Қазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты




Скачать 70.39 Kb.
НазваниеҚазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты
Дата конвертации19.01.2013
Размер70.39 Kb.
ТипДокументы
Қазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру –білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты.

Нургалиева У.А.

ММ «№16 орта мектеп»

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕР МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануар, құстар, жәндіктерге т.б. береді. Қазақ халқының табиғатқа сүйіспендігін күнделікті қолданылатын заттарынан анық байқауға болады. Мысалы, түскиіздегі ою-өрнек, хош иісті гүлдерді бейнелеуі, сырмақтағы қошқар мүйіз, кұс тұмсықтары мен қанаттары адамның табиғатқа құштарлығынан туындаған.

Халық емшілері жануарлардың, өсімдіктердің қасиеттерін науқастарды емдеуге қолданған. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған қалай болса солай қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар қырып жойылып, шамадан тыс ауланды, тың игеру кезінде жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақ эрозиясы туды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адамзат тағдырына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Бізді табиғат экологиясына душар еткен – ана экологисының нәтижесі.

Әр нәрсенің арнасы білуден басталады. Сондықтан қазақ халқы «Білмеген у ішеді» дейді. Шынында да солай. «Экология» деген сөз «тіршілік ету мекені», «өмір сүрген орта» туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1866 жылы экология терминін атақты неміс биологі Эрнест Геккель ғылымға енгізген және «экология табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым» деген анықтама берген. Ата – бабамыз көздің қарашығындай қорғап, бізге мұраға қалдырған қазақ жерінің асты- үсті тұнған байлық. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес бүкіл әлем алдында экологиялық апат тұр. Адам ақыл – ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар т.б ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта жеңілдете түсумен қатар қауіп қатер туғызуда.

Осындай иен байлыққа тәуелсіз республикамыз да ие. Бірақ табиғат тозып бара жатыр. Одан айнала қоршаған орта мен адамдар денсаулығына келер залал ұшан теңіз. Біздің облысымызда да табиғаттың тозып, экологиялық жағдайдың қиындап бара жатқанын көріп отырмыз. Оның бәрі адамдардың жауапсыздығынан. Облысымыздың әр жерінен өрттің жиі шығуы, тал мен шеңгелдің құруға айналуы, жүгірген аңның азаюуы, топырақ құнарлығының кемуі – адамдардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.

Адамның өзі сол табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Табиғат пен Жер ананы сүйе білу, оны аялау – адамның азаматтық борышы.

Қазіргі демократия жағдайында көп нәрсеге қол жетті. Көмкерулі жатқан талай сырлар ашылып, құпиялардың көбесі сөгілді.

Бүгінгі күні адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі - өзімізді қоршаған табиғи ортадағы жан-жануар, өсімдік, өзен – су, ауа және орман-тоғайларды қолдан келгенше табиғи күйінде сақтап, болашақ ұрпаққа қаз-қалпында қалдыра білу болып табылады.

Оны іске асыру үшін мектептерде, тіпті бала бақшадан бастап балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру.

Жалпыға білім беретін мектепте жүргізілетін барлық пәндердің табиғатпен байланыстылығы бар. Әсіресе, география, биология, химия, физика пәндерінің алатын орны ерекше. География пәні оқушыларға үздіксіз толық экологиялық білім мен тәрбие беру құралы. Төменгі сыныптарда алған білімі арқылы дүниетанымы біршама қалыптасқан оқушылар жер шарының құрамдас бөлігін (атмосфера, литосфера, гидросфера) оқып – үйренуге құлшына түседі. Сол үшін 6 сыныпта «Литосфера» тарауында жер қыртысын түзетін жыныстардың құрамында болатын өзгерістердің, топырақ эрозиясының экологиялық себебін ашуға баулыған. Мысалы, Күршім ауданы Маралды бөлімшесіндегі алтын қазу жұмыстары барысында көптеген жайылымдық жер бүлінуде, кені бар жыныстар қопарылып алынған соң бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру баяу жүргізілуде.

Гидросфера тарауын оқытқан кезде туған өлкенің ішкі суларымен таныстырып, оларды қорғау бағытындағы жұмыстары туралы өздері қорытынды жасайды.

Табиғаттың адамға берген ең үлкен сыйы – су. Сусыз жер бетінде өсімдік өспейді, жануарлар тіршілік ете алмайды. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді.

Су ресурстарына тау-кен өндіруші, металлургия, жылу энергетика өнеркәсібі салаларының кәсіпорындарының техногенді салмағының түсуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының өзендері (Ертіс, Үлбі) республикамыздың өте қатты ластанған өзендерінің қатарына жатады. Жер беті суларының ең жоғары ластануы полиметалл рудаларын байыту және өндіру аудандарында байқалады.

«Атмосфера» тарауында экологиялық мәселелер өте көп. Әсіресе, ауаның ластану көздері, қышқыл жаңбырлар, озонның жұқаруы туралы мәліметтер беру арқылы пәнаралық, күнделікті өмір мен байланысты жүзеге асыра отырып, олардың экологиялық көзқарастарын қалыптастыруға болады. Облысымыздағы экологиялық жағдайдың барған сайын нашарлауы 150-ден астам кәсіпорынның болуы. Облыс бойынша жылына ауаға 112 млн. 5 мың тонна зиянды қалдықтың таралуы, автокөліктің зиянды түтіні бүлдіруде. «КазақМырыш», Өскемен жылу энергетика орталығы, Өскемен жылу станциясы мұржаларынан шыққан улы газ қоршаған ортаға өте қауіпті.

Мысалы, 8-сыныпта «Қазақстанның өсімдіктер дүниесі» тақырыбын өткенде оқушыларға халқымыздың ерекше қастерлеп, талай ғасыр бойы аялап, қамқорлық жасап келген табиғат байлығының бір тобы - өсімдіктер әлемі екенін түсіндіремін. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы да мүмкін емес. Қытай дәрігері Шин Нон «Сенің денеңнің қуаты - өсімдіктің шырынында» деген.Әйгілі ғалым және дәрігер Ибн Сина «Дәрігерде үш қару бар. Олар : сөз, өсімдік, пышақ» деп жазған. Дәрілік өсімдікті халық - өмір шөбі деп атайды. Өсімдіктерден алынған дәрілік препараттар химиялық жолмен алынған дәрілерге қарағанда адам ағзасының клеткаларының құрамына бір табан жақын. Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктің 150 ден астам түрлерінен дәрілер жасалады. Мысалы, Ұлан ауданы Асубұлақ өңірінде дәрілік өсімдіктердің көптеген түрлері өседі. 1997 жылға дейін ауылымызда дәріханада осы шөптерден жинап, кептіріліп дәрілер жасалатын. Қазіргі кезде экономикалық жағдайға байланысты дәрі жасайтын дәріхана жоқ. Бірақ ауылда осы дәрілік шөптерді әлі де қолданып жүрген адамдар бар. Мысалы, Жакупов Мәмпас ата. Ол кісі күзде көптеген дәрілік шөптерді жинап алып, пайдаланады. Жалбызды балалардың іш ауруына, ыстығы көтеріліп ауырған адамдарға емдік қасиетінің пайдасы зор.Адыраспан – пайғамбар шөбі. Оны өсіп тұрған жерінен кез келген адамға алуға болмайды, оны дұға оқып барып алу керек. Себебі : ол қасиетті, киелі шөп болып саналады. Онымен үйдің ішін аластап, жоғары іліп қояды.

Өсімдік – тіршілік тірегі.Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. т. оттегін бөліп шығарады. Жылына 1 адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған.

Жасыл желектер ауаны шаң мен улы газдардан тазартады. Өсімдіктер ауаға ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады, айналадағы шуды да бәсеңдетеді. Ал шу адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, қан қысымын көтереді. Сондықтан өсімдіктің қызметін бірде-бір жетілген механизм атқара алмайды. Қазақ әр қашан жасыл әлемді аялап, құрметтеп, «көкті жұлма, көктей соласың» деп өз ұрпақтарын даналық сөздермен тәрбиелеген.

Қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру ең маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Барлық облыс аудандарында қаражаттық қиындықтарға байланысты қоқыс тастайтын жерлер қараусыз қалдырылған. Санитарлы-экологиялық талаптарға сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру полигондары Шығыс Қазақстан облысында жоқ десек те болады.

Мысылы, 6 сынып оқушыларына мынадай тапсырма бердім, отбасыларының бір күнгі үйден шығатын қоқыстардың тізімін жазып, көп қабатты үйлерден күнделікті қанша қоқыс шығатынын есептеу, олардың қанша уақытта толық айырылып, шіруін есептеуін, олардың азайту жолдарын сұрау. Қазқстанның экологиясын бүлдірмеу үшін қандай ұсыныстар айтылатынын білу.

Заттардың толық айырылып, шіріп кетуі:

Қағаз - 2-10 жыл

Консерві банкалар – 80 жыл

Полиэтилен - 200 жыл

Пластмасса – 500 жыл

Шыны – 1000 жыл.

Осыдан қандай қорытынды жасауға болады.

Тағы да бір экологиялық мәселені қарастыратын болсақ, 9-сыныпта «Қазақстан халқы» тақырыбын оқығанда, қаламыздағы халықтын өсуін, өмірге келген сәбилердің аурушаң болуын, аналар денсаулығының нашарлауын тікелей экологиямен қатысты екенін мысалдар арқылы дәлелдеп көрсеттім. Соңғы 2 жылда балалар арасында : бүйрек аурулары, қан аздығы, тері аурулары көп байқалуда. Осының бәрі экологияның әсері деп түсінеміз.

Қандай болса да шиеленіскен экологиялық мәселені мамандар шешеді. Экологиялық дағдарыстан шығудың ең бір тиімді жолы – сауатты және саналы мамандар екндігін айта отырып, 10-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беріп, жаңа маман кадрлар түрлерімен таныстырып, ұсыныс беру арқылы жұмыстар жүргізіледі.

Оқушы нақты материалды меңгере отырып, ойлануға, өздігінен ізденіп жұмыс жасауға, өз ойын жазбаша, ауызша баяндай білуге, меңгерген білімінен қорытынды шығаруға үйренеді.

Оқушылардың туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігі артады.

Қорыта келгенде, аймақтық компонент жергілікті жер материалдарын сабақтарда пайдалану оқушы білімінің сапасын арттырады.

География пәні тікелей табиғатпен байланысты болғандықтан кез- келген тақырыбында тәрбие беріп отырамын. Халқымыздың өмірі қоршаған ортамен тығыз байланысты, оны қорғау, таза сақтау өмірдің баяндылығы ғана емес, рухани адамгершілік міндеті деп санау керек.

Туған өлкеңді сүйе де біл, қорғай да біл! – дегендей оқушы бойына экология ұғымы толығымен қалыптасуда.

Туған жер бәрінен қымбат, топырағында өсіп, cуын ішіп, ауасымен тыныстап, табиғатпен біте қайнасып адам болып қалыптасады.

Болашақта туған жеріміз жайнаған гүлдер, жайқалған шалғындар, теңіздей телегей ормандар, сылдыраған бұлақтар, керіліп жатқан кең дала, аспан мен тірескен ақбасты таулар, жарық ай, жарқыраған жұлдыздар, көк мөлдір аспан, күлімдеген күн – ана өміріміздің тірегі болып, көк байрақ көкке көтеріліп, үйлері жанға, даласы малға, халқы байлыққа толы болсын демекпін!

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Адам және қоғам мәдениеті. Алматы. 2000 ж.

  2. Экология.

  3. «Қазақстан мектебі» журналдар. 2000-2003 ж.ж.

  4. Өсімдік – табиғат қазынасы.

  5. «Дидар» газет басылымдары. 2007-2008 ж.ж.

  6. Экология және ана мен бала денсаулығы. 1991 ж.

  7. География және табиғат. 2003-2008 ж.ж.






Похожие:

Қазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты iconҚазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты
Азіргі заман талабына сай жеке тұЛҒаны дамытудың білім сапасын арттыруда ақпараттық технологияны қолдану жолдары
Қазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты iconҚазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты
«Білім берудегі акт» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту...
Қазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты iconБүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру -білім беру үрдісінің басты шарты
Бүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру –білім беру үрдісінің басты шарты
Қазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты iconБүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру -білім беру үрдісінің басты шарты
Бүгінгі мектептің білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру –білім беру үрдісінің басты шарты
Қазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты iconСмагулова Н. С
Білім беру сапасын жетілдірудегі негізгі қадамдардың бірі-бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтырудың қазіргі мектептегі білім...
Қазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты iconБілім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын дамыту
АҒылшын тілі сабақтарында оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрете отырып, білім сапасын арттыру”
Қазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты iconАқпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі
«Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының негізі болуы тиіс» деп атап көрсетілгендей қазіргі кездегі білім...
Қазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты iconЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты
Білім беру мақсаты оқушыларға уаққыт талабына сай білім беру, алған білімін қоғам игілігіне жұмсай алатындай іскерлік қалыптастыру...
Қазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты iconБілім беру үрдісінің субъектілерінің құзіреттілігін қалыптастыру
Жеке тұЛҒаның ҚҰзіреттілігін қалыптастыру арқылы білім беру үрдісінің субъектілерінің арасындағЫ Қызметті ұйымдастыруда өзін-өзі...
Қазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты iconҚалалық білім беру басқармасы «Базалық білім деңгейі жетілген, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру»
Жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу, озат әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды оқыту үрдерісінде қолдану арқылы оқушылардың білім...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница