«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл




Скачать 493.36 Kb.
Название«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл
страница3/6
Дата конвертации18.01.2013
Размер493.36 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6



Тәуелсіз директорларды таңдау критерийлері

Корпоративтік басқарудың әлемдік тәжірибесіне және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының талаптарына сәйкес Директорлар кеңесіне тәуелсіз директорлар сайланады және олардың саны Директорлар кеңесі мүшелерінің үштен бірінен кем болмауы тиіс.

Осыған байланысты, «Қазпочта» АҚ-да директор тәуелсіз болып есептеледі, егер ол:

  1. соңғы бес жыл ішінде Қоғамның немесе оның еншілес және тәуелді ұйымдарында жұмыскер болып табылмаса;

  2. Директорлар кеңесі мүшесінің сыйақысын есептемегенде, Қоғамнан қосымша сыйақы алмаған немесе алмайтын болса;

  3. басқа ұйымдарда немесе органдарда осыған ұқсас лауазымды атқармаса, басқа ұйымдар немесе органдарға осындай қатысу арқылы Директорлар кеңесінің басқа мүшелерімен айтарлықтай байланысы болса;

  4. Жалғыз акционердің немесе мемлекеттік басқару органдарының атынан болмаса;

  5. тоғыз жыл қатарынан Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмаса.

«Қазпочта» АҚ Тәуелсіз директорлары есепті кезеңде тәуелсіздік критерийлеріне толығымен сәйкес келді.
Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы беру

Мемлекеттік қызметкер болып табылатын және өз өкілеттіктерін лауазымдық міндеттемелеріне сай жүзеге асырып отырған Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төленбейді. Басқарма Төрағасы Директорлар кеңесі құрамына сайлана қалған жағдайда Директорлар кеңесіндегі жұмысы үшін сыйақы алмайды. Осылайша, сыйақыны тек тәуелсіз директорлар ғана алады. Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы мен өтемақы төлеу талаптары мен тәртібі Жалғыз акционердің шешімімен анықталады.

«Қазпочта» АҚ сыйақының негізгі түрлері ретінде төмендегілер қолданылады:

- Директорлар кеңесіне мүшелігі үшін жалпы жылдық тіркелген сыйақы;

- «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің әрбір ішкі отырысына мүше немесе Төраға ретінде қатысқаны үшін қосымша сыйақы;

- Тәуелсіз директорлардың тұрақты мекенжайынан басқа жерде өткізілген Директорлар кеңесі отырыстарына шығуымен байланысты шығындар өтемақысы (жолы, қонақүйде тұруы, тәуліктік) («Қазпочта» АҚ ішкі құжаттарында қарастырылған «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының іссапар шығындарын өтеу нормалары шегінде).

Бұл ретте тәуелсіз директорлар «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің есепті кезеңде өткізілген іштей және сырттай отырыстарының жалпы санының жартысынан азына қатысқан жағдайда, есепті кезеңде іштей отырыстарға ауырғаны, демалыста, іссапарда болуы себепті қатыса алмағандығын есептемегенде, тіркелген сыйақы төленбейді.

2010 жылғы олардың атқарған жұмыстарының нәтижелері бойынша төленген тәуелсіз директорлар сыйақысының жалпы мөлшері салықты есептегенде, 21 374 мың теңгені құрады.
Жалғыз акционердің пікірін Директорлар кеңесімен есепке алу бойынша қолданылған шаралар

Директорлар кеңесі Жалғыз акционердің айқындамасы мен пікірін есепке алу үшін барлық қажетті шараларды қолданады, оның ішінде:

  1. Жалғыз акционердің өкілдері Директорлар кеңесінің мүшелері болып саналатындықтан, Директорлар кеңесінің мәжілістерінде қарастырылатын барлық мәселелер Директорлар кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұжырымдама жасақтау үшін Жалғыз акционердің өкілдеріне жіберіледі;

  2. Директорлар кеңесінің мүшелері болып табылмайтын Жалғыз акционердің өкілдері Директорлар кеңесінің комитеттеріне (кеңесу дауыс құқығымен сарапшы ретінде) қатысады және сондай-ақ, Комитеттер мен Директорлар кеңесінің мәжілістерінде Жалғыз акционердің ұстанымдарын білдіреді;

  3. Директорлар кеңесінің мүшелері Жалғыз акционердің өкілдерімен бірлесіп әр түрлі мәселелер бойынша, оның ішінде стратегиялық даму, АПББ құрылысы, инвестициялық жобалар, қаржы-шаруашылық қызметі, ішкі бақылау, тәуекел-менеджмент және басқа да мәселелер бойынша жұмыс кеңестерін жүргізеді;

  4. ДК мүшелері корпоративтік басқару диагностикасына, Жалғыз акционердің тексерулеріне, жұмыс топтарына, комиссияларына белсене қатысады;

  5. Директорлар кеңесінің мүшелері Жалғыз акционердің өкілдерімен белсенді түрде хат алмасады, сонымен қатар мәжіліс байланыс арқылы сұхбат жүргізеді.

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережесіне сәйкес Директорлар кеңесінің төрағасы Жалғыз акционермен тиімді байланыста бола отырып, Жалғыз акционердің көзқарасын Директорлар кеңесінің назарына тұтастай жеткізуді және Жалғыз акционерге оның сұрауларына жауап беруді қамтамасыз етеді.




Директорлар кеңесінің 2010 жылғы мәжілістері туралы ақпарат
2010 жылы «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 14 отырысы өткізілді, корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесіне сәйкес іштей мәжілістер саны сырттай мәжілістер санынан асып, 113 мәселе қарастырылды, олардың көпшілігі Комитеттер мәжілістерінде талқыланды.






Директорлар кеңесінің мүшелері

Мәжілістерге қатысуы

1

А.Т. Кәрібжанов

10 мәжілістің 8-іне (80 %) қатысты, іссапарда болуына және ауырып қалуына байланысты екі іштей мәжіліске қатыспады

2

Н.Қ. Рахметов

4 мәжілістің 4-еуіне қатысты (100%)

3

Найджел Стейплтон

4 мәжілістің 4-еуіне қатысты (100%)

4

Калле Тариен




5

А.А. Әріпханов

4 мәжілістің 3-еуіне қатысты (75%)

іссапарда болуына байланысты бір іштей мәжілісіне қатыспады

6

С.С. Сәрсенов

4 мәжілістің 2-еуіне қатысты (50%)

бір іштей мәжіліске жұмыс орнында болу қажеттілігіне байланысты, бір сырттай дауыс беруге іссапарда болуына байланысты қатыспады

7

М.М. Әбдірахманов

5 мәжілістің 5-еуіне қатысты (100%)

8

С.Б. Саудабаев

5 мәжілістің 5-еуіне қатысты (100%)

9

Д.Т. Молдағалиев

10 мәжілістің 10-ына қатысты (100%)

10

С.Қ. Шериазданов

4 мәжілістің 4-еуіне қатысты (100%)


Сондай-ақ, Директорлар кеңесінің мүшелерімен 2010 жылы бетпе-бет кездесулерде «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің алдыңғы мәжілістері тапсырмаларының орындалуы туралы және «Қазпочта» АҚ қаржы нәтижелері туралы ақпараттарды тыңдау дәстүрі енгізілді. Тоқсан сайынғы негізде есептер қарастырылды:

  1. «Қазпочта» АҚ-дағы ақша қаражаттарын жымқырудың, алаяқтықтың анықталған фактілеріне байланысты тексерулер жүргізу және тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы;

  2. жасалуына «Қазпочта» АҚ мүдделі болатын мәмілелер туралы, сонымен қатар байланысты тараптармен жасалған операциялар туралы;

  3. «Қазпочта» АҚ-дағы тәуекелдер туралы;

  4. «Қазпочта» АҚ-дағы маркетинг және сатылымды дамыту мен бизнес туралы;

  5. «Қазпочта» АҚ-дағы Басқару есептілігінің жүйесін енгізу іс-шаралары жоспарының орындалуы туралы;

  6. «Қазпочта» АҚ 2011-2015 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуы туралы;

  7. «Қазпочта» АҚ бағалы қағаздар қоржыны туралы.

Директорлар кеңесі «Қазпочта» АҚ 2010-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын әзірлеуге, 2008-2009 жылдардағы бухгалтерлік теңгеріміндегі айырмашылықтардың себептерін зерттеуге белсене қатысты, ауылдық пошта байланысы бөлімшелерін салу бағдарламасының іске асуын және «Қазпочта» АҚ 2009 және 2010 жылдардағы қаржы есептілігін тиісті түрде қалыптастыру процесін қадағалады. «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі 2010 жылы басты назарды ішкі бақылау, тәуекелді басқару және ішкі аудит жүйелерін күшейтуге аударды. Бұдан басқа, «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесімен ашық конкурс өткізгеннен кейін маңызды лауазымдарға тағайындау және таңдау тәжірибесі енгізілді.

2010 жылдың қаңтарында «Қазпочта» АҚ 2008 жылғы қайта қаралған Жылдық қаржы есептілігі қосымша аудиторлық рәсімдер жүргізілгеннен кейін бекітілді. «Қазпочта» АҚ 2010 жылға арналған Ішкі аудит қызметінің Жылдық аудиторлық жоспары бекітілді.

Наурыз айында «Қазпочта» АҚ Орталық аппараты жұмыскерлерінің лауазымдық еңбекақыларының сұлбасы қарастырылды. «Қазпочта» АҚ 2009 жылғы қаржы есептілігіне аудит өткізуге байланысты аудиторлық ұйымдар қызметін төлеу көлемі белгіленді.

Сәуір айында «Қазпочта» АҚ 2010-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясы, сонымен қатар мүдделі тараптарға (серіктестерге, клиенттерге, мемлекеттік органдарға және т.б.) «Қазпочта» АҚ 2010-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясын ұсыну жөнінде іс-шаралар жоспары, сондай-ақ, «Қазпочта» АҚ 2010 жылға арналған Даму жоспары, «Қазпочта» АҚ Орталық аппаратының ұйымдастырушылық құрылымы бекітілді. Бұдан басқа, «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары және Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы сайланды.

Сонымен қатар, «Қазпочта» АҚ 2009 жылғы Жылдық қаржылық есептілігі алдын ала бекітілді. «Қазпочта» АҚ 2010-2013 жылдарға арналған Даму стратегиясын енгізу жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілді. «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшысы «Қазпочта» АҚ Омбудсмені болып тағайындалды.

Маусым айында «Қазпочта» АҚ сыртқы аудитті ұйымдастыру және өткізу жөнінде саясаты, «Қазпочта» АҚ ақпараттарын ашу туралы ереже-қағидасы, «Қазпочта» АҚ операциялық қауіп-қатерлер және «Қазпочта» АҚ-да қауіп-қатерді тоқтату мүмкіндігі мен тәбетінің деңгейін анықтау туралы ереже-қағидасы бекітілді. «Қазпочта» АҚ 2010-2012 жылдардағы қаржы есептілігіне аудит өткізу жөнінде аудиторлық ұйымдар қызметін ұзақ мерзімге сатып алу туралы шешім қабылданды.

Шілде айында «Қазпочта» АҚ ақпараттық жүйелерінің ішкі аудит міндетінің аутсорсинг қызметтерін сатып алу бойынша техникалық айрықшаламасы бекітілді.

Тамыз айында «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындау және сыйақы жөнінде бірлескен комитеті құрылды. «Қазпочта» АҚ-дағы басқару есептілігінің жүйесін енгізу жөнінде іс-шаралар жоспары және «Қазпочта» АҚ-дағы тәуекелді басқару жүйесін енгізу жөнінде жоспар, сонымен қатар «Қазпочта» АҚ қауіп-қатерді тоқтату мүмкіндігі мен тәбетінің деңгейі бекітілді.

Қазан айында «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының, «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметі басшысының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылып, «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқаратын тұлға сайланды. «Қазпочта» АҚ Жалғыз акционеріне «Эрнст энд Янг» ЖШС «Қазпочта» АҚ 2010-2012 жылдардағы қаржы есептілігіне аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде белгілеу ұсынылды.

Қараша айында корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесімен ұсынылған құжаттар қатары: «Қазпочта» АҚ корпоративтік жанжалдарды және мүдделер жанжалдарын реттеу туралы ереже, «Қазпочта» АҚ-дағы Омбудсмен туралы ереже-қағида, «Қазпочта» АҚ-дағы алаяқтық, қиянат жасау және басқа да заңға қайшы әрекеттердің мүмкін болатын немесе белгілі фактілері туралы хабарлармен жұмыс жөнінде саясат бекітілді.

Желтоқсан айында Басқарма құрамы қайта қаралып, Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы тағайындалды, «Қазпочта» АҚ брокер және дилер регламенті, «Қазпочта» АҚ-дағы кірістер, шығындар және тартылған активтердің бөлектелген есебін енгізу жөнінде жоспары, «Қазпочта» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы саясаты, «Қазпочта» АҚ 2011 жылғы бірінші тоқсандағы даму жоспары бекітілді.

Директорлар кеңесінің мәжілістерінде қарастырылған мәселелердің ішінде Жалғыз акционердің құзыреті шеңберінде қарастыруға және бекітуге төмендегі мәселелер жіберілді:

  1. «Қазпочта» АҚ 2008 жылғы Жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.

  2. «Қазпочта» АҚ Дивидендтер саясатын бекіту туралы.

  3. 2009 жылғы қаржылық есептілігіне аудит өткізу жөнінде аудиторлық ұйымдарды анықтау туралы.

  4. «Қазпочта» АҚ 2009 жылғы жылдық қаржы есептілігін бекіту туралы.

  5. «Қазпочта» АҚ республикалық бюджет қаражатын игергендігі туралы ақпарат.

  6. 2010-2012 жылдардағы қаржы есептілігіне аудит өткізу жөнінде аудиторлық ұйымдарды анықтау туралы.

  7. «Қазпочта» АҚ 2008 және 2009 жылдардағы жылдық есебін бекіту туралы.

  8. «Қазпочта» АҚ жұмыскерлерінің іс-сапарлары туралы ережені бекіту жөнінде.

  9. «Қазпочта» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы.


Директорлар кеңесінің комитеттері
Аудит жөніндегі комитет (2010 жылы Комитет 55 мәселе қарастырып, 12 мәжіліс: 4 сырттай, 8 іштей өткізді).


р/р

Комитет мүшесі


Мәжіліске қатысу (саны)

1

Найджел Стейплтон

(Комитет төрағасы)

12 мәжілістің 12-іне қатысты (100%)

2

Калле Тариен

12 мәжілістің 12-іне қатысты (100%)

3

В.М.Кузьмин

(кеңесу дауыс құқығы бар сарапшы)

12 мәжілістің 11-іне қатысты (92%)

еңбек демалысында болуына байланысты бір іштей жиналысқа қатыспады
1   2   3   4   5   6

Похожие:

«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл icon«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы Мазмұны
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл icon«самұРЫҚ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының
АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының 2011 жылғы 5 наурыздағы №62 шешімімен енгізілген толықтырулармен және «Самұрық-Қазына»...
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл icon«Самұрық-Қазына» ұлттық
Осы «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитет туралы ереже «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан...
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл icon"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамының еншiлес және тәуелдi ұйымдары акцияларының пакеттерiн бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын бекiту туралы
Азақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгiнiң XIII...
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл icon01. 03. 2012 ж жағдай бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жалпы тізімі
Жалғыз акционері (қатысушысы) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып табылатын ұйымдар
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл iconДауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айырылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін және оларды тарату, қайта ұйымдастыру...
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір...
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл icon«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам)...
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл icon2010 жылғы қызметі туралы есеп астана 2011 Кіріспе сөз І. Жалпы бөлім
Уәкілдің консультативтік кеңестік органдарының жұмысына қатысуы
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл iconҚазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2009 жылғы қызметі туралы есеп астана қаласы 2010 жыл Мазмұны

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница