«Өнімділік 2020» бағдарламасы




Название«Өнімділік 2020» бағдарламасы
страница2/5
Дата конвертации19.01.2013
Размер0.56 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады:

1-кезең – 2011-2014 жылдар, бұл ретте 2011 жыл – пилоттық болып табылады;

2011 жылы Бағдарлама жаңа бизнес бастамаларды қолдау, жұмыс істейтін кәсіпорындарды жаңғырту және индустриялық кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін нығайту бойынша іске асырылатын болады. Пилоттық кезеңді іске асыру нәтижелері бойынша Бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар, сондай-ақ қосымша мемлекеттік қолдау құралдары енгізілуі мүмкін.

2012 – 2014 жылдары Бағдарлама жаңа бизнес бастамаларды қолдау және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және индустриялық кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін нығайту бойынша іске асырылатын болады. 2-кезең – 2015-2020 жылдар.

2015 – 2020 жылдары Бағдарлама жаңа бизнес бастамаларды қолдау және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту бойынша іске асырылатын болады.
1. Бағдарлама қатысушысына қойылатын өлшемдер
Мынадай өлшемдерге сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері Бағдарлама қатысушылары бола алады:

осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыратындар және (немесе) іске асыруды жоспарлайтындар және осы Бағдарламаның 2-қосымшасында келтірілген өнімдерді шығаруды жоспарлайтындар;

қаржылай тұрақты (кредиттік тарихы оң, салықтық берешегінің болмауы және басқалар);

инвестициялық жобаның кешенді жоспары бар (инвестициялық жобаның кешенді жоспарын өтінім берушінің жеке өзі немесе Бағдарлама әкімшісі бекіткен тізімнің ішіндегі консалтингтік компанияны тарту арқылы әзірлеуі мүмкін).

Инвестициялық жобаның кешенді жоспары мына көрсеткіштерге қол жеткізуді көздеуі тиіс:

инвестициялық жобаның қаржылық өтемділігі;

еңбек өнімділігін екі есе, бірақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту жобалары бойынша салалық орташа деңгейден бір жарым еседен кем емес немесе жаңа инвестициялық жобалар бойынша салалық орташа деңгейден үш есе арттыру;

өнімнің бәсекеге қабілеттілігі (ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнім).

  1. Бағдарламаға қатысу тәртібі


Бағдарламаға қатысу мәлімдемелік сипатқа ие және мемлекеттік қолдау келесі схема бойынша ұсынылады:

  1. Өтінім беруші Бағдарлама операторына жүгінеді және қажетті құжаттар пакетін (оның ішінде белгіленген талаптарға сәйкес тізбедегі консалтингтік компаниямен бірлесе отырып әзірленген немесе консалтингтік компанияның сараптамасы бар инвестициялық жобаның кешенді жоспарын) ұсынады.

  2. Бағдарлама операторы ұсынылған құжаттар пакетіне сараптамалық бағалау әзірлейді. Сараптамалық бағалау Мемлекеттік бағдарламаның, салалық бағдарламалардың


басымдықтарына сәйкестігі және еңбек өнімділігі мен энергия тиімділігінің көрсеткіштерін салыстыру туралы қорытындыдан, сондай-ақ консалтингтік компаниямен инвестициялық жобаның кешенді жоспарының немесе консалтингтік компания әзірлеген инвестициялық жобаның кешенді жоспарын сараптамалық бағалау негізінде жаңғыртуды өткізу және мемлекеттік қолдау ұсыну қажеттілігі туралы ақпараттан тұруы қажет.

  1. Бағдарлама операторы сараптамалық бағалауды өтінім берушіге және құрал операторына жібереді.

  2. Сараптамалық бағалау оң болған жағдайда Бағдарлама операторы Бағдарламаның осы бөлімінің «Бағдарлама құралдары» деген 4-кіші бөліміне сәйкес кешенді инвестициялық жобаның жоспарын әзірлеу немесе сараптау кезінде келтірілген шығындардың бір бөлігін қатысушыға төлейді.

  3. Одан әрі өзге де құралдарды алу қажет болса, өтінім беруші құрал операторларына жүгінеді.

  4. Құрал операторы белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық жобаға сараптаманы жүзеге асырады. Құрал операторы өтінім берушіні және Бағдарлама операторын қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

  5. Құрал операторының шешімі оң болған кезде, Бағдарлама операторы, құрал операторы және қатысушы тиісті келісім жасасады, онда:

тараптардың құқықтары мен міндеттері;

құралды енгізу нәтижелерінің индикаторлары;

құрал операторының және қатысушының жауапкершілігі және т.б. көзделеді.

  1. Бағдарлама қатысушыларының инвестициялық жобаларының іске асырылуының мониторингін Бағдарлама операторы мен құрал операторлары инвестициялық жобаның барлық іске асырылу мерзімінде жүзеге асырады.

Бағдарлама қатысушыларының инвестициялық жобаларының іске асырылуының мониторингінің нәтижелері ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылады.

  1. Бағдарламаны іске асыру регламентін, өтінім нысандарын, өтінім беруші ұсынатын құжаттар тізбесін, өтінімдерді қарау мерзімдерін, келісімнің үлгілік нысанын, жалпы Бағдарламаның және жеке құралдардың іске асырылу мониторингінің нысандарын және мерзімін, инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге қойылатын талаптарды ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарлама әкімшісі бекітеді.




    1. 3. Консалтингтік компанияларға қойылатын өлшемдер


Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама үшін тартылатын консалтингтік компаниялар мынадай өшемдерге сәйкес келуі тиіс:

компанияның инфрақұрылымдық жобалар мен өңдеуші өнеркәсіп жобалары бойынша зерттеулер жүргізу саласында біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің 3 (үш) жылдан кем емес болуы;

компанияның активінде инфрақұрылымдық жобалар мен өңдеуші өнеркәсіп жобалары бойынша зерттеулер жүргізу саласында ірі жобалардың 3-тен кем емес болуы;

соңғы 3 (үш) жыл ішінде шығындардың болмауы. Консалтингтік компаниялар тізбесін Бағдарламаның операторы консалтингтік компания өтінімдерінің негізінде қалыптастырады, ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарламаның әкімшісі бекітеді.
4. Бағдарлама құралдары
Бағдарлама шеңберіндегі мемлекеттік қолдау мынаны білдіреді: инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер;

ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру; білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту (технологиялық жабдықтарды таңдау, сатып алу, орнату және іске қосуды жүзеге асыру кезінде жобаны білікті сүйемелдеуді қамтамасыз ету);

инновациялық гранттар беру;

жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту; қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу (кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыратын технологиялар, оның ішінде автоматтандырылған басқару жүйелері, басқарудың халықаралық стандарттары, ERP, Lean, Кайдзен және басқалар).

Мемлекеттік қолдау құралдары былайша жүзеге асырылады.

Консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер:

Бағдарлама шеңберінде консалтингтік компанияның инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін кеткен шығыстардың 50%-ын, бірақ 7,5 млн. теңгеден артық емес төлемдер қарастырылған.

Консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлем тетіктері:

    1. Өтінім беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу үшін бекітілген тізбеден консалтингтік компанияны өзі айқындайды.

    2. Өтінім беруші және консалтингтік компания инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу туралы шарт жасасады.

    3. Өтінім беруші Бағдарлама операторына толық құжаттар пакетін ұсынады. Бағдарламаның операторы оң сараптамалық бағалау болған жағдайда


инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу кезінде кеткен шығынның бір бөлігін қатысушыға төлеуді жүзеге асырады.

Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну:

Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды қатысушыға құрал операторы ұсынады. Құрал операторы – «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «БРК-Лизинг» акционерлік қоғамы.

Өтінім беруші ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру құралын пайдаланғанда жобаны іске асыруда лизинг мәнінің жалпы құнының 15%-нан кем емес мөлшерде ақша қаражатымен қатысуды қамтамасыз етуі қажет.

Лизинг мәнінің жалпы құны 150 млн. теңгеден кем болмауы тиіс.

Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қатысушыға арналған қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасы 7,5 %-дан аспауы тиіс.

Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну тетігі:

  1. Құрал операторына ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруға өтініш беруді қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейін белгіленген нысанға сәйкес жүзеге асырады.

  2. Құрал операторы белгіленген тәртіппен өтінімді қарастырады және ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну (ұсынбау) туралы шешім шығарады.

  3. Құрал операторының оң шешімі болған жағдайда құрал операторы мен қатысушы қаржылық лизингі шартын жасасады.

Білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту:

Білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту технологиялық жабдықтарды таңдау, сатып алу, орнату және іске қосуды жүзеге асыру кезінде жобаның білікті сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.

Құрал операторы – негізгі қызметінің мәні инновациялық даму және мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға.

Бағдарлама шеңберінде білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартқаны үшін республикалық бюджеттен 30%, бірақ 1 (бір) инвестициялық жобаға 30 млн. теңгеден артық емес мөлшерде шығыстарды бірлесіп қаржыландыру қарастырылған.

Бірлесіп қаржыландыру қатысушыға жобалық және инжинирингтік компаниялар көрсеткен қызмет нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту тетіктері:

  1. Білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға құрал операторына өтінім беруді қатысушы


Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейін бекітілген нысанға сәйкес жүзеге асырады.

  1. Құрал операторы белгіленген тәртіппен өтінімді қарайды және құралды ұсыну (ұсынбау) туралы шешім шығарады.

  2. Құрал операторының оң шешімі болған жағдайда, құрал операторы мен қатысушы құралды ұсыну туралы келісім жасасады.

Инновациялық граннтар беру:

Инновациялық гранттар жаңа жобаларды іске асыру үшін, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған іске асырылып жатқан жобалар бойынша беріледі.

Құрал операторы – негізгі қызметінің мәні инновациялық даму және мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға.

Инновациялық гранттарды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Инновациялық гранттарды беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту:

Жоғары білікті шетелдік инженерлік-техникалық мамандарды тарту технологиялық үдерістерді жетілдіру және жабдықтарды пайдалану тиімділігін арттыру үшін жүзеге асырылады.

Құрал операторы – негізгі қызметінің мәні инновациялық даму және мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға.

Бағдарлама шеңберінде жоғары білікті шетелдік инженерлік-техникалық мамандарды тарту үшін республикалық бюджеттен 50%, бірақ жылына 1 (бір) маманға 9 млн. теңгеден аспайтын және бір инвестициялық жоба бойынша 3 (үш) маманнан көп емес мөлшерде шығындарды бәрлесіп қаржыландыру көзделеді.

Бірлесіп қаржыландыру қатысушыға шетелдік инженерлік-техникалық мамандар көрсеткен қызметтерінің нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту тетігі:

  1. Жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға құрал операторына өтінім беруді қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейін бекітілген нысанға сәйкес жүзеге асырады.

  2. Құрал операторы белгіленген тәртіппен өтінімді қарайды және құралды ұсыну (ұсынбау) туралы шешім шығарады.



  1. Құрал операторының оң шешімі болған жағдайда, құрал операторы мен қатысушы құралды ұсыну туралы келісім жасасады.

Қазіргі заманғы басқару және өндірістік технологияларды енгізу:

Отандық кәсіпорындардың басқару деңгейін өсіруге ынталандырудың және олардың жасырын тиімділік әлеуетін іске асыру қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу арқылы жүргізіледі.

Құрал операторы – негізгі қызметінің мәні инновациялық даму және мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну үдерістерін үйлестіруді қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға.

Кәсіпорындарда басқару технологияларын енгізу нәтижелері қосымша капитал салымдарынсыз өндірісті ұйымдастыру тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыру болып табылады, яғни кәсіпорынның экономикалық тиімділігін артыратын технологияны, оның ішінде автоматтандырылған басқару жүйелерін, басқарудың халықаралық стандарттары, Lean, Кайдзен және басқаларды енгізу көзделеді.

Бағдарлама шеңберінде басқару технологияларын енгізу жоспарын әзірлеу үшін тартылған консультанттар қызметтеріне ақы төлеуге республикалық бюджеттен 70%, бірақ 5 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде бірлесіп қаржыландыру, сондай-ақ республикалық бюджеттен бір жоба бойынша басқару технологияларын енгізу жоспарын іске асыруға кеткен шығындарды 30%, бірақ 10 млн. теңгеден аспайтын мөлшерінде бірлесіп қаржыландыру көзделген.

Бірлесіп қаржыландыру консультанттың қатысушыға көрсеткен қызмет нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Басқару технологияларын енгізу тетіктері:

  1. Басқару технологияларын енгізуге құрал операторына өтінім беруді қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейін белгіленген нысанға сәйкес жүзеге асырады.

  2. Құрал операторы белгіленген тәртіппен өтінімді қарайды және құралды ұсыну (ұсынбау) туралы шешім шығарады.

  3. Құрал операторының оң шешімі болған жағдайда, құрал операторы мен қатысушы құралды ұсыну туралы келісім жасасады.



6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2011 жылы 19,9 млрд. теңге көзделіп отыр.

Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың жеке құралдары бойынша тартылған сыртқы қарыздар шеңберінде жүзеге асырылады.

7. «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспары (I кезең)


Р/с



Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжанатын шығыстар (млн. теңге)

Қар

жылан

дыру

көз

дері

Бюджеттік бағдарлама



(егер бар болса)

1-ші

жыл

2-ші

жыл

3-ші

жыл

4-ші

жыл

5-ші

жыл

Бар

лығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1.

Кәсіпорындарды жаңғырту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, ЭДСМ,

мүдделі мемлекеттік органдар, ЖАО

2011 жылғы наурыз

талап етілмейді

2.

Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті құжаттардың нысандарын әзірлеу және бекіту

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, ЭДСМ,

«ҚИДИ» АҚ (келісім бойынша), құрал операторлары (келісім бойынша)

2011 жылғы наурыз

талап етілмейді

3.

Консалтингтік компаниялардың тізбесін бекіту

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, «ҚИДИ» АҚ (келісім бойынша), ведомстваоаралық комиссия

2011 жылғы сәуір

талап етілмейді

4.

Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру тәртібін әзірлеу

құрал операторының шешімі

құрал операторы (келісім бойынша), «ҚИДИ» АҚ (келісім бойынша)



2011 жылғы наурыз

талап етілмейді

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысымен бекітілген Инновациялық гранттар беру ережесіне өзгерістер енгізу

ҚРҮ қаулысының жобасы

ИЖТМ, ЭДСМ,

«ҚИДИ» АҚ (келісім

бойынша),

құрал операторлары

(келісім бойынша)

2011 жылғы сәуір

талап етілмейді

6.

Бағдарламаға қатысу туралы өтінім қабылдау

ИЖТМ-ге ақпарат

«ҚИДИ» АҚ

(келісім бойынша)

келіп түсуіне байланысты

талап етілмейді

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

7.

Бағдарлама қатысушыларына қойылатын өлшемдерге сәйкестігі туралы сараптама

сараптамалық қорытынды

«ҚИДИ» АҚ (келісім бойынша), өтінім беруші

келіп түсуіне байланысты

талап етілмейді

8.

Қатысушы лар өтінімдерін құрал операторларының қарауы

құрал операторының шешімі

құрал операторлары (келісім бойынша), «ҚИДИ» АҚ (келісім бойынша)

келіп түсуіне байланысты

талап етілмейді

9.

Құралды ұсыну туралы келісімдер жасасу

келісімдер

«ҚИДИ» АҚ (келісім бойынша), құрал операторлары (келісім бойынша)

қажеттілігіне қарай

талап етілмейді

10.

Мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну

шарттар

ИЖТМ, «ҚИДИ» АҚ (келісім бойынша), құрал операторлары (келісім бойынша)

қажеттілігіне қарай

4900,8

15000
















РБ

РБ

011

«Өнімділік 2020» бағыты шеңберінде жаңа өндірістер құруды, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және сауықтыруды қолдау»

051

«Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылы ғын қамтамасыз ету үшін «Самрұқ-Қазына» АҚ-на кредит беру»
1   2   3   4   5

Похожие:

«Өнімділік 2020» бағдарламасы icon«Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер
Ережесі) «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы №254 қаулысын (бұдан...
«Өнімділік 2020» бағдарламасы icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау құралы «Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу»
Экономиканың басым секторларында ұжымдық басқару деңгейін және өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
«Өнімділік 2020» бағдарламасы icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
«Өнімділік 2020» бағдарламасы icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
«Өнімділік 2020» бағдарламасы icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
«Өнімділік 2020» бағдарламасы icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
«Өнімділік 2020» бағдарламасы iconАймақтардағы «Өнімділік 2020» Бағдарламасының

«Өнімділік 2020» бағдарламасы iconӘлеуетті лизинг алушы/кепілгер тапсыратын құжаттар тізімі, сонымен қатар «Өнімділік 2020» бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша
...
«Өнімділік 2020» бағдарламасы icon«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020»
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?
«Өнімділік 2020» бағдарламасы icon«Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы бойынша түсініктеме
Президентінің және Қазақстанның дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындау, сондай-ақ
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница