«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл




Скачать 493.36 Kb.
Название«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл
страница5/6
Дата конвертации18.01.2013
Размер493.36 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6

EMS-Kazpost

«Қазпочта» АҚ Дүниежүзілік пошта одағының EMS кооперативінің 1999 жылдан бері мүшесі болып саналады және Қазақстан Республикасында «EMS-Kazpost» жедел жеткізу қызметтерін көрсетеді. 2005 жылы EMS халықаралық жөнелтімдерін алмасу жөніндегі көпжақты бір үлгідегі келісімге ресми қосылғаннан кейін «Қазпочта» АҚ барлық облыстық филиалдарында EMS жөнелтімдерін ізінен бақылаудың халықаралық жүйесі – IPS-Light іске қосылды, бұл жүйе EMS жөнелтімдерін клиенттен қабылдап алған сәттен бастап алушыға тапсырғанға дейін бақылап отыруға мүмкіндік берді. ДПО EMS кооперативінің жалпы жиналысы 2010 жылы жеткізу стандарттарының жылдық орта мөлшерін арттырған қазақстандық EMS қызметінің жұмыс сапасының жақсарғанын атап өтті.

Бүгінгі таңда Қазпочта әлемнің бүкіл елдерімен EMS жөнелтімдерін алмасады. Әлемнің жетекші шабармандық компаниялары белсенді түрде жұмыс істеп отырған республиканың шабармандық қызмет нарығындағы жоғары бәсекелестікке қарамастан, «EMS-Kazpost» қызметі тұрақты әрі жүйелі түрде дамып келеді. Республикада 423 ЕМS-жөнелтімдерін қабылдау пункттері әрекет жасауда.

2010 жылғы «EMS-Kazpost» қызметінің жұмыс қорытындылары бойынша «Қазпочта» АҚ EMS Кооперативінің сертификациясының күміс деңгейі берілді, Қазақстан әлемнің 203 пошта операторларының арасында 18-орынға ие болды.

2010 жылы EMS қызметі бойынша Қазақстан және Ресей пошта әкімшіліктері арасында 2011 жылы тестілеу және сынақтама өткізілетін қызметтердің «Алушы төлемі», «Бір күн ішінде кепілді жеткізу» жаңа қосымша түрлерін әзірлеу басталды.
Қашықтық сауда

«Қазпочта» АҚ қашықтық сауданы дамытуды жандандыру үшін 2010 жылғы қыркүйек айында Алматы қаласында РФ Ұлттық қашықтық сауда қауымдастығымен бірлесіп Сауда миссиясын өткізді. Аталған форум бизнестің осы түрін дамыту үшін операторлардың дайындығын зерттеу мақсатында ұйымдастырылған болатын. Форумға Қазақстандағы қашықтық сауданы дамытуға мүдделі отандық компаниялары мен шетелдік фирмалар қатысты.
Электрондық коммерция

«Қазпочта» АҚ 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологиялары дамуының мемлекеттік бағдарламасына қатысушы болып табылады. «Қазпочта» АҚ алдағы уақытта барлық автоматтандырылған бөлімшелерде электрондық коммерция жүйесі арқылы тауарларды үйге жеткізу қызметтерін енгізбек.
Филателия

2010 жылы жалпы таралымы 41 миллион данадан тұратын әр түрлі тақырыптарда 30 (отыз) пошта маркасы (блоктары) шығарылып, айналымға енгізілді, мысалы: «Қазақстан Республикасының Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалығы»; «ЕҚЫҰ Саммиті»; «FIFA логотипімен ОАР-дағы әлемдік футбол чемпионаты»; «ҚР Конституциясының 15 жылдығы»; «Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы»; «Композитор Фредерик Шопеннің туғанына 200 жыл»; «Еуропа» сериясының «Балалар кітаптары» тақырыбына; «Хан Шатыры» кешені; «Спорт» сериясының «Ванкувердегі қысқы олимпиада ойындары», «2011 жылғы 7-ші қысқы Азиада ойындары» тақырыбына маркаларды; «Ғалым, тарихшы, этнограф, саяхатшы және ағартушы Шоқан Уәлиханов» тақырыбына «Қазақстан – Ресей» пошта маркаларын бірлесіп шығару; «Каспий жануарлары» тақырыбына «Қазақстан – Әзербайжан» пошта маркаларын бірлесіп шығару және басқалары.

ЕҚЫҰ Халықаралық Саммитінің өту кезеңінде Астана қаласында Қазақстан Республикасының пошта маркаларын сататын филателиялық көрме өткізілді.

Пошта маркаларының көркем шығарылымдары пошта маркаларының сюжеттерін қысқаша түрде сипаттау арқылы үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) ақпараттық парақтармен Алғашқы күн хатқалталарының, өшірудің арнайы пошталық мөрқалыптарының шығарылымдарымен сүйемелденді.

Қаржы қызметтері
Депозиттер

ҚР «Почта туралы» заңына сәйкес мемлекет ақшаны тек мемлекеттік бағалы қағаздарға және өтімді қаржы құралдарына орналастыру есебінен депозиттерді уақытында қайтарудың мен тұрақты пайда табудың сенімді кепілі болып табылатын, халықтан қабылданған салымдардың сақталуын қамтамасыз етеді.

2010 жылы «Қазпочта» АҚ депозиттердің төмендегідей түрлерін қабылдауды жүзеге асырды:

  • «Талап етілгенге дейін» салымы;

  • жеке тұлғаларға арналған «Почталық» шұғыл депозиті;

  • жеке тұлғаларға арналған «Береке» шұғыл жинақтау депозиті;

  • жеке тұлғаларға арналған «Почталық» шұғыл депозиті.

2010 жылы тартылған салымдар мен депозиттер көлемі 11,7 млрд. жуық теңгені құраған, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,9% өсті, оның ішінде жедел салымдар салымшыларының шоттарындағы ақша қалдықтары 908,9 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 47,9% жоғары.
Зейнетақы, жәрдемақы және еңбекақыларды төлеу

2010 жылы төленген зейнетақылар мен жәрдемақылардың жалпы сомасы 377,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы деңгейден 18,6%-ға жоғары. Зейнетақы алушылар саны ауылдық жерлерде тұратын 1,77 млн. адамды және еңбекақы бойынша 291,6 мың адамды құрайды.




Есептік – кассалық қызмет көрсету

«Қазпочта» АҚ жеке және заңды тұлғаларға қаржы қызметтерінің барлық түрлерін: клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, кассалық және аударым операциялары, төлемдерді қабылдау және аудару, қолма-қол ақша мен өзге құндылықтарды инкассациялау, шот бойынша валюталық операциялар және шотқа қызмет көрсетуге байланысты банктік операциялардың өзге түрлерін көрсетеді.
VISA KazCard төлем карточкалары

«Қазпочта» АҚ Visa International халықаралық төлем жүйесіне енуі халықаралық кластағы төлем карточкаларын шығаруға және онымен қызмет көрсетуге мүмкіндік туғызды. «Қазпочта» АҚ төлем карточкаларының Visa Electron, Visa Classic, Visa Business, Visa Gold түрлерін шығарып, қызмет көрсетуді жүзеге асырды. Бір жылда шығарылған карточкалардың жалпы саны 54 мың бірліктен асты. «Қазпочта» АҚ Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша банкоматтар мен пос-терминалдардың тармақталған желісіне ие. Қоғамның эквайрингтік желісі 70 банкомат пен 700 пос-терминалдардан тұрады.

Карточканың көмегімен клиенттер зейнетақы мен жәрдемақы, еңбекақы төлемдерін алу мүмкіндіктеріне ие. Қоғам банкоматтарында «Card-to-Card ақша аударымдары» қызметтері, Қазақстанның барлық ұялы байланыс операторларының қызметтерін төлеу бойынша қызметтері қолжетімді, SМS-банкинг қызметтері енгізілді. Сондай-ақ, клиенттерге кез-келген пошта бөлімшесінің кассасы арқылы қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлем карточкаларын толтыру қызметтері қолжетімді, Ғаламтордағы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді төлеу, бөлшек сауда желісіндегі тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді төлеу мүмкіндіктері туды.

2010 жылдың жұмыс нәтижелерін қорытындылау бойынша VISA INTERNATIONAL ХТЖ және Қазақстандағы VISA мүше банктер «Қазпочта» АҚ аймақтарда VISA бағдарламасын белсенді дамытқаны үшін сертификатпен марапаттады.
Брокерлік және дилерлік қызметтер

2011 жылы 1 қаңтардағы Қоғамның бағалы қағаздар қоржынының көлемі ақша көрсеткіштерінде 7 908,00 млн. теңгені құрады (атаулы құны бойынша), бұл ретте аталған қоржын құрылымы келесі түрде сипатталады:

- мемлекеттік бағалы қағаздар – жалпы көлемінің 78,15% (атаулы құн бойынша 6 180,32 млн. теңге);

- мемлекеттік емес бағалы қағаздар – жалпы көлемінің 21,85% (атаулы құн бойынша 1 727,68 млн. теңге).

Тұтас алғанда, 2010 жылы қызметтің аталған түрі бойынша 1 201, 5 млн. теңге сомасында кіріс түсті.
Ақша аударымдары

«Қазпочта» АҚ мен «Xpress Money» халықаралық компаниясы арасында Пошта аударымдарын қабылдау және төлеу туралы келісімге сәйкес 2010 жылы Алматы қ. пошта байланысы бөлімшелерінде ісалды жоба іске қосылды. «Киберплат» ЖШС-мен Қоғамның құрылымдық бөлімшелері арқылы халықаралық ақша аударымдарын қабылдау және төлеу саласында ынтымақтастық жалғастырылды. Киберплат Ақша Аударымдары Жүйелерін Біріктіргіш бір шарт шеңберінде Ресейде жұмыс істейтін: InterExpress, Blizko, Жедел пошта, MoneyGram және басқа да ақша аударымдарының негізгі жүйелеріне қолжеткізе алады. Қазіргі таңда ісалды жоба «Алматы почтамты» АФ жүзеге асырылуда.
Валюталық-айырбастау операциялары

Валюталық-айырбастау операциялары бойынша пошта байланысы бөлімшелері арқылы шетел валюталарын айырбастау қызметінің қол жетімділігін ұлғайту мақсатында Оңтүстік Қазақстан ОФ екі айырбастау пункті ашылды. Қазіргі таңда Қоғамда барлығы 39 айырбастау пункті жұмыс істейді.
Агенттік қызметтер
Тұтынушылық несиелендіру

«Қазпочта» АҚ «Хоум Кредит Банк» АҚ-мен бірлесіп, 2010 жылғы қараша айында ауыл тұрғындарының несие алуын ұлғайту және тұтынушылық несиелендіруге қолжетімділігін кеңейту мақсатында ҚР 70 ПББ «Ұтқыр несиелік кеңесші» жобасын енгізді, ҚР бойынша 10 ұтқыр топ табысты түрде жұмыс істейді.
Каталогтар бойынша тапсырыстарды қабылдау

«Қазпочта» АҚ жыл сайын каталогтық саудамен айналысатын шетел компанияларын тарту үшін белсенді жұмыс істейді. 2010 жылы Алматы қаласында Сауда миссиясын РФ Ұлттық қашықтық сауда қауымдастығымен бірлесіп өткізу кезінде ұлттық пошта операторының мүмкіншіліктері көрсетілді, Қазақстанда бизнес жүргізудің құқықтық ерекшеліктері мен медиа-жоспарлау мәселелеріне, жаңа кедендік талаптарға байланысты мәселелер түсіндірілді.
Консаймент

«Консаймент» жүйесі халықтың тапсырыстары бойынша пошта жөнелтімдеріне топтастырылған тауарларды халықаралық жөнелтімдер арқылы оңайлатып, тез және экономикалық тұрғыдан тиімді түрде жеткізу болып табылады.

Клиенттердің сұрауларын тиімді түрде қанағаттандыру мақсатында екі елдің Германия және Қазақстан пошта қызметтері арасында халықтың тапсырыстары бойынша поштамен тауарларды шетелдік жөнелтпелі сауда фирмаларымен жіберу туралы келісімге қол қойылды.

Бүгінгі таңда «Консаймент» жүйесі бойынша «Қазпочта» АҚ пошта қызметтерін көрсету туралы шарттар жасалынды және PVU GmbH, Delser GmbH, OTTO PREMIUM PARTNER LTD сияқты компаниялардың өкілдеріне аталған қызметтер көрсетілуде.
Тарифтік саясат

Қоғам нарықтың үш тұрпатында: табиғи монополиялар, монополиялық бәсекелестік және еркін бәсекелестікте қызмет көрсетеді.

Табиғи монополиялар саласында Қоғамның жай хаттарды, пошта карточкалары мен бандерольдерді тұтынушыларға Қазақстан Республикасының географиялық шекарасы шегінде жеткізу қызметтерімен көрінетін пошта байланысының жалпыға қолжетімді қызметтері көрсетіледі. Аталған қызметтер тарифтері Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті тұлғасында уәкілетті мемлекеттік органмен реттеліп, бекітіледі.

ҚР «Бәсекелестік туралы» Заңына сәйкес Қоғам мерзімді баспа басылымдарын жеткізу, тарату және жіберу бойынша; «елді мекендердегі» кассалық операциялар бойынша; тапсырысты хаттарды жіберу (ҚР географиялық шекарасында) бойынша қызметтерді көрсетуге қатысты ҚР географиялық шекарасында 35% астам басымдық үлесімен басымдық (монопольді) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген. Жоғарыда көрсетілген қызметтердің тарифтері Комитетпен келісіледі.

Қалған қызметтер Қоғаммен еркін бәсекелестік нарығында көрсетіледі және олардың тарифтері Қоғаммен бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету есебімен қызметтерді көрсетуге шыққан шығындарды өтеу арқылы өз бетінше белгіленеді.

Осылайша, Қоғамның тарифтік саясаты уәкілетті реттегіштердің талаптары мен тұтынушылардың сұраныстарын, сыртқы талаптарды ескере отырып, әртүрлі жолдарын қарастырады.

Өндірістік қорларды дамыту және жаңғырту жобаларын іске асыру




2010 жылы «Қазпочта» АҚ көрсететін қызметтерінің сапасын жақсарту мақсатында өндірістік қорларды жаңғырту және жаңартуға келесі жобалар шеңберінде 1,9 млрд. теңгеге қаржыландырылды: 2005-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының пошта-жинақ жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Ақпараттық жүйелерді жаңғырту», «Қалаларда инфрақұрылымды дамыту» және «Материалдық-техникалық жарақтандыру».


мың. теңге

Атауы

2009

2010

Ғимараттың құрылысы, күрделі жөндеу, жылжымайтын объектілерді тіркеу

1 657 949

986 262

Логистикалық орталықты сатып алу және жарақтандыру

1 442 987

-

Компьютерлік және телекоммуникациялық жабдықтар

95 631

544 450

Банктік жабдықтар

27 403

7 053

Пошта және өндірістік жабдықтар

44 015

113 721

Автокөліктер және пошта вагондары

170 481

176 106

Техникалық қауіпсіздік құралдары

22 046

69 544

Жиынтығы:

3 459 911

1 897 135
1   2   3   4   5   6

Похожие:

«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл icon«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы Мазмұны
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл icon«самұРЫҚ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының
АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының 2011 жылғы 5 наурыздағы №62 шешімімен енгізілген толықтырулармен және «Самұрық-Қазына»...
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл icon«Самұрық-Қазына» ұлттық
Осы «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитет туралы ереже «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан...
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл icon"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамының еншiлес және тәуелдi ұйымдары акцияларының пакеттерiн бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын бекiту туралы
Азақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгiнiң XIII...
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл icon01. 03. 2012 ж жағдай бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жалпы тізімі
Жалғыз акционері (қатысушысы) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып табылатын ұйымдар
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл iconДауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айырылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін және оларды тарату, қайта ұйымдастыру...
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «24» наурыздағы шешімімен бекітілді
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір...
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл icon«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам)...
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл icon2010 жылғы қызметі туралы есеп астана 2011 Кіріспе сөз І. Жалпы бөлім
Уәкілдің консультативтік кеңестік органдарының жұмысына қатысуы
«бекітілді» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2011 ж. № бұйрығы «Қазпочта» акционерлік қоғамының 2010 жылғы қызметі туралы жылдық есеп Астана, 2011 жыл iconҚазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2009 жылғы қызметі туралы есеп астана қаласы 2010 жыл Мазмұны

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница