Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы




Скачать 140.23 Kb.
НазваниеОблыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы
Дата конвертации18.01.2013
Размер140.23 Kb.
ТипДокументы
2010 жылғы «2» ақпан

№ 62

Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі және «2010 – 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы «2» ақпан

№ 62 қаулысымен

бекітілген

Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді

пайдалану ережесі

1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі – Ереже) 2010 жылға арналған республикалық бюджетте
088 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде мал шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту, сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (бұдан әрі – тауар өндірушілер) қолдау мақсатында ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Бюджеттік субсидиялар сиыр етін, шошқа етін, бройлерлік құс етін (бұдан әрі – құс еті), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрі – тағамдық жұмыртқа) өндіру үшін пайдаланылатын құрама азықтың және (немесе) құнарлы жемшөптің (бұдан әрі – құнарлы жемшөп) құнын ішінара арзандатуға (45%-ға дейін), сондай-ақ сүт, биязы қойлардың жүнін (бұдан әрі – биязы жүн), қой етін, жылқы етін, қымыз және шұбат өндірісіне жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге тауар өндірушілерге арналады.

3. Бюджеттік субсидиялар сиыр еті, шошқа еті, сүт, қымыз, шұбат, қой еті, жылқы еті өндірісімен айналысатын тауар өндірушілерге қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметін пайдаланған кезде есептік нөмірлері бар қайта өңдеу кәсіпорындарына (бұдан әрі – қайта өңдеу кәсіпорындары), сою алаңдарына (пункттеріне) немесе еркін нарықта, ал құс етінің, тағамдық жұмыртқаның және биязы жүннің еркін нарықта сатылған өнімінің іс жүзіндегі көлемі облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен квота шегінде төленеді.

4. Өнімнің әрбір түрі және өндірілетін мал шаруашылығы өнімінің сапасы бойынша субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) бұйрығымен белгіленеді. Квоталарды, өнімнің субсидияланатын көлемін анықтау өнімділіктің тегі мен бағытына байланысты өнім өнімділігінің зоотехникалық нормаларының негізінде жүзеге асырылады. Тексіз мал үшін өнімділіктің орташа аудандық статистикалық көрсеткіші негізге алынады.

5. Субсидиялауға мыналар жатпайды:

1) Министрлік белгілеген өлшемдерге сәйкес келмейтін тауар өндірушілер өндірген сиыр еті мен сүт;

2) тауар өндірушілер одан әрі қайта сату және (немесе) қайта өңдеу үшін басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғалардан сатып алған сиыр еті, шошқа еті, биязы жүн, қой еті, жылқы еті, қымыз, шұбат, құс еті, тағамдық жұмыртқа және сүт (бұдан әрі – өнім);

3) аффилиирленген қайта өңдеу құрылымдарына қайта өңдеуге беруді немесе сатуды қоспағанда, өзара есеп айырысу есебіне, сондай-ақ аффилиирленген құрылымдарға айырбас бойынша тауар өндірушілер сатқан өнім;

4) жеке аулада сойылған сиыр еті, шошқа еті, қой еті, жылқы еті, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындарында бастапқы қайта өңдеуден өтпеген сүт, қымыз және шұбат;

5) жануарларды мәжбүрлі санитариялық сою нәтижесінде, сондай-ақ аса жұқпалы аурулар бойынша карантиндік және шектеулі іс-шаралардың әрекет ету кезеңінде тауар өндірушілер алған өнім.

6. Бюджеттік субсидияларды алуға арналған өтінімдердің үлгі нысандарын, тауар өндірушілер үшін квоталар жасаудың нысандарын, аудан бойынша сатылған өнімнің көлемі бойынша жиынтық актінің, сатылған өнімге бюджеттік субсидиялар төлеу туралы облыс бойынша жиынтық ведомостың, есептіліктің нысандарын, сондай-ақ қаражатты бөлудің жылдық сметасын Министрлік бекітеді.

7. Субсидияланған мал шаруашылығы өнімінің 1 (бір) килограмына, 1 (бір) данасына арналған бюджеттік субсидиялардың нормативі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

8. Министрлік бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде облыстық бюджеттерге мал шаруашылығының өнімділігін және өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ қол қойылған Облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім шеңберінде аударады.


2. Тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау және олардың арасында субсидиялау квоталарын бөлу тәртібі
9. Тауар өндірушілер (тағамдық жұмыртқаны, құс етін өндірумен айналысатын тауар өндірушілерді қоспағанда) 2010 жылғы 10 ақпанға дейінгі мерзімде тиісті ауданның ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) белгіленген нысан бойынша бюджеттік субсидияларды алуға өтінімді ұсынады.

10. Тағамдық жұмыртқаны, құс етін өндірумен айналысатын тауар өндірушілер (бұдан әрі – құс фабрикалары) тағамдық жұмыртқаны және құс етін сатудың жоспарлы көлеміне «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігіне (бұдан әрі – Құс өсірушілер одағы) өтінімдер береді. Құс өсірушілер одағы ұсынылған ақпаратты қарап, құс фабрикаларының тізімін дайындайды және олардың тағамдық жұмыртқа мен құс етін (бұдан әрі – материалдар) сатудың жоспарлы көлеміне өтінімдерімен бірге оны
2010 жылғы 25 ақпаннан кешіктірмей тиісті Бөлімдерге ұсынады.

11. Бөлім материалдарды алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде тауар өндірушілердің және құс фабрикаларының белгіленген өлшемдерге сәйкестігін, ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және олар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін жасайды және материалдарды аудан әкімінің қолымен облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасарының төрағалығымен облыс әкімінің шешімімен құрылған облыстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жібереді. Комиссияның құрамына облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма), Министрліктің аумақтық инспекциясының мамандары, сондай-ақ салалық және өзге де қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

Ұсынылған материалдар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Бөлім үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылған материалдардың сәйкес келмеуінің негізделген себептерін көрсетіп, оларды берген тауар өндірушілерге және Құс өсірушілер одағына қайтарады.

12. Комиссияның жұмыс органы Басқарма болып табылады. Комиссияның құзыретіне мыналар кіреді:

1) жеті жұмыс күні ішінде Бөлімдер ұсынған субсидиялау жөніндегі жиынтық материалдардың белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне қарау;

2) материалдарды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік субсидиялар, субсидиялауға жататын өнімді сатуға жылдық квоталар, сондай-ақ Министрлік бекіткен нысандар бойынша бекітілген нормативтер негізінде бюджеттік субсидиялар көлемін алуға тауар өндірушілер мен құс фабрикаларының жиынтық тізімін облыс әкіміне бекітуге ұсыну. Бұл ретте құс фабрикаларының бөлінісінде бюджеттік субсидиялар алушылардың тізімі Құс өсірушілер одағының ұсынымдары негізінде қалыптастырылатын Министрліктің ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.

13. Тауар өндірушілердің өтінім берген бюджеттік субсидиялардың көлемі облысқа жеткізілген бюджеттік субсидиялар көлемінен асып түскен жағдайда Комиссия табындағы асыл тұқымды малдың неғұрлым жоғары үлестік салмағы бар және (немесе) ауылдық тұтыну кооперативтерінің мүшелері болып табылатын тауар өндірушілердің өтінімдерін басым тәртіппен қанағаттандырады.

14. Облыс әкімі Комиссияның ұсынуы бойынша субсидиялау квоталарын көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың тізімін бекітеді. Басқарма субсидияланатын мал шаруашылығы өнімінің көлеміне арналған квоталарды көрсетіп, облыс әкімінің шешімімен бекітілген субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың тізімін бір данадан Министрлікке, тиісті Бөлімдерге және Құс өсірушілер одағына жолдайды.

3. Бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
15. Сиыр еті, шошқа еті, қой еті, жылқы еті, сүт, қымыз, шұбат бойынша бюджеттік субсидиялар алу үшін тізімге енгізілген тауар өндірушілер өнімнің сатылуына қарай ай сайын, бірақ 2010 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Бөлімге мынадай құжаттарды:

1) өнімді қайта өңдеу кәсіпорындарына сатқан жағдайда:

сатылған өнімге төлем құжатының көшірмесін (қайта өңдеу кәсіпорнының есептік нөмірін көрсетіп) – банктің төлем тапсырмасын немесе кассалық кіріс ордерін, сондай-ақ шот-фактураны (бұдан әрі – төлем құжаттары);

2) өнімді дербес сатқан жағдайда:

сатылған өнімге төлем құжатының көшірмесін;

өнімді бастапқы қайта өңдеу бойынша көрсетілген қызмет үшін (өнімді жеке қайта өңдеу кәсіпорындарына немесе цехтарына тапсыру жағдайларын қоспағанда) төлем құжатының көшірмесін (қайта өңдеу кәсіпорнының есептік нөмірін көрсетіп) ұсынады.

Құс еті, тағамдық жұмыртқа, биязы жүн бойынша бюджеттік субсидиялар алу үшін тізімге енгізілген тауар өндірушілер мен құс фабрикалары Бөлімге – сатылған өнім үшін төлем құжатының көшірмесін ұсынады.

16. Бөлім ай сайын, құжаттардың түсуіне қарай бес жұмыс күнінің ішінде, бірақ 2010 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей, осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тексереді. Олар осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, аудан бойынша өнімді сату туралы жиынтық акт жасайды және аудан әкімі бекіткеннен кейін, жиналған құжаттарды осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда облыс бойынша біріктірілген жиынтық ведомость қалыптастыратын Басқармаға қарауға және ақысын төлеуге ұсынады.

17. Ұсынылған құжаттар осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бөлім үш жұмыс күнінің ішінде оларды тауар өндірушілерге және құс фабрикаларына сәйкес келмеу себептерін сипаттай отырып, пысықтауға қайтарады.

18. Тиісті тауар өндірушілердің және құс фабрикаларының банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне 2 данада ақы төлеу шоттарымен қоса ақы төлеу шоттарының тізімін ұсыну жолымен жүзеге асырады.

19. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық бюджетте 2010 жылға арналған бюджеттік бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі және есептілік тәртібі
20. Басқарма Министрлікке ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ 2010 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей Министрлік бекіткен нысандар бойынша бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы есепті ұсынады.

21. Облыс әкімдері Министрлікке жарты жылдықтың қорытындылары бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелердің іс жүзіндегі жетістіктері туралы аралық есепті 30 шілдеден кешіктірмей, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.

22. Министрлік нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттердің төмен тұрған бюджеттерге аударылмағаны үшін жауапты болады.

23. Облыстың, ауданның әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес пайдаланбағаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені үшін, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есептерді ұсынбағаны үшін жауапты болады.

____________________




Ережеге

1-қосымша



  1. Өз өндірісінің сатылған мал шаруашылығы өнімінің 1 килограмына, 1 данасына арналған

бюджеттік субсидиялар нормативі

Р/с



Өнімнің түрі

Өз өндірісінің сатылған мал шаруашылығы өнімінің

1 килограмына, 1 данасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі , теңге

1.

Сиыр еті – І деңгей

құрама жем

175

2.

Сиыр еті – ІІ деңгей

құрама жем

150

3.

Сиыр еті – ІІ деңгей

құнарлы азық

120

4.

Сиыр еті – ІІІ деңгей

құрама жем

100

5.

Сиыр еті – ІІІ деңгей

құнарлы азық

80

6.

Шошқа еті

98

7.

Құс еті – І деңгей

35

Құс еті – ІI деңгей

20

8.

Жұмыртқа – І деңгей

2

Жұмыртқа – ІI деңгей

1



2. Өз өндірісінің сатылған өнімінің 1 килограмына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі

Р/с



Өнімнің түрі

Өз өндірісінің сатылған өнімінің 1 килограмының өзіндік құны, теңге

Өз өндірісінің сатылған

өнімінің 1 килограмын арзандату нормативі, %

Өз өндірісінің сатылған

өнімінің 1 килограмына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

1

2

3

4

5

1.

Сүт – І деңгей

68

36,7

25

1

2

3

4

5

2.

Сүт – ІІ деңгей

47

32

15

3.

Сүт – ІІІ деңгей

47

21,3

10

4.

Жүн (биязы)

360

29,2

105

5.

Қой еті

420

11,9

50

6.

Жылқы еті

460

20

92

7.

Қымыз

345

17,4

60

8.

Шұбат

341

16,1

55



_______________________



«Бекітемін»

_______________ облысы

Ауыл шаруашылығы басқармасының

бастығы ___________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

2010 жыл «____» ____________

Ережеге

2-қосымша

______________ облысы бойынша 2010 жылғы ____________

_________________________________________________өндіруге және сатуға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған

субсидияланатын мал шаруашылығы өніміне – (керегін қалдыру керек)
біріктірілген жиынтық ведомость




Атауы



Өнімді сатудың жылдық квотасы,

тонна, мың дана



1 кг, дана өнімді арзандату нормативі, теңге

Бюджеттік субсидиялардың жалпы қажеттілігі, теңге

Іс жүзінде сатылған өнім, тонна, мың дана

Өнімді өндіру және сату үшін іс жүзінде пайдаланылған құрама жем (құнарлы азық), тонна

Жыл басынан бастап

бюджеттік субсидиялардың тиесілі сомасы, теңге

Жыл басынан бастап

төленгені, теңге

Бюджеттік субсидиялардың тиесілі

сомасының қалдығы, теңге

Төленуге жататыны, теңге

тауар өндіруші

өнімдер

жыл басынан бастап

есепті айда



жыл басынан бастап



есепті

айда












































Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) __________________________ (Т.А.Ә., қолы)

Бухгалтер (жауапты тұлға) __________________________ (Т.А.Ә., қолы)

_________________________

Похожие:

Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін...
Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы №63 Қаулысы
Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді...
Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Н ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 088 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының...
Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Н ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 088 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының...
Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы iconМал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау жөніндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы №625 Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн...
Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 1-қосымша
Мал шаруашылығы өнiмiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер
Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы iconМал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау жөніндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Лыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен...
Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен...
Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы
...
Облыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 13 желтоқсан №1518 Астана, Үкімет Үйі
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница