Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес




Скачать 38.71 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Дата конвертации18.01.2013
Размер38.71 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес

ҚАУЛЫСЫ
Алматы қ. 14 желтоқсан 2009ж.

«Холдинг Алматы Су» МКК бас директорының ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қалалық Тәртіптік Кеңесінің 2008 жылғы 14 қарашадағы №79-Қ қаулысын орындау жөніндегі есебі


Тәртіптік Кеңес «Холдинг Алматы Су» МКК бас директоры В.С. Асамбаевтың есебін тыңдап, Тәртіптік Кеңестің 2008 жылғы 14 қарашадағы №79-Қ қаулысын орындау үшін елеулі жұмыстың орындалғанын атап көрсетеді.

Алматы қаласының әкімдігі қаланы сумен жабдықтау және кәріз жүйесін пайдалануды жақсарту мақсатында шаруашылық жүргізу құқығындағы «Холдинг Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құрды.

Биыл 2,3 млрд. теңгенің сомасына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, 16,2 км-ден астам су құбыры-кәріз желілері жөнделіп, әртүрлі нысандарды қалалық сумен жабдықтау және су бөлу желілеріне қосуға арналған 3453 техникалық шарттар, шағын бизнес субъектілері үшін 703 техникалық шарттар берілді.

Кәсіпорынның жалпы құжатайналымы 20910 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалардың өтініштері - 6164 бірлік, 2147 бастамашылық сипаттағы хат жолданды, МКК басшылары 112 адамды жеке мәселе бойынша қабылдады.

Тәртіптік Кеңестің ұсынымдарын орындау үшін техникалық шарттарды қараудың мерзімі 5-10 күнге дейін қысқартылды. 2008 жылдың қыркүйегінен бастап техникалық шарттарды беру өкілеттігі жергілікті атқарушы органдарға берілді. Абонеттердің өтініштеріне сәйкес есептеу құралдарын ауыстырудың мерзімін кейінге қалдыру тәжірибесі енгізілді.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын орындау жөнінде семинар өткізілді, кәсіпорын қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы түсіндіру жұмысы тұрақты жүргізіледі. 2009 жылға арналған бюджетте қызметкерлерді оқытуға 5 миллионнан астам теңге қарастырылған.

Сонымен бірге «Холдинг Алматы Су» МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін орындауы бойынша кемшіліктер бар.

Сумен жабдықтау және ағын суларды бөлу жөніндегі қызметтерге тарифтің ұлғаюы (бұдан әрі-қызметтер), көп жағдайда екінші деңгейдегі ірі банкілерде жеке тұлғалардың оларға көрсетілген қызметті төлеу мүмкіндіктерінің жоқтығы, жеке тұрғын үйлерде тұратын қалалық кәріз жүйелеріне (жиналған ағын су, қоқыс шұңқыры) қосылу мүмкіндіктері жоқ жеке тұлғалардан ағын суларды тазалау мен бөлу жөніндегі қызмет көрсеткені үшін төлем алу, кәсіпорынның балансында тұрмайтын, оның ішінде иесіз қалған желілерді жөндеуден бас тарту туралы көптеген арыздар түсуде

Заңды тұлғалар үшін қызмет көрсету тарифін 5 есеге көтерген, осы ретте кәсіпорын қоғамдық ұйымдардың суды артығымен пайдаланбайтын заңды тұлғаларға тарифті 50 %-ға төмендету жөніндегі ұсыныстарына жауап берген жоқ.

Тек қана мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландырылатын тұтынушылар үшін сумен жабдықтау жөніндегі қызметке белгіленген тариф ҚҚС есептемегенде 30 теңге құрайды. Осындай тұтынушылардың құрылымының өзгеруіне байланысты (өзінің қаражаты есебінен қаржыландыру), оның ішінде емдеу мекемелерін қоса, олардың айтарлықтай табысы болмаса да, кәсіпорын олардан тариф бойынша ҚҚС есептемегенде 99 теңге төлеуді талап етеді

Кәсіпорын өзінің балансына қаладағы бірнеше шақырым иесіз қалған желілерді алу мәселесін шешпей отыр, осы желілердегі жөндеу жұмыстарының жүргізілмеу салдарынан, берілетін судың сапасы төмендеп, ондағы ақаудың салдарынан судың айдалаға ағуына әкеп соқтырады.

Есептегіш құралдардағы пломба үзілген жағдайда оны соңғы тексеру күнінен бастап оны байқаған күнге дейін тәулігіне 24 сағаттың ішінде жұмыс ітеп тұрған басқару тетігіндегі құбырдың толық өткізу мүмкіндігін есептей отырып екі айдан асырмай суды пайдаланғаны үшін қайта есептеу жүргізіледі. Осы ретте қайта есептеуді төмендету жөнінде ұсыныстар енгізуге ешқандай шара қабылданбаған.

Қазақстан Республикасы Президентінің (2005 жылғы 30.06. № 1598) Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыстар және Астана мен Алматы қалаларындағы Тәртіптік Кеңестер туралы» Ереженің 3 тармағы мен 16 тармағын басшылыққа ала отырып Тәртіптік Кеңес
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Холдинг Алматы Су» МКК бас директорының Тәртіптік Кеңестің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 79-Қ Қаулысын орындау жөніндегі есебі назарға алынсын.

2. «Холдинг Алматы Су» МКК бас директоры:

  • кәсіпорын қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын орындау жөніндегі жұмысын жалғастырсын;

  • Алматы қаласының әкімдігіне қаладағы иесіз қалған желілерді кәсіпорынның балансына қабылдау жөнінде ұсыныс енгізсін.

  • жеке тұлғалар үшін пломбаны үзілгені үшін есептелетін қайта есептеулерді азайту жөнінде ұсыныстар енгізсін.

  • сыбайлас құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы оқып білу жөнінде семинарлар, кеңестер өткізсін.

3. Осы қаулының орындалуы туралы «Холдинг Алматы Су» МКК Алматы қаласының Тәртіптік Кеңесіне 2010 жылғы 15 шілдеге дейін ақпарат берсін және 2010 жылдың екінші жарты жылдығында «Холдинг Алматы Су» МКК бас директорының есебі тыңдалсын.

4. Осы Қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Тәртіптік Кеңесінің Хатшылығына жүктелсін.

Төраға М.Қасымов


90-П 14.12.2009ж.


Похожие:

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Митеті Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаментінің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»,...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Азақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын орындау және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын және Қазақстан Республикасының мемлекет қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін орындау бойынша...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі
Алматы қаласы Жетісу ауданы Әкімінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін сақтауы және сыбайлас...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасының
Тәртіптік кеңес хатшылығымен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Азақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын орындау және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconБасты міндет – мемлекеттік қызмет саласындағы құқықбұзушылыққа жол бермеу
Көкпекті ауданына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің ШҚО бойынша тәртіптік кеңес төрағасы Тоқтамыс...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша басқармасының бастығы Алматы қаласы тәртіптік кеңесінің төрағасы М. Е
Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясында» Қр президентінің «ҚР қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес icon25 қаңтарда облыстық "Индустриальная Караганда" басылымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығы-Тәртіптік кеңестің төрағасы Е
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасымен жергілікті атқарушы органдардың кадр қызметкерлерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница