Конкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер




Скачать 111.89 Kb.
НазваниеКонкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер
Дата конвертации18.01.2013
Размер111.89 Kb.
ТипКонкурс


Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет комитеті Төрағасының

2012 жылғы «9» сәуірдегі

№ 66 бұйрығымен бекітілді

Астана қаласында өтетін ІІІ Халықаралық балет әртістерінің

конкурсын дайындау және өткізу қағидасы



  1. Жалпы ережелер




  1. Астана қаласында ІІІ Халықаралық балет әртістерінің конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабындағы 12-тармаққа сәйкес өткізіледі.

  2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Конкурстың құрылтайшысы болып табылады.

  3. Конкурс К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының ғимаратында «Қазақ әуендері» АҚ-ның ұйымдастыруымен 2012 жылғы 18-22 желтоқсан аралығында өтеді.

  4. Конкурстың қорытындысы бойынша бейнематериалдар жазылған компакт дискі (СД) шығарылады.


2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері


  1. Мақсаттары мен міндеттері:

1) Қазақстандағы классикалық балет өнерін насихаттау;

2) дәстүрлі классикалық балет өнерін сақтау және дамыту;

3) талантты әрі дарынды балет әртістерін анықтау және ынталандыру, жалпы Қазақстанның мәдени имиджін арттыру.
3. Конкурсты өткізудің тәртібі және шарттары


  1. Конкурсқа 17-26 жас аралығындағы Қазақстанның және шет мемлекеттердің балет мектептерінің оқушылары мен балет әртістері катыса алады.

  2. Конкурсқа қатысуға үшін төмендегідей құжаттарды ұсыну керек:

    1. Астана қаласында ІІІ Халықаралық балет әртістерінің конкурсын дайындау және өткізу қағидасының (бұдан әрі – Қағида) 1-ші қосымшасына сәйкес өтінім;

    2. Жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;

    3. соңғы 6 ай көлемінде түскен өлшемдігі 3х4 және 9х12 (рөлде жалғыз өзі) фото сурет (2 дана);

    4. шығармашылық өмірбаян (түйіндеме);

    5. хореографиялық білімі туралы құжаттың көшірмесі (жеке оқытушыдан сабақ алғандығы туралы анықтаманың көшірмесі).

Конкурсқа қатысуға өтінім және қоса берілетін құжаттар Конкурстың басталуына 1 ай қалғанға дейінгі мерзімге мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 18 үй, «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы, (8 7172) 39 01 40, факс (87172) 39 05 14, 8 701 913 31 60;

немесе мына электрондық пошта адресіне : kazauen.kz@mail.ru.

  1. Ұйымдастыру комитеті Конкурстың басталуына 15 күн қалғанда қатысушыларға шақыру жібереді.

  2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушінің қол қойған өтінімі қатысушының осы Қағиданың талаптарымен келісетінінің куәсі болып табылады.

  3. Конкурсқа қатысушылар және олардың жұптары Ұйымдастыру комитеті шақыруда көрсеткен мерзімге сәйкес Конкурсқа келеді. Конкурсқа қатысушылардың келу шығындары осы Қағиданың 32-34-тармағына сәйкес жүзеге асады.

  4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қатысушылар Конкурсқа қатысу үшін ресми шақыру негізінде визалары мен төлқұжаттарын өздері рәсімдейді.

  5. Конкурсқа қатысудан бас тартқан жағдайда қатысушыларға Қағиданың 7-тармағына көрсетілген құжаттар қайтарылмайды.

  6. Конкурсқа солистер (қыздар, ер балалар және жұптар) қатысады. Жеке немесе жұппен өнер көрсеткеніне қарамастан, әрбір қатысушы жеке бағаланады.

  7. Конкурс үш турдан тұрады.

  8. І, ІІ, ІІІ турларда өнер көрсетудің тәртібі жеребе арқылы белгіленеді және Конкурстың соңына дейін сақталады.

  9. Турлардың біреуінде орындалған шығармалар басқа турларда қайталанбауы тиіс.

  10. Барлық шығармалар көпшіліктің алдында көрсетіледі.

  11. Конкурсқа қатысушылар турлардың әрқайсысындағы орындау бағдарламасын келген күні нақтылайды және оны Конкурс барысында өзгертуге болмайды.

  12. Қатысушылар Конкурста концертмейстерлері мен қатар (концертмейстерлердің барлық нота материалдары өздерімен болуы тиіс) келген кезде Ұйымдастыру комитетіне ұсынылған фонограммаларды пайдалануға құқылы. Конкурсқа қатысушылар әр жеке турдағы әрбір нөмірі үшін фонограмма беру тиіс.

  13. Фонограмма салынған қораптарда орындаушының фамилиясы, номердің атауы және Конкурстың қай турда пайдаланылатынын нақты көрсетлілуі қажет.

  14. Барлық жеңімпаздар үшін қорытынды гала-концертте қатысу міндетті болып табылады.

  15. Гала-концертте қатысушылар қазылар алқасы бекіткен бағдарламаларға сәйкес тегін өнер көрсетеді.

4. Кірме жарнасы


  1. Конкурсқа қатысушылардың кіріспе жарнасы Қазақстан қатысушылар үшін 20 ш.б., шетелдік қатысушылар үшін 50 ш.б. құрайды.

  2. Жарнаны төлеу Конкурсқа келіп тіркелген кезде төленеді.

  3. Қатысушыларды тіркеу К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында 2012 жылғы 18-22 желтоқсанда өтеді.


5. Ұйымдастыру комитеті


  1. Конкурсты дайындау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитетінің

құрамы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

  1. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады.

  2. Ұйымдастыру комитеті мүдделі ұйымдармен Конкурсты дайындау және өткізу мәселелері бойынша өзара әрекет ету құқығына ие.

  3. Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.

  4. Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

  5. Заңды және жеке тұлғалар Конкурстың Ұйымдастыру комитетінің келісімі бойынша арнайы сыйлықтар тағайындай алады.

  6. Ұйымдастыру комитеті қатысушыларға Конкурста болу жөніндегі шығыстарды (қонақ үйде тұру ақысын) төлейді. Ал жолақы мен күнделікті шығындар қатысушылар тарапынан төленеді.

  7. Шақыруда көрсетілген мерзімнен бұрын Астана қаласына келген Конкурсқа қатысушылар Ұйымдастыру комитеті білгіленген келу мерзіміне дейін өздерінің болуы жөніндегі шығыстарды дербес көтереді.

  8. Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың концертмейстерлер мен әріптестерінің конкурста болу жөніндегі шығыстарын өтемейді.

  9. Ұйымдастыру комитеті қатысушыларға дайындық кластарын.

  10. Ұйымдастыру комитеті қатысушыларға қосымша қаламақы төлеусіз үш күннен туратын конкурсты радио, теледидар арқылы көрсету және тарату құқығына ие.


6. Қазылар алқасы және номинациялар


  1. Конкурс қатысушыларының өнерін бағалау, сондай-ақ, қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

  2. Қазылар алқасының саны, төрағаны қосқанда, тақ сан болуы тиіс.

  3. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді және оның барлық мүшелері қол қояды.

  4. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

  5. Қазылар алқасы Ұйымдастыру комитетімен белгіленген жүлделі орындарды (Бас жүлдеден басқа) бермеуге немесе үміткерлер арасында бөлуге құқылы.

  6. Қазылар алқасы мүшесінің Конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.

  7. Конкурс барысында қазылар алқасы мүшелерінің қатысушыларды жаттықтыруға және өздерінің оқушыларын бағалауға құқықтары жоқ.

  8. Конкурстың құрылтайшысы төмендегідей сыйлықтарды белгілейді:

Бас жүлде – 5 000 (үш мың) АҚШ доллары, Конкурс лауреатының дипломы;

Әйелдер арасында І орын – 2 000 (екі мың) АҚШ доллары, Конкурс лауреатының дипломы;

Ерлер арасында І орын – 2 000 (екі мың) АҚШ доллары, Конкурс лауреатының дипломы;

Әйелдер арасында ІІ орын – 1 500 (бір мың бес жүз) АҚШ доллары, Конкурс лауреатының дипломы;

Ерлер арасында ІІ орын – 1 500 (бір мың бес жүз) АҚШ доллары, Конкурс лауреатының дипломы;

Әйелдер арасында ІІІ орын – 1 000 (бір мың) АҚШ доллары, Конкурс лауреатының дипломы;

Ерлер арасында ІІІ орын – 1 000 (бір мың) АҚШ доллары, Конкурс лауреатының дипломы.

  1. Сыйақылар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің курсы бойынша теңге түрінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық түрлері алына отырып беріледі.



7. Қорытынды ереже


  1. Осы Қағидамен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.



________________________

Конкурсты дайындау және

өткізу қағидасына 1-қосымша
ҚАТЫСУШЫНЫҢ ҰСЫНЫС ҚАҒАЗЫ /ЗАЯВОЧНЫЙ ЛИСТ УЧАСТНИКА/ /APPLICATION FORM OF THE PARTICIPANT




Аты-жөні/ Фамилия, имя/Name, Surname




Категориясы: дуэт немее жеке орындаушы /Категория: дуэт или солист / Category: couple or soloist




Туған күні және туған жері/Дата и место рождения/Date and place of birth/




Азаматтығы/Гражданство/Citizenship/




Конкурсқа қай мемлекеттің атынан келдім /На конкурсе представляю страну/At the competition I represent /




Мекен жайы,телефон, факс, e-mail/ адрес фактического места жительства, телефон, факс, e-mail/ Permanent address, тelephone, fax, e-mail/




Жұмыс мекен жайы немесе оқу орны / Место работы или учебы/Place of work or studies/




Ұстаздың аты-жөні/Фамилия, имя педагога/Surname, name of the professor/




Ұстаз-репетитордың аты-жөні/ Фамилия, имя, отчество педагога-репетитора/ Surname and Name of the coach/




Серіктестің аты-жөні/Фамилия, имя, отчество партнера/ Surname and Name of the partner)



Қандай оқу орынын және қашан бітірді /Какое учебное заведение окончено и когда/ When and what music college or conservatoire did the contestant graduate from/




Конкурстың ережелермен келісемін және толығымен орындаймын/

С условиями конкурса согласен, обязуюсь их выполнять/

I agree with the Competition Rules and shall observe them.
Мерзімі/ Дата/ /Date/ «____»________________2012____________







Конкурсты дайындау және

өткізу қағидасына 2-қосымша
ОРЫНДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

PROGRAMME TO BE PERFORMED
Қатысушының тегі, аты, әкеінің аты (Surname and Name)_________________________

__________________________________________________________________________
I тур (Round I) 1 2

Классикалық хореография (Classical choreography)

Нөмірдің атауы___________________________________________________________

Name of work _________________________________________________________

Ұзақтығы________________________________________________________________

Performance time

Композитор_____________________________________________________________

Composer

Хореограф_______________________________________________________________

Choreographer
II тур (Round II) 1 2

а) заманауи хореография (Contemporary choreography)

Номердің атауы (Name of work) _____________________________________________

Ұзақтығы (Performance time) ________________________

Композитор(Composer) ____________________________________________________

Хореограф (Choreographer) _________________________________________________

Номер ___________жылы қойылған The work staged in __________year

Конкурсқа арнайы жазылғанИя, Жоқ Specially for competition – Yes, No

(қажет емесін сызып тастаңыз) (delete the useless)

б) заманауи хореография (Contemporary choreography)

Номердің атауы (Name of work) _____________________________________________

Ұзақтығы (Performance time) ________________________

Композитор(Composer) ____________________________________________________

Хореограф (Choreographer) _________________________________________________

Номер ___________жылы қойылған The work staged in __________year

Конкурсқа арнайы жазылғанИя, Жоқ Specially for competition – Yes, No

(қажет емесін сызып тастаңыз) (delete the useless)

III тур (Round III)
1 2


Классикалық хореография (Classical choreography)

Номердің атауы ___________________________________________________________

Name of work _________________________________________________________

Ұзақтығы _______________________________________________________

Performance time

Композитор______________________________________________________________

Composer

Хореограф______________________________________________________________

Choreographer

Қолы___________________________ Датасы_________________________

Конкурсты дайындау және

өткізу қағидасына 3-қосымша
Қатысушылардың орындау бағдарламасы:

Солистер: 

І турда: 
а) конкурс бағдарламасына сәйкес классикалық балеттің екі вариациясын орындайды.

ІІ турда: 
а) заманауи нөмір немесе 2007 жылдан бері қойылған балеттен үзінді

б) заманауи немесе 2007 жылдан бері қойылған балеттен үзінді. Ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс. 
ІІІ кезеңде: 
классикалық балеттен екі вариация. 

Жұптар үшін:

І турда:: 
Конкурстың міндетті бағдарламасына сәйкес классикалық балеттен бір pas de deux.

ІІ турда: 
а) конкурсқа арнайы дайындалған заманауи жұпқа қойылған нөмір немесе 2007 жылдан бері қойылған балеттен (жұп) үзінді. Ұзақтығы 7 минуттан аспауы тиіс. 
б) заманауи нөмір немесе 2007 жылдан бері қойылған балеттен үзінді
Қатысушылардың ІІ кезеңде орындайтын заманауи нөмірі (немесе балеттен үзінді) дуэт түріңде де жеке орындаушы ретінде де кабылдана береді. Дуэт ұзақтығы 7 минуттан аспауы тиіс. Заманауи номерді жеке орындаудағы ұзақтығы5 минуттан аспауы қажет. 
Әр нөмір тек бір ғана кезеңде орындалады.
III турда:  
классикалық балеттен бір pas de deux. 

Конкурсты дайындау және

өткізу қағидасына 4-қосымша

І кезеңге арналған міндетті репертуарлар: 
Әйелдер (соло):

Ч. Пуньи – «Эсмеральда». Диана және Актеон II актінен Диананың Рas de deux вариациясы. А. Ваганованың хореографиясы (вариация музыкасын жазған Р. Дриго) 
Х. Левеншелль – «Сильфида». Сильфиданың II  актінен вариациясы. А.Бурнонвиляның хореографиясы. 
А. Адан – «Жизель».  Жизельдің I актінен вариация. М. Петипаның хореографиясы (вариация музыкасын жазған Л. Минкуса) 
Л. Минкус – «Баядерка». «Көлеңкелер» картинасының үш вариациясының біреуі. М. Петипаның хореографиясы.
Л. Минкус – «Дон Кихот». Китридің IV актінен вариация. М. Петипа., А. Горский хореографиясы. 
П.Чайковский – «Аққу көлі». Одеттаның II актінен вариация. Л. Ивановтың хореографиясы. 
П.Чайковский  - «Спящая красавица». Бриллиант перісінің III актінен вариация. М. Петипаның хореографиясы.  
П.Чайковский – «Классическое pas de deux». Әйел вариациясы. Дж. Баланчиннің хореографиясы. 
А. Глазунов – «Раймонда». Раймондо I актінен вариация. М. Петипаның хореографиясы. 
М. Равель – «Печальная птица». К. Голейзовскийдің хореографиясы.  
  
Ерлер(соло):

Х. Левеншелль – «Сильфида». Джеймстің II актінен вариация. А. Бурнонвиляның хореографиясы. 
Л. Минкус – «Баядерка». Cолор варициясы. М. Петипа, В.Чабукианидің хореографиясы. 
Л. Минкус – «Дон Кихот». Базиляның IV актінен вариация. М. Петипа, А. Горскийдің хореографиясы. 
Ч. Пуньи – «Эсмеральда». Актеонның IV актінен вариация. А. Ваганованың хореографиясы.
П.Чайковский – «Спящая красавица». Көк құстың III актінен вариация. М. Петипаның хореографиясы. 
П.Чайковский – «Щелкунчик». Ханзаданың III актінен вариация. В. Вайноненхореографиясы. 
П.Чайковский – «Классическое pas de deux», Ер адам вариациясы. Дж. Баланчинаның хореографиясы.  
С. Балансян – «Ләйлә - Мәжнүн». Мәжнүннің III актінен вариация. К. Голейзовскийдің хореографиясы.

Дуэттер: 

Б. Асафьев – «Пламя Парижа». Жанна мен Филипптің IV актінен рas de deux. В. Вайнoнен хореографиясы. 
А. Адан – «Жизель». Жизель мен Альберттің II актінен үлкен pas de deux. Ж. Перро, Ж. Коралли, М. Петипа хореографиясы. 
Л. Обер – «Большое классическое pas» В. Гзовский хореографиясы. 
П. Чайковский – «Лебединое озеро». Одиллия мен Зигфрид ханзаданың III  актінен рas de deux. М. Петипа хореографиясы. 
П. Чайковский – «Спящая красавица». Аврора мен Дезире ханзаданың III актінен рas de deux. М. Петипа,  К. Сергеев хореографиясы.  
А. Адан – «Корсар». Медора мен Рабтың II актінен рas de deux. М. Петипа хореографиясы (Рas de deux музыкасын жазған Р. Дриго) 
Э. Хельстед – «Фестиваль цветов в Дженцано». Pas de deux. А. Бурнонвильдің хореографиясы. 
А. Скpябин – «Драматическая поэма». К. Голейзовский хореографиясы.


Похожие:

Конкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер iconРеспубликалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын өткізудің қағидасы Жалпы ережелер
Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын өткізудің қағидасы (бұдан әрі Қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының
Конкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер iconӨткізудің қағидасы Жалпы ережелер
«Ел іші – өнер кеніші» атты республикалық телевизиялық халық шығармашылығы байқауын дайындау және
Конкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер icon«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі Жалпы ережелер
Осы «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Болашақ» бағдарламасы...
Конкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер iconДәстүрлі өнер орындаушыларының халықаралық фестивалін өткізу ҚАҒидасы жалпы ережелер
Осы қағида «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес әзірленді
Конкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер iconҚан және оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, қолдану Ережелері 1 тарау. Жалпы қағидалар
Осы Ережелер қан қызметін жүргізетін денсаулық сақтау ұйымында, қан және оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, қолдану тәртібін...
Конкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер iconМемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасы Жалпы ережелер
Осы Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасы (бұдан әрі Қағида) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді...
Конкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер iconКонкурсын өткізу туралы > Алматы
«Алматы қаласындағы шағын бизнесті көріктендіру жөніндегі үздік аумақ» конкурсын өткізу туралы
Конкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер iconИнтернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасы Жалпы ережелер
Осы Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасы (бұдан әрі Қағида) «Ақпараттандыру...
Конкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер iconҚұрманғазы атындағы республикалық IX халық аспаптарында орындаушылар конкурсының қағидасы Жалпы ережелер
Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті Төрағасының міндетін атқарушысының
Конкурсын дайындау және өткізу қағидасы Жалпы ережелер icon«Үздік сынып жетекшісі 2010» Қалалық конкурсын өткізу ережесі
«Үздік сынып жетекшісі» қалалық конкурсын ( бұдан әрі Конкурс) қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы орта білім беру жүйесіндегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница