Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы




НазваниеҚазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы
страница1/3
Дата конвертации18.01.2013
Размер394 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2011жылғы « » _________

№ қаулысымен

бекiтілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1. Миссиясы мен пайымдауы
Қазақстан Республикасының экономикалық өсуін және экономикасының жоғары бәсекелі қабілеттілігіне қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік қаржының тұрақтылығын, сенімділігін және теңгерімділігін қамтамасыз ету.

Неғұрлым дамыған, орнықты және прогрессивті эволюцияланатын жүйелердің бірі ретінде әлемдік қоғамдастық саралайтын мемлекеттік қаржының тиімді жұмыс істейтін жүйесі.
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларын (аяларын) дамыту үрдістерін талдау
1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қаржының тұрақтылығы
Реттелетін салаларды немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.

Ұлттық қор қаражатын 2006 жылдың ортасынан берi қолданылған ел экономикасына бағыттау схемасында республикалық бюджетке кепiлдендiрiлген және нысаналы трансферттер, сондай-ақ қаражатты отандық бағалы қағаздарға ұзақ мерзiмдi инвестициялау көзделген. Бұл ретте кепiлдендiрiлген трансферттi айқындау кезiндегi шектеу республикалық бюджет әзiрленетiн жылдың алдындағы жылдың соңындағы Ұлттық қор активтерiнiң үштен бiр бөлiгiнен аспауы болып табылды.

Қабылданған саясаттың нәтижесiнде экономикалық өсу кезеңiнде валютаның шамадан тыс түсуiн зарарсыздандыру, теңгенi айырбастау бағамына және инфляцияға қысымды азайту қамтамасыз етiлдi. Дағдарысқа қарсы белсендi саясат жүргiзу үшiн қаржы резервтерi құрылып, оның шеңберiнде Ұлттық қордан 10 млрд. АҚШ доллары мөлшерiнде қаражат пайдаланылды және жинақтау саясаты сақталды. 2009 жылдың соңына қаражат 4,5 трлн. теңгенi құрады, оның 750,0 млрд. теңгесi iшкi активтерге («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-әуқат қоры» акционерлiк қоғамы мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингi» акционерлiк қоғамының облигацияларына), 24,4 млрд. АҚШ доллары - шетелдiк активтерге орналастырылды.

Құрылған уақытынан берi, яғни 2001 жылғы маусым - 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығында Ұлттық қордың кiрiстiлiгi Қордың базалық валютасында (АҚШ долларымен) 55%-ды құрады, бұл жылдық мәнде 5,2%-ды құрайды.

Жинақтау функциясын орындау үшiн Ұлттық қорда азайтылмайтын қалдық белгiленедi, сондай-ақ Ұлттық қордың ең жоғарғы мөлшерiне шек қойылмайды. Тұрақтандыру функциясын iске асыру республикалық бюджетке кепiлдендiрiлген трансферттi қамтамасыз етудi көздейдi. Қаражатты пайдаланудың келесi онжылдыққа арналған жаңа тәсiлiне сәйкес 2010 жылдан бастап абсолюттi мәнi 8 млрд. АҚШ доллары мөлшерiндегi кепiлдендiрiлген трансферттi республикалық бюджетке тiркеу оның жаңалығы болып табылады.

Дүниежүзілік тұтынудың жаһандық қысқаруы салдарынан Қазақстанның экономика салаларындағы іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуіне байланысты 2009 жылы бюджет жүйесі табысының күрт төмендеуі байқалды. Егер 2008 жылы ЖІӨ 25,1% мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінсе, 2009 жылы айтылған көрсеткіш 20,6%-ды құрады. Мемлекеттік бюджеттің табыстары 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 13,1%-ға қысқарды.

Ел үкіметі мемлекеттік бюджеттің едәуір тапшылығына бюджет шығыстарын оңтайландыру, әлеуметтік төлемдерді арттыру және дағдарысқа қарсы шараларды іске асырумен тұтынушылық сұранысты бюджеттік ынталандыру арқылы жол бермеді. Республикалық бюджет тапшылығын кезең-кезеңмен төмендету жоспарлануда, яғни 2013 жылда ЖІӨ-ге шаққанда 1,5%-ға құру керек.

Мемлекеттік (үкіметтік) борыштың өсуі байқалады, себебі республикалық бюжетті тапшылықпен бірге қалыптастыруда болып табылады. Жыл сайын мемлекеттік (үкіметтік) борыш қарыз алу есебінен курстық айырмасымен бірге қаржыландыру тапшылығы соммасы өсуде. Егер 2009 жылдың басында мемлекеттік (үкіметтік) борышқа қатысты ЖІӨ-ге шаққанда 6,4%, ал 2010 жылдың басында – 9,5 % құрды. 2010 жылдың аяғында мемлекеттік (үкіметтік) борыш 2 366 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге шаққанда 12,3% құрайды деп күтілуде.

Негізгі проблемаларды талдау.

Республикалық бюджеттің теңгерімділігі және шығыстарының құрылымы, салықтар түсімдерінің және кедендік төлемдердің толықтылығы, салықтық және кедендік жүйені жақсарту, сондай-ақ үкіметтік борыштың мөлшерін қауіпсіз деңгейде ұстап тұру мәселелері өзекті болып қалуда.

Негізгі сыртқы және ішкі факторлардың бағалау.

Экономикалық ахуалдың нашарлауы немесе жақсаруы анықтаушы сыртқы фактор болып табылады, ол республикалық бюджетке түсетін түсімдердің деңгейіне, Ұлттық қордың мөлшеріне, қарыз алу мүмкіндігі мен жағдайына әсер етеді. Негізгі ішкі факторға сапалы жоспарлау мен республикалық бюджеттің орындалуы жатады.
2-стратегиялық бағыт. Банкроттық саласындағы реттеу тиімділігін арттыру және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін, соның ішінде мемлекеттік мекемелерде де жетілдіру
Реттелетін салаларды немесе қызмет сферасын дамытудың негізгі параметрлері.

Банкроттық саласында.

2002 жылдан бастап барлығы 21098 борышкер таратылған, оның ішінде борышкерлердің жоқ және болмаған мүлкі (активтері) 18277 немесе 86% құрайды.

Таратылған ұйымдардың банкроттық рәсімдерінің инвесторлары 90% жағдайда салық органдары болып табылады.

Қазақстандағы тарату рәсімін жүргізудің мерзімі мүлік құнының 16,2% 1,7 жылды құрайды.

Банкроттық саласындағы Қаржы министрлігінің қызметі оңалту рәсімдері арқылы ұйымдардың төлем қабілеттілігін сауықтыруға және қалпына келтіруге бағытталған. Бірнеше басымдық қатарының болуына қарамастан кәсіпкерліктің субъектілеріне осы рәсім өте сирек қолданылады, мәселен 2009 жылы оңалту рәсімі 14 ұйымға қатысты ғана пайдаланылған.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында.

Қазақстанда заң шығаратын деңгейде қаражаттық есептілік халықаралық стандарттарының (бұдан әрі – ХҚЕС) және Халықаралық аудиттің стандарттарының (бұдан әрі – ХАС) қолданылу мәселелері реттелген. Шағын және орта бизнес Ұлттық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасау мен бухгалтерлік есептілікті енгізуді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының аумақтарында ХҚЕС және ХАС-ны таратуына арналған жағдайлар жасалған. Қормен шарт жасаудың негізінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының комитетімен (Ұлыбритания) ХҚЕС мемлекеттік тілде аудару мен тарату жүзеге асырылады.

Қаржы министрлігіне аудиттің халықаралық стандарттары, сапа кепілдемесі мен кәсіби этика анықтамалығы бойынша қазақ тіліне көшіру мен жаңғыртуды рұқсат ететін Халықаралық бухгалтерлер федерациясының шартына (ІFАС) қол қойылды.

Мемлекеттік мекемелердің қолданыстағы бухгалтерлік есеп жүйесі кассалық әдіске негізделген. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық мемлекеттік мекемелер есептеу әдісіне және қоғамдық секторға арналған Халықаралық бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі ҚСХҚЕС) сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікке көшуді жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті қайта қалыптастыру мақсаты – бұл мемлекеттік сектордың операциялары мен ахуалы туралы толық және бәрін қамтитын деректерді қалыптастыру, мемлекеттік сектордың активтері, міндеттемелері мен қызметінің нәтижелері туралы деректерді объективті көрсететін транспарентті және салыстырмалы қаржылық есептілікті қалыптастыру.

Негізгі проблемаларды талдау.

Банкроттық саласында.

Банкроттық рәсімдер «аянышты» жағдайға дейін жеткен және жұмыс істемейтін, мүлкі мүлдем жоқ, тиісінше тарату кезінде кредиторлардың көптеген талаптары өтелмей қалатын борышкерлерге қолданылады.

Бұл қасақана және жалған банкроттық фактілерге байланысты. Қасақана және жалған банкроттық проблемасы, ол кредит берушінің, оның ішінде мемлекеттің ұйым мүлкінің негізгі массасын шығару бойынша басшылардың немесе құрылтайшылардың заңсыз әрекеттеріне уақтылы ден қоймауынан туындайды.

Бұдан басқа банкроттық рәсімінде заңсыз шығарылған мүлікті қайтару бойынша конкурстық басқарушылардың қызметі мынадай проблемалар қатарымен күрделенген: борышкердің қаржы-шаруашылық қызметі туралы құжаттаманың болмауы, борышкердің мәмлелері бойынша талап қою-қуыну көнелігі мерзімінің аяқталуы, ел бойынша бірыңғай автоматтандырылған базаның болмауына байланысты мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан мүлік туралы ақпаратты алудың ұзақтығы, сот даулары және т.б.

Банкроттық рәсіміндегі сауықтыру тетігі не борышты өндіріп алу ретінде кәсіпкерлік субъектілер іс жүзінде қарастырылмайды.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында.

Кассалық әдіске негізделген мемлекеттік мекемелерде қолданыстағы бухгалтерлік есеп жүйесінің бірқатар кемшіліктері бар:

- барлық мемлекеттік активтер мен міндеттемелер қаржы есептерінде ескерілмейді және көрсетілмейді;

- есептеу жүйесі айтарлықтай деңгейде қағидаттарға емес, ал ескірген және жүйелік және жан жақты қайта қарауды талап ететін ережелерге негізделген;

- активтер мен міндеттемелерді есептеу халықаралық тәжірибеге сәйкес келмейді.

Ақша қаражатының ағынын қадағалауға мүмкіндік беретін және мемлекеттік экономика секторы шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы толығымен таныстырмайтын кассалық есепке алу әдісіне қарағанда, есептеу әдісі бюджеттік бағдарламалардың орындалу нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Банкроттық саласында.

Негізгі сыртқы факторлар:

- соттарды органдарда қуыну талаптарын қарау мезгілдері;

- мүлікті, қаржы-шаруашылық қызметінің аудитін, аукционисті бағалау бойынша ұйымды тарту жөніндегі қызметтің жоғарғы құны.

Негізгі ішкі факторлар:

- уәкілетті органдардың және басқа да банкроттық рәсімдерге қатысушылардың жеткіліксіз хабардар болуы.

- қасақана және жалған банкроттық белгілерді анықтау және заңсыз анықталған мүліктің конкурстық массасын барынша қайтару бойынша барлық шараларды қабылдау үшін мемлекеттік органдарды тіркейтін сыртқы ақпараттық жүйелермен интеграциялаудың болмауы;

- төлем қабілеті жоқ борышкерлердің базасын қалыптастыру және қаржы-экономикалық сауықтыру шараларын дер кезінде қабылдау үшін сыртқы ақпараттық жүйелермен интеграциялаудың.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында.

Қаржылық есептілікті жасаушылардың, пайдаланушылардың кәсіби құзыреттілігі ҚСХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептікті жасауды енгізу жаңа әдіснамасын анықтаушы болып табылады.

3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері

3.1 Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері
1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қаражат тұрақтылығы

1.1-мақсат. Республикалық бюджеттің теңгерімділігі, Ұлттық қор активтерін 2020 жылда ЖІӨ-ге шаққанда кемінде 30% деңгейге жеткізу және қолайлы деңгейде үкіметтің борыш көлемін қолдау

Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды 001,036, 072


Нысаналы индикатор

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (ағымдағы

жыл

жоспары)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015

жыл

«Мемлекеттік бюджет балансы (профицит, тапшылығы)» Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикатор

Дүниежүзілік экономикалық форумның есебі

пози- ция

32

37

30

29

27

26

25

«Мемлекеттік борыш» Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикатор

Дүниежүзілік экономикалық форумның есебі

пози- ция

7

10

11

16

16

16

16

Қазақстан Республикасының Ұлттық қор активтерінің мөлшері (ивестициялық кірістерді есептемегенде)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ЖІӨ %

26,5

26,8

26,5

26,2

25,6

24,8

23,5

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, тәсілдері мен әдістері:

1.1.1-міндет Республикалық бюджеттің тапшылығын азайту, мемлекеттік шығыстар құрылымының тиімділігін арттыру және үкіметтік борышты қолайлы деңгейде ұстап тұру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (ағымдағы

жыл

жоспары)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015

жыл

Республикалық бюджет дефициті

Дефицит *100/ ЖІӨ

ЖІӨ %

3

3,9

2,8

2,5

1,5







«Мемлекеттік шығын сырапшылдығы» Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикатор

Дүниежүзілік экономикалық форумның есебі

пози- ция

55

53

51

49

47

45

43

«Елдік төлем қабілеттілігі рейтингі» Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикатор

Дүниежүзілік экономикалық форумның есебі

пози- ция

-

73

73

73

72

72

71

Мемлекеттік (үкіметтік) борыштың мөлшері

Үкімет борышы*100/ ЖІӨ

ЖІӨ %

9,5

12,5

14,0

15,3

15,5







Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар

іске асыру мерзімі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015

жыл

Нәтижелілік қағидатын ескере отырып, республикалық бюджетті әзірлеу

х

х

х

х

х

Республикалық бюджеттің атқарылуын мониторингілеу

х

х

х

х

х

Мемлекеттік сатып алу жүйесін аукцион тәсілімен ақпараттық жүйені қолдану арқылы енгізу

х

х

-

-

-

Мемлекеттік бюжет есебінен қаржыландырылатын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сметалары (бюджет) Қазақстан Республикасы орган қызметкерлерінің еңбек ақысы бірыңғай жүйесін бекіту бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу

х

-

-

-

-

Үкімет борышы мониторингі

х

х

х

х

х

Үкімет қарызы бойынша қарыз беруші алдында сыйақыны төлеу (мүдде) бойынша толық және уақытылы міндеттерін орындау

х

х

х

х

х

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, тәсілдері мен әдістері:

1.2.1-міндет Салық түсімі мен кеден төлемдерінің толықтығы, салық және кеден жүйесін жақсарту

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (ағымдағы

жыл

жоспары)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015

жыл

Салық қызметі органдарының құзыретіне жататын республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері бойынша болжамның орындалуы

Факт / болжам* 100


%

105,2

100

100

100

100

100

100

Ұлттық қорға бағытталатын салықтық түсімдер бойынша болжамның орындалуы

Факт / болжам * 100


%

98,5

100

100

100

100

100

100

Кеден органдарының құзыретіне жататын республикалық бюджеттің кірістері бойынша болжамның орындалуы

Факт / болжам* 100

Қазынашылықтық жинақ деректері

%

105,5

100

100

100

100

100

100

Бүкіләлемдік банктің «Doing Business» рейтингінің «Салық салу» индикаторы

Бүкіләлемдік банктің есебі

пози- ция

53

39

38

38

37

37

36

«Салық салудың дәрежесі және тиімділігі» Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикатор

Дүниежүзілік экономикалық форумның есебі

пози- ция

74

74

74

73

73

72

72

«Кедендік рәсімдердің жүктемесі» Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикатор

Дүниежүзілік экономикалық форумның есебі

пози- ция

107

106

105

104

103

102

101

Кедендік шекара арқылы өткізу пункттерінде кедендік рәсімдерінен өтуге жұмсалатын уақыт

Кедендік шекара арқылы өтетін пункттерден мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонға сәйкес

мин.

150

135

110

100

85

75

65

Өндіріп алуға үмітсіз бересіні есепке алмағанда шоғырландырылған бюджет кірістерінің жалпы көлемінде салық түсімдері бойынша бересі үлесі (жалған кәсіпкерлік белгілері бар салық төлеушілерді салықтық тексеру нәтижелері бойынша)

Бересіні шегере отырып-2 салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересі/ мемлекеттік кірітерс*100

%

1,3

1,8

1,6

1,4

1,2

1

0,8

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар

іске асыру мерзімі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015

жыл

Салық және кедендік төлем төлеу бойынша льготпалар мен ҚҚС бойынша кейінге қалдыру және есеп беруін бақылау

х

х

х

х

х

Тауарларды кедендік тазарту кезінде сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың жіктелуін бақылау

х

х

х

х

х

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаудың автоматтандырылған құралдарын енгізу

х

-

-

-

-

Кеден органдарының сыртқы экономикалық қызметіне қатысушының алдын-ала ақпараттандыруын енгізу.

-

-

х

-

-

Салық салынатын базаны кеңейту, бюджеттің кіріс бөлігіне салықтардың түсуін арттыру мақсатында ірі мұнайгаз секторындағы компанияларында салық тексерулерін жүргізу

х

х

х

х

х

Салық комитетінің Деректерді өңдеу орталықтарының (ДӨО) құрулуын және енгізілуін жүзеге асыратын ұйымның («КазЦОД» АҚ) жарғылық капиталын қалыптастыру

х

-

-

-

-

Салық комитетінің Деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) құру және енгізу бойынша жобаны жүзеге асыру

-

х

х

х

х
  1   2   3

Похожие:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы iconҚазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы iconҚазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы iconҚазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы iconҚазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Миссиясы мен пайымдауы iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница