Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Мамырбекова Ғалия Асанқызы Тақырыбы




Скачать 58.32 Kb.
НазваниеАстана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Мамырбекова Ғалия Асанқызы Тақырыбы
Дата конвертации19.01.2013
Размер58.32 Kb.
ТипДокументы
Астана қаласы Ғали Орманов атындағы

7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы

Сынып жетекші:Мамырбекова Ғалия Асанқызы
Тақырыбы:Наурыз- жыл басы

Мақсаты:ұлттық салт-дәстүрді үлгі ету,мадақтау,оған деген оқушылардың сүйіспеншілік сезімін ояту

Міндеттері:1.наурыз мерекесі туралы мағлұмат алады

2. ұлттық салт-дәстүрді үлгі ете отырып,оны мадақтауға жаттығады

3.ұлттық мерекені құрметтеу сезіміне тәрбиеленеді

Түрі:әдеби-музыкалық қойылым

Көрнекілігі:баннер,ұлттық тағамдар

Барысы:1.Мерекенің ашылу салтанаты

Мұғалім :

- Уа,халайық!Бүгін ұлыстың ұлы күні.Ақ түйенің қарны жарылған күн.Наурыз мейрамы.Наурыз-парсы сөзі.Нау-жаңа,руз-күн деген мағына білдіреді.Яғни,жаңа күн,жаңа жылдың алғашқы күні.22 наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі.Қар еріп,жер жүзі көктеп,көгеріп,тіршілік атаулыға жан бітіп,жасарып,жаңаратын шақ.Мал бағуды кәсіп еткен ата-бабаларымыздың қорада қойы қоздап,түйесі боздап,бір малы екеу болып аузы аққа тиіп,уыз жеп,арқа-жарқа мәз-мәйрам болып шаттыққа бөленетін жайдарман шағы.Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді аралап,наурыз көжеден дәм тататын.Үлкендер кішілерге ақ баталарын беріп,ізгі тілек тілесетін. «Ұлыс күні қазан толса,ол жылы ақ мол болар,Ұлы кісіден бата алса,сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып,ауыл арасын бірлікке,татулыққа,ынтымаққа шақыратын.

Ғасырлар бойы атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүрлі осы наурыз тойы бүгін есігімізді ашып отыр.Өткен жылға еш өкпеміз жоқ.Ендеше «Өткенге -салауат,болашаққа -аманат»деген ата жолымен ескі жылды шығарып салайық.(осы кезде сиыр киімін киген бала шығады-сиыр жылында жеткен жетістіктерге тоқталып кетеді.Енді жаңа жылды ортаға шақырайық.Ақ сақалды,аса таяқты ҚЫЗЫР БАБА барысты ілестіріп ортаға келіп кіреді.


Армысыңдар,туыстар!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң,жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы-уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!

Мұғалім:Балалар,Күн шықты,Наурыз күнін қарсы алайық!

Күн:Сәлем,ата-аналар!

Айналайын балалар!

Қызыр баба,аман ба?

Жасар жайлы заманда.

Уақыт үдеп келдім мен

Бақыт тілеп адамға!

Қудым жерден суықты

Қырдан салқын бу ықты.

Құтты болсын мерекең,

Наурыз айы туыпты.

Әне,Наурыз келеді

Әсемденіп жер енді!

Қызыр баба:Ата салтын ұмытпай,ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы екен.Үлкен рахмет.Ал қандай қызықтарың бар?

Мұғалім:Қазақстанның халық жазушысы,ақын Мұзафар Әлімбайдың тәлім-тәрбиелік мәні бар нақыл сөздерін оқушылар жаттап келіпті.Соны айтып берелік!

Қызыр баба:Ой,рахмет,айналайындар.Ал тыңдайық!

  • Ел салтын біліп өстің бе,

Бесікті сатпа ешкімге.

  • Құлақ тос айтқан ақылға,

Сыйлама пышақ жақынға.

  • Қаншалықты асықсаң да ісіңе,

Атпен шауып кірме ауыл ішіне.

  • Ешкім жоқ болса да қасыңда,

Кекірме дастарқан басында.

  • Жақын ба,әлде бөтен бе,

Кісіге қарап жөтелме.

  • Әжем үйреткендей бізге,

Нанды бір қолыңмен үзбе.

  • Құлақ сал қартқа,

Ішегіңді тартпа.

  • Білгейсің әркез жөніңді,

Отырма тіреп қолыңды.

  • Қадам ұрма теріске,

Жатарда асты көп ішпе.

  • Өсе бер,жақсыларға ұқсап бала,

Тізеңді ешқашанда құшақтама.

  • Үйдегі үлкен бе,бала ма,

Ешқашан адамды санама.

  • Адамды сыйла,әдепті сақта да,

Жатқан кісінің үстінен аттама.

  • Ұмытпай,үйге енерде ойла,

Бас киімді босағаға қойма.

  • Аллаға сыйын, жас бала,

«Құранды»жерге тастама.

  • Байыпты байқа да,

Басыңды шайқама.

  • Сөз ұғатын келдің жасқа,

Ақ төгілген жерді баспа.

  • Нағашың,көршің,құда ма,

Үлкеннің жасын сұрама.

  • Ел-жұртқа әдепсіз көрінбе,

Дастарқан басында керілме.

Қызыр баба:Өркендерің өсіп,талаптарыңа нұр жаусын!

Мұғалім:

Енді айтыс өнерін тамашаласақ қайтеді?

Екеуі бірге:

Оу,халайық,халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық

Абай:Меніменен айтысар

Қыз-құрбылар қайсың бар?

Қолдан келсе әзілдеп

Маған сынды айтыңдар

Зумрад:Айтысуға өзіңмен

Шығып тұрмын алдыңа.

Күн аттарын білмеуші ең

Жаттап оны алдың ба?

Абай:Құрбым,кімге күлесің

Өзің нені білесің?

Жүзге дейін қиналып

Санай да алмай жүресің.

Зумрад:Бәтеңкеңнің бауын да

Байлай алмай жүруші ең.

Үйрендің бе,жейдеңді

Теріс қарай киюші ең?

Абай:Олпы-солпы кигенің,

Ойыңда не түйгенің,

Намысыма құрбыжан

Наурыз күні тимегін.

Екеуі бірге:

Ұлы Наурыз бәріңді

Татулыққа шақырған.

Тоқтатпасақ айтысты

Сөз қалған ба ақыннан.

Мұғалім:Қызыр баба,Ұлыстың ұлы күнінде Саумалық айтылатынын білесіз,бір оқушы соны айтып берсін.

  • Саумалық,саумалық

Қар тауының қақ құсы,

Ұйқыдан көзін ашты ма?

Саумалық,саумалық

Самарқанның көк тасы

Жібіді ме,көрдің бе?

Жаңа жыл,жарылқа,

Ескі жыл,есірке,

Саумалық,саумалық

Саумалық,саумалық!
(Ортаға жас шыбық әкеліп,оған алғашқы сауылған сиыр сүтінің уызын түбіне құяды.Ағың құнарлы болсын,аспанымыз ашық болсын!деген ниетпен орындалады.)
Қызыр баба:О,рақмет,өркенің өссін,балам!

Мұғалім:Тағы бір оқушының Наурыз күнгі жырын тыңдап көрелік.

  • Уа,құдайым,оңдасын,

Жаманшылық болмасын.

Аруақ біткен жар болып,

Қызыр бабам қолдасын.

Аман сақтап төл басын,

Еккен егін солмасын.

Орта толып ырысқа,

Бейбіт өмір орнасын.

Бостандықтың ордасын,

Періштелер қорғасын.

Бесіктегі бөбектің

Бақайшағы тоңбасын.

Ұлыс күні ұл мен қыз

Тайпалдырсын жорғасын.

Көш бастаған көсемдер

Өрге тартсын арбасын.

Сөз бастаған шешендер,

Әділдіктен танбасын.

Қызыр баба:Өте орынды!Көп жаса,балам!

Мұғалім:Ертегі кейіпкері Тазша бала келіп отырған көрінеді,тыңдап көрелік.

  • Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,

Салт-сана,әдет-ғұрып кетіліпті.

Үлкен тұрып,сөйлемес кіші қайда?

Бір шалға немересі жекіріпті.

Сәбилер тумай жатып жетіліпті,

Қарттарды интернатқа кетіріпті,

Ұрысып «ұрмақ»түгіл молдалардай

Мұғалім қоя алмайды екілікті!

Қызыр баба:Тазша бала,балалар, мұғалімдер,ата-аналар,Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Балалар хормен:

Осымен бұл қызықты тәмамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба,жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жылы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Қызыр баба:

Ал тыңдаңдар,батамды,

Ардақтаңдар атаны.

Тойсаңдар,тасып бөспеңдер,

Топастықты кешпеңдер,

Ананың сүтін ақтаңдар,

Арларыңды сақтаңдар!

Жалқаулық жаудан жаман-ды,

Аңқаулық бұзар наданды.

Жеңіңдер оны күреспен,

Жеңіске жетер бірлескен.

Кеңпейіл дарқан халқымыз,

Кеңейді дәстүр-салтымыз,

Дәстүрін елдің сыйлаңдар!

Дәстүрлі салтты тойлаңдар!

Орындалсын ойларың,

Тойға ұлассын тойларың!

Барыс жылы мол бақыт,табыс келсін,

Ұстаз,ата-ана еңбектерің жана берсін!

(Бір оқушының анасы ортаға шығады)

Ана:

-Ау,аталар,аналар!

Айналайын балалар!

Жеп-ішсін деп тамсанып,

Жеті түрлі дәм салып,

Наурыз көже пісірдім,

Тойға қазан түсірдім,

Құйдым алтын табаққа,

Құлшыныңдар тамаққа!

Бал көжеден татыңдар,

Бар қызыққа батыңдар!

Көктем-Наурыз тойында,

Құмар болып ойынға,

Іске үлес қоспаған

Ішер бір-ақ тостаған.

Еңбекшілге талапты,

Қоямын қос табақты.

Көжеге жас-кәріңді,

Шақырамын бәріңді!
«Наурыз»әні орындалып,барлығы дастарқан басына отырады.

Похожие:

Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Мамырбекова Ғалия Асанқызы Тақырыбы iconҒали Орманов атындағы №7 мектем – гимназиясы Тақырыбы : Көксерек – табиғаттың тағы перзенті Сынып : 7ғ
Шығарманың мазмұнын талдай отырып Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу
Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Мамырбекова Ғалия Асанқызы Тақырыбы iconҒали Орманов атындағы №7 мектеп гимназиясының 6 «А» сынып оқушыларының тізімі 2009-2010 оқу жылы

Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Мамырбекова Ғалия Асанқызы Тақырыбы icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН
Мектеп, сынып, ПӘН: Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 7-орыс сыныбы, қазақ тілі
Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Мамырбекова Ғалия Асанқызы Тақырыбы iconҒали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Ашық сабақ «Геометрия әлеміне саяхат» Өткізген: Сейілханова Ж. С. Астана 2010
Мұғалім: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлайды. Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтіледі
Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Мамырбекова Ғалия Асанқызы Тақырыбы icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Жамиева Алия Касымхановна 2 мектеп, сынып, ПӘН
Мектеп, сынып, ПӘН: Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 8-сыныбы, физика
Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Мамырбекова Ғалия Асанқызы Тақырыбы iconҒали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия Өткізген: Нұғманова Н. М. Астана 2010
Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың, Бауыржан Момышұлының өмірлері мен ерлігі туралы мағлұмат бере отырып,...
Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Мамырбекова Ғалия Асанқызы Тақырыбы icon«Толағай» әкелер мен балалар арасында ұйымдастырылған спорттық сайыс
...
Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Мамырбекова Ғалия Асанқызы Тақырыбы icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН
...
Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Мамырбекова Ғалия Асанқызы Тақырыбы icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович 2 мектеп, сынып, ПӘН
...
Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы 2 «Ғ» сыныбы Сынып жетекші: Мамырбекова Ғалия Асанқызы Тақырыбы iconАстана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғашқы көмек көрсету» Сынып: 9 «Ғ»
Мақсаты: Алғашқы көмек және оның адам өмірі үшін маңызымен таныстыру. Оқыс жағдайда жарақат алған, зардап шеккен адамдарға көмек...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница