қызмет

көрсету стандартына

қосымша

Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні


Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіш-тің нормативтік мәні

Келесі жылғы көрсеткіштің нысаналы мәні


Есепті жылдағы көрсеткіштің

ағымдағы мәні

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсетуді ұсыну оқиғалары % (үлесі)











1.2. қызмет алу үшін кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)











2. Сапасы

2.1. қызмет көрсетулерді ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)











2.2. құжаттар дұрыс ресімделген жағдайлары (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)











3. Қол жетімділік

3.1. қызмет көрсетулерді ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)











3.2. тұтынушылар құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші тапсырған оқиғалардың % (үлесі)











3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызмет көрсетулердің, ақпараттардың % (үлесі)











4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызмет көрсетудің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санымен негізделген шағымдардың % (үлесі)











4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдардың % (үлесі)











4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібімен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі)












4.4. шағымдану мерзімімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)











5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)













Похожие:

Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік стандарты Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Жалпы ереже
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – бұл жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, Астана және Алматы қалаларында...
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік стандарты Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Жалпы ережелер
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы Ақмола облысында белгіленген кедейлік...
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік стандарты Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен...
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік стандарты Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау iconЕкібастұз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «30» қаңтардағы
Мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік стандарты Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) қүжаттарды ұсынғаны үшiн жауапға тартылатыным туралы ескертiлдiм
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік стандарты Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау iconМемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – Қарағанды облысында тоқсан сайын белгіленетін кедейшілік шегінен төмен айлық орташа...
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік стандарты Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аумақтық бөлімшелерінде...
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік стандарты Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті. Негізгі ұғымдар
Рі-атаулы әлеуметтік көмек – АӘК – Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, жиынтық кіріс табысы белгіленғен кедейлік шегінен төмен...
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік стандарты Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау icon18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу Ережесінің" 4, 9, 25, 28, 29 тармақтарының және "Балаларға...
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік стандарты Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау iconРегламенті Негізгі ұғымдар Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница