Қорытынды 25 қаңтар 2011 жылАқтөбе қаласы




Скачать 160.9 Kb.
НазваниеҚорытынды 25 қаңтар 2011 жылАқтөбе қаласы
Дата конвертации18.01.2013
Размер160.9 Kb.
ТипДокументы


Сотқа дейінгі жеңілдетілген өндіріспен аяқталған қылмыстық істер бойынша

ҚОРЫТЫНДЫ

25 қаңтар 2011 жылАқтөбе қаласы
ҚР Жоғарғы Сотының жоспарын орындау мақсатында және облыстық сот жұмысының 2011 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған жоспарының негізінде, облыстық соттың апелляциялық сот алқасы сотқа дейін жеңілдетілген тәртіп бойынша 2010 жылы облыс соттарында аяқталған қылмыстық істерді тексеріп, қорытынды жұмыстарын жүргізді.

Статистикалық деректерге жүгінсек БААТЖ («Қылмыстық істер қозғалысы» А кестесі), 2010 жылы 12 ай ішінде Ақтөбе облыстық сотына сотқа дейінгі жеңілдетілген тәртіп бойынша 761 тұлғаға қатысты 725 іс келіп түсті, 719 тұлғаға қатысты 686 іс өндіріспен аяқталды. Оның ішінде 85 тұлғаға қатысты 85 іске қатысты сот үкімі шықты.

Ақталғаны-0

Біріктірілген-1іс

Қысқартылған- 593 тұлғаға қатысты 560 іс.

Прокурорға қайтарылған - 41 іс (айыпталушыға іздеу жариялануына байланысты).

Алдын-ала тергеу және анықтау үшін істер прокурорға жолданған жоқ. Осылайша, сотқа дейін жеңілдетілген тәртіппен қаралған істер кестеде төмендегідей орналасты:




Сот атауы

Барлық түскен іс/тұлға

Барлық аяқталған іс/тұлға

Оның ішінде үкім шыққан іс/тұлға

Қаулы

шыққан

Барлық тоқтатылған іс

Прок.қайт-ған

1

Алға ауд. соты

41/42

39/40

7/7

32/33

30/31

2

2

Әйтекеби ауд. соты

46/49

46/49

1/1

45/48

45/48

-

3

Ақтөбе қалалық №2 соты

372/380

336/343

39/39

297/304

264/271

33

4

Байғанин ауд. соты

28/28

28/28

1/1

27/27

27/27

-

5

Ырғыз ауд. соты

4/4

4/4

-

4/4

4/4

-

6

Қарғалы ауд. соты

22/25

25/25

2/2

20/23

20/23

-

7

Қобда ауд. соты

15/17

15/17

1/1

14/16

14/16

-

8

Мәртөк ауд. соты

30/32

29/31

11/11

18/20

16/18

2

9

Мұғалжар ауд. соты

17/18

17/18

-

17/18

16/17

1

10

Мұғалжар ауд. №2 соты

26/27

26/27

4/4

22/23

22/23

-

11

Ойыл ауд. соты

9/9

9/9

1/1

8/8

8/8

-

12

Темір ауд. соты

22/25

22/25

7/7

15/18

15/18

-

13

Хромтау ауд. соты

36/37

36/37

7/7

29/30

28/29

1

15

Шалқар ауд. соты

57/68

57/66

4/4

53/62

51/60

2




Жиынтық

725/761

686/719

85/85

601/634

560/593

41


Аяқталмаған істер саны есеп беру кезеңінде 40 іске жетті.

Қорытынды жұмыстарын жүргізу барысында Ақтөбе облыстық соттарына 2010 жылы 12 ай ішінде зерделеуге 316 тұлғаға қатысты ауырлығы орта және жеңіл болатын 302 қылмыстық іс түсті.

Қылмыстық тергеу органдары аяқтаған істі сотқа дейінгі жеңілдетілген тәртіп бойынша істерді аталмыш мерзім ішінде облыстың барлық соттарында қаралды.

Аталған істердің көпшілігі Ақтөбе қалалық №2 сотында қаралды (372 іс), Шалқар аудандық сотында (57 іс), Әйтеке би аудандық сотында (46 іс), Алға аудандық сотында (41 іс), Хромтау аудандық сотында (36 іс) және Мәртөк аудандық сотында (30 іс) қаралды.

Ал Ырғыз аудандық сотында сот өндірісіне дейін жеңілдетілген тәртіп бойынша небәрі 4 іс, ал Ойыл аудандық сотында 9 іс қаралды.

Аталмыш санаттағы істерді зерделеу көпшілік істердің ҚР ҚК 175 бабы 1 б, 175 бап 2 б. «а,в» бөлімі, ҚК 257 бап 1 б., ҚК 325 бап, 1 б., 3б., ҚК 330 бабының 1бөлімімен қаралғанын көрсетіп отыр.

Облыс соттарына 2010 жылдың 12 ай ішінде аталмыш санатта 85 тұлғаға қатысты 85 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылып, ал ақтау үкімі шығарылмаған.

Айыпталушы мен жәбірленушінің бітімгерлікке келуіне байланысты, істің көпшілігі ҚР ҚК 67 бабы қолдану арқылы шешілді. Барлығы 593 тұлғаға қатысты 560 іс аяқталды.

Прокурорға 41 іс (сотталушыға іздеу жариялануына байланысты және басқа да себептермен) қайтарылды.

Облыс соттарының сотқа дейінгі жеңілдетілген өндіріспен аяқталған тәртіпте қаралған дерлік барлық қылмыстық істер бойынша сот актілеріне апелляциялық тәртіпте шағым, наразалық келтірілген жоқ. Тек бір ғана үкім апелляциялық сатыда өзгеріссіз қалдырылды.

Апелляциялық сатыда И.М.Нұралиевке қатысты ҚР ҚК 175 бабының 1 бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іс қайта қаралды. Сотталған И.М.Нұралиев ҚР ҚК 60 бабына сәйкес алдынғы үкім бойынша өтелмеген екі жазасын қосу арқылы түпкілікті бір жыл екі айға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге белгіленген 2-шілде 2010 жылы қабылданған сот үкіміне апелляциялық шағым жазған болатын. Сондай-ақ, ҚР ҚК 13 бап, 1 б. бойынша қылмыстың қайталануы танылған. Сот үкіміне сай Нұралиев азамат Ж.Ж. Иманқұловтың темір жол вокзалының демалыс бөлмесіне еркін кіру арқылы 117586 теңге көлемінде ақшасын ұрлағаны белгілі болды. Апелляциялық шағымда И.М.Нұралиев асырауында жасы келген анасының және кішкентай баласының бар екендігін алға тартып, жазаны жеңілдетуін сұраған болатын. Ақтөбе облыстық сотының 24 тамыз 2010 жылғы қаулысымен аталған үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Қадағалау сатысында сотқа дейінгі жеңілдетілген өндіріспен аяқталған қылмыстық істер қайта қаралмаған.

Жеңілдетілген тәртіппен сот ісін жүргізу жұмысынының

сапасы мен уақытын бақылау

Жеңілдетілген тәртіппен сот ісін жүргізу жұмысын зерделеу барысында заң жүзінде белгіленген 10-күндік мерзім анықтау орындарымен сақталып келеді. Бұл дегеніңіз істі жүргізу барысында заңсыздықтар бой алған жоқ.

Сонымен қатар, 2 қылмыстық іс бойынша: И.В.Паршуковтың ҚР ҚК 257 бабының 1бөлімі бойынша тағылған айып (Мәртөк аудандық ІІБ АБ тергеушісі А.С.Махамбетов), ҚР ҚК 175 бабының 2 бөлімінің «в» тармағының негізінде А.С.Цурканға тағылған айып (Алға аудандық ІІБ АБ тергеушісі Ж.Н. Матжанов) бойынша жеңілдетілген тәртіппен қаралған іс уақытынан озып аяқталды. Паршуковқа қатысты іс материалдары 11 күн ішінде, ал А.С.Цурканға қатысты іс материалдары 12 күн ішінде жасақталды.

Сонымен қатар, сотқа дейін жеңілдетілген тәртіп бойынша жүргізілген кейбір істерде арыз берушілердің, куәгерлердің, қылмыскерлердің түсініктемелерінің күні көрсетілмеген.

Н.А.Каменьковқа тағылған айып 175 баптың 1 бөлімі бойынша қозғалған қылмыстық іске сай Н.А.Каменьковтың түсініктемесі, арыз беруші В.В.Покойгородскийдің және куәгер А.И.Нижниктің түсініктемелерінің жазылған мерзімі көрсетілмеген. Сондықтан, жоғарыда аталған тұлғалардан жауап қай уақытта алынғаны белгісіз, хаттама толтырғанға дейін бе, әлде кейін бе, анық емес.

Осы сынды заң бұзушылықтар И.А.Патрийге қатысты қозғалған ҚК 175 баптың 2 бөлімінің «в» тармағымен, Б.К. Жетесоваға қатысты ҚК 175 баптың 1 бөлімі, А.И.Леонтьеваға қатысты ҚК 175 баптың 2 бөлімінің «в» тармағы, М.Ж.Таимоваға қатысты ҚК 175 баптың 1 бөлімі, В.А.Ткаченкоға қатысты қылмыстық істерде де кездесті. ҚК 175 баптың 1бөлімі.

Тергеу органдарының сотталушының қылмыстың қайталану рецидивін көрсетпеуі сот жеңіл тәртіптегі түзеу мекемесін тағайындап, ҚР ҚК 59 бабы 2 бабын ескермей жаза тағайындауға негіз болды.

Осылайша, Мәртөк аудандық сотының 26 тамыз 2010 жылғы үкімімен Е.К.Тәңірбергенов ҚР ҚК 178 бабы 1 б. сотталып, ҚР ҚК 63 бабымен шартты түрде екі жылға сынақ мерзімі тағайындалған.

Аталмыш қылмыстық істі қарау барысында Е.К.Тәңірбергенов Мәртөк аудандық сотымен 21.06.2007 жылы ҚР ҚК 179 бабының 1 бөлімі бойынша 1 жылға бас бостандығынан айырылып, жалпы режимдегі түзеу колониясында өткізу туралы сот үкімі шыққандығы анықталды.

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқаның 07.08.2007 жылғы қаулысымен 21.06.2007 жылғы үкім өзгертіліп, сотталғанның әрекеті ҚР ҚК 179 бабының 1 бөлігінен 178 баптың 2 бөлігінің «а» тармағына қайта дәрежеленген болатын. Сотталушы Е.К.Тәңірбергенов өз жазасын 12.05.2008 жылы өтеп шыққан.

ҚР ҚК 10 бабының 4 бөліміне сай, ҚК-нің 178 баптың 2 бөлімінің «а» тармағы ауыр қылмыс болып табылады, сондықтан ҚР ҚК 77 бабына сай бұл баптар бойынша сотталғандық алты жыл мерзімнен кейін жойылады.

Бұл жағдайда, ҚР ҚК 13 баптың 1 бөліміне сәйкес Е.К.Тәңірбергеновтың әрекетіндегі қылмыстың қайталану жағдайы оған тағылмаған.

ҚР ҚІЖК-нің 320 бабына сай басты сот талқылау сотқа берілген айып аясында жүргізіледі. Бұл айып сотталушының жағдайының төмендеуіне әсер етпесе ғана өзгертіледі.

ҚР ҚІЖК-нің 117 бабына сай сотталушыға тағылған айыптың деңгейіне қарай оның дәлелденуі талап етіледі.

Алайда, Е.К. Тәңірбергенов тергеу барысында өзінің бұрын сотталғандығын, 2008 жылы босаған соң, Мәртөк аудандық ІІБ тіркеуге тұрғандығын көрсетеді, алайда тергеуші бұл туралы деректерді хаттамада және оған берілген мінездемеде келтірмеген. Осыған байланысты, жіберген қателіктері үшін Мәртөк аудандық соты Мәртөк аудандық ІІБ-не жеке қаулы шығарылды.

Хаттама толтыру барысында ҚІЖК-нде қойылатын кейбір талаптардың сақталмайтын жағдайлары да кездеседі.

Сондай-ақ, В.В Покойгородсийге ҚК 174 баптың 1 бөлімі бойынша тағылған айып негізінде (Әйтеке би аудандық ІІБ анықтаушысының м.а. Морец В.А.) куәгер А.А Осипованың қолы жоқ екендігі белгілі болды.

Істі зерделеу барысында, соттарда ҚР ҚІЖК 190-2 баптың 4 бөлімі бойынша заңдық көмек көрсету үшін қорғаушыны шақыру талаптары орындалатындығы көрінеді. Сонымен, қорытындылауға берілген барлық істерді қарай отыра, арыз берушілерге, куәгерлерге және қылмыскерлерге өзіне және жақындарына қарсы түсініктеме бермеу құқықтары түсіндірілген. Сондай-ақ, оларға заңдық көмек көрсету үшін қорғаушыны шақыруға құқықтары бар екендігі түсіндірілген. Бұл түсіндіру жұмыстары жоғарыда аталған тұлғаларға сұрау жүргізер алдында арнайы бланкілерге толтырылған. Қорытындылауға түскен іс материалдарына сай, арыз беруші мен куәгерлер қорғаушының көмегіне жүгінбеген, тек бір жағдайда ғана Т.В.Любченкоға қатысты ҚР ҚК 178 бабының 1 бөлімі бойынша қозғалған қылмыстық іске сай кәмелет жасқа жетпеген жәбірленуші Ж.У.Айғожинге ҚР ҚІЖК-нің 80 бабына сай қорғаушы-өкіл ұсынылған.

Қаралған істер бойынша қылмыс жасаған тұлғалардың барлығы алдын ала тергеу барысында қорғаушының көмегіне жүгінбеген.

Мәселен, ҚР ҚК 175 баптың 2 бөлімінің «в» тармағымен қозғалған Е.Е.Байназаровқа, ҚР ҚК 175 баптың 1 бөлімімен қозғалған М.Ж.Таисоваға, ҚР ҚК 175 бабының 1 бөлімімен қозғалған Б.К.Жетесоваға қатысты және тағы да басқа қылмыстық істер бойынша соңғылары өз кінәларын толықтай мойындап, қорғаушының көмегінен бас тартқан. Сондай-ақ, қорғаушы жалдау оларға ешқандай материалдық ауыртпалық келтірмейтіндігі де айтылған.

Ал, ҚР ҚК 175 баптың 2 бөлімінің «в» тармағымен айыпталған Е.Н.Балмағанбетова, ҚР ҚК 175 баптың 2 бөлімінің «в» тармағымен айыпталған И.В.Русина, ҚР ҚК 257 баптың 1 бөлімімен айыпталған А.А. Шегебаева ҚІЖК 71 бабына сай қорғаушының көмегіне жүгінген.

Тексеру барысында, қылмыскерге ҚР ҚІЖК 23-1 тарауына сай, егер айыпталушы келтірілген дәйектерге толықтай келіссе, ол келтірген залалдың мөлшеріне қарай, қылмысын толықтай мойындаса, сот істерін жеңілдетілген тәртіппен қарау мүмкіндігі түсіндіріледі. Аталмыш талап барлық істер бойынша сақталған.

Барлық қаралған іс бойынша арыз берушіге, куәгерлер мен қылмыскерлерге шақырту бойынша анықтаушыға, тергеушіге және сотқа уақытында келу міндеттемелері түсіндіріледі. Алайда, көптеген іс бойынша қылмыс жасаған тұлғалар ҚР ҚІЖК 157 бабына сай өз міндеттерін орындамай жатады.

Сонымен, ҚР ҚК 175 бабының 1 бөлімімен айыпталған Н.А.Каменьковқа қатысты, ҚР ҚК 175 баптың 2 бөлімінң «в» тармағымен айыпталған В.В.Покойгородскийге қатысты, ҚР ҚК 175 бап, 2 бөлімінің «в» тармағымен айыпталған Н.Н.Матюшковқа қатысты қылмыстық істер бойынша анықтаушыға, тергеушіге, сотқа келу туралы міндеттемелер алынбаған.

Ал, Е.К.Тәңірбергеноваға қатысты ҚР ҚК 178 баптың 1 бөліміне сай С.А.Стремскийге қатысты ҚР ҚК 175 баптың 1 бөліміне сай, А.У.Реимовке қатысты ҚР ҚК 175 баптың 1 бөліміне сай, К.А.Ержановаға қатысты ҚР ҚК 175 баптың 1 бөліміне сай қозғалған қылмыстық істер бойынша жоғарыда аталған айыпталушылардан міндеттемелер алынған.

Осылайша, С.А. Стремскийге қатысты ҚР ҚК 175 бабының 1 бөліміне сай қозғалған қылмыстық іс бойынша Мәртөк аудандық соты 2010 жылы 18 наурызда қабылдаған қылмыстық істі қарап, қысқартқанда былай делінген: «С.А.Стремскийдің қолхатпен бостандықта жүру бұлтартпау шарасының күші жойылсын», алайда сот ісін жеңілдетілген тәртіппен жүргізу барысында әлгіден, ҚР ҚК 157 бабы бойынша тергеу орындарына келу туралы міндеттемелер алынған еді (судья Байжанов М.Е.).

Сондай-ақ, И.В.Паршуковқа қатысты ҚР ҚК 175 баптың 1 бөліміне сай қозғалған қылмыстық істі қарау барысында қаулының қарар бөлігінде «Паршуковқа қатысты процессуалдық күштеу шараларын, қаулы заңды күшіне енгенге дейін бұрынғыша қалдыру» - делінген. Осыған ұқсас заң бұзушылықтар Мұғалжар аудандық сотында Е.К.Жексенбайға қатысты ҚР ҚК 325 баптың 3 бөліміне, А.У.Сағынаеваға қатысты ҚР ҚК 325 баптың 3 бөліміне сай қозғалған қылмыстық істі қарау барысында кездескен.

Осылайша, Мұғалжар аудандық сотының 14 мамыр, 2010 жылғы қаулысы бойынша Е.К.Жексенбайға қатысты қозғалған қылмыстық істің қарар бөлігінде: «Е.Жексенбайға қатысты ешқайда кетпеу туралы қол хатпен жүру бұлтартпау шарасын» қаулы заңды күшіне енгенше өзгеріссіз қалдыру делінген (судья Олжаш Ш.).

Осы сынды заң бұзушылықтар Алға аудандық сотында да кездеседі. А.А.Шегебаевқа қатысты ҚР ҚК 257 баптың 1 бөліміне сай қаулының қарар бөлігінде «Шегебаевқа қатысты ешқайда кетпеу қол хатымен бостандықта жүру бұлтартпау шарасын, қаулы өзінің заңды күшіне енген соң өзгерту» - делінген, алайда ҚІЖК-нің 23-1 тарауына сәйкес сотқа дейін жеңілдетілген тәртіппен іс жүргізу барысында анықтау органдары айыпталушыларға бұлтартпау шараларын қолдануға құқы жоқ (судья Кабульдинов А.К.).

Жеңілдетілген тәртіп бойынша қаралған істердің хаттамаларын зерделеу барысында, көп жағдайда хаттамалар дұрыс, нақты толтырылатыны анықталды.

ҚР ҚІЖК 190-3 бабының 1 бөліміне сай хаттаманы кім толтырғаны, қай жерде және қандай уақытта толтырылғаны туралы мәліметтер көрсетілген, қылмыс жасаған тұлға туралы, қылмыстың мазмұны, айыпталушының кінәлі екендігін көрсететін дәйектемелер, қылмыстық кодекс бойынша келтірген зияны анық көрсетілген.

Сотқа дейінгі жеңілдетілген тәртіп бойынша жүргізілген істердің хаттамасы аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің басшыларымен бекітіліп, прокурормен келісіледі.

Хаттаманы толтырып болған соң іс материалдарын ҚР ҚІЖК 190-3 баптың 3 бөліміне сай өтініш берушіге, қылмыс жасаған тұлғаға танысу үшін беріледі.

Бұл бағытта ҚІЖК-мен қойылатын талаптар толықтай сақталған.

ҚР ҚІЖК 301 баптың 1 бөліміне сай алдын ала тыңдау жүргізу істі қысқартылған тәртіпте қарауға мүмкіндік береді. Істі зерделеу барысында, жеңілдетілген тәртіппен жүргізілетін іс, ҚР ҚК 67 бабына сай екі тараптың бітімге келуіне байланысты, алдын ала тыңдау барысында қысқартылатын жағдайлар да кездеседі. Мысалы, А.Д.Уталинаға қатысты ҚР ҚК 175 баптың 1 бөліміне сай, А.А.Тілеубаеваға қатысты ҚР ҚК 175 баптың 1 бөліміне сай, Д.М.Райлянға қатысты 175 баптың 1 бөліміне сай қаралған істер істің алдын ала тыңдау сатысында бітімгерлікпен аяқталған. /Хромтау аудандық соты/. Бұндай қадамға соттың барғаны құптарлық жағдай, өйткені артық уақыт шығындалмайды, сотқа қатысушы тараптарды бірнеше рет сотқа шақыру машақатынан құтылады.

Сотқа дейін жеңілдетілген тәртіппен іс қарау барысында заттай айғақтарға қатысты шешім қабылдауда соттардың тәжірибелігі байқалады.

Қорытындыға ұсынылған қылмыстық істерге сай заттай дәлелдемелер тәртіп бойынша іс материалдарына қосылады.

Осылайша, Д.В.Беспаловаға қатысты ҚР ҚК 175 баптың 2 бөлімінің «в» тармағына сай қозғалған қылмыстық іске байланысты, тергеуші А.С.Есімбековтың қаулысына сай заттай дәлел ретінде су сорғысы алынды, азаматша А.Б.Пернебаеваға тиесілі су сорғысы сақтауға берілген. Ал С.В.Сухановаға қатысты ҚР ҚК 175 баптың 1 бөліміне сай, тергеуші А.В.Төлепбергеновтың қаулысына сай айғақ зат - «Кристалл посольская», «Пшеничная» 0,5 литрлік арақтарының бос бөтелкелері айғақты зат ретінде танылып, іске тіркелді.

Сонымен қатар, Е.Е.Байназаровқа қатысты ҚР ҚК 175 баптың 2 бөлімінің «в» тармағына сай қозғалған қылмыстық іске байланысты Әйтеке би аудандық ІІБ тергеушісінің м.а. А.К.Көптілеуовтің АІІБ-нің бастығына жазған рапортында айғақ заттарды сақтау бөлмесінде жарақсыз процессор мен клавиатураны сотта іс қаралғанша сақтауды өтінген.

Осылайша, жоғарыда айтылған қылмыстық іс бойынша Е.Е. Байназаровты ҚР ҚК 67 баптың 1 бөлімі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы сот қаулысын қабылдағанда айғақ зат - процессор мен клавиатураның тағдырын шешпей ескерусіз қалдырған.

Сондай-ақ, С.Р.Медероваға қатысты ҚР ҚК 175 баптың 1 бөліміне сай қозғалған қылмыстық істе заттай дәлелдеменің тағдыры шешілмей қалған. Басқа істерде сот қаулысын, үкімін шығарарда айғақты заттар бойынша шешім қабылданған.

Осылайша, А.Тілеубаевқа, Д.М.Райменге, А.Е.Жұбатоваға қатысты ҚК-нің 175 бабының 1 бөлімімен қозғалған қылмыстық істер бойынша қаулы шығарғанда заттай дәлелдемелер жәбірленушіге тапсырылған. С.В.Сухановаға қатысты қылмыстық іс бойынша қаулы шығарғанда айғақты затты жою туралы шешім қабылданған.

Сотқа дейін жеңілдетілген тәртіппен жасақталған істерді тексергенде, арыз берушіні жәбірленуші деп таныған дұрыс па, әлде ол жәбірленуші деп есептеледі ме, сотта жәбірленушінің құқын таныстыру қажет пе деген сұрақтар туындайды, іс болса ҚК-нің 67 бабының негізінде тек қана жәбірленушімен татуласқанда ғана қысқартылады. Бұл жөнінде біздің пікірімізше, жеңілдетілген өндіріс бойынша қылмыстық істердің қозғалуына арыз берушінің өтініші негіз болғандықтан, ол жәбірленуші болып есептеледі, сондықтан анықтама орны арыз берушілерді қаулымен жәбірленуші қатарында танып, олардың құқын түсіндірген дұрыс деп, ойлаймыз.

Қорытынды ұсыныстар: Қылмыстық істерді жеңілдетілген тәртіп бойынша қарау барысында анықталғаны: анықтама органы осындай санаттағы қылмыстық істер бойынша анықтау жұмыстарын жүргізу кезінде ҚР ҚІЖК-нің 38 бабы бойынша ҚР ҚК-нің 67 бабының талаптарына сәйкес жәбірленушінің сезіктімен татуласуына байланысты қылмыстық істерді қысқарту мүмкіндіктерін пайдаланбайды. Бұнымен жұмыс көрсеткіштері төмендеп кетеді деп, түсіндіреді. Алайда, анықтама органдары заңның осы талаптарын қолданған жағдайда жүктемесі көп болып тұрған соттардың уақыттары үнемделіп, іс жүргізуге байланысты шығындары азаятын еді. Айтылған санаттағы істерді зерделей келе байқағанымыз, алғаш рет сотталып тұрған тұлғалардан басқа, бұрын сотталған немесе жазасын өтеп келген тұлғалар істі сот өндірісіне дейін жеңілдетілген тәртіп бойынша қарауға өз келісімдерін берген.

Аталмыш жағдай көрсеткендей, өз кінәсін толықтай мойындау арқылы сот ісін жеңілдетілген тәртіп бойынша қарауға бұрынғы қылмыскерлер де барып отыр.

Сот өндірісіне дейін жеңілдетілген тәртіп бойынша іс қарау, ҚІЖК-не сай біржақты деп бағалауға болмайды, қабылданған қаулы мен үкім негізсіз деп танылмайды және де дәйектеменің жоқтығынан іс қысқартылмайды.

Қылмыстық істерді жеңілдетілген тәртіп бойынша қарау барысында, жүргізілген қорытынды жұмыстарына сай мынадай тоқтамға келдік, яғни жеңілдетілген тәртіп бойынша іс қарау өзекті мәселелердің бірі және бұл қылмыстық іс қарау барысында жеделдікке, сапалылыққа жол береді, сондай-ақ, шығынды азайтып, судьяларының жүктемелерін азайтады. Алдағы уақытта кінәсі дәлелденген, айыпталушының қылмысты толық мойындап отырған, іс жүргізуі қауырт емес және дәлелдемелері жеткілікті ауыр қылмыстар бойынша да істерді жеңілдетілген өндіріспен аяқтаған дұрыс деген пікірдеміз.

Айтылған санаттағы істерді сотта қарау тәжірибесі туралы Нормативтік қаулыны дайындағанда, бұндай істердің арыз берушінің өтінішімен істің алдын ала тыңдау сатысында қысқарту тәртібі, арыз берушінінің процессуалдық жағдайы қандай және оларды жәбірленуші деп тану қарастырылса деген пікірдеміз.

Қорытынды жұмыстары барлық аудандық, Ақтөбе қаласының №2 соттарына жолданып, сот өндірісіне дейін жеңілдетілген тәртіп бойынша іс қарауды қысқартылған тәртіп бойынша тәжірибе жүзінде кеңінен қолдануға кеңес береміз. Жоғарыда келтірілген қателіктердің алдын алып, болашақта жол бермеу бағытында жұмыс жасау тапсырылады. Сонымен қатар, қорытындыны мәлімет жұмыс атқару барысынды қолдану үшін облыс прокуроры мен ішкі істер Департаментінің басшылығына жіберген дұрыс.


Ақтөбе облыстық сотының

апелляциялық сот алқасы

Орынд: А.Төлегенов

Тел:54-29-56


Похожие:

Қорытынды 25 қаңтар 2011 жылАқтөбе қаласы icon2-бөлім Электорондық кестелер 2011 жылғы қаңтар-наурыз Мониторинг развития аула (села) Часть 2 Электронные таблицы Январь-март 2011 года Астана 2011
Ауыл (село) дамуының мониторингі. 2011 жылғы қаңтар-наурыздағы электрондық кестелер 2-бөлім
Қорытынды 25 қаңтар 2011 жылАқтөбе қаласы icon«2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» ақпарат
Жылдың қаңтар-наурыз айларына қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 91,5 млрд теңге сомаға немесе ұқсас кезеңге 136,6 өнім өндірілді....
Қорытынды 25 қаңтар 2011 жылАқтөбе қаласы icon1-бөлім Электрондық кестелер 2011 жылғы қаңтар-желтоқсан Мониторинг развития аула (села) Часть 1 Электронные таблицы Январь-декабрь 2011 года Астана 2012
Ауыл (село) дамуының мониторингі. 2011 жылғы қаңтар-желтоқсандағы электрондық кестелер 1-бөлім
Қорытынды 25 қаңтар 2011 жылАқтөбе қаласы iconҚамысты ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы жөнінде қорытынды анықтама 2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына
Нан өндірісі кеміді – 0,4 %.(2009ж 819,5 т. 2008 жылдың аналогиялық жүйесімен салыстырғанда (853,9т.)
Қорытынды 25 қаңтар 2011 жылАқтөбе қаласы iconҚазақстан Республикасының Статистика Агенттігі Ақтөбе облысының Статистика департаменті
Сөйтіп, сауда жасайтын кәсіпорындардың тауарларды өткізу көлемі 2012 жылғы қаңтар-сәуір 37600,3 млн теңге құрады немесе 2011 жылғы...
Қорытынды 25 қаңтар 2011 жылАқтөбе қаласы iconҚазақстан Республикасының Статистика Агенттігі Ақтөбе облысының Статистика департаменті
Сөйтіп, сауда жасайтын кәсіпорындардың тауарларды өткізу көлемі 2012 жылғы қаңтар-мамырда 48106,2 млн теңге құрады немесе 2011 жылғы...
Қорытынды 25 қаңтар 2011 жылАқтөбе қаласы iconҚазақстан Республикасының Статистика Агенттігі Ақтөбе облысының Статистика департаменті
Сөйтіп, сауда жасайтын кәсіпорындардың тауарларды өткізу көлемі 2012 жылғы қаңтар-ақпан 19158,9 млн теңге құрады немесе 2011 жылғы...
Қорытынды 25 қаңтар 2011 жылАқтөбе қаласы iconҚ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының 2011 жылдың қаңтар айына арналған репертуары
М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының 2011 жылдың қаңтар айына арналған репертуары
Қорытынды 25 қаңтар 2011 жылАқтөбе қаласы iconЖылжымайтын мүлік бойынша мәмілені жарамды (жарамсыз) деп тану туралы сот тәжірибесін шолу қаңтар 2011 жыл Ақтөбе қаласы
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жылжымайтын мүлік бойынша мәмілелерні жарамды...
Қорытынды 25 қаңтар 2011 жылАқтөбе қаласы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 20 қаңтар №18 Астана қаласы Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница