Сабақтың тақырыбы: Аяулы анашым менің. Сабақтың мақсаты




Скачать 53.16 Kb.
НазваниеСабақтың тақырыбы: Аяулы анашым менің. Сабақтың мақсаты
Дата конвертации18.01.2013
Размер53.16 Kb.
ТипДокументы
Сабақтың тақырыбы: Аяулы анашым менің.

Сабақтың мақсаты: 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен аналарды құттықтау. Оларды сыйлауға, құрметтеуге және аялауға дағдыландыру. Ана, апа, әже, қарындас, ұстаз олар адам өміріндегі ең аяулы жан екендерін ұғындыру. Ана деген ең асыл жан екенін түсіндіру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Көрнекіліктер: құттықтау қағазы, шарлар, қабырға газеттері, үн тпаспа, мақтау қағазы.

Қатысушылар: 1 а сынып оқушылары мен ата-аналары

Барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

ә ) Кіріспе сөз:

б ) 8 наурыз туралы мәлімет беру

в ) Оқушылардың өлеңдері

г ) Қыздар сайысы

е ) Қортынды.

Кіріспе сөз.

Ана,ана, ана!не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші. Сезім мен қасиет, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма бұл өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да, күннің нұрынан ананың сүтінен тараған. Сондықтан құрметті ата –аналар, ұстаздар. Қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі сіздерге арналңан «Аяулы анашым менің» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз!

  • Ендеше, балалар, бізде қазір қай мезгіл? (Көктем)

  • Көктемде бізде қандай мереке болды сонымен? (8 наурыз аналар мерекесі)

Мұғалім:

Көктем – күннің қанаты.

Көктем гүлді дала аты,

Самал өскен таң атты

Көктем жердің тынысы.

Көктем елдің ырысы – демекші көктемді де қарсы алайық.

Сыныпқа көктем деген жазуы бар оқушы кіреді:

Құстар келіп, ән думанға бөледі.

Қуанышқа кенеледі ел енді.

Жауқазындар жайқалады қырдағы

Мәз-мәйрам боп балалар гүл тереді.

Мұғалім:

Той пердесі ашылсын

Тойға шашу шашылсын

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық- демекші мерекелеріңіз құтты болсын!

1 оқушы:

Асыл анам, жан анам,

Мейірімін төккен тек маған,

Қиындықтың бәріне

Біздер үшін шыдаған.

2 оқушы:

Айналайын, анашым

Мәпелеген мамашым,

Еміп өскен бөбекпіз

Маматайдың мамасын.

Ақ қабақты мамашым

Күн сәулесі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым.

3 оқушы:

Анан, ана анашым

Мәпелеген қамқоршым

Жүзіңнен күлкі оралмай

Аман-сау жүр ауырмай.

4 оқушы:

Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай.

5 оқушы:

Сен жолықпай жетектеп

Мен жаттыға жетермін

Айтқаныңды екі етпей

Ақ сүтіңді өтермін.

6 оқушы:

Анамыздың тілегі

Біз деп соғар жүрегі

Балам аман болсын деп

Баласы үшін өмір сүреді.

7 оқушы:

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Қуанышы ананың

Қуанышы баланың

8 оқушы:

Барлығына бірдейсің

Қамқор ана гүлдейсің

Жайна жайна анашым

Қамқорым менің данамсың.

9 оқушы:

Көктемде көңілді

Құстар кеп жатқанда

Құлпыра өңірді

Гүл ектік бақтарға.

Ән хормен «Ақ мамам»

Мұғалім:

Ертегі айтып түнімен,

Еркелеткен күнімен

Аңсадым ғой шынымен

Асыл әжем өзіңді- демекші, әжелерді де құттықтауды ұмытпайық.

Әжелар –әкенің, ананың анасы. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын ел анасы. Ол салт дәстүрді сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуші. Немересінің сүйікті де аяулысы.

10 оқушы:

Әжем менің, жыр әжем

Шуағы мол нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп

Аман- есен жүр әжем.

12 оқушы:

Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

Құрт пен майын жинаған

Балларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған.

13 оқушы:

Ағы да көп шашының

Әжем менің асылым

Көрмей қалмас өзіңді

Бос өткендей әр күнім.

Мұғалім:

Міне, балалар біздің аналарымыздан, әжелерімізден кейін бізге ең қымбат, білім нәрін, тәрбие беретін ұстаз аналарымызға мың алғыс!

Ұстазға бір оқушысыйлық береді.

Ән «Мұғалім ол біздің» -хормен.

Мұғалім:

Балалар, ендеше біз қазір сайыс жүргізейік: ортаға үш қыз баланы шақырайық. Сайысымыздың аты «Кішкентай ару» деп аталады. Сайысымыз төрт кезеңнен тұрады.

Сайыстың жалпы шарты:

  1. Өзін өзі таныстыру 2 мин.

  2. «Аспаздақ шеберлігі» үй тапсырмасы 4 мин.

  3. Өз өнерін көрсету. 3 мин.

  4. Шарлардың ішіндегі сұрақтар мен тапсырманы орындау 2 мин.

  5. Әділ қазыларға сөз беру, марапаттау.

Сайыстың барысы:

Алдымен әділ қазылар алқасын тағайындайық. Әділ қазылар алқасының мүшесі:

  1. Диараның анасы.

  2. Амантай Төлегеновна

Ортаға әдемі әуенмен үш аруымызды шақырамыз!

  1. Ділназ.

  2. Малика.

  3. Арайлым.

І. Ендеше бірден сайысымыздың бірінші кезеңіне көшейік. Қыздарымыз әдеппен өздерін таныстырып кетсін. Әдемі таныстыруға ұпайлар беріледі. Ең жоғарғы ұпай -5.

ІІ. Сайыстың екінші кезеңі: «Аспаздық шеберлігі» деп аталады. Мұнда үйге берілген тапсырма бойынша аруларымыз ең оңай әрі дәмді болатын бір тағам жасаулары крек. Ең әдемі, әрі дәмді болған тағамды бағалау, жоғарғы ұпай 5.

ІІІ. Ал енді үшінші кезең аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. Мың бұралып билейтін биші де бар біздер де, бұлбұлдай сайрап ән салатын әншілер де аз емес, ендеше соларды тамашалайық. Әділ қазылардан үшінші сайыстың балдарын айтып кетулерін сұраймыз. Жоғарғы ұпай 5.

ІV. Ал төртінші кезеңде, аруларымыз қабырғада ілінген шарларды жарып, ішіндегі сұрақтарға жауап берулері керек.

1 шар Дүниеде ең тәтті не? «Ананың сүті»

2 шар Өз анаңды сипаттап бер.

3 шар Ата көрген – оқ жонар, жалғасын тап. « Ана көрген тон пішер».

Әділ қазылардан төртінші сайыстың ұпай сандарын айтуды өтінеміз. Жоғарғы ұпай -5.

Мұғалім:

Әділ қазылар алқасы жалпы ұпайлар санын тапқанша ортада қазақ биі, орындайтын биші қызымыз Арайлым. Әділ қазыларға сөз беріліп, «Кішкентай ару» байқауының жеңімпазы марапатты түрде аталады. Жеңімпаздарға мынадай наминациялар беріледі:

  1. «Айдай сұлу, күндей нұрлы»

  2. «Өнері асқан, саусағынан бал тамған»

  3. «Мың бұралған биші»

Мұғалім:

Осымен біздің аяулы аналарымыз бен ардақты ұстаздарымызға және қызғалдақ қыздарымызға арналған мерекеміздің соңына да келіп жеттік, уақыт бөліп келген аналарымызға, көмек берген ата-аналарға мың алғыс, отбасыларыңызға бақыт пен татулық тілеймін.

Енді сіздерге балаларыңыздың жасаған сыйлықтары бар екен қабыл алыңыздар.

Ән хормен: «Құттықтаймын мама туған күніңмен»

Похожие:

Сабақтың тақырыбы: Аяулы анашым менің. Сабақтың мақсаты icon19 орта мектеп 11 сынып Тасқұлова А.Қ Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу
Сабақтың тақырыбы: Аяулы анашым менің. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: н дыбысы және әрпі. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Әріптер тізбегіндегі Нн дыбысының құрылымымен таныстыру. Сауатты оқуды жетілдіру
Сабақтың тақырыбы: Аяулы анашым менің. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Қарудың материалдық бөлігі. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тоз-8 шағын калибрлі винтовканың ұрыстық қасиеттерімен таныстыру
Сабақтың тақырыбы: Аяулы анашым менің. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Шабуылдағы жауынгер. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жауынгерлердің шабуыл кезіндегі іс- әрекеттерімен таныстыру
Сабақтың тақырыбы: Аяулы анашым менің. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Есептерді теңдеу құрып шығару. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ауызша есептерімен, оның математикалық, логикалық талдау жүйесімен оқушыларды таныстыру
Сабақтың тақырыбы: Аяулы анашым менің. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Үй-жайлардың күтімі. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды үй-жайларға қойылатын талаптармен, рота мүлкінің және әскери қызметшілердің жеке заттарының сақталуымен...
Сабақтың тақырыбы: Аяулы анашым менің. Сабақтың мақсаты iconТақырып: Менің қалам Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Сабақта өздік тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Сабақтың тақырыбы: Аяулы анашым менің. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: “Paint” графикалық редакторын қайталау сабағы. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Бұрын алған теориялық білімдерді бір жүйеге келтіріп, графикалық
Сабақтың тақырыбы: Аяулы анашым менің. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Ақпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Ақпаратты енгізу манипуляторымен танысу(маус, трекбол, тәрте, сканер)
Сабақтың тақырыбы: Аяулы анашым менің. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Құстар – біздің достарымыз. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Құстар туралы мәлімет беру, тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница