1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер




Скачать 11.75 Mb.
Название1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер
страница1/75
Дата конвертации18.01.2013
Размер11.75 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)

1. ЖАЛПЫ БӨЛIМ

1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Кодексте реттелетiн қатынастар

      Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу, енгiзу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөнiндегi билiк қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеушi (салық агентi) арасындағы салық мiндеттемесiн орындауға байланысты қатынастарды реттейдi.

      2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
      2. Осы Кодексте көзделмеген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi мiндет ешкiмге жүктелуге тиiс емес.
      3. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда белгiленедi, енгiзiледi, өзгертiледi немесе күшiн жояды.
      4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнiң арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстiң нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық қатынастарды реттейтiн нормаларды салықтық емес заңнамаға енгiзуге тыйым салынады.
      5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, көрсетiлген шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының
              қолданылуы

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiне қолданылады.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      2-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi (ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңының 1-т. қараңыз).
      2. Салық әкiмшiлiгiн жүргiзу, салық есептiлiгiн белгiлеу ерекшелiктерi, сондай-ақ салық төлеушiлердiң (салық агенттерiнiң) жағдайын жақсарту жөнiндегi өзгерiстер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешiктiрiлмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгiзiлуi мүмкiн.

      4-бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптерi

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптерiне негiзделедi. Салық салу принциптерiне салық салудың мiндеттiлiгi, айқындылығы, әдiлдiгi, салық жүйесiнiң бiртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптерi жатады.
      2. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерi осы Кодексте белгiленген салық салу принциптерiне қайшы келмеуге тиiс.

      5-бап. Салық салудың мiндеттiлiгi принципi

      Салық төлеушi - салық мiндеттемесiн, салық агентi салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндеттi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгiленген мерзiмде орындауға мiндеттi.

      6-бап. Салық салудың айқындылығы принципi

      Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиiс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушiнiң салық мiндеттемесi, салық агентiнiң салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндетi туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негiздерi мен тәртiбiнiң Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленуiн бiлдiредi.

      7-бап. Салық салудың әдiлдiгi принципi

      1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады.
      2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады.

      8-бап. Салық жүйесiнiң бiртұтастығы принципi

      Қазақстан Республикасының салық жүйесi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге (салық агенттерiне) қатысты бiрыңғай жүйе болып табылады.

      9-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының
              жариялылығы принципi

      Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға жатады.

      10-бап. Салық саясаты

      Салық саясаты - мемлекеттiң қаржылық қажеттiлiктерiн мемлекет пен салық төлеушiлердiң экономикалық мүдделерi тепе-теңдiгiнiң сақталуы негiзiнде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу және қолданыстағыларының күшiн жою, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша ставкаларды, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi, салық базасын өзгерту жөнiндегi шаралар жиынтығы.

      11-бап. Салық салу мәселелерi жөнiндегi консультациялық
               кеңес

      1. Салық мiндеттемелерiн орындау барысында туындауы мүмкiн түсiнiксiздiктердi, дәлсiздiктер мен қайшылықтарды жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтарудың ықтимал схемаларының жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Консультациялық кеңес құруға құқылы.
      2. Консультациялық кеңестiң құрамын және ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      12-бап. Осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар

      1. Салық салу мақсатына орай осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар:
      1) ақпаратты өңдеу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер - ақпаратты жинау мен қорытуды, ақпараттық массивтердi (деректердi), жүйеге келтiрудi жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерiн пайдаланушының билiк етуiне беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;
      2) арнаулы салық режимi - салық төлеушiлердiң жекелеген санаттары үшiн белгiленетiн және жекелеген салық түрлерi мен жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудiң оңайлатылған тәртiбiн қолдануды көздейтiн бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбi;
      3) бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары , ислам бағалы қағаздары ;
      4) басқа да мiндеттi төлемдер – осы Кодексте белгiленген мөлшерде және жағдайларда жүргiзiлетiн кедендiк төлемдерiн қоспағанда, бюджетке төлемақылар, алымдар, баждар түрiндегi мiндеттi ақша аударымдары;
      5) бересi - салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламада Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалу кезеңiнде шағым жасалатын бөлiгiнде көрсетiлген соманы қоспағанда, есептелген, есепке жазылған және мерзiмiнде төленбеген салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, оның iшiнде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердiң сомасы;
      6) борыштық бағалы қағаздар - мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар болып танылған басқа да бағалы қағаздар;
      7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;
      8) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрi - купон) - шығарылым шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстiнен төлейтiн (төленуге жататын) сома;
      9) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетiн борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;
      10) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы:
      Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының негiзгi сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органмең бiрлесiп белгiлейтiн тәртiппен айқындалған теңгенiң шетел валютасына орташа өлшемдi биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенiң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасында сауда-саттық жүргiзiлмейтiн шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп белгiлейтiн тәртiппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледi;
      10-1) веб-қосымша – салық төлеушiнiң электрондық салық қызметтерiн алуына және салық мiндеттемелерiн орындауына арналған, уәкiлеттi органның дербестендiрiлген және санкциясыз қолжетiмдiлiктен қорғалған интернет-ресурсы;
      11) грант - белгi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) қол жеткiзу үшiн өтеусiз негiзде:
      мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, жеке тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
      қызметi қайырымдылық және (немесе) халықаралық сипаттағы және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн, мемлекеттiк органдардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбеге енгiзiлген халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, шетелдiк және қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
      шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн мүлiк;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы абзац 2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi және 2016.01.01 дейiн қолданыста болады (ҚР 2010.03.19 N 258-IV Заңының 2-т. қараңыз).
      Осы Кодекстiң мақсатына орай, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкiметаралық келiсiм шеңберiнде осындай келiсiммен айқындалған мақсаттарға (мiндеттерге) қол жеткiзу үшiн Қазақстанның үкiметтiк емес қоғамдық қорлары өтеусiз негiзде алған мүлiк те грант деп танылады;
      12) гуманитарлық көмек - халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн, сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жiберiлген азық-түлiк, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрi-дәрмектер, өзге де заттар түрiнде Қазақстан Республикасына өтеусiз берiлетiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бөлетiн мүлiк;
      13) демеушiлiк көмек - осы көмектi көрсететiн тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтеусiз негiзде:
      жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшiн және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық қызметтерiн дамыту, бiлiм және спорт шеберлiгi деңгейiн арттыру үшiн қаржылық (әлеуметтiктен басқа) қолдау түрiнде;
      коммерциялық емес ұйымдарға өздерiнiң жарғылық мақсаттарын iске асыру үшiн берiлетiн мүлiк;
      14) дивидендтер - акциялар, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде немесе жарғылық капиталды құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен азайту кезiнде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, мүлiктi бөлуден түсетiн табыстар; исламдық қатысу сертификаттары бойынша төлеуге жататын табыстар; акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:
      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тәуелсiз тарапқа өткiзiлу құны мен олардың акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткiзiлу құны арасындағы оң айырма;
      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң нарықтық бағасы мен мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткiзiлген баға арасындағы оң айырма;
      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң нарықтық бағасы мен мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алынған баға арасындағы терiс айырма;
      осы Кодекстiң 163-165-баптарында көрсетiлген табыстарды және тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер өткiзуден түсетiн табыстарды қоспағанда, заңды тұлға өзiнiң акционерiне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретiн кез келген мүлiк пен материалдық пайда түрiнде алатын табыс.
      Осы тармақшада көрсетiлген оң немесе терiс айырма салық салу объектiлерiн түзету кезiнде айқындалады. Бұл ретте, салық салу объектiлерiн түзету Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртiппен жүргiзiледi. Осы тармақшаның мақсаты үшiн өзара байланысты тараптар осы баптың 1-1-тармағына сәйкес айқындалады;
      15) дизайнерлiк қызметтер көрсету - көркемдiк нысандарын, бұйымдардың сыртқы түрлерiн, ғимараттардың қасбеттерiн, үй-жайлар интерьерлерiн жобалау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер; көркемдiк конструкциялау;
      16) жалған кәсiпорын - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылуы және (немесе) оған басшылық етiлуi соттың заңды күшiне енген үкiмiмен не қаулысымен жалған кәсiпкерлiк деп танылған жеке кәсiпкерлiк субъектiсi;
      17) жеке тұлғаның жеке мүлкi - жеке тұлғаның меншiк құқығындағы немесе ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын, кәсiпкерлiк мақсаттарда пайдалануға арналмаған материалдық нысандағы мүлкi;
      18) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының  заңнамалық актiлерiне  сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу құқығын иеленушi жеке немесе заңды тұлғалар;
      19) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi - филиал, өкiлдiк;
      19-1) инвестициялық алтын - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген, сәйкестiктi растау жөнiндегi орган немесе сынақ зертханасы берген, мұндай алтынның ұлттық немесе халықаралық сапа стандартына сәйкестiгiн растау жөнiндегi сертификаты немесе өзге де құжаты бар, мынадай талаптарға сәйкес келетiн алтын:
      алтын монеталар үшiн:
      мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы жоқ
      алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1000 үлесiне 900 мыңдық үлеске тең немесе одан асатын (бұл 900-сынамаға, 900-промиллеге, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес).
      Бұл ретте, алтын монета мынадай талаптардың бiрiне сәйкес болған кезде оның нумизматикалық құндылығы бар деп танылады:
      1800 жылға дейiн соғылған;
      «пруф» (proof) сапасында бетiн айнадай етiп алуды қамтамасыз ететiн технология бойынша соғылған;
      шығарылымының таралуы 1000 данадан аспайды;
      оның нарықтық бағасы монетадағы алтын құнының 80 пайызынан асады.
      Алтын монетаның нарықтық бағасы алтын монетаны өткiзу күнiне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгiлеген алтынның таңертеңгi фиксингiн (бағаның бағамдалуы) көрсетiлген күнге белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту жолымен айқындалады;
      қалған алтын үшiн:
      мұндай алтын құйма және (немесе) пластина нысанында жасалған;
      мұндай алтынның тазалығы лигатуралық массаның 1000 үлесiне 995 мыңдық үлеске тең немесе одан асатын (бұл 995-сынамаға, 995-промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес);
      20) инжинирингтiк қызметтер көрсету - инженерлiк-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн дайындау, өндiрiстi ұйымдастыру және басқару, өнiмдердi өткiзу саласында ұсынымдар әзiрлеу;
      20-1) ислам бағалы қағаздары - ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары;
      21) келiсiмшарттық қызмет - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметi;
      22) келiсiмшарттан тыс қызмет - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың ережелерiнде тiкелей көзделмеген кез келген өзге қызметi;
      23) консультациялық қызметтер көрсету - басқарушылық, экономикалық, қаржылық, инвестициялық мәселелердi, оның iшiнде стратегиялық жоспарлау, кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру мен жүргiзу, персоналды басқару мәселелерiн шешу мақсатында проблемаларды және (немесе) тұлғаның мүмкiндiктерiн айқындау мен (немесе) бағалауды қоса алғанда, түсiндiрмелер, ұсынымдар, кеңестер және өзге де нысандағы консультациялар беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;
      24) қайырымдылық көмек - өтеусiз негiзде:
      жеке тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында;
      коммерциялық емес ұйымдарға жарғылық қызметiн қолдау мақсатында;
      әлеуметтiк саладағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға аталған ұйымдардың осы Кодекстiң 135-бабының 2-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыруы мақсатында;
      әлеуметтiк салада осы Кодекстiң 135-бабының 3-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкес келетiн қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға берiлетiн мүлiк;
      25) қатысу үлесi – акционерлiк қоғамдар мен пайлық инвестициялық қорларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғаның бiрлескен қызметке, заңды тұлғаның жарғылық капиталына үлестiк қатысуы;
      26) қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты (келiсiмшарт) бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға; мемлекеттiк қызметшi; мемлекеттiк қызметшiлердi қоспағанда, акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiнiң мүшесi; осы Кодекстiң 191-бабы 7-тармағының ережелерiне сәйкес қызметi тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместiң резидентке немесе Қазақстан Республикасында қызметтi тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын өзге резидент емеске персоналды беруiне арналған келiсiмшарт бойынша жұмыс iстеу үшiн ұсынылған шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам;
      27) маркетингтiк қызметтер көрсету - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасын, баға стратегиясын және жарнама стратегиясын тұжырымдауды қоса алғанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер өндiрiсi мен айналысына үздiк экономикалық жағдайлар жасау жөнiндегi шараларды айқындау мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер өндiрiсi мен айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға, жоспарлауға және болжамдауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер;
      28) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      29) өткiзу - сату, айырбастау, өтеусiз беру мақсатында тауарларды не өзге де мүлiктi тиеп жiберу және (немесе) беру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, сондай-ақ кепiлге салынған тауарларды кепiл ұстаушыға беру;
      30) роялти - мыналар үшiн:
      пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесiнде жер қойнауын пайдалану құқығы үшiн;
      авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар таңбаларын немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп жабдықтарын, оның iшiнде бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңiз және әуе кемелерiн, сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазуды немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн төленетiн төлем;
      31) салық агентi - осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықты есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндет жүктелетiн дара кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, заңды тұлға, оның iшiнде резидент емес заңды тұлға ;
      32) салық берешегi - бересi сомасы, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы. Салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламада көрсетiлген өсiмпұлдар сомасы, сондай-ақ әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалу кезеңiнде шағым жасалу бөлiгiнде көрсетiлген айыппұлдар сомасы салық берешегiне қосылмайды;
      33) салық режимi - осы Кодексте белгiленген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi барлық салық мiндеттемелерiн есептеу кезiнде салық төлеушi қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы;
      34) салықтар - осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын, бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер;
      35) салық төлеушi - салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын адам;
      36) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоты - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерiлген) сомасын, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың сомасын есепке алуға арналған құжат, оның iшiнде электрондық нысандағы құжат;
      37) салық төлеушiнiң электрондық құжаты - белгiленген электрондық форматта берiлген, қабылданғаннан және бiрдейлiгi расталғаннан кейiн салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;
      38) салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектiлiгiн, оның салық төлеушiге тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiнiн растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттiлiгi;
      39) сыйақы - мыналарға:
      кредиттiң (қарыздың, микрокредиттiң) алынған (берiлген) сомасын, банктердiң ақша аударғаны үшiн комиссияларды және қарыз алушы үшiн қарыз берушi, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдердi қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты;
      мұндай мүлiктiң алыну (берiлу) құнын, лизинг алушы үшiн лизинг берушi, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдердi қоспағанда, мүлiктi қаржы лизингiне беруге байланысты;
      салым (депозит) сомасын, сондай-ақ салымды (депозиттi) қабылдап алған тарап үшiн салымшы (депозитор), өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдердi қоспағанда, салымдар (депозиттер) бойынша;
      сақтандыру сомасының мөлшерiн, сондай-ақ сақтандырушы үшiн сақтанушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдердi қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру шартымен байланысты;
      борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастырылу құнынан және (немесе) сатып алыну құнынан алынған сыйлықақыны есепке алып), сыйақы төлейтiн тұлға үшiн оның борыштық бағалы қағаздарын ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға төлем түрiндегi;
      вексельде көрсетiлген соманы, вексель берушi үшiн оның вексельдерiн ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдердi қоспағанда, вексель бойынша;
      репо операциялары бойынша - репоны жабу бағасы мен ашу бағасы арасындағы айырма түрiндегi;
      исламдық жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер;
      Осы тармақшаның мақсаттарында банктiк шот шарттары бойынша төленетiн сыйақылар да сыйақы деп танылады;
      Осы тармақшаның мақсаттарында банктiк шот шарттары бойынша төленетiн сыйақылар да сыйақы деп танылады.
      40) туынды қаржы құралы - құны болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды көздейтiн шарттың базалық активiнiң шамасына (шаманың ауытқуын қоса алғанда) тәуелдi болатын шарт. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және басқа да туынды қаржы құралдары, оның iшiнде жоғарыда тiзiп көрсетiлген туынды қаржы құралдарының комбинациясын бiлдiретiндер жатады.
      Туынды қаржы құралдарының базалық активтерi тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстерi проценттiк ставкалар және нарықтық құны бар басқа да активтер, болашақ оқиға немесе мән-жай, өзге де туынды қаржы құралдары болуы мүмкiн;
      41) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (резидент емес заңды тұлға). Шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпоративтiк құралым осы Кодекстiң мақсатына орай олар өздерi құрылған шет мемлекеттiң заңды тұлғасы мәртебесiне ие ме, жоқ па - осыған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретiнде қарастырылады;
      41-1) уәкiлеттi заңды тұлға - салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) билiк етуi шектелген мүлкiн өткiзу саласындағы, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлға;
      42) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар - салық органдарын және жергiлiктi атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде осы Кодекске сәйкес салық қызметi органдарымен өзара iс-қимыл жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары;
      43) уәкiлеттi орган - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      44) ұтыстар — салық төлеушiлердiң конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздарға байланысты ұтыс ойындарын қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын заттай және ақшалай түрдегi табыстардың кез келген түрлерi, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тiгуде алынған мүлiктiк пайда түрiндегi табыстар;
      45) электрондық салық төлеушi - осы Кодексте белгiленген тәртiппен электрондық құжаттармен алмасу кезiнде салық қызметi органдарымен жасалған электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келiсiмнiң негiзiнде салық қызметi органдарымен электрондық тәсiлмен өзара iс-қимыл жасайтын салық төлеушi;
      46) оператор - өнiмдi бөлу туралы келiсiм (келiсiмшарт) шеңберiнде жай серiктестiк (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес құратын немесе айқындайтын заңды тұлға;
      47) тауарлардың импорты - кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, тауарларды кеден одағының кеден аумағына әкелу, сондай-ақ тауарларды кеден одағына мүше басқа мемлекеттiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу.
      1-1. Осы Кодекстiң мақсатында өзара байланысты тараптар деп мынадай талаптардың бiреуiне не бiрнешеуiне сәйкес келетiн өзара қатынасы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар танылады:
      1) бiр тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес басқа тұлғаның аффилиирленген тұлғасы болып танылады;
      2) бiр тұлға басқа тұлғаның iрi қатысушысы болып табылады;
      3) шартпен байланысты тұлғалар, оған сәйкес олардың бiреуi басқасының қабылдайтын шешiмiн айқындауға құқылы;
      4) заңды тұлға басқа заңды тұлғаның iрi қатысушысының немесе лауазымды тұлғасының бақылауында болады;
      5) бiр заңды тұлғаның iрi акционерi, iрi қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы басқа заңды тұлғаның iрi акционерi, iрi қатысушысы не лауазымды тұлғасы болып табылады;
      6) заңды тұлға басқа заңды тұлғамен бiрлесiп, үшiншi тұлғаның бақылауында болады;
      7) тұлға өзiнiң үлестес тұлғаларымен бiрлесiп, осы тармақтың 2) – 6) тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғаның не заңды тұлғалардың қатысу үлестерiнiң он және одан да көп пайызын иеленедi, пайдаланады, оған билiк етедi;
      8) акционерлiк қоғамның тәуелсiз директорын қоспағанда, жеке тұлға осы тармақтың 2) – 7) тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылады;
      9) жеке тұлға заңды тұлғаның iрi қатысушысының не лауазымды тұлғасының жақын туысы не жекжаты (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, әпке-сiңлiлерi (iнi-қарындастары), ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылады.
      Осы тармақтың мақсатында iрi қатысушы деп, акционерлiк қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның мүлкiндегi үлесi он және одан да көп пайызды құрайтын қатысушы түсiнiледi.
      Заңды тұлғаны бақылау заңды тұлға қабылдайтын шешiмдердi айқындау мүмкiндiгi болып табылады.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы абзац 2012.01.01 бастап 2014.01.01 дейiн қолданыста болады - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Өзара байланыстылығына бiрден-бiр негiз 2009 жылдың 1 қаңтарынан кейiн туындаған ұлттық басқарушы холдингтiң банктiң жарғылық капиталына iрi акционер ретiнде қатысуы және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтiң лауазымды тұлғаларының осындай банктiң басқару органына қатысуы болып табылатын тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылмайды.
      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасының басқа арнаулы ұғымдары мен терминдерi осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады.
      3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңнамасы салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының сол салаларында пайдаланылатын мағыналарында қолданылады.
       Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.19 № 258-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi және 2016.01.01 дейiн қолданыста болады), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 9-баптан қараңыз) Заңдарымен.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75

Похожие:

1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер iconЖалпы бөлiм 1 бөлiм. Жалпы ережелер
Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгiзiлдi
1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер icon1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу, енгiзу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөнiндегi...
1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер icon1. БӨлiм жалпы ережелер
Жамбыл облысы мәслихатының 2012 жылғы 23 ақпандағы №2-3 шешімімен 29 тармаққа толықтыру енгізілген
1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасындағы сайлау туралы Жалпы бөлiм 1-тарау. Жалпы ережелер
Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын әзiрлеу...
1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер iconБюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі 1-бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Жалпы ережелер
Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау...
1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер iconЖалпы бөлiм 1-бөлiм Қылмыстық заң
Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн...
1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер icon1-бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу заңдары
Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдары соттардың осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретiне жатқызылған талап қою және...
1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер Жалпы ережелер
Осы Ережелер меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің тәртібін...
1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер icon1-бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. ӘКiмшiлiк қҰҚЫҚ БҰзушылық туралы заңдар
Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен...
1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер iconРегламенті шымкент қ. 2009 жыл мазмұны жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница