«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны




Название«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
страница1/6
Дата конвертации18.01.2013
Размер1.42 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы

«___» _________________

№ ______

қаулысымен бекітілді

«Шығыс Қазақстан облысының

кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Мазмұны


1.
Миссиясы және пайымдауы

2.

Ағымдағы жағдайды және қызметінің тиісті саласының даму беталысын талдау

3.

Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері

3.1

Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері

3.2

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

4.

Функционалдық мүмкіндіктерінің дамуы

5.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

6.

Тәуекелдерді басқару

7.

Бюджеттік бағдарламалар

7.1

Бюджеттік бағдарламалар

7.2

Бюджеттік шығыстардың жиынтығы


1 бөлім. Миссиясы және пайымдауы

Ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті және халық тұрмысына қолайлы жағдай жасауға қабілетті облыстың индустриялық-инновациялық кешенін қалыптастыру.

Қосылған құны жоғары, халықаралық сапа стандарттарына сай инновациялық, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнім өндіретін өнеркәсіп қалыптастыру үшін алдын ала келісілген экономиканың нақты секторын орнықты дамыту.

2. Ағымдағы жағдайды және қызметінің тиісті саласының

даму беталысын талдау
1 Стратегиялық бағыт. Өнеркәсіп салаларын дамыту.

1.1 Өңір өнеркәсібін дамытудың негізгі параметрлері.

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның өнеркәсібі дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Мұнда түсті металлургия, машина жасау, энергетика, тамақ, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясының ірі кәсіпорындары шоғырланған.

Өңірдің негізгі байлығы - біршама үлкен көлемдегі полиметалл рудаларының қоры, олардың құрамында қорғасын, мырыш және мыс сияқты негізгі металдардан басқа қосымша алтын және күміс сияқты бағалы металдар, сурьма, сынап, кадмий, вольфрам, висмут, талий, индий, теллур және басқа жерде сирек кездесетін металдар бар.

Өңірдің жер қойнауында полиметалл рудаларынан басқа қалайы, тантал, титан, никель, кобальт, молибден және басқа металдардың кеніштері бар.

Тас және қоңыр көмірдің, цемент, кірпіш өндірісіне арналған минералдық шикізаттың едәуір қоры бар, іздеу жұмыстарымен мұнай және газ қоры табылды.

Сонымен қатар, бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында кең таралған пайдалы қазбаларға (тақтатастар, құм, әктас, құм-қиыршықтас қоспасы және т.б.) 122 келісімшарт қолданылып жүр.
2005-2009 жылдар аралығында

өнеркәсіпте нақты көлем индексінің және тауарлық өнім өндірісі

көлемінің өзгеру серпіні


2009 жылы 492,1 млрд. теңге сомада тауарлық өнім өндірілді, бұл 2007 жылғы деңгейден қолданыстағы бағамен 2,2 % жоғары, ал республикалық көлемдегі үлесі – 5,5 %.

2007 жылдан бастап өндірістің НКИ әлемдік металл бағасының төмендеуінен пайда болған қаржы дағдарысына байланысты өнім сұранысының азаюы әсерінен төмендеді, бұл кәсіпорындарды өндірістерін жағдай тұрақтанғанға дейін тоқтата тұруға мәжбүр етті (1 суретті қараңыз).

Өңір өнеркәсібі үш саладан тұрады: тау-кен өндіру өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі және электр энергиясы, газ бен су өндірісі және тарату.

Жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінде тау-кен өнеркәсібінің үлесі 18,6 % құрайды.

Кең таралған пайдалы қазбаларды және тағы басқаларды өндірумен айналысатын «Қазмырыш» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Алел» қаржылық-инвестициялық корпорациясы» АҚ, «Даңқ» ЖШС, «Секисовское» тау-кен кәсіпорны» ЕЖШС, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС және бірқатар басқа кәсіпорындар тау-кен өнеркәсібі негізін құрайды.

2009 жылы 92,0 млрд. теңге сомада тауарлық өнім өндірілді, бұл қолданыстағы бағада 2007 жылдың деңгейінен 9,3 % жоғары, ал республикалық көлемдегі үлесі – 1,7 %, өнеркәсіп өнімі өндірісінің НКИ 100,1 % құрады (2 суретті қараңыз).
2007-2009 жылдар аралығында

тау-кен өнеркәсібінде тауарлық өнім өндірісінің

нақты көлем индексінің өзгеру серпіні

Соңғы 3 жылда тауарлық өнім өндірісі тұрақты өсіп келеді, алайда өндіріс көлемі әлемдік қаржылық биржалардағы металл бағасының серпініне тәуелді екенін атап айту қажет.

Полиметалл рудаларын өндірумен төрт кәсіпорын айналысады, олардың ішіндегі ең ірісі «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС болып табылады. Ол В+С12 санаты бойынша жалпы қоры 107,6 млн. тонна болатын 9 кеніште өндіру жұмыстарын жүргізеді. Кәсіпорындардың орташа жылдық қуаты 15 жыл шикізат ресурстарымен қамтамасыз ете алады. Бұл кеніштерден басқа корпорацияда В+С1 санаты бойынша 3 млрд. тоннаға жуық қоры бар тағы үш кеніші (Ақтоғай, Айдарлы, Анисимов ключ) бар. Олар салынып жатқан «Ақтоғай» КБК жобалық қуатында 60 жылға жеткілікті болады.

Полиметалл кеніштерін пайдаланатын екінші ірі кәсіпорын «Қазмырыш» ЖШС болып табылады, ол В+С12 санаты бойынша жалпы қоры 92 211,9 мың тонна болатын төрт кеніште осы рудаларды өндірумен айналысады. Кәсіпорындардың орташа жылдық қуаты металлургиялық өндірістерді шикізат ресурстарымен 19 жыл қамтамасыз ете алады. Аталған кәсіпорындардан басқа қоғамда екі кеніш резервте тұр.

Алтын кеніштерді пайдаланумен 10 кәсіпорын айналысады, олардың ішінде өндірумен 5 кәсіпорын айналысады, олардың жыл сайынғы көлемі – 3 млн. тоннаға жуық. Қалған кеніштер ашу және тау-кен дайындау жұмыстары кезеңінде.

Пайдаланылатын қорды өсіру мақсатында өңірдің минералдық-шикізаттық кешенінің басым ресурстық базасын дамыту ауқымды іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

2007-2009 жылдар аралығында тау-кен өндіру өнеркәсібі өнімінің маңызды түрлерінің өзгеру серпіні төменде келтірілген (1 кестені қараңыз).

1 кесте

2007-2009 жылдар аралығында

тау-кен өндіру өнеркәсібі өнімінің маңызды түрлерінің өзгеру серпіні


№ п/п

Өнім атауы

Өлшем бірлігі

Жылдар

Республ. көлемдегі үлесі, %

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

1

Көмір

мың тонна

4433,3

5431,5

5383,2

5,3

2

Мыс рудасы

мың тонна

1693,9

2846,3

-

-

3

Мыс-мырыш рудасы

мың тонна

3773,5

5077,6

4873,4

96,8

4

Қорғасын

концентратындағы қорғасын

мың тонна

35,4

31,1

35,5

90,1

5

Мырыш

концентратындағы мырыш

мың тонна

355,2

354,1

374,9

89,6

6

Табиғи құм

мың шаршы.м.

737,0

521,9

763,0

11,0

7

Гранулалар, тас қалдығы,

малта тас, қиыршықтас, ұсақталған тас

мың шаршы.м.

1404,7

974,0

1052,6

4,2

8

Тұз және натрий хлориды

тонна

3225

3031

3840

1,8

Өңдеу өнеркәсібінің негізін мынадай кіші салалар құрайды: металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдар өндірісі (саладағы үлес салмағы 54,2 %), азық-түлік тағамдары, соның ішінде сусындар өндірісі (14,3%), машина жасау (13,5%), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (9,5%), химия өнеркәсібі (1,1%), тоқыма және тігін өнеркәсібі (0,4%), тері, теріден жасалған бұйымдар және аяқ киім өндірісі (0,2%) және өнеркәсіптің өзге де салалары (6,8%).

Облыстың жалпы өнеркәсіптік әлеуетінің көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 71,1 % құрап отыр.

2007-2009 жылдар аралығында

өңдеу өнеркәсібіндегі тауарлық өнім өндірісінің серпіні


2009 жылы салада 349,7 млрд. теңгеге тауарлық өнім өндірілді, бұл 2007 жылғы деңгейдің 0,96 % құрайды, республикалық көлемдегі үлесі – 11,8 %, нақты көлем индексі – 91,4 % және 2007 жылғы деңгейден 18,3 пайыздық тармаққа төмен болып табылады (3 сурет).

Соңғы екі жылда дүниежүзілік қаржы дағдарысы салдарынан түсті металл өндірісі көлемінің қысқаруына байланысты нақты көлем индексі төмендеп кетті.

Түсті металлургия саласының жүйе құраушы кәсіпорындары – «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ.

Соңғы екі жылда кіші салада нақты көлем индексінің төмендеуін (4 сурет) дүниежүзілік қаржы дағдарысы салдарынан металл бағасының күрт төмендеуіне байланысты түсті металл өндірісі көлемін тоқтата тұруымен, ал 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы тауарлық өнім өндірісінің өсімін олардың өсу үрдісінің пайда болғанымен түсіндіруге болады.
2007-2009 жылдар аралығында

металлургия өнеркәсібінде және дайын металл бұйымдары өндірісінде тауарлық өнім өндірісінің нақты көлем индексінің өзгеру серпіні

Машина жасау кешені. Өңірде машина жасау өнімдерін жасап шығаратын 130-дан астам шаруашылық жүргізетін субъектілер белсенді жұмыс істейді.

Өнеркәсіп өндірісі кұрылымында кәсіпорындардың барлық түрлерінің ең көп үлес салмағы 18 ірі және орта кәсіпорындарда, олардың машина жасау көлеміне салымы 80 % жоғарыны құрап отыр.

Машина жасауда нақты көрсеткіштерде өндіріс және тауарлық өнім өндірісінің көлемдері 2007 жылға дейін елеулі қарқынмен өсті, ал 2008 жылы кіші сала дағдарыс салдарынан басқаларға қарағанда қатты зардап шекті.

Бұл ең алдымен, машина жасау өнімдерінің инвестициялық сипаттағы сұранысымен байланысты болып отыр.

Машина жасаудағы өндіріс 2008 жылдың ортасынан бастап төмендеп, жылдың соңында өнім өндірісінің көлемдері 2007 жылға қарағанда 14,9% азайды (5 суретті қараңыз).

2009 жылы қаражат түрінде де, нақты көрсеткіштерде де өндіріс көлемі төмендеді, 49,1 млрд. теңгеге өнім өндірілді, НКИ 91,5 % құрады. «Машина және құрал-жабдық өндірісінде» өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 7,8 есе артты, электр құрал-жабдықтары өндірісінде 28,4 % артты, көлік құралдары және құрал-жабдықтар өндірісінде 35,2 % төмендеді.

2007-2009 жылдар аралығында

машина жасаудағы өнім өндірісі көлемдерінің өзгеру серпіні



300-ге жуық өнеркәсіп кәсіпорны құрылыс материалдарын өндірумен айналысады. Құрылыс индустриясы кәсіпорындары көптеген өнім түржиынын жасап шығарады: цемент, қыш, силикат және шлак кірпіш, асбоцемент бұйымдары, шифер, тауарлық бетон, бетоннан жасалған жинақ құрылыс құрылмалары, керамикалық бұйымдар, тастан жасалған бұйымдар және т.б.

Құрылыс материалдары өнеркәсібінде өндірістік қуаттардың тозуы жалғасуда, күтіліп отырған экономикалық өрлеу кезеңінде олар сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығара алмай қалуы мүмкін. Мысалы, «Бұқтырма цемент компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Семей цемент зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауыттарында цемент ескі, энергия шығыны көп «ылғалды» тәсіл арқылы өндіріледі.

Соңғы жылдары облыста чех технологиясы бойынша керамикалық кірпіш, пластмасса құбырлары, металл жабын, пластмассадан жасалған ағаш бұйымдар, құрғақ қоспалар, бояу-сырлау материалдары мен басқа өнімдер шығаратын өндірістер пайда болды.

Жыл сайынғы құрылыс материалдары өндірісінің өсімі ішкі нарықтағы, оның ішінде тұрғын-үй саласындағы бір қалыпты сұранысымен қамтамасыз етілген болатын. 2008 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап, яғни, дүниежүзілік қаржы дағдарысы кезінде, әсіресе ипотекалық кредит беруге әсер еткен кезеңде нақты көлемдер 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 19,1% және 2009 жылы 16,9% төмендей бастады. 2009 жылы құрылыс материалдары өндірісінің көлемі 31,9 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің НКИ 93,4 % құрады. 2009 жылы облыста 3,2 млн. тонна цемент өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 7,1 % төмен болып табылады, тауарлық бетон өндірісі 1,2 есе өсіп, 563,3 мың тоннаны құрады, асбестоцмент, фиброцементтен жасалған осындай панельдер, тақталар мен бұйымдар – 4187,7 мың шаршы метр (41,2 % төмендеді), әктас – 40,8 мың тонна (40,7 % төмендеді), силикат және шлак кірпіш – 35,0 мың тонна (3,1 % төмендеді), құрылыс жүргізу мақсатында бетоннан жасалған бұйымдар – 350,2 мың тонна (38,7 % төмендеді), отқа төзімді құрылыс кірпіш – 28,3 мың текше метр (39,5 % төмендеді), блокталған, табақ және рулонды шлак мақта, минералды силикат мақта өндірісі – 17,1 мың тонна (өндіріс көлемі 4,3 % арты).

2009 жылы кіші салада жұмыс істегендердің саны – 5,4 мың адам.

Қазіргі уақытта облыста бәсекеге қабілетті өнім шығару жөніндегі бірқатар жобалар енгізілуде. Жарма ауданында қуаты жылына 1 млн. тонна цемент өндіретін жаңа зауыт салынып жатыр. Этилен-пропилен каучук негізінде ЭЛВ-4 өнеркәсіптік электрон жылдамдатқыш базасында полимерлік жабын материалдар, сондай-ақ, оған жинақ желімдер мен герметиктер өндірісі игеріле бастады. Берік әрі ұзақ бір қабат материал сенімді су оқшаулағыш болып табылады. Өскемен полиэтилен құбырлары зауыты 2010 жылғы 1 желтоқсанда қуаты жылына 1 мың тонна құбыр шығаратын цехті іске қосты.

Құрылыс материалдары кіші саласында нақты көлем индексі өзгерісінің және тауарлық өнім өндірісінің серпіні 6 суретте көрсетілген.

2007-2009 жылдар аралығында

құрылыс материалдары кіші саласында нақты көлем индексінің

өзгеру және тауарлық өнім өндірісінің серпіні

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
...
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мәдениет басқармасының пайымдауы – облыс мәдениетін жаңғыртуды, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы жалпыхалықтық...
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
...
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, қызметінің мақсаттары мен міндеттері
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының
«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық...
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны: бет
...
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Қарағанды облысының Әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жж. Арналған стратегиялық жоспары мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері 7
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Белогор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары. Мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница