«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауы туралы ереже




Скачать 177.93 Kb.
Название«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауы туралы ереже
Дата конвертации18.01.2013
Размер177.93 Kb.
ТипДокументы
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының

«Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауы туралы ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер


1. Осы ереже «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауының (бұдан әрі - Байқау) өткізілу тәртібін анықтайды.

Жастар кадрлық резерві (бұдан әрі – ЖКР) бұл – қызметтік өсуге ынталандырылған, кәсіптік дағдылары және басқару біліктіліктері жоғары дамыған мамандардың республикалық деректер базасы.

Жоба байқау құжаттарын тапсыру кезінде жоғары оқу орнын бітірген 29 жасқа дейінгі ұшқыр ой-пікірі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған.

Жоба мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесі үшін кадрлық резервті қалыптастыру үрдістерін жүзеге асыру. Жоба аясында мамандарды келешекте дамудың белгіленіп қойған басым бағыттарындағы мемлекеттік басқару үрдісін жүзеге асыруға баулу мақсатында бұдан әрі біркелкі деректер базасын құрып жас мамандарды, қоғамдық пікір көшбасшыларын, белсенді өмірлік көзқарасы бар жастар өкілдерін анықтау жоспарланып отыр.

1.2. Байқау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен (келісімі бойынша), «ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» ҚБ (бұдан әрі - ұйымдастырушылар) бірлесіп өткізіледі.

1.3. Осы Ережеде келесідегідей негізгі ұғымдар қолданылады:

1.3.1 Байқауға қатысушы – берілген Ережемен белгіленген байқауға қатысу талаптарына сәйкес, құжаттамаларын тапсырған жеке тұлға;

1.3.2 Жастар кадрлық резервіне үміткер – аймақтық іріктеуден өткен және Байқаудың республикалық кезеңіне жіберілген байқауға қатысушы.

1.3.3 Аймақтық ұйымдастыру комитеті – мүдделі тұлғаларға байқауға қатысу шарттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін және Байқаудың аймақтық деңгейде қатысуға үміткерлерден Байқау құжаттамаларын қабылдайтын аймақтық кеңес беруші топ.

1.3.4 Республикалық ұйымдастырушы комитет – жобаның жалпы үйлестірушілік жұмысын жүргізетін Байқаудың орталық штабы.

Комитет «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшылар қызметшілерінің негізінде құрылып, Ұйымдастырушы - ұйымдары өкілдерін тарту мүмкіндігімен (келісім бойынша).

1.3.5 Байқаудың аймақтық деңгейі – осы Ережеге сәйкес, аймақтық байқау комиссиясы Конкурстың республикалық деңгейі үшін жастар кадрлық резервіне байқауға қатысушыларды іріктеуді жүргізетін Байқау кезеңі.

1.3.6 Аймақтық байқау комиссиясы – Байқаудың республикалық деңгейі үшін жастар кадрлық резервіне үміткерлерді байқауға қатысушыларды аймақтық деңгейде іріктеуді іске асыратын сарапшы комиссия. Комиссия жергілікті «Нұр Отан» ХДП партиясының филиалы төрағасымен бекітіліп, «Нұр Отан» ХДП аймақтық филиалдарының басшылары, мәслихаттардағы депутаттық фракциялар өкілдерінен, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен партия мүшесі болып табылатын жоғары оқу орындары басшыларынан, сондай-ақ, ІСБ, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары өкілдерінен және Алматы қалалық жастар саясаты жөніндегі басқармасы мен БАҚ өкілдерінен құрылады.

1.3.7 Байқаудың Республикалық деңгейі – байқау негізінде республикалық және аймақтық деңгейлерде жастар кадрлық резервіне республикалық байқау комиссиясы үміткерлерді кешенді іріктеу жүргізетін Байқау кезеңі.

1.3.8 Республикалық байқау комиссиясы – байқау негізінде республикалық және аймақтық деңгейлерде жастар кадрлық резервіне іріктеу жүргізетін сарапшы комиссия. Комиссия «Нұр Отан» ХДП өкілдері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істер жөніндегі агенттігінің басшылары (келісім бойынша), «ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» ҚБ және басқа да өкілетті органдар өкілдерінен құралады.

1.3.9 Қатысушының веб-портфолиосы – Байқаудың ресми сайтындағы байқауға қатысушының оқу және кәсіптік жетістіктерін көрсететін жеке беті.

1.3.10 Байқауға қатысушы қызметінің мониторингі – кәсіби өсудің, өзін-өзі дамыту мен басқа да сапалық өзгерістерді анықтау мақсатындағы байқауға қатысушылармен жастар кадрлық резервіне үміткерлер қызметі туралы ақпаратты үздіксіз жинау үрдісі

1.3.11 Үміткердің рейтингі – осы ереженің 3 тармағына сәйкес байқауға қатысушының жетістіктерін бағалау критерийлерінің негізіндегі жеке сандық көрсеткіш.

1.3.12 Жоба – үміткердің ерікті түрде таңдаған тақырып пен қойған мақсаты шегінде, оның жете білушілік деңгейін, басқару дағдыларын, көшбасшылық және тағы басқа қасиеттерінің көрсететін байқауға қатысушының кешенді қызметі.

1.3.13 Байқаудың ресми сайты – Байқау деңгейлерінен өту барысында жастардың кадрлық резервіне үміткерлер мен кандидаттардың кешенді қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ байқауға қатысуға үміткер болып табылатын барлық қызығушылық танытқан тұлғаларға ақпараттық қолдау көрсететін Байқаудың негізгі ақпараттық ресурсы. Келесі сілтеме арқылы қарауға болады http://mkr.rezerv.kz ;

      1. Партиялық медиа-ресурстар – «Нұр Медиа» ЖШС баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары мен «Нұр Отан» ХДП веб-сайты;

Байқаудың ақпараттық әріптестері – республикалық және аймақтық деңгейдегі баспа және электронды БАҚ: «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Экспресс-К», «Альянс.KZ» газеттері, аймақтық газеттер; «Хабар», «Қазақстан», «Астана», «КТК», «НТК», «Рахат», «31 канал» телеарналары. Аймақтық баспа және электронды БАҚ (келісім бойынша).

1.4. Байқауды өткізуді үйлестіру байқаудың республикалық ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.

5. Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер болып отырған барлық қызығушылық танытқан тұлғаларға танысуға ұсынылады. Осы Ереже республикалық және аймақтық БАҚ жарияланады.
2. Байқауды өткізудің кезеңдері
2.1 Кіріспе кезеңі байқаудың басталуына 10 күн қалғанда байқаудың ақпараттық қамтамасыз етілу аясында байқауды өткізу және оған қатысу үшін қойылатын талаптар туралы хабарлама Байқаудың ресми сайтында, сонымен бірге Байқаудың медиа-ресурстарымен және ақпараттық серіктестерімен жарияланады (осы Ереженің 8 б.).

2.2 Байқауға қатысу үшін аймақтық ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттамаларды (электронды және баспа нұсқаларында көшірмелерді) ұсыну қажет:

- түйіндеме (1қосымша формасы бойынша);

- құжаттар көшірмелері (білім алғандығын растайтын куәлік, сертификаттар және т.б.);

- қатысушыға «Нұр Отан» ХДП беделді мүшелерінен, жоғары оқу орындары, ұйымдардың басшыларынан берілген ұсыныстары;

- фотосурет (jpg, 800*600, ресми стилде);

- қатысушылар жөнінде қосымша ақпарат (осы Ереженің 3 тармағының критерийлері бойынша);

Байқау құжаттамаларын ұсыну мерзімі шектелмеген және Байқаудың толық мерзімі бойынша, тіпті үміткерлердің рейтингісін бағалау кезіне, яғни 2010 жылдың 15 шілдесіне дейін.

2.3 Белгіленген шарттарға сәйкес келмеген, сондай-ақ қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен құжаттамалар ұйымдастыру комитетімен қабылданбайды.

2.4 Байқаудың іріктеу кезеңі аймақтық және республикалық деңгейден тұрады.

2.5 Байқаудың аймақтық деңгейі:

2.5.1 Аймақтық ұйымдастыру комитетіне байқау құжаттамаларын тапсырған үміткер байқауға қатысушы болады да, қоғамдық жұмыстарды орындаудың сандық нәтижелері, жобалық тапсырмалар, 3 ай бойы байқаудың аймақтық деңгейінде байқауға қатысушының жобалық қызметі болып табылатын оның оқу және кәсіби жетістіктерін көрсететін жеке веб-портфолио алады.

2.5.2 2010 жылдың шілде айының 15 жұлдызында байқауға қатысушылар рейтингілерінің қорытынды есептеуі өткізіледі. Жалпы рейтингте үздік позицияларға ие болған үш жүз (300) байқауға қатысушы арнайы семинар-тренингтерді өтуге мүмкіндік алып, жеке мәлімдеме мен резервист жадынамасын алып, жастар кадрлық резерві құрамына енгізіледі.

2.6 Байқаудың республикалық деңгейі

2.6.1 Жастар кадрлық резервіне үміткерлер 20 шілде мен 20 тамыз аралағында тұрғылықты аймақтарында арнайы семинар-тренингтерден өтеді. Тренингтердің өткізілудің нақты мерзімі мен орны Ұйымдастыру комитетімен анықталып, аймақтық ұйымдастыру комитетімен келісіледі.

2.6.2 Оқу кезеңінен кейін резервшілер республикалық байқау комиссиясына электронды және баспа түрінде Қазақстан Республикасының әр түрлі салаларын дамыту бойынша сындарлы және ұшқыр ойлы ұсыныстары мен идеяларын танытқан жобаларды таныстырады.

2.6.3 Республикалық байқау комиссиясы жетістіктер рейтингісін, байқауға қатысушы жобасының қысқаша сипаттамасын, аймақтық байқау комиссияларының кепілдемелерін қарастырғаннан кейін және қажет болған жағдайда, әңгімелесу өткізіп республикалық деңгейдегі кадрлық резервке 70 резервшіні анықтайды. Қалған 23 резервші аймақтық деңгейдегі кадрлық резервке енгізіледі.

2.6.4 Республикалық деңгейдегі резервшілер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің жергілікті басқармаларына тестілеуге жіберіледі (келісім бойынша).

2.6.5 Тестілеуден сәтті өткен резервшілер жоғары лауазымға тағайындалу туралы ұсыныс немесе мемлекеттік қызметке түсу туралы ұсыныс алады. Резервшілер арасынан мемлекеттік билік органдарында және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, партиялық және қоғамдық ұйымдарда, әлеуметтік саладағы кәсіпорындарда, бұқаралық ақпарат құралдары мен бизнес-құрылымдарда жұмыс істеуге іріктеу жүргізеді.

2.7 Жастар кадрлық резерві жобасының бір жылдық кезең қорытындысы бойынша кейін аталмыш жобада қатысуды және ағымдағы жылдағы резервшінің рейтінгісін растайтын сәйкес құжат беріледі.


  1. Қатысушылардың рейтингісін қою тәртібі




Критерийлер

Түсініктеме

баллы

Білімі

ЖОО дипломы

1

бакалавр

1,5

маман

2

магистр

0,5

Үздік диплом

0,25

Жұмыстағы қызмет ету бағыты бойынша қосымша оқудан өту

0,25

Еңбек қызметі

1 жылға дейін

1

1 жылдан 3 жылға дейін

1,5

3 жылдан аса

2

Лауазымы

Қатардағы қызметкер

0,5

Қол астында 5 қызметкері бар басқарушы

1

Қол астында 15 қызметкері бар басқарушы

1,5

Қол астында 15-тен көп қызметкері бар басқарушы

2

Еңбек кітапшасында жазылған қосымша еңбек қызметі

1

Тілдерді меңгеру

Мемлекеттік тілді жетік меңгеру

0,5

Шетел тілдерін меңгеру (2 қосымшада көрсетілген сертификаттардың бар болуы)

1

Шетелде болу

1 жылға дейін оқу

1

1 жылдан астам оқу

2

1 жылға дейін жұмыс істеу

1

1 жылдан астам жұмыс істеу

2

Мемлекеттік наградалардың болуы

Орден

2,5

Медаль

2

Құрметті атақ

1,5

ҚР Құрмет грамотасы

1

Қоғамдық қызмет

  1. 2010 жылғы сәуірдің 15 жұлдызынан бастап мастер-кластар, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу. Әр өткізілген шара төмендегідей критерийлер сәйкестігінде болуы тиіс:

1. ЖКР шеңбері аясында өткізілгенін көрсететін БАҚ дәлелдейтін жариялаулар;

2. байқауға қатысушының тікелей басшысының қолы мен мөрі бар өткізілген шараның хаттамасы

0,5

Инновациялар, негізгі қызмет саласындағы жақсартулар

Жаңа өнім өндіріп шығару

0,5

Авторлық жарияланымдар

Ғылыми жариялым

0,5

Публицистикалық жарияным

0,25

- күмәнді деректер бергені үшін қатысушы жобаның кез келген кезеңінен шығарылады

- мемлекеттік құрылымдағы қызметкерлер үшін – кадрлар бөлімінен анықтама тапсыру, қол астында болған адамдар саны туралы анықтама

- мемлекеттік емес органдар қызметкерлері үшін – лауазымы туралы және қол астында болған адамдар саны туралы еркін түріндегі анықтама

4. Байқау жобаларын бағалау және іріктеу рәсімі
4.1 Байқаудың жобаларын бағалау кезінде келесі критерийлер назарға алынады:

- өзектілік;

- жаңашылдық;

- практикалық тиімділік;

- нақтылық және логикалық дәлелділік;

- жобаның қысқа мерзімді мақсаттарын көрсету және олардың жалпы жобаның ауқымды мақсаттарына жетуіне әсер беруі;

- жүзеге асырылу нақтылығы (нақты басқару міндеттерін шешумен байланысты);

- жобаны іске асыру үшін халықтың ауқымды жігін тарту;

- жұмыс істейтін ұйымдармен жобаның іске асырылуы;

- талқылаудың, бағалаудың, қорытындылардың дербестігі;

- стилі, баяндау тілі;

- сыртқы безендірілуі.


  1. Республикалық және аймақтық байқау

комиссияларының өкілеттілігі

5.1 Республикалық байқау комиссиясының негізгі қызметтері:


5.1.1 Аймақтық байқау комиссиясының ұсыныстарын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің аумақтық басқармаларында өткен тестілеудің нәтижесін, қатысушылар жобаларының қысқаша мінездемесін қарау;

5.1.2 Жастардың кадрлық резервіне кіретін үміткерлерімен әңгімелесулер өткізу;

5.1.3 Байқаудың нәтижесі бойынша түсінік беру.

5.2 Аймақтық байқау комиссиясының негізгі қызметтері:

5.2.1 Байқауға келіп түскен жобаларды қарау, бағалау, сипаттамасын дайындау сондай-ақ байқау қатысушылармен әңгімелесу өткізу;


5.2.2 аймақтық деңгейде байқаудың нәтижелерін түсіндіру;

5.2.3 республикалық деңгейдегі байқауда қатысуын жалғастыру үшін тестілеуден өту үрдісінде қажетті ұпай жинаған үміткерлерге кепілдеме беру мақсатында комиссияның қорытынды отырысын өткізу.

5.3 Комиссияның жұмысын ұйымдастыру комиссияның хатшысына жүктеледі:

5.3.1 Комиссия отырыстарын дайындауды жүзеге асырады, қажетті құжаттарды рәсімдеп, таратады, комиссия мүшелеріне, олардың қызметтеріне қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат береді, оның ішінде комиссияның жұмысына қатысқан тұлғаларды отырыс басталуына 3 (үш) жұмыс күні қалғанда өтетін уақыты мен орны туралы хабарлап, қажетті материалдармен комиссия мүшелерін қамтамасыз етеді;


5.3.2 байқауға қатысу өтінімдерін қарау хаттамасын және байқауға түскен жобаларды бағалау хаттамасын рәсімдейді;

5.3.3 ұйымдастыру-техникалық сипаттағы басқа да әрекеттерді жүзеге асырады.

5.4 Комиссия жұмысы олардың отырыстарында жүзеге асырылады. Комиссия мүшелері жалпы санының 2/3 қатысқан жағдайда комиссия отырысы құқылы болып есептеледі.

5.5 Комиссия шешімі отырысқа қатысып отырған мүшелердің көп дауыс беруімен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Төрағаның даусы шешуші болып табылады. Дауыс беруде әр комиссия мүшесі бір дауысқа ие болады. Дауыс беру ашық түрде жүргізіледі. Сырттай дауыс беруге жол берілмейді.


6. Республикалық және аймақтық ұйымдастыру комитеттерінің құзыреті
6.1 Ұйымдастыру комитетінің дербес құрамы:

6.1.1 Республикалық деңгейде «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысымен бекітіледі.

6.1.2 Аймақтық деңгейде тиісті партия филиалының Бірінші орынбасарымен бекітіледі.

    1. Республикалық ұйымдастыру комитетінің қызметтері:

6.2.1 Республикалық деңгейде ақпараттық әріптестермен жұмысты үйлестіру;

6.2.2 Республикалық комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;

6.2.3 Жобаға қатысушылардың рейтингісін қою;

6.2.4 Ұйымдастыру комитеті мен байқаудың алдында тұрған басқа да ұйымдастырушылық міндеттерді шешу.

6.3.3 Аймақтық ұйымдастыру комитетінің қызметтері:

6.3.1 Байқауға қатысушылардың байқау құжаттамаларын қабылдау;

6.3.2 Байқау қатысушыларын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің аумақтық басқармаларындағы тестілеу тәртібінен өткен қатысушылар тізіміне қосу (келісімі бойынша);

6.3.3 Жоба қатысушыларына рейтинг қою үшін республикалық ұйымдастыру комитетіне қажетті құжаттарды тапсыру;

6.3.4 Аймақтық деңгейде ақпараттық әріптестермен жұмысты үйлестіру;

6.3.5 Аймақтық комиссия жұмысын қамтамасыз ету;

6.3.6 Ұйымдастыру комитеті мен байқаудың алдында тұрған, басқа да ұйымдастырушылық міндеттерді шешу.

6.4 Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

6.4.1 Барлық үміткерлерге тең жағдай жасау;

6.4.2 Байқау өткізуін жариялауды қамтамасыз ету;

6.4.3 Ұйымдастыру комитеттері мекен-жайларының тізімі www.rezerv.kz сайтында жарияланады.

7. Байқауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

7.1 Байқауға қатысуға үміткерлер, байқауға қатысушылар және жастар кадрлық резервіне үміткерлердің құқықтары:

7.1.1 Байқаудың өткізілу талаптары мен тәртібі туралы ақпарат алу;

7.1.2 Осы Ереже бойынша түсінік алу үшін республикалық және аймақтық ұйымдастыру комитетіне жүгіну.

7.2 Байқауға қатысушылар мен жастар кадрлық резервке үміткерлердің міндеттері:


7.2.1 Байқаудың мән-мағынасымен танысу, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды танып білу;

7.2.2 Осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген жоба мен байқау құжаттамаларын уақытылы тапсыру;

7.2.3 Осы Ережеде қарастырылған ережелер мен тәртіптерді сақтау.

7.3 Байқауға қатысушылар байқау құжаттамаларын тапсырудың талаптарының бұзған жағдайда және осы Ережемен көрсетілген басқа да шарттарды, ережелерді мен тәртіптерді сақтамаған жағдайда байқаудың кез келген кезеңінен шығып кете алады.
8. Ақпараттық қамсыздандыру
8.1 Жобаның басты ақпараттық қоры Байқаудың www.rezerv.kz ресми сайты болып табылады.

8.2 Байқаудың ақпараттық қолдауын Байқаудың медиа-қорлары қамтамасыз етеді.

8.3 Байқаудың қосымша ақпараттық қолдауы жоба ұйымдастырушыларының ақпараттық қорларымен қамтамасыз етіледі.

Қ
Сіздің фотосуретіңіз 3*4
осымша
1:


Қазақстан Республикасы, қ. ХХХХХХ, . ХХХ көш, . 3 үй, 3 пәтер тел: +7 *************, жұм. +7 ************* е-маil: ***********@******,





А****** Л******* В*******

Жеке деректер




**.**.19**, ХХХХХХ қ. туылған, үйленген, 1 ұлды тәрбиелеуде.

Білімі




2007 – бүгінгі күнге дейін, ***** ЖОО, құқықтану – магистратура,

2004- 2006, ***** ЖОО, құқықтану мамандығы,

кәсіби тәжірибе: негізгі қызмет




2008 – қазіргі уақытқа дейін., ********* басшысы

2004 – 2008, ********** директордың орынбасары

2002 – 2004, *********** бас маман

2001 – 2002, *********** жетекші маман

1999 –2000, ********* ЖШС директоры

Кәсіби тәжірибе: Қоғамдық жұмыс




2009 – қазіргі уақытқа дейін., ****** Кеңестің жұмыс тобының сарапшысы

2008 – қазіргі уақытқа дейін, ******** оқытушылық қызмет

2004 - 2005, ********* ҚБ төрағасының орынбасары

2001 – 2003, ********* ҚБ қамқоршылық кеңестің мүшесі

2001 - 2002, ************* ҚБ төрағасы

жетістіктер, курстар




Жобаларды жасау және іске асыру *******

Нормативті-құқықтық актілерді жасау және ендіру **********

Соавтор книги *********

Курстар ********

Ынталандырулар




Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, 2009 ж.

Әкімдер Мадақтамалары, *******, министрдің ********* **********-ке үлес қосқаны үшін

тілдер




орыс – үздік

қазақ – сөйлеу

неміс – оқу кезеңінде

қызығушылықтары, жеке қасиеттер




Спорт: ****** СШК, ******** бойынша 2 разряд

Қосымша ақпарат – тілегі бойынша


Назар аударыңыздар: Білім, ынталандыру, курстар, жетістіктер және т.б. туралы ақпарат құжаттар көшірмелерімен расталу керек. Қажеттілік болған жағдайда аймақтық конкурстық комиссия аталмыш құжаттардың түпнұсқасын талап етуге құқылы.

Қосымша 2:

Тіл

Тест атауы

Деңгейі

Ағылшын

IELTS

TOEFL

4.5

400

Корей

Test of Korean Language

Proficiency 2

Неміс

Гете Институт

Start Deutsch 1

Итальян

CILS 1 (B 1)/CELI 3




Қытай

HSK

11-інен 2-ші деңгейі

Француз

TCF

699-дың 250-і

Чех

B2




Похожие:

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауы туралы ереже iconЖемқорлыққа қарсы ең үздік плакат бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже
Жемқорлыққа қарсы ең үздік плакат бойынша «Нұр Отан» хдп байқауы (бұдан былай – Байқау) жемқорлықпен күрес жұмысының тиімділігін...
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауы туралы ереже iconЕң үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже
Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» хдп байқауы (бұдан әрі – Байқау) әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың...
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауы туралы ереже iconЖемқорлықпен күрес бойынша іс-шараларды ең үздік жариялау және жан-жақты ашу бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арасында өтетін «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже
Партия орталық аппаратының жауапты қызметкерлері мен мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың өкілдері қатарынан құрылған байқау...
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауы туралы ереже iconХабары «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауы туралы ереже icon«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі
Тақауда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Жұмыспен қамту-2020» және «Жол картасы бизнесі-2020»...
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауы туралы ереже icon«Нұр Отан» хдп оа қҚБ меңгерушісі Ж. К. Жүкеновтің Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің 2012 жылғы мамырда және 5 ай бойы атқарған жұмысының қорытындысы туралы сөйлейтін сөзі
Біздің бүгінгі кездесуімізді 2012 жылға арналған республикалық тізбектік кестесіне сәйкес «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының...
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауы туралы ереже icon«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінде партияға кіру және мүшелік жарналарды төлеу мен есепке алу ережесі
Осы Ереже «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінде (бұдан әрі – партия) партияға кіру және мүшелік жарналарды...
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауы туралы ереже icon«Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының партиялық тізімі
Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласында...
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауы туралы ереже iconИнновациялық комитеті туралы ереже жалпы ережелер
Инновациялық комитеті (бұдан әрі Комитет) «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып...
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жастардың кадрлық резерві» ашық байқауы туралы ереже icon«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы мүшелігіне қабылдау және оларды есепке алу тәртібі туралы нұсқаулық
Жарғысына (бұдан әрі – партия Жарғысы) сәйкес әзірленді және «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы (бұдан әрі – партия) мүшелігіне...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница