Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы




Скачать 426.08 Kb.
НазваниеБанкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы
страница1/4
Дата конвертации19.01.2013
Размер426.08 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.09.2012 15:57:06
Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының

2007 жылғы 30 сәуірдегі № 121 Қаулысы

(2009.27.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесі бекітілсін.

2. Агенттік Басқармасының «Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер жүзеге асыратын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 9 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4038 тіркелген).

3. Осы қаулы «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):

1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банктерге және «Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

 

Төраға

А. Дунаев

 

Келісілді

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банк Төрағасы

_________________

(қолы, күні, елтаңбалық мөр)

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы

ұйымдарын реттеу мен

қадағалау агенттігі

Басқармасының 2007 жылғы

30 сәуірдегі № 121

қаулысымен бекітілді

 

 

Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесі

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР ҚҚА  Басқармасының  2009.27.03  № 53 Қаулысымен 1 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңымен, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңымен, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңымен, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктің банктік және өзге операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, беруден бас тарту, қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату тәртібін және шарттарын айқындайды.

Осы ереже сондай-ақ ислам банктеріне қолданылады.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) Банктер туралы Заң - «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңы;

2) Лицензиялау туралы Заң - «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы;

3) өзге операциялар - Банктер туралы Заңның 30-бабының 11-тармағында көрсетілген операциялар;

4) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

 

 

2-тарау. Банкті ашуға рұқсат беру тәртібі

 

3. Банкті ашуға рұқсат алу үшін банктің құрылтайшылары уәкілетті органға Банктер туралы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.28.11 № 182 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Құрылтайшылар жөніндегі мәліметтер мыналарды қамтиды:

1) құрылтайшылар - заңды тұлғалар үшін:

осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес мәліметтер, оларға заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі және құрылтай құжаттарының (жарғының, құрылтай шартының) нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі;

Банктер туралы Заңның 19-бабының 4-тармағында белгіленген талаптардың орындалуын растайтын ақпарат;

құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның анықтама нысанында берген атқарушы органның бірінші басшысында және құрылтайшы - заңды тұлғаның басқару органында экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін, мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған заңда белгіленген тәртіпте соттылығы жоқтығын растайтын құжатты қоса беріп, Банктер туралы Заңның 24-бабының г-1) тармақшасының екінші абзацының талаптарын орындау жөніндегі ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан астам еместі құрайды);

2) құрылтайшылар - жеке тұлғалар үшін - осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер, сондай-ақ құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның анықтама нысанында берген осы тұлғада экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін, мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған заңда белгіленген тәртіпте соттылығы жоқтығын растайтын құжатты қоса беріп, Банктер туралы Заңның 24-бабының г-1) тармақшасының екінші абзацының талаптарын орындау жөніндегі ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан астам еместі құрайды).

Банктер туралы Заңның 24-бабының г-1) тармақшасының екінші абзацының талаптарын растау мақсатында шетелдік азаматтар (азаматтығы жоқ тұлға) үшін олардың  азаматтығы елінің (азаматтығы жоқ тұлға үшін - олардың тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген тиісті құжатты қосымша береді.

5. Банктердің басшы қызметкерлері лауазымына тағайындалу (сайлану) үшін ұсынылатын тұлғалар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2952 тіркелген) бекітілген Қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидаттарды келісілу ережесінің 1-қосымшасымен белгіленген нысанда жасалады.

6. Құрылтайшылар банктерді Қазақстан Республикасының резидент еместерінің қатысуымен құрған кезде Банктер туралы Заңның 19-бабында белгіленген құжаттар тізбесіне қосымша Банктер туралы Заңның 21-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

ҚР ҚҚА  Басқармасының  2009.27.03  № 53 Қаулысымен 7 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)  (ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

7. Банктің жарғысының барлық даналарының бірінші бетінде оң жақ жоғарғы бұрышта мынадай айқындама болуы тиіс: «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен келісілді. Төраға (Төрағаның орынбасары) ______________».

Осы құжаттар уәкілетті органның мөрімен бекітіледі.

8. Банкті ашуға рұқсат беру туралы өтініш осы Ереженің 3-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша құрылтайшылармен беріледі және оны уәкілетті орган өтініш берушінің уәкілетті органмен сұратылған соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты ұсынған күннен бастап үш ай ішінде, бірақ өтініш қабылданған күннен бастап, алты айдан астам емес уақыт ішінде қарайды.

9. Банкті ашуға рұқсат осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.

Уәкілетті орган өтініш берушіні қабылдаған шешім туралы жазбаша хабардар етеді. Хабарлама банкті ашуға рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі.

10. Банкті ашуға рұқсат беруден бас тарту Банктер туралы Заңның 24-бабында көрсетілген негіздер бойынша жасалады.

Банкті ашуға берілген рұқсат Банктер туралы Заңның 49-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша қайтарылып алынады.

11. Банкті ашуға рұқсат беру, беруден бас тарту, қайтарып алу туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.

 

 

  1   2   3   4

Похожие:

Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесін бекіту туралы
Адағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы №326 қаулысы
Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті белгілеу туралы
Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесін...
Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және
Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін...
Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»
Бағалы қағаздар нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы...
Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 29 қыркүйектегі №349 қаулысы
Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №165 Қаулысы «Бағалы қағаздар рыногы туралы»
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға және өзге жабдықтарға қойылатын талаптарды...
Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж
Бағалы қағаздар рыногы қызметiнiң айқындылық дәрежесiн және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы...
Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы №409 қаулысы
Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница