Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы




Скачать 174.5 Kb.
НазваниеҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Дата конвертации18.01.2013
Размер174.5 Kb.
ТипДокументы


ҚММУ Ф 4/3-04/02

ҚММУ БЕ 4/02

2007 ж. 14 маусымдағы

ҚазММА жанындағы

ОӘК №6 НХ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы



Дәріс 1

Тақырыбы: Медициналық және жалпы паразитология пәні, тапсырмалары, әдістері. Паразитизмді жіктеудегі биологиялық негізі. Қарапайымдылар типі, жалпы сипаттамасы және экологиялық жіктелуі.
Пән: Медициналық паразитология.

Мамандығы: 051301-Жалпы медицина

Курс: 3
Уақыты: 50 минут

Қарағанды 2012




Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
«31» 08 2012ж. №1 хаттама
Молекулярлық биология және

медициналық генетика каф. меңг.: Б.Ж. Құлтанов

Тақырыбы 1: Пәні, оқыту мақсаттары, жалпы және медициналық паразитологияның әдістері. Паразитизмнің жіктелуінің биологиялық негіздері. Қарапайымдылар типі, жалпы сипаттамасы және экологиялық жіктелуі.

Мақсаты: қарапайымдылар типінің жалпы сипаттамасын, кластарының жалпы сипаттамасын, медициналық маңызы барларының тіршілік циклдерін, диагностика әдістерін, өкілдерінің алдын-алуын, қуыс мүшелерде мекендейтін, сыртқы ортамен әрекеттесетінің оқу.

Дәріс жоспары:

1.Қарапайым типіне жалпы сипаттама.

2.Тамыраяқтылар, талшықтылар, споровиктер және инфузория кластарына жалпы сипаттама.

3.Қуыс мүшелерінде мекендейтін, сыртқы ортамен әрекеттесетін қарапайымдылар.

4.Медициналық маңызы бар, окілдері, олардың тіршілік циклі, диагностикасы, алдын-алу шаралары, протозойлы инвазиялар:

а) ауыз қуысында мекендейтін қарапайымдылар.

б) ащы ішекте мекендейтін қарапайымдылар.

в) тоқ ішекте мекендейтін қарапайымдылар.

г) жыныс мүшелерінде мекендейтін қарапайымдылар.
Дәріс тезистері:

Паразитизм – бұл ағзалардың өзара қарым-қатнастарының формасы, мұнда бір түрі (паразит) өмір сүреді және көректенеді басқа арқылы (иесі), өздерінің тіршілік циклінде бір бірімен тығыз байланыста. Тірі табиғатта паразитизм өте кең таралған. Микроорганизмдердің, омыртқасыздардын сонымен қатар өсімдіктердің ішінде паразиттер өте көп. Паразитизмнің ішінде жалған, облигатты және факультативті түрлерін айыруға болады

Жалған паразитизм – осы түр үшін кездейсоқ құбылыс. Қалыпты жағдайда осы түр еркін өмір сүреді. Иесінің ағзасына түскенде жалған паразит біраз уақыт сақтай алады өмірге бейімділігін және иесінің тіршілігін жасайды әрекет бұзуға. Жалған паразитизмнің мысалы ретінде алуға болады сүліктердің мұрын қуысында және адамның мұрын жұтқын-шағында,үн кенесін адамның ішегінде табылуы байқалған.

Облигатты паразитизм – ағзалардың белгілі түрінде міндетті болатын паразитизм. Паразиттердің көпшілік басым түрлері осы топқа жатады.

Факультативті паразиттер еркін өмір сүруге қабылетті, бірақ иесінің ағзасына түскесін онда өзінің даму циклінің бір бөлігін өтеді де оның тіршілік әрекетін бұзады. Синантропты шыбындарынын көп түрлерінің дернәсілдері адамның азық өнімдерінде қалыпты түрде дамиды, немесе оның ішігінде, ішек миазын шақырады.

Уақытына байланысты иесімен паразиттің қатнасуы бойынша паразитизм болады уақытша және турақты. Уақытша паразиттер иесіне келеді тек қана тамақтануға. Бұл көбінесе қансорғыш буынаяқтылар. Тұрақты паразиттер бөлінеді тұрақтыларға және мерзімділерге.

Стационарлы паразиттер бүкіл өмірін иесінде немесе оның ішінде өткізеді. Мерзімді паразиттер тіршілік циклінің бөлігін паразиттік жағдайда өткізеді, қалған уақытын еркін мекендейді. Осытуыстастын паразиті болып есептелінеді ішек угрицасы.

Жиі паразиттік өмір сүреді тек қана дернісілдер, сол уақытта пісіп жетілген формалары еркін өмір суретіндер болып есептелінеді. Мұндай туыстас паразитизмді атайды ларвальды деп (дернәсілдік). Мысал ретінде вольфартов шыбыны, бөгелектер, және т.б. Қарама-қарсы құбылыс, пісіп жетілген формасы паразит болып есептелінеді, ал дернәсілдері ашық табиғатта мекендейді, оны имагинальды паразитизм деп атайды. Мұндай паразиттер типіне жатады, мысалы: анкилостомидтер, олардың дернәсілдері тапырақта өмір сүреді, ал ересек кезеңдері-адамның оң екі елі ішегінде.

Иесінің ағзасында орналасуы бойынша паразиттердің жіктелуі ерекше үлкен медициналық маңызы бар. Осы белгісі бойынша айырады экто- және эндопаразиттерге. Эктопаразиттер иесінің жамылғысында турады. Оларға жатады қансорғыш паразиттер және кенелер. Эндопаразиттер иесінің ішінде мекендейді. Оларды бөледі қуыс мүшелерде орналасатын, сыртқы ортамен байланысты (асқорыту, тыныс алу және зәр шығару жыныс жүйелерінде), және ұлпамен ішкі ортадағы паразиттерге (тірек-қимыл аппараты, қан жүйесі, дәнекер ұлпасы). Біріншілердің мысалы ретінде аскарида, өкпе сорғышы, урогенитальды трихомонада, екігшілерге – ришта, безгек плазмодийі лейшманийлер.

Тіршілік әрекет ету процесінде паразиттер иесінің ағзасында миграция жасайды және сонымен басында қабыллетті мүшелердің қуысында мекендеуге, содан кейін ішкі ортаның ұлпаларына аусуы. Осыған трихинелла және шошқа цепені жатады. Ішкі ортаның ұлпаларында эктопаразитизмнен паразиттеленуге аусуы мүмкін. Ондай түрлерге жатады, мысалы вольфартов шыбының дернәсілдері. Паразитизмнің әртүрлі формаларының арасында анық шек арасы болмағандықтан ол осы экологиялық феноменнің эволюциясын көрсетеді.

Ерекше паразиттердің экологиялық тобы болып есептелінеді – жоғарғы паразиттер. Мекендейтін ортасы және көректену көзі ретінде олар басқа паразиттік ағзаларды пайдаланады. Паразиттерге қарағанда жоғарғы паразиттер өте ұсақ, төмен ұйымдағылар. Олар қарапайымдыларды және көпклеткалы паразиттерді зақымдауға мүмкін. Жоғарғы паразитизм - өте кең таралған құбылыс. Адам паразиттерінде мекендейтін жоғарғы паразиттердің ортасында споровиктер класына жататын және балантидия цитоплазмасында кездесетін, аскарида гонадысында және цепеннің жасушаларында кездесетін бірнеше микроспоридиялардың түрлерт анық.

Паразиттін өмір сурүге ауысуы, паразиттердің әртүрлі қалыптасуымен немесе бейімделуімен білінеді. Бұл бейімделулер олардың енуін, бекітілуін, қоректенуін, дамуын және көбеюін жеңілдетеді. Бейімделу бөлінеді арнайы және универсальдыға.

Қарапайымдылар типіне PROTOZOA денесі бір клеткадан тұратын, бірақ тұтас организм сияқты қызмет атқаратын организмдер жатады. Қарапайымдылар өзіндік қоректенеді, қозғалады қолайсыз жағдайлардан және жауларынан қорғануға бейім. Қарапайымдылардың клеткаларының құрылысы, эукариот клеткалары сияқты организмнің қызметін атқаратын, маманданған органеллалары бар.

Қарапайымдылардың қоректенуі ас қорыту ферменттерін құрайтын, ас қорыту вакуольі арқылы жүреді. Ол пиноцитоз есебінен жүзеге асады қортылмаған ас қалдығы сыртқа шығады. Кейбір қарапайымдыларда хлоропластары бар және фотосинтез есебінен қоректенуге бейімделген.

Көптеген қарапайымдыларда қозғалу органеллары бар: талшықтар, кірпікшелер және жалған аяқтар (уақытша қозғалмалы цитоплазманың өсіндісі). Қозғалу органелласының түрі қарапайымдылардың систематикасына негізделген.

Суда еркін өмір сүретін қарапайымдыларда су-тұз баланысын реттейтін,- жиырылғыш вакуольі бар. Олар сұйық өнім диссимиляциясын және су қалдығын сыртқы ортаға шығарады және оқтын-оқтын жиырылады. Жоғары концентрациялы тұзды ортада мекендейтін, теңіз және паразитті қарапайымдарда, жиырылғыш вакуольі болмайды. Қарапайымдылардың көбеюі митоздың әртүрлі бөліну түрімен жүзеге асады.

Көптеген қарапайымдылардың ядросы бар, бірақ олардың ішінен көптеген ядролы түрлері кездеседі. Кейбір қарапайымдылардың ядролары полиплоидты. Көптеген қарапайымдылар өмір сүру циклінде белсенді қоректенетін және циста стадиясын түзетін – трофозоид стадиясын бөледі. Циста қарапайымдылардың өмір сүру циклінде қозғалмайтын түрі, тез зат алмасу сипатталған және тығыз қабықпен қапталған. Сыртқы ортаға түскенде, паразиттік қарапайымдылар цисталанады. Мұндай жағдайда олар жел, су және жануарлар арқылы үлкен ара қашықтықта таралуға бейімделген. Циста қолайлы жағдайға түскенде қарапайымдылар трофозоит жағдайында белсенді қызмет бастайды.

Қазіргі уақытта қарапайымдылардың 10 000 астам түрі белгілі. Олардың негізгі мекен ету ортасы су және топырақ болып табылады. Көп қарапайымдылар паразиттік немесе комменсалды өмір сүру түріне көшкен. Қарапайымдар шақыратын ауру, протозойлы деп аталады. Медициналық мағынасы бар қарапайымдылар,Тамыраяқтылар, Талшықтылар, Инфузориялар және Споровиктер класына жатады.

Тамыраяқтылар класы – Sarcodina. Бұл кластың өкілдері өте қарапайым. Олардың денесінің пішіні тұрақты емес. Олар жалғанаяқтары арқылы қозғалады. Тұщы суларда, топырақта, теңізде мекендейді. Биогеоценозда консумент және редуцент қызметін атқарады. Кейбір тамыраяқтылар комменсалды және паразитті өмір сүруге бейімделеген.

Амеба Amoebina отрядының өкілдерінің медициналық маңызы бар. Паразиттік амебалар негізінен адамның ас қорыту жүйесінде мекендейді. Кейбір еркін өмір сүретін топырақта және лай суда мекендейтін тамыраяқтылар, адамның организміне түскенде ауыр ауру шақыруы мүмкін, кейде өліммен аяқталады.

Талшықтылар класы – Flagellata. Талшықтылардың денесі цитоплазмалық мембранадан басқа дене пішінінің тұрақтылығын қамтамассыз ететін, арнайы қабықша – пелликула мен қапталған. Эктоплазманың жіп тәрізді өсіндісі қозғалу органелласы бір немесе бірнеше талшықтары бар. Талшықтың ішіне қысым ақуыздарының фибрильдері кіреді. Кейбір талшықтыларды ундулиярлық мембрана бар. Талшық ундулиярлы мембрананы – толқын тәрізді қозғалысқа келтіреді. Талшықтың негізгі энергетикалық қызмет атқаратын органелла кинетосомамен байланысты. Талшықтылар қатарында жасушаның ішіне енетін тығыз салмақ түрінде аксостиль – тірек органелласы бар. Талшықтылардың әртүрлі паразитті түрлері адамның әртүрлі мүшелерінде мекендейді. Олардың даму циклі әртүрлі.

Инфузориялар класы – Infusoria. Инфузорияларда талшықтылардағы сияқты пелликула бар, олардың дене пішіні тұрақты. Қозғалу мүшелері көптеген кірпікшелер, бүкіл денесін жауып тұрады.Полимерленген талшықтылар сияқты кірпікшелердің әрбір түрінде екі ядродан бар: үлкені – макронуклеус, кішісі – микронуклеус. Макронуклеус зат алмасуды ретке келтіреді, микронуклеус коньюгацияда ұрпақтық хабардың алмасуы қызметін жасайды. Инфузорияда – макронуклеус полиплоидты ал микронуклеус гаплоидты немесе диплоидты. Ас қорыту аппараты күрделі құралған көптеген ауыз – цистостом, клеткалы жұтқыншақ – цитофаринкс тұрақты пайда болып тұрады. Ас қорыту вакуольді эндоплазма бойынша орын ауыстырады, сондықтан литикалық ферменттер сатылап бөлінеді. Бұл тамақ бөлшектерінің толық қорытылуын қадағалайды. Қортылмай қалған ас қалдықтары клетка бетінің арнаулы бөлігі порошица арқылы сыртқа шығарылады. Инфузория – жоғары құрылымды қарапайымдылар. Олардың арасында паразиттік өмір сүретіндер көп емес. Адамда бір түрі паразит – балантидия болады. Ол ас қорыту жүйесінде өмір сүреді.

Споровиктер класы – Sporozoa. Барлық споровиктер жануарлар мен адамдар паразиті және комменсалы. Қозғалу органелласы жоқ. Споровиктердің қоректенуі барлық қоректі бүкіл денесі арқылы сіңіру жолымен жүреді. Көптеген споровиктер клетка ішілік паразиттер. Олар өте терең дегенерацияға шыдаған. Споровиктерге көбеюдің екі түрі тән: жынысты және жыныссыз. Бірінші түрі даму цикліне жыныссыз көбею. Жыныстық процесс копуляция және спорогония түрінде. Жыныссыз көбею – жәй күрделі көп бөліну – шизогония арқылы жүреді. Жынысты көбею кезінде – жыныс клеткалар – аталық және аналық гаметалар түзіледі. Гаметалар қосылады, түзілген зиготаны қабық қаптайды, оның ішінде спорогония жүреді – көп бөліну нәтижесінде спорозоидтың түзілуі жүреді. Өмірлік циклі осындай типті споровиктер ішкі орта ұлпаларында өмір сүреді. Споровиктердің екінші даму циклінің түрі ішкі ағзада өмір сүретіндерде кездеседі. Ол өте қарапайым, циста және трофозойд стадияларында болады. Паразиттің адам ағзасына өтуі, патагендік әсері, аурудың диагностикасы, профилактикасы сол паразит өмір сүретін адам ағзасының спецификасына байланысты. Сондықтан қарапайымдыларды, медициналық көзқарас бойынша әртүрлі топқа бөледі, ішкі ағзада өмір сүретін, сыртқы ортамен байланысқан түрі, адамның ішкі ағзасында, ұлпада өмір сүретін түрі. Сонымен қатар еркін өмір сүретін қарапайымдылар, олардың кездейсоқ организмге түсуі патологиялық процестерге тіпті адам өліміне әкеліп соқтыруы мүмкін. Сыртқы ортамен байланысқан қуысты мүшелерде мекендейтін қарапайымдылар. Бұл экологиялық топқа жататын қарапайымдылар, паразит болып, олардың мекендеу жағдайы салыстырмалы сыртқы ортадан аз ерекшелінгендіктен терең дегенерацияны шыдай алмады. Бұл паразиттердің көбісі анаэробтар. Олардың даму циклі қарапайым көбісінде трофозоитжәне циста стадиялары болады. Кейбіреулері циста құрмайды. Бұл паразиттердің көбісімен зақымдалу цисталарды және трофозоиттардыжұту жолымен жүреді. Олардың таралуына қоздырғыштардың механикалық тасымалдаушылары – жәндіктердің маңызы зор. Зақымдалған ағзалардан бөлінген трофозоит немесе цистаны табу негізінде ауруды диагнстикалайды. Профилактикада жұқтырудың негізі жеке бас гигиенасын сақтау. Көп түрлері ас қорыту түтігінде және басқа мүшелерде тіршілік етіп және онда қолайлы орта тауып комменсалдар болып табылады. Бірақта болашақта олардың иесімен қарым – қатынасының күшеюі және паразиттеуге көшуі мүмкін.

Ауыз қуысында мекендейтін, қарапайымдылар. Ауыз амебасы – Entamoeba gigivalis (Тамыраяқтылар класы) – тіс сыртында, таңдай миндалинарларының көмекей безінде орналасады, сау адамдардың 25%-да кездесетін, комменсал. Ауыз қуысы аурулары бар адамдарда жиірек кездеседі. Клетка көлемі 6-30 мкм, жалған аяқтары кең. Бактериялармен және лейкоциттермен иек қанаған кезде эритроциттермен де қоректенуі мүмкін. Циста құрмайды.

Trichomonas tenax (Талшықтылар класы) – алдыңғы түр тәрізді комменсал. Дене пішіні алмұрт тәрізді, ұзындығы 6-13 мкм. Алдыңғы соңында 4 талшығы болады, бүйірінде ундулярлы мембрана орналасады. Ұзындығы дене ұзындығының 3/4 шамасында. Сау адамдардың 30 %-да, және үлкен адамдарда балаларға қарағанда жиі кездеседі. Ауыздың шырышты қабығының қатпарларында, тістің кариозды қуыстарында, созылмалы тонзилиттің миндалиналардың (көмекей безі) критілерінде, асқазан сөлінің төмен қышқылдығында мекендейді. Адамнан адамға берілу екі түрінің де сүйіскенде, жалпы ыдыстармен және тіс шөткелері мен және түшкіргенде немесе жөтелгенде қақырықпен беріледі. Екі түрдің өзіндік медициналық маңызы жоқ, біраз ауыз қуысының патологиялық процестерінде олардың жүруін қиындатуы мүмкін.

Ащы ішекте мекендейтін, қарапайымдылар. Адамның ащы ішегінде қарапайымдылардың жалғыз түрі – көбінесе балаларда болатын лямблиоз қоздырғышы – лямблия Lamblia intestinalis (Талшықтылар класы) паразиттейді. Паразиттің пішіні екіге бөлінген алмұрт тәрізді. Денесінің ұзындығы 10 мкм. Денесінің ұзына бойына екі жіңішке тірек органеллалары – аксосилдер кіреді. Клеткада симметриялы түрде екі ядро және төрт пар талшықтар орналасады. Ішек эпителиясының клеткасының бетімен трофозоидтар қорек затын қолданады. Қоректі ұстау пиноцитозбен жүзеге асады. Жіңішке ішектің ішкі бөліміне түскенде лямблий инцистирленеді. Ересек цисталары сопақша пішінді, 4 ядросы және бірнеше аксостилі бар. Сыртқы ортада циста бірнеше апта бойында өмір сүру жағдайын сақтайды. Адамның жарақаттануы цистаны жұтқанда болады.

Лабораториялық диагностикасы – цистаны нәжістен және трофозоитты он екі ішектен табу.

Жеке профилактикасы – қоректену гигиенасын сақтау. Қоғамдық профилактикасы-туалеттің санитарлы тазалығы, қоғамдық мекемелердің тамақтануы.

Тоқ ішекте мекендейтін қарапайымдылар. Қарапайымдылар мекендеу үшін тоқ ішек өте қолайлы. Паразит шырышты қабықтың жанында, криптілерінің эпителейін жабатын шырышта орналасады. Бұл қарапайымдылардың көбісі ішектің жойылған клеткаларымен және бактериялармен қоректене отырып комменсалдар болып табылады.

Қарапайымдылардың 2 түріде – дизентериялы амеба және балантидийлер – патагенді, бірақ сау адамның ағзасында олар көп уақыт бойы комменсалды тіршілік етеді.

Дизентериялы амеба Entamoeba histolytica (Тамыраяқтылар класы) – амебиаз қоздырғышы тоқ ішекті жаралаумен сипатталады. Entamoeba histolytica-ның даму циклінде вегетативті, тыныштық стадиялары немесе цистасы бар. Циста қоршаған орта факторларының әсеріне тұрақты, 13-170 С температурада 15 күннен артық сақталады, дымқыл топырақта – 8 күнге дейін, бірнеше күн жеміс – жидектерде, үй ыдыстарында сақталады. Қатты қайнатқанда, кептіргенде өледі. Амебиаз барлық жерде кездеседі, бірақ дымқыл ыстық климатты зоналарда жиі кездеседі. Үністанда, Колумбияда және Мексикада дизентериялы амебадан, созылмалы бауыр абсцессасымен шамамен 40 млн адам зардап шегуде. Энтеральды жолмен жарақаттану тек Entamoeba histolytica цистасымен жүреді. Цистада хитин тәрізді қабаты және 4 ядросы бар. Циста қарын сөлінің тұз қышқылының әсеріне резистентті. Амебаның даму циклінде, бір-бірінен морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері бар, бірнеше стадиядан тұрады. Ұсақ вегетативті түрі ішектің саңылауында мекендейді. Оның мөлшері 8-20 мкм. Цитоплазмадан бактерияларды және саңырауқұлақтарды – ішектің микрофлора элементтерін табуға болады. Ірі вегетативті түрі ірінді жара ішектің қабырғасының ішек саңылауында мекендейді. Оның мөлшері - 45 мкм дейін. Цитоплазма дәнді эндоплазмаға нақты бөлінген. Онда қара түске боялған карисоммен сипатталған ядро және қорек ететін эритроциттер орналасқан. Ірі формалары кең жалған аяқтарының көмегімен қозғалады. Жараланған ұлпаның тереңінде ұлпалық түрі орналасады. Ол ірі вегетативтік формадан кішірек және цитоплазмада эритроцит жоқ. Циста ауру симтомсыз жүретін, паразит тасушылардың және созылмалы аурумен ауратындардың нәжісінен табылады. Циста дөңгелек пішінді диаметрі 8-15 мкм және сақина тәрізді бірден төртке дейін ядросы бар. Амебаның қабілеттілігінің арқасында сыртқы ортаға протеолитикалық ферменттерді (трипсин және пепсин) бөледі, ол ішектің қабырғасына жақындаған жағдайда, эпителидің жарақаттануына әкеледі. Әрі қарай таралу гиалуронидаза факторының бөлінуімен аяқталады. Амеба қан тамырларының саңылауының қабырғасына енеді, мұндай тамырдың бөлімінде тромбоз туады. Едәуір бөлімдерде амебаның гаметогенді таралуы байқалады. Амебиазаның асқынуы ішек және ішектен тыс болып бөлінеді. Ішек арқылы асқынуда жара, қан кету, және т.б қауіпті. Ішектен тыс асқынуда бас миы және бауырдың абсцестерінің түзілуі. Парзиттің өмір сүру циклі күрделі. Адам амебиазамен, лас жерден азық түліктерден немесе судан паразиттің цистасын жұтқанда жарақаттанады. Ұсақ сегіз клетканың бірінен соң бірі бөлінуі нәтижесінде, ұсақ вегетативті формаға айналады да, тоқ ішектің саңылауында циста түзіледі. Олар адамға қауіпті емес. Олар қайтадан цисталанып сыртқа шығады. Иесінің жағыдайы төмендегенде ұсақ вегетативті формалары жараның түзілуін туғызатын ірі формаға айналуға бейімделген. Аурудың өткір жарақаттану кезінде нәжісте циста ғана болмайды, сонымен қатар трофозоит табылады. Диррейді шақыратын ауру, амебиазамен жарақатанғандардың тек 10% дамиды. Амебаның әртүрлі екі генетикалық формасы бар деп есептелінеді. Entamoeba histolytica, ауру шақыратын, және Entamoeba dispar, патагенді емес. Вирулентті және вирулентті емес амебаның цисталары практикалық түрде бірдей құрылысты болып келеді.

Лабораториялық диагностикасы: патагенді және патагенді емес формаларын морфологиялық салыстыру, малекулярлы диагностика әдісі, иммунодиагностика, микроскопия.

Диагноз нәжістен эритроциттерді жұтқандағы трофозоиттарды табу негізінде қойылады. Төрт ядролы циста жылдам созылмалы ауру немесе паразитті тасуға себепкер болады. Патагенді емес форманы айыру үшін малекулярлы диагностика әдісі қолданылады (биохимиялық және иммунологиялық)

Профилактикасы – лямблиоз сияқты.

Балантидий Balantidium coli (Инфузория класы) – балантидиоз қоздырғышы. Бұл ірі қарапайым, ұзындығы 200 мкм. Еркін өмір сүретін инфузориялардың барлық белгілері сақталған: денесі кірпікшелермен қапталған, цитостомы және цитофаринксі бар. Пелликуланың астыңда мөлдір эктоплазма қабаты орналасқан, тереңінде органеллалар және екі ядросы мен эндоплазма табылады. Макронуклеус гантельтәрізді, бұршақ тәрізді, қасында микронуклеус орналасқан. Балантидияның цистасы сүйір 50-60 мкм 2 қабатты қабықшамен қапталған, кірпікшелері болмайды. Микронуклеусі көрінбейді, жиырылғыш вакуольі анық көрінеді. Балантидий адам ішегінде бактериялармен қоректенеді. Кейде ішек қабырғасына еніп, қанды ірің өткізуі мүмкін. Мұндай жағдайда оның цитоплазмасында иесінің қаны табылады. Амеба дизентериясы сияқты балантидий қан айналымға түсіп, бауырды, өкпені және т.б мүшелерді абсцесс тудырады. Инфузорияның ерекшелігі гиалурдаза ферментін бөліп, сол арқылы зақымдалған ішек қабырғасына енеді. Гистологиялық препаратта сондай жолды бір жерге көп трофозоидтың жиналуын көруге болады. Морфологиялық жағынан еш айырмашылығы жоқ, бірақ циста түзбейді. Балантидиялар шошқа мен тышқанда кездеседі, негізгі резервуары.

Лабораториялық диагностикасы – аурудың нәжісінен циста және трофозойдты табу.

Профилактикасы – лямблиозға ұқсас.

Жыныс мүшелерінде мекендейтін, қарапайымдылар. Адамның жыныс мүшелерінде трихомоноз қоздырғышы (қынап трихомонадасы) – Trichomonas vaginalis (Талшықтылар класы) мекендейді. Бұл паразиттің ұзындығы 14-30 мкм. Дене пішіні алмұрт тәрізді. Алдыңда 4 талшығы бар. Клетканың ортасына дейін үлкен емес ундулярлы мембрана кіреді. Клетканың соңынан шығатын, аксостиль денесінің ортасына дейін созылады.

Ас қорыту вакуольдерінде бұл паразит қоректенетін лейкоцит, эритроцит және бактериялар орналасады. Циста құрмайды. Бұл трихомонада әйелдерде қынапта, және жатыр мойнында, еркектерде – зәр шығару түтігінде, қуықта және қуық асты безде мекендейді. Әйелдердің зақымдануы 20 – 40%, ерлерде 15% дейін жетеді. Иесіне бұл трихомонада қатты зақымдалулар жасамайды, бірақ зәр шығару жүйесінің эпителейімен қарым-қатынаста бола отырып, ол эпителиальды қабаттың астында ұсақ қабыну ошақтарының пайда болуын шақырады және шырышты қабықтың клеткаларының жойылуға әкеледі. Бұзылған эпителиальді жабын арқылы мүше қуысына лейкоциттер түседі. Ерлерде ауру әдетте 1 айдан кейін спонтанды жазылумен аяқталады. Әйелдерде трихомоноз бірнеше жыл жүруі мүмкін.

Лабораториялық диагностиакасы: Жұғыннан тірі қозғалмалы трихомонаданы табу.

Профилактиакасы – жыныс қатынасы кезінде жеке бас гигиенасын сақтау.

Өкпеде мекендейтін қарапайымдылар.

Pneumocystes carinii паразиттердің жыныстық процесі жоқ ерекше тобына жатады (Споровиктер класы). Пневмоцитоз қоздырғышы болып табылады. Трофозоиттардың түрі сопақша дұрыс емес, көлемі 1 ден 5 мкм –ге дейін. Басқаларға қарағанда бұл топтың қарапайымдыларының цитоплазмасында митохондрийлер болады, ал диссимиляция аэробты жүреді. Адам мен сүтқоректілердің өкпесінің альвеоласында табылған, онда комменсалды тіршілік етуі мүмкін. Бұл паразиттің тіршілік циклі қазіргі кезде зерттелуде. Адам ауа-тамшысы арқылы трофозоиттармен зақымданады. Өкпеде трофозоиттар альвеолярлы эпителийлерде, оған жалғанаяқтармен бекіп орналасады. Бұнда олар қарапайым бөлінумен көбейеді. Спорогонийлерге өтіп, олардың көлемі ұлғайып, қалың қабықша құрап, әдетте бірнеше рет бөлінеді. Нәтижесінде 2 ден 8-ге дейін спорозоиттан тұратын циста құрайды. Цистаның қабырғасы жыртылғанда спорозоиттар одан шығып дем алғанда түссе белгілі ағзада немесе басқа иесінде трофозоиттардың көбеюінің келесі кезеңі басталады. Сау адамдардың 1 – 10% P. Carinii байқалған. Инвазия әдетте белгісіз өтеді, бірақ иесінің иммунитеттің нашарлауы жағыдайында паразиттердің көбеюі күшейеді, олар ауыр жағдайларда асфиксиядан өлім жағдайына әкелетін бронхиололарды бітейді. СПИД – пен ауратын науқастардың өлімінің анализі АҚШ-та, Европада және Японияда 70 % жағдайда өлімнің негізгі себебі пневмоцитоз болғанын көрсеткен. Егер СПИД пен ауратын науқасты пневмоцистоздан құтқарса, онда олардың өмірі ұзарады деген мәлімет бар. Науқастардың қақырығынан паразитті табу өте қиын. Сондықтан диагностика үшін жоғары арнайылынғандығы (специфичность) жоқ иммунологиялық әдісті қолданылады.Қазіргі кезде генетикалық зонд қолдану арқылы пневмоцитоз диагностикасының әдісі жасалған. Пневмоцистозды алдын-алу паразиттің сау адамдарда үй жануарларында кең таралуымен байланысты күрделі. Соондықтан алдын-алудың эффективті шарасы тек генетикалық инженерия әдісімен алынатын арнайы иммунодефициті бар вакциналармен адамдарды вакциналау болып табылады.

Экологиялық жіктелуі





  1. Сыртқы ортамен байланысты, қуысты мүшелерде мекендейтін, қарапайымдылар.

Ауыз қуысында мекендейтін, қарапайымдылар.

Ауыз амебасы - Entamoeba gigivalis (Саркодтылар кл.); Trichomonas tenax (Талшықтылар кл.)

Ащы ішекте мекендейтін, қарапайымдылар.

Лямблия Lamblia intestinalis (Талшықтылар кл.) – лямблиоз қоздырғышы.

Тоқ ішекте мекендейтін, қарапайымдылар.

Ішек амебасы Entamoeba histolytica (Тамыраяқтылар класы) – амебиаз қоздырғышы.

Балантидий Balantidium coli (Инфузория класы) – балантидиоз қоздырғышы.

Жыныс мүшелерінде мекендейтін, қарапайымдылар. Адамның жыныс мүшелерінде трихомоноз қоздырғышы (қынап трихомонадасы) – Trichomonas vaginalis (Талшықтылар класы) мекендейді.

Pneumocystes carinii - пневмоцитоздың қоздырғышы.

  1. Ұлпаларда мекендейтін, қарапайымдылар.

Ұлпада мекендейтін трансмиссивті емес берілетін, қарапайымдылар.

Токсоплазма Toxoplasma gondii – токсоплазма қоздырғышы.

Ұлпада мекендейтін трансмиссивті берілетін, қарапайымдылар.

Лейшмания Leishmania (Талшықтылар класы) – лейшманиоз қоздырғышы.

Trypanosoma brucei gambiense және Trypanosoma brucei rhodesiense (Талшықтылар класы) – африкандық трипаносома немесе ұйқы ауруының қоздырғышы.

Малярлы плазмодии – Plasmodium (Споровиктер класы) – малярия қоздырғышы.

Көрнекілік құралдар ( кестелер мен слайдтар)
Әдебиет:

Негізгі:

1. Әміреев С., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ.: Медициналық паразитология : Оқулық.-Алматы : Кітап, 2005.-442 б.

2.Дюсенбекова Баян Нестеровна М Медициналық паразитология Қарапайымдылар типі: оқу құралы ; КГМУ, 2009. – 37 б.

Қосымша:

1. Барышников Е.Н.: Медицинская паразитология: Учеб. пособие для медвузов.- М.: ВЛАДОСпресс, 2005.- 144с. Медицинская паразитология: Учеб. пособие для медвузов.- М.: ВЛАДОСпресс, 2005.- 144с.

2. Виноградов А.Б., Глумов С.Г., Афонина Т.Д.: Медицинская паразитология: Учебное пособие для медвузов .- Ростов н/Д: Феникс, 2006.- 290 с.

3. Пехов А.П. Биология: мед.биология, генетика и паразитология: Учебник/ А.П. Пехов. М. : ГЭОТАР-Медиа, 2011. – 656 с.

4. Утибаева Р.А: Учение академика Е.Н.Павловского о природной очаговости болезней человека и животных: учеб.- метод. пособие.- Караганда: КГМА, 2007.-120с.

5. Шабалова Н.П. Ложь и правда о паразитах – М. Издательский дом Роса, 2009. 190 с.
Бақылау сұрақтары:
1.Ұлпаларда мекендейтін медициналық маңызы бар қарапайымдыларға жалпы сипаттама.

2. Ұлпаларда мекендейтін және трансмиссивті емес жолмен берілетін қарапайымдылар (токсоплазма), тіршілік циклі, медициналық маңызы, зақымдану жолдары, диагностика әдістері және алдын-алу шаралары.

3. Ұлпаларда мекендейтін және трансмиссивті жолмен берілетін (лейшманийлер, трипаносомалар, безгек плазмодиялары).

4.Тіршілік циклдері, медициналық маңызы, зақымдану жолдары, диагностика әдістері және алдын-алу шаралары.



Похожие:

Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Қмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы iconҚмму ф 4/3-04/02 Қмму бе 4/02 2007 ж. 14 маусымдағы
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница