Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына




НазваниеҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
страница5/5
Дата конвертации18.01.2013
Размер0.75 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5
639-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын жағдайлар

1. Ескерту немесе айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда, егер айыппұл бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса және адам (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын адам) құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса, және осы баптың 2-бөлігінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Ескерту түріндегі жазаны соған уәкілеттік берілген лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығару жолымен ресімдейді. Айыппұл түрінде жаза қолданылған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыда сонымен қатар осы Кодекстің талаптарына сәйкес ресімделген түбіртек туралы мәліметтер көрсетіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының екінші данасына қол қою арқылы қолданылған жазамен келісетінін растайды.

1-1. Осы Кодекстің 539-бабының үшінші бөлігінде, 639-бабының үшінші бөлігінде аталған жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.

Айыппұл түріндегі жазаны оған уәкілетті лауазымды адам осы Кодекстің 710-бабында белгіленген тәртіппен қолданады және төлете алады.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты түрде жұмыс істейтін сертификацияланған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарымен бекітілсе, айыппұл үш күннің ішінде пошта арқылы арнайы хатпен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамды хабардар ету үшін жолданатын (берілетін) арнайы бақылау-өлшеу құралдары немесе аспаптардың көрсеткіші жазылған қосымшамен осы Кодекстің 651-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығару жолымен рәсімделеді.

Қаулы осы қаулыға шағым болмаған жағдайда және тиісті жолмен көлік құралының меншік иесін (иесін) хабардар еткен күннен бастап он күн өткенде күшіне енеді.»;

32) 640-баптың 1-бөлігі мынадай редакцияда баяндалсын:

«1. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлдiк берiлген судьяға, органға (лауазымды адамға) жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде жiберiледi.

33) 641-бап мынадай редакцияда жазылсын;

«641-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн қысқарту.

Осы Кодекстің 580, 581-баптарында көрсетілген жағдайлардың тым болмаса бірі болса, осы өндіріспен айналысып жүрген қызметкер істі қараудың ведомствоға қарастылығына қарамастан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтату туралы қаулы шығарады.»;

34) 652- баптың 2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қаулының көшiрмесi өзi арнап шығарылған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкіліне дереу тапсырылады, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі сот шығарған қаулының көшірмесі әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қозғаған уәкілетті органға (лауазымды адамға) қаулыда көрсетілген күннен бастап үш күнде жіберіледі. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшiрмесi дереу прокурорға жiберiледi.»;

35) 697 бап мынадай мазмұнды 3-1 бөлікпен толықтырылсын:

«3-1. Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру түріндегі әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы, оны шығарғаннан бастап, жүргізуші куәлігін тапсырудан жалтарған жағдайда – оларды факт бойынша алған күнінен бастап орындауға жатады.»;

36) 707-бап мынадай редакцияда баяндалсын

«707-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындау

1. Әкімшілік айыппұл салу туралы қаулының заңды күшіне енгеннен кейін немесе осы Кодекстің 701-бабында көзделген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап, әкімшілік жаза салған орган тиісті түрде әкімшілік жауапқа тартылатын адамға айыппұл сомасын ерікті түрде төлеу туралы хабарлайды.

Айыппұл әкімшілік жауапқа тартылған адамға хабарланғаннан бастап отыз күн ішінде төленуі тиіс.

1-1. Осы Кодекстің 461 - 471-баптарында қарастырылған құқық бұзушылықтары үшін, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орында немесе оны салған күнінен бастап бір тәулікте төленген әкімшілік айыппұл, -

әкімшілік айыппұл төлеудің сомасын елу пайызға төмендетуге әкеп соғады.

1-2. Осы Кодекстің 461 - 471-баптарында қарастырылған құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік айыппұл, оны салған күнінен бастап жеті банктік күнде төленген айыппұл, -

әкімшілік айыппұл төлеудің сомасын отыз пайызға төмендетуге әкеп соғады.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұл белгіленген тәртіпте, жеке тұлғаға немесе мемлекеттің бюджетіне заңды тұлғаға аударылады, одан әрі әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны шығарған сотқа немесе органға (лауазымды адам) жазба түрінде хабарланады.»;

37) 708-бап:

3-4 бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жауапқа тартылған адам жұмыстан шығып кеткен не оның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл ұстау мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босаған немесе жазаны орындауға мүмкiндiк бермеуге әкеп соғатын оқиға болған күннен бастап он күн мерзiмде, жауапқа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), айыппұлды өндiрiп алудың мүмкiн еместiгi себептерiн көрсетiп, сондай-ақ ұстау жүргiзiлгенi (егер ол жүргiзiлсе) туралы белгi соғылған қаулыны айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарған сотқа, уәкілетті органға қайтарады.

4. Егер айыппұл салынған жеке адам жұмыс iстемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы оны шығарған сот, уәкілетті орган заңдарда көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн мемлекеттік сот орындаушысына жiбередi.»;

38) 715-бап 5-1, 5-2 мынадай мазмұнды бөліктермен толықтырылсын:

«5-1. Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін, алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйде көлік құралын жүргізіп, әкімшілік жазаның осы түріне тартылған тұлғадан алынған жүргізуші куәлігі алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан оңалту профилактикалық бағдарламадан (курстар) немесе белгіленген тәртіпте мәжбүрлеп емдеуден өткеннен кейін қайтарылады.

5-2. Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік шараның осы түріне тартылған адамның алынған жүргізуші куәлігі жол қозғалысы қауіпсіздігі және жол қозғалысы ережелерінен білімін тексеру үшін емтихан тапсыру бойынша профилактикалық бағдарламалардан (курстар) өткеннен кейін қайтарылады.»;

39) 732-бап мынадай редакцияда баяндалсын:

«732-бап. Жол жүрiсi ережелерiн бiлудi тексеру туралы қаулыны орындау

Жол жүрiсi ережелерiн бiлудi тексеру туралы қаулыны заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі жол полициясының органдары жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша профилактикалық бағдарламалардың (курстардың) өтуі туралы қаулыларды орындайды.»;

34) 732-1-бап мынадай мазмұнда баяндалсын:

«732-1-бап. Әкімшілік қоғамдық жұмыс қолдану туралы қаулыны орындау

Әкімшілік қоғамдық жұмыс қолдану туралы қаулы заңнамамен бекітілген тәртіпте ішкі істер органдарымен орындалуы іске асырылады.»;

2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне Қазақстан Республикасы Парламентінің ведомосі, 2003 ж., № 13, б. 99; 2005 ж., № 9, б. 26; 2006 ж., № 1, б. 5; № 3, б. 22; № 11, б. 55; № 12, б. 79, 83; № 16, б. 97; 2007 ж., № 1, б. 4; № 2, б. 18; № 14, б. 105; № 15, б. 106, 109; № 16, б. 129; № 17, б. 139; № 18, б. 143; № 20, б. 152; № 24, б. 180; 2008 ж., № 6-7,б. 27; № 15-16, б. 64; № 21, б. 95; № 23, б. 114; 2009 ж., № 2-3, б. 18; № 18, б. 84, 86):

115 - баптағы 1-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын:

«115-бап. Автомобиль көлiгiнiң жерi

1. Автомобиль көлiгi қажеттерiне арналған жерге:

1) автомобиль жолдарына, тұрақ және көлік құралын қою, олардың конструкциялық элементтерi мен жол ғимараттарына және олармен технологиялық байланысқан құрылыстар мен ғимараттарға;».

3. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салық және басқа да бюджнтке төленетін төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 ж., № 22-I, 22-II, б. 112; 2009 ж., № 2-3, б. 16, 18; № 13-14, б. 63; № 15-16, б. 74;2009 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 шілдедегі «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Жеке кәсіпкерлердің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалфық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

540-бапта:

9-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:

«9) беру үшін: жүпгізуші куәлігі – 125 пайыз;

Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – 125 пайыз;

Автомобильге мемлекеттік нөмірлік белгілер -280 пайыз;

Санды белгімен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999 - автомобильге 13 700 пайыз;

Санды белгімен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері 001,002,003,004,005,006,007,008,009- автомобильге 22 800 пайыз.

Мотокөлік, автомобиль тіркемелеріне мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері - 35 пайыз;

Техникалық байқаудың халықаралық сертификаттары - 50 пайыз;».

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы 1993 ж. 13 қаңтардағы № 1872-XII Қазақстан Республикасының заңы» (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ведомосі, 1993ж., Қазақстан Республикасы Парламентінің ведомосі, 1996 ж., № 14, б. 275; 1998 ж., № 24, б. 436; «Советы Казахстана» газеті 02.03.93 № 42):

1) 11-1 бап мынадай редакцияда жазылсын:

«11-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шекаралық бақылау

Шекаралық бақылау:

Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына кіруге (шығуға) құқық берудің заңды негіздерін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуге құқық беретін құжаттарды тексеру;

көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды қарап тексеру;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери, режимдік, жедел және әкімшілік әрекеттер жасау арқылы жүзеге асырылады.

Жол қозғалысы саласындағы халықаралық  келісімдердің талаптарына сәйкес кіргізілетін және шығарылатын көлік құралдардың және олардың тіркеиелерінің сәйкестігін тексеру;

Заңнама талаптарына сәйкес жол қозғалысы саласында соттардың және уәкілетті органдардың шығарған қаулыларын орындауды бақылау;

көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды қарап тексеру;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери, режимдік, жедел және әкімшілік әрекеттер жасау арқылы жүзеге асырылады.»;

2) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда баяндалсын:

«12-бап. Адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi және тауарларды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін адамдарды өткізуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімдері мен бөлімшелері жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасына келуі кезінде өткізу пунктіне келген және шекара арқылы өтуге негіздемесі жоқ адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілмейді және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес өздері келген елге немесе өзі азаматтығын алған елге кері қайтарылады.

Қазақстан Республикасынан кететін адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін құжаттары болған кезде шекара арқылы өткізілуге тиіс.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін құжаттары болмаса;

егер бұрын осы адамға қатысты Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік шығарып жіберу шаралары қолданылса;

жол қозғалысы саласында сотпен және уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларымен шығарылған шығарылған қаулылардың орындалмағаны болса;

осы адамға қатысты Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарынан тиісті шектеулер болған жағдайларда, шекарадан өткізуден бас тартылады.

Көлiк құралдарын, жүктердi және тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кеден органдары мен басқа да мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен бiрлесе отырып жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi, тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізудiң өзге де тәртібі белгiленуi мүмкiн.

3)18-бап мынадай редакцияда баяндалсын:

«18-бап. Қазақстан Республикасының шекаралық тәртібі және аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңының тәртiптерi

Шекаралық аймақ пен шекаралық өңiрде, Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңында, азаматтардың келу, уақытша болу, тұру, жүрiп-тұру тәртібін, жұмыстар жүгiзу, пристаньдарда, айлақтарда, өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелер мен мұз арқылы жүруге арналған құралдар тоқтай тұратын пункттерде есеп жүргiзу және ұстау, олардың Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен iшкi суларында жүзу және қозғалу тәртібін регламенттейтiн шекаралық тәртiп, Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңының тәртібін белгіленеді.

Басқа мемлекеттерде тіркелген уақытша әкелінген және уақытша шығарылатын көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің Қазақстан Республикасының аумағындағы қозғалысын есепке алу;

Пристаньдарда, айлақтарда және тоқтайтын пункттерде өздiгiнен жүретiн, өздiгiнен жүрмейтiн кемелер мен құралдарды есепке алу мен ұстаудың, олардың Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен iшкi суларында, шекаралық өзендер мен басқа да су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде жүзуi мен қозғалуының осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртібі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қозғалатын және есепке алынаты, басқа мемлекеттерде тіркелген көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің уақытша әкелінуі және шығарылуы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына iргелес жатқан тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағына да немесе шекаралық аймақ белгiленбеген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметi күзететiн теңiз жағалауына да қолданылады. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңiзiнде) және континенттiк қайраңында, шекаралық өзендер және өзге де су қоймалары суларының Қазақстанға қарайтын бөлiгiнде кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру қызметтерi мен өзге де қызметтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған қызмет Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңында - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне хабарлай отырып, ал Қазақстан Республикасының iшкi суларында, шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының Қазақстанға қарайтын бөлiгiнде олардың рұқсатымен жүзеге асырылады.»;

4) 23-бап 3-1) мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын:

«3-1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қозғалатын және есепке алынаты, басқа мемлекеттерде тіркелген көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің уақытша әкелінуі және шығарылуының тәртібін бекітеді.»;

5) 24-бап1-тармақ 4-1 тармақшасымен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«4-1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қозғалатын және есепке алынаты, басқа мемлекеттерде тіркелген көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің уақытша әкелінуі және шығарылуының тәртібін бекітеді.»;

3-тармақ 2-1) және 3-1) мынадай мазмұндағы тармақшаллармен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарындағы құқық тәртібінiң жай-күйi, тұрғылықты жерiнен белгiсiз мән-жайларда кетiп қалған адамдар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне қатысты құқыққа қарсы ниеттерi бар қылмысты топтар мен адамдар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне хабарлап отырады;

3-1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қозғалатын және есепке алынаты, басқа мемлекеттерде тіркелген көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің уақытша әкелінуі және шығарылуының тәртібін бекітеді.

5. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» № 2707 заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ведомосі, 1995 ж., N 23, б. 154; Қазақстан Республикасы Парламентінің ведомосі , 1997 ж., N 7, б. 79; N 12, б. 184; 1998 ж., N 17-18, б. 225; N 23, б. 416; N 24, ст. 436; 1999 г., N 8, б. 233, 247; N 23, б. 920; 2000 ж., N 3-4, б. 66; 2001 ж., N 13-14, б. 174; N 17-18, б. 245; N 20, б. 257; N 23, б. 309; 2002 ж., N 17, б. 155; 2003 ж., N 12, б. 82):

22-баптың 2-1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-1. Iшкi iстер министрлігі Жол полициясы комитетінің бастығы - лауазымы бойынша Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспектор болып табылады.

Iшкi iстер министрлігі Жол полициясы комитетінің бастығының орынбасары - лауазымы бойынша Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары болып табылады.

Ішкі істер органы Жол полициясы департаменттері басқармаларының, облыстық,республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасының бастықтары – лауазымы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша облыстық,республикалық маңызы барқалалар және Республика астанасының облыстық,республикалық маңызы барқалалар және Республика астанасының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспектор болып табылады.

Ішкі істер органы Жол полициясы департаменттері басқармаларының, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасының бастықтарының орынбасарлары – лауазымы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша облыстық,республикалық маңызы барқалалар және Республика астанасының облыстық,республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары болып табылады.

Ішкі істер органы Жол полициясы департаменттері басқармаларының, облыстық,республикалық маңызы барқалалар және Республика астанасының мамандары – лауазымы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша облыстық,республикалық маңызы барқалалар және Республика астанасының облыстық,республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады.».

6. Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы 2001 ж. 16 шілдедегі № 242-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы Парламентінің ведомосі, 2001 ж., № 17-18, б.243; 2004 ж., № 23, б.142; 2005 ж., № 6, б.10; № 7-8, б.19; 2006 г., № 1, б.5; № 3, б.22; № 15, б.95; № 23, б.144; № 24, б.148; 2007 ж., № 1, б.4; № 2, б.18; № 16, б.129; 2008 ж., № 21, б.97; № 24, б.129; 2009ж., № 15-16, б.76; № 18, б.84; 2010 ж., № 5, б.23; 2011 ж., № 1, б.2; № 6, б.50):

1) 49-бап:

мынадай мазмұнды 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Тұрғын аймақ автомобиль құралдары үшін көлік қоятын орынмен немесе тұрақпен қамтамасыз етілуі тиіс.»;

3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тұрғын аймақта қонақ үйлердi, жер бетіндегі және жер астындағы көлікжайларды, автомобиль көлiгiнiң ашық тұрақтарын, сондай-ақ орналастырылуы мен қызметi санитариялық-қорғаныш аймақтарын жасауды талап ететiн, қоршаған ортаға әсер етпейтiн өндірiстiк объектiлердi орналастыруға жол берiледi.».

7. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы- 2003 ж.-№ 14, 104 б.; 2006 ж. №3, 22б., №4, 25;2007 ж.№ 8, 52 б; 2008 ж. №6-7,27б.

1) 5-баптың 1-тармағындағы 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген (әкелінген ) көлік құралдары. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша мәліметтер базасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген (әкелінген ) көлік құралдарының сақтандыру полюсінде әкелінген және шығарылған күні көрсетілуі тиіс.»;

2) 9-бап:

1 - 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Iшкi iстер органдары көлiк оқиғасына қатысушыларға не олардың өкілдерiне, сондай-ақ сұратуы бойынша сақтандыру ұйымдарына сақтандыру жағдайының, сондай-ақ көлік оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген жағдайдың басталу фактiсiн растайтын құжаттардың бiр-бiр данасын бередi, оның ішінде оқиғаның сызбасымен қоса жол қозғалысы ережесін бұзғаны туралы хаттаманың көшірмесін береді.

2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өтініш жасаған кезде бұл ақпаратты жазбаша нысанда, не болмаса электронды нұсқада мөрмен куәландырып, не болмаса электронды цифрлі қолымен беруге міндетті.»;

мынадай мазмұнды 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша мәліметтер базасын енгізу және қалыптастыру бойынша ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасы аумағына уақытша әкелінген (кірізілген) көлік құралдарының иелері туралы ақпаратты ақпаратты жазбаша нысанда, не болмаса электронды нұсқада мөрмен куәландырып, не болмаса электронды цифрлі қолымен беруді ұйымдастыру.

3) 22-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«22-1-бап. Өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда көлік оқиғасы басталған кездегі тұлғалардың іс-әрекеттері.

1. Көлік оқиғасы жасалған кезде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оның қатысушылары мүмкіндік болған кезде орын алған көлік оқиғасы туралы мынадай жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен рәсімдейді:

1) жол-көлік оқиғасы кезінде залал тек мүлікке қатысты;

2) жол-көлік оқиғасы екі қатысушымен болу кезінде көлік құралдары иелерінің азаматтық –құқықтық жауапкершілігі осы заңға сәйкес сақтандырылған ;

3) жол-көлік оқиғасы кезінде залал мүлікке қатысты, көлік құралдарының көрінетін бұзылу тізімі мен сипаты жол-көлік оқиғасының салдарынан қатысушылар арасындағы келіспеушілік және міндетті сақтандыру ережелеріне сәйкес көлік құралдары жүргізушілерінің жол-көлік оқиғасына қатысуы туралы бланкте толтырылған және хабарламада толтырылған.

2. Жол полициясы қызметкерлерінің, уәкілетті органдардың қатысуысыз болған жол-көлік оқиғасы туралы құжаттар рәсімделсе, толтырылған хабарлама мен өтініш иесінің сақтандыру төлем туралы өтініші залал, шығын мөлшерін анықтау үшін сақтандырушыға жолданады.

Сақтандырушы жол-көлік оқиғасы кезінде залал мүлікке қатысты, көлік құралдарының көрінетін бұзылу тізімі мен сипаты жол-көлік оқиғасының салдарынан қатысушылар арасындағы келіспеушілік және міндетті сақтандыру ережелеріне сәйкес көлік құралдары жүргізушілерінің жол-көлік оқиғасына қатысуына қатысты тәуелсіз сараптама өткізуге құқығы баар.

3. Сақтандыру полисін алған зардап шегуші осы баптың 1-2 тармақтарының негізінде сақтандырушыға залалдың орнын толтыруға қатысты қосымша талаптар қоюға құқығы жоқ.

Зардап шегуші азаматтық жауапкершілігін сақтандырған сақтандырушыға сақтандыру төлемін талап еткеннен соң және зардап шегуші ол туралы білмеген жағдайында талап қоюына құқылы.».

7. Автомобиль жолдары туралы 2001 ж. 17 шілдедегі № 245-II Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің ведомосі, 2001 ж., № 17-18, б. 246; 2004 ж., № 23, б. 142; 2006 ж., № 1, б. 5; № 14, б. 89; № 24, б. 148; 2007 ж., № 16, б. 129; 2008 ж., № 15-16, б. 64):

1) 14-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Автомобиль жолдарын дамыту iсiн жоспарлауды мемлекеттік органдар, шаруашылық және жеке меншiк автомобиль жолдарының басқарушылары бекітілген республикалық және аймақтық бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырады. Елді мекендердiң көше-жол желісін дамыту iсiн жоспарлауды тиiстi жергiлiктi атқарушы органдармен көлік құралдарын қоятын орынды және тұрақты ұйымдастыруды бөлу үшін міндетті түрде жер бөлуді жүзеге асырады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау жөндеу үшiн әзiрленген техникалық құжаттама - белгiленген тәртiппен мемлекеттік тұрғыда жол қозғалысы қауіпсіздігінің міндетті тәуелсіз аудит, соның iшiнде экологиялық сараптамадан, ал жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын күрделi және орташа жөндеу үшiн - автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ведомстволық сараптамадан өтуге тиiс.»;

2) 19-2-бап:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;

«Автомобиль жолдарын жобалау жылдамдықты барынша шектеу және өзгерту, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары және перспективалы кезеңнен кейін жолды реконструкциялау мүмкіндігін ескере отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігінің міндетті тәуелсіз аудитін өткізуді жүзеге асырылуға тиіс.»;

4-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген кезде жол және жол қозғалысының:

1) адамдарға және қоршаған ортаға;

2) табиғат көріністеріне, жолдағы объектілерге және тарихи-мәдени мұраға тікелей және жанама әсерін бағалау және жол қозғалысы қауіпсіздігінің міндетті тәуелсіз аудитін өткізуді аудиті қажет.»;

3) 19-3-1-тармағы,1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсы:

«1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде жобалау-сметалық құжаттамалардың жол қозғалысы қауіпсіздігінің міндетті тәуелсіз аудитін осы Заңның және автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуге тиіс.».

8. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің ведомосі, 2003 ж., № 14, б. 104; 2006 ж., № 3, б. 22; № 4, б. 25; 2007 ж., № 8, б. 52; 2008 ж., № 6-7, б. 27):

15-баптың 1-тармағының 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген (әкелінген ) көлік құралдары. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша мәліметтер базасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген (әкелінген) көлік құралдарының сақтандыру полюсінде әкелінген және шығарылған күні көрсетілуі тиіс.»;

2) 9-бап:

1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1.Iшкi iстер органдары көлiк оқиғасына қатысушыларға не олардың өкілдерiне, сондай-ақ сұратуы бойынша сақтандыру ұйымдарына сақтандыру жағдайының, сондай-ақ көлік оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген жағдайдың басталу фактiсiн растайтын құжаттардың бiр-бiр данасын бередi, оның ішінде оқиғаның сызбасымен қоса жол қозғалысы ережесін бұзғаны туралы хаттаманың көшірмесін береді.

2. Көлiк оқиғасы және оның салдары туралы ақпараты бар Iшкi iстер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар сақтандырушы және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өтініш жасаған кезде бұл ақпаратты жазбаша нысанда, не болмаса электронды нұсқада мөрмен куәландырып, не болмаса электронды цифрлі қолымен беруге міндетті.»;

Мынадай мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын:

«3-1. Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша мәліметтер базасын енгізу және қалыптастыру бойынша ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасы аумағына уақытша әкелінген (кірізілген) көлік құралдарының иелері туралы ақпаратты ақпаратты жазбаша нысанда, не болмаса электронды нұсқада мөрмен куәландырып, не болмаса электронды цифрлі қолымен беруді ұйымдастыру.»;

22-1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

«22-1-бап. Өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда көлік оқиғасы басталған кездегі тұлғалардың іс-әрекеттері

1. Көлік оқиғасы жасалған кезде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оның қатысушылары мүмкіндік болған кезде орын алған көлік оқиғасы туралы мынадай жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен рәсімдейді:

1) жол-көлік оқиғасы кезінде залал тек мүлікке қатысты;

2) жол-көлік оқиғасы екі қатысушымен болу кезінде көлік құралдары иелерінің азаматтық –құқықтық жауапкершілігі осы заңға сәйкес сақтандырылған ;

3) жол-көлік оқиғасы кезінде залал мүлікке қатысты, көлік құралдарының көрінетін бұзылу тізімі мен сипаты жол-көлік оқиғасының салдарынан қатысушылар арасындағы келіспеушілік және міндетті сақтандыру ережелеріне сәйкес көлік құралдары жүргізушілерінің жол-көлік оқиғасына қатысуы туралы бланкте толтырылған және хабарламада толтырылған.

2. Жол полициясы қызметкерлерінің, уәкілетті органдардың қатысуысыз болған жол-көлік оқиғасы туралы құжаттар рәсімделсе, толтырылған хабарлама мен өтініш иесінің сақтандыру төлем туралы өтініші залал, шығын мөлшерін анықтау үшін сақтандырушыға жолданады.

Сақтандырушы жол-көлік оқиғасы кезінде залал мүлікке қатысты, көлік құралдарының көрінетін бұзылу тізімі мен сипаты жол-көлік оқиғасының салдарынан қатысушылар арасындағы келіспеушілік және міндетті сақтандыру ережелеріне сәйкес көлік құралдары жүргізушілерінің жол-көлік оқиғасына қатысуына қатысты тәуелсіз сараптама өткізуге құқығы баар.

3. Сақтандыру полисін алған зардап шегуші осы баптың 1-2 тармақтарының негізінде сақтандырушыға залалдың орнын толтыруға қатысты қосымша талаптар қоюға құқығы жоқ.

Зардап шегуші азаматтық жауапкершілігін сақтандырған сақтандырушыға сақтандыру төлемін талап еткеннен соң және зардап шегуші ол туралы білмеген жағдайында талап қоюына құқылы.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Президенті

1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырма кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына icon«Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасы заңының жобасына салыстырмалы кестесі

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына iconҚазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша
Згерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша
Згерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница