Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы




Скачать 408.39 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
страница1/4
Дата конвертации18.01.2013
Размер408.39 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2000 жылғы 2 маусым № 266


Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын

ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 шілде № 1199 тіркелді


(2008.23.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы ереженің жаңа редакциясы бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күн өткеннен кейiн күшiне енгізілсiн.

ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулық туралы» 1997 жылғы 4 наурыздағы № 61 қаулысының;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы» 1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 287 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. 2 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З.Нәлібаевқа жүктелсін.

Ұлттық Банк

Төрағасы Г.А. Марченко



Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2000 жылғы 2 маусымдағы

266 қаулысымен

бекітілген

ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 қаулысымен атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің

банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесі


Енгізілген өзгерістер:

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.10.01 ж. № 382 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 21.03.03 ж. № 90 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 21.04.03 ж. № 140 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2007.18.01. № 2 қаулысымен (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.24.10 № 123 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара)

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.23.06 № 49 Қаулысымен (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)


 

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 21.03.03 ж. № 90 (бұр. ред. қара); 2006.24.06. № 2 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" , "Ақша төлемi және аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының осыларға сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбiн белгiлейдi.

ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 21.03.03 ж. № 90 (бұр. ред. қара); 2006.24.01. № 2 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

2. Осы Ережеде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы", "Ақша төлемi және аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.

3. ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 қаулысымен алып тасталды  (бұр.ред.қара)

ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Банктiк есепшоттарды теңгемен де, шетелдiк валютамен де ашуға және жүргiзуге болады және олар ағымдағы, жинақ шоттары, карт-шоттары және корреспонденттік есепшоттар болып бөлінеді.

Ағымдағы, жинақ шоттары және карт-шоттары- жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерінің) банктiк есепшоттары.

Корреспонденттiк есепшоттар - банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банктiк есепшоттары.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде банктiк есепшоттар ашу тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң арнайы нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.

6. Корреспонденттiк есепшоттар ашу, жүргiзу және жабу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жекелеген нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.

7. ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 қаулысымен 2-тараудың атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

2-тарау. Банктiк есепшот шарты бойынша

ағымдағы шоттар және карт-шоттар ашу тәртiбi

 

ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді  (бұр.ред.қара)

8. Банктiк есепшот шарты бойынша ағымдағы және карт-шот ашқан кезде банк клиенттiң пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшiншi адамдарға тиiстi ақша сомасын аудару (беру) туралы клиенттiң нұсқауын орындауға және банктiк есепшот шартында көзделген басқа да қызмет көрсетуге мiндеттенедi.

9. Банктiк есепшот шартында мыналар болуға тиiстi:

1) шарттың мәнi;

2) банктiк есепшот ашқан кезде тиiстi құжатты көрсету керек болмайтын жағдайдан басқа кезде салық қызметi органы берген құжатта көрсетiлген салық төлеушi клиенттiң тiркеу номерi;

3) банкте жатқан ақшаны жұмсау тәртiбi;

4) банктiң қызмет көрсету шарттары және оған ақы төлеу тәртiбi.

Банктiк есепшот шартында тараптар келiскен өзге де талаптар болуы мүмкiн.

10. Банктiк есепшот шартында заңда белгiленген қосымша талаптар да болуға тиiстi.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.10.01 ж. № 382; 21.03.03 ж. № 90 (бұр. ред. қара); 2006.24.01. № 2  (бұр.ред.қара); 2008.23.06. № 49 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді

11. Банктiк есепшот ашу үшiн клиент мынадай құжаттар тапсыруы қажет:

1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - резиденттерi және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшiн:

қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;

клиенттiң тіркеу есебіне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;

статистикалық карточкасының көшiрмесi;

мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген, белгiленген нысандағы құжаттың көшірмесi;

қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін - қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттігін растайтын, орыс және/немесе мемлекеттік тілдерде нотариалды түрде куәландырған құжаттар;

филиалдар мен өкiлдiктер, заңды тұлғалардың өзге нысандары үшiн - филиалдың және өкiлдiктiң басшысына Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы берген сенiмхаттың көшiрмесi;

жарғының (оқшауланған бөлiмшелер үшiн - Ереженiң) немесе үлгі жарғысының негізінде клиенттiң қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;

клиенттің банктік шотын жүргізуге (банктік шоттағы ақшаны жұмсауға) байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжаттарға сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң рұқсаты;

2) Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары-резиденттерi үшiн:

жеке кәсіпкерлер үшін - қол қою үлгісі бар құжат;

клиенттiң тіркеу есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;

жеке кәсіпкерлер үшін- мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) жеткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi;

жеке басын куәландыратын құжат.

3) Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi):

қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;

клиенттiң Қазақстан Республикасында, филиалдар мен резидент емес заңды тұлғалардың өкiлдiктерi үшiн - олардың Қазақстан Республикасында тiркелген жерi бойынша тіркеу есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;

резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгiн растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi, сондай-ақ тиiстi филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жазылған, нотариат куәландырған көшiрмесi және Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы филиалдың немесе өкiлдiктiң басшысына берген сенiмхаттың көшiрмесi;

сауда тiзiлiмiнен не осындай сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны тiркеген орган, тiркеу нөмiрi, күнi және тiркеу орны туралы ақпарат бар, мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару арқылы белгiленген тәртiппен расталған және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына немесе қатысушысының бiреуi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес жария етілген не апостиль қойылған құжаттан үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;

қол қою және мөр таңбасының үлгiлерi бар құжатқа сәйкес клиенттiң банктiк шотын жүргiзуге (банктiк шоттағы ақшаға иелiк жасауға) байланысты операциялар жасау кезiнде төлем құжаттарына қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшiрмесi;

4) Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары үшін:

жеке кәсіпкерлер үшін - қол қою үлгісі бар құжат;

жеке кәсіпкерлер үшін- мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендiгін растайтын уәкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi;

салық қызметінің органы берген, клиенттің тіркеу есебіне қойылу фактісін растайтын құжаттың көшірмесі;

жеке басын куәландыратын құжат.

5) шаруа (фермер) қожалықтары үшiн:

қол қою үлгілерi және мөр таңбасы бар құжат;

клиенттiң тіркеу есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;

мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткендігiн растайтын уәкiлетті орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi.

6) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, олардың филиалдары үшiн (бұдан әрi - қаржы ұйымы):

қаржы ұйымы тарату комиссиясының бiрiншi және екiншi қол үлгiлерi не бiрiншi қол үлгiсi және таратылатын қаржы ұйымының мөр таңбасы бар құжат; таратылатын қаржы ұйымын тіркеу есебiне қою фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;

таратылатын қаржы ұйымын тіркеу есебіне қою фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;

қаржы ұйымын тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы (сот, уәкiлеттi орган не акционерлердiң жалпы жиналысы) шешiмiнiң көшiрмесi;

сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына банктiк және басқа да операцияларды жүргiзуге лицензияны қайтарып алу туралы уәкiлеттi орган шешiмiнiң көшiрмесi;

7) шетелдік дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер үшiн:

қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi берген, оның тiркелгенiн растайтын белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесi.

салық қызметінің органы берген, клиенттің тіркеу есебіне қойылу фактісін растайтын құжаттың көшірмесі;



ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 қаулысымен 3-тараудың атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)

3-тарау. Жинақ салым шарты бойынша

банк есепшоттарын ашу тәртiб
  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2012 жылғы 30 қаңтар №8 Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі»
Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2011 жылғы 26 желтоқсан №202 Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдары тәсілдері бойынша төлем айналымын...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының төлем жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін нормативтік базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының банк жүйесін дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница