Жүнісұлы, О. Тағдыры бөлек Айнакөл [Текст] / О. Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. 2010. 10 маусым (№89-92); 12 маусым (№93-94)




Скачать 95.24 Kb.
НазваниеЖүнісұлы, О. Тағдыры бөлек Айнакөл [Текст] / О. Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. 2010. 10 маусым (№89-92); 12 маусым (№93-94)
Дата конвертации19.01.2013
Размер95.24 Kb.
ТипДокументы
Жүнісұлы, О.

Тағдыры бөлек Айнакөл [Текст] / О. Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. - 2010. - 10 маусым (№89-92); 12 маусым (№93-94)
Қасиетті Балқаш көлінің тағдыры жайында әр түрлі басқосуларда, мемлекеттік деңгейдегі кеңестерде айтылып келеді. Сонау 2000 жылдардың тұсында Парламентке Балқаш көлі туралы жеке заң қабылдау керектігі жөнінде де ұсыныс түсті. Дей тұрғанмен, депутаттар корпусы неге жеке Балқаш көлі туралы заң қабылдау керек, одан дағы қазақ территориясындағы өзен-көл, су қоймалары жөнінде заң қарастырсақ қалай болар екен деген ой тастады. Ақыры Балқаш көлін сақтап қалу үшін арнайы бағдарлама жасалынсын деген уәжге тоқталды. Қалай болған күнде де табиғаттың берген сыйы Балқаш көлін сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа сол мөп-мөлдір күйінде жеткізу бүгінгі аға буындардың парызы, әм міндеті болса керек.

Балқаш көлін әзірше табыс  көзі ре­тінде пайдаланып отырмыз. Ал, қазіргі таңда көлдің келешек тағдыры ешкімді толғандырып отырған жоқ. Не нәрсенің шегі бар, бәлкім, көлдегі балық та таусылса, оның тағдыры не болады? Балықтың тұқымын көбейтіп, өсіріп, аялы алақанмен қамқорлық жасау керектігіне мән берілмей келеді. Табиғаттың сыйы шексіз дейміз, алайда, адамзаттан қамқорлық күтетіндігі тағы да шындық. Балық демекші, үстіміздегі жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінде балық шаруашылығына арналған кеңес өткізілді. Сөйтіп, биылғы жылы 85 мың тонна балық аулау жоспарланып отыр. Мұның ішіне теңіз, өзен-көлдің балықтары кіреді. Кейбір мамандар балықтың азаюына табиғаттың құбылысы әсер етеді деген сыңай танытады. Бұл мәселеге кейіннен тоқталамыз. Қазақстанның экспортқа балық өнімдерін шығаруы ертеде де болған, қазір де жалғасын табуда. Мәселен, 2008-2009 жылдары экспортқа 37 мың тонна балық өнімі шығарылған. Тұтынушылар Ресей, Германия, Литва сияқты мемлекеттер. Ал өзімізге шет елден көбінесе мұхит ба­лықтары импорт ретінде жеткізіледі. Оның көлемі 58 мың тоннаға дейін жетеді. Балық шаруашылығын өркендету үшін Елбасы Н.Назарбаевтың қолдауымен жаңа заң қабылданды. Мұның ішінде балық шаруашылығын барынша көтеру, мәдениетін дамыту, балық өсіруге қо­лайлы жағдай жасау қарастырылып отыр. Тіпті субсидия бөлу де ойластырылған. Әрине, бағдарлама, заң қабылдағанмен түпкі шешім қаржыға келіп тіреледі. Ба­лықты өсіру, азықтық қорегін сатып алу, сонымен қатар генетикалық аналық таза тұқымдарды асырау бәрі-бәрі қаржыға келіп тіреледі. Тағы да қайталап айтайық, табиғи мекенінен балық аулаудың күн­дердің күні азаюы, тіпті таусылуы да мүмкін ғой. Міне, осыдан келіп балық өсіру тәжірибесін барынша кеңейту қажеттігі туындайды. Мына көрші Қытай мемлекеті балық өнімдерін өндіруде алдына жан салмай келеді. Жылына 42 млн. тонна көлемінде балық өнімдерін өндіреді. Осы өнімнің 62 пайызы қолдан өсірілген балықтардың өнімі болып табылады. Оны адам басына шаққанда 32-33 келіден келеді. Ал, Қазақстанда жалпы өндірген балық өнімі адам басына шаққанда 4 келіден ғана келіп отыр. Ғалымдар да қарап отырған жоқ сияқты, олардың есебінше қазақстандықтарды қанағаттандыру үшін адам басына 14 келі балық өнімі керек. Осы жоспарды қанағаттандыру үшін әжептәуір жұмыс жасауға тура келеді. Мәселен, жылына 272 мың тоннадай балық аулау қажет. Иә, тек Қазақстан тұрғындарын қанағаттандыру үшін. Әзірше, Балқаштың балығы тайдай туламай тұр. Табыс ортақ қазанға түс­пейді. Мемлекеттен жеңілдетілген несие алып құрылыс нысандарын салу­ға болады. Балық шаруашылығын өркен­дету үшін осындай игі ұсыныстар, бағалы бастамалар көтерілуде. Қажетті қондырғылар алынуға да мүмкіндік туындауда. Иә, бұл тек теңіз балықтарын өңдеу үшін игі әрекет. Бір қызығы елімізде осы балық өнімін өңдейтін кәсіпорынға балық Ресейден әкелінеді. Әзірге өнім Алматы, Астана, Қостанай, Қарағанды, Ақтау қалаларына жөнелтілуде екен. Ал, Балқаш көлінің маңында, солтүстік жағалауда балық өң­деуші кәсіпорын қашан салынады? Ортақ мүддеге қашан қол жеткіземіз? Әрине, өзімізде шет елдерге экспорттайтын балық бар. Шет мемлекеттен Қазақстанға да жеткізіледі. Дей тұрғанмен Балқаш көлінің тағдырын ойласақ, балық өндірісін мықтап қолға алған жөн. Сондай-ақ, балық өсіруді ғылыми тұрғыда үкімет қолға алса тұқымы азайған «теңіз маржандары» көбейе түсер еді. Балық өсіретін су тоғандары әлемдік тәжірибеде өзіндік пайдалы жағын көрсетіп үлгерді. Балқаш көліне балық тұқымын өсіріп, жіберу күні бүгінге дейін нақты белгіленген жоқ. Ал, көл жағалай балық аулаушылардың, шақырымнан астам тор құрушылардың саны жылдан жылға артып келеді. Табиғи мекеннен балық аулаудың күндердің күнінде кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан, Балқаш балығын мо­лайтып, оның уылдырық шашуына мүмкіндік жасау, нақты бір қамқорлық көрсету кезек күттірмейтін жайт. Балық өсіретін тоғандарды жүзеге асыру керек. Ертеде Бектауата маңында сондай то­ғанның болғаны анық. Ендігі арада Балық шаруашылығы комитетінің басшылары, ғылыми-зерттеу институты Балқаш көлінің тағдырын, балық, өсімдік әлемін барынша зерттеп, сараптап, болашақ тағдырына қатты алаңдаушылық туғызуы шарт.

Көлдің тағдыры жағалай қоныстан­ған  елді-мекендердегі қала, әске­ри бө­лімдердің  тұрғындарын бей-жай қал­дыр­мауға  тиіс.  

Бірде еңбек ардагері Нұрғазы  Нұр­мұ­хан­бетұлына жолыққанбыз. Көл  жағасын­дағы аудандық партия  комитетін басқарды, «Балқашбалық» өндірістік бірлестігінде кәсіподақ комитетінің төрағасы болды.

– Балық шаруашылығына солақай көзқарастан әлі де арыла алмай келеміз. Осындайда еске түседі. 2001 жылы Қазақ теледидарына арнайы барып, «Бетпе бетке» қатыстық. Ондағы ойымыз Бал­қаш көлін сақтап қалуға байланысты өз ұсыныс, пікірімізді өткізу еді. Әр облыс өзіне тартып, көлдің жағалауы, үсті хан талапайға түсіп жатқан-тын. Біз айтамыз, Балқаштың бір ғана иесі болуы керек, ол – мемлекет. Ана Каспийге әр мемлекет ие болып жатыр, әрі тарт та, бері тарт. Каспийдің дау-дамайы күні бүгінге дейін біткен жоқ. Теңізге аққан есепсіз мұнай балықтың өсіп-өнуіне де кедергі келтіруде. Ал, Балқаш көлі Қазақстанның өз меншігі. Оның байлығы бүкіл елге жетеді. Тек қамқорлық керек. Көлдің байлығы шексіз емес. Тіпті Балқаштың балығы бір аудан емес, қаланы ұстайды, егер де балық өндіретін ірі кәсіпорын болса. Жылына бұрын 10 мың тонна балық ауланатын, өңделетін. Мұнда жылына 16 млн. консерві шығаратын зауыт болды. Қазіргі отандық тауар деп айтып жүргеніміз осы. «Балқашбалық» ӨБ-нің өнімдері бүкіл Мәскеуді асырады, одан қалса шет елге жіберілді. Түбі осы жолға қайтып оралуымыз керек. Қазір балық консерві өнімдерін шет елден аламыз,- деп еңбек ардагері балық шаруашылығы туралы өз ойының шетін шығарған-тын.

Ойды ой қозғайды, жеке меншік балық аулайтындар тиісті орындардан арнайы лимит алады. Мәселен, шартты түрде айтсақ, 50 тонна балық аулау керек болса, мүмкін олар 500 тоннаға дейін балық аулайтын шығар. Оны есептеп жатқан ешкім жоқ. Есепсіз кеткен балықтың пайдасы халыққа тимейді. Сондықтан, мемлекет өз қолына алу керек деген пікір осындайдан туындайды. Мәселен, Атырауда қара уылдырық жөнінде мемлекеттік тұрғыдан мәселе көтерілді. Балқашта да балық шаруашылығы жөнінде осындай мемлекеттік деңгейде мәселе көтерілсе құба-құп. Балық шаруашылығынан мемлекетке ешқандай табыс түсіп жатқан жоқ, салық төлемейді. Түнеукүні Шашубай қонысындағы «Балқашбалық» ЖШС-де балық шаруашылығы жайында басқосу өткізілді, оған балық аулайтын жеке меншік фирмалардың қожайындары шақырылыпты. Не мәселе көтерілгені бізге белгісіз, бірақ халық қалайда көл тағдырына бей-жай қарай алмайтындықтарын айтып отыр.

Балық аулауды ретке келтіретін, бра­коньерлермен күресетін балық инспек­циясының мамандары өз пікірлерін жасырып қала алмады. Мәселен, Балқаш балық инспекциясының бас маманы Ербол Базаралыұлы көлденең кездесіп отырған қиыншылықтардың бар екенін жасырмай айтты.

– Балық қорын көбейтуді мемлекет  тендерден балық аулауды ұтып  ал­­ған қожайындарға жүктеп отыр. Әри­­не, олардың жұмысы, жүктелген мін­детті атқаруы біркелкі емес. Әсіресе, браконьерлермен күресті барынша күшейткен дұрыс болар еді. Бра­коньерлердің техникасы мықты, жан-жақты жарақтандырылған. Біздің ал­дымызды орап кетеді, - дейді Ербол Базаралыұлы.

Балық инспекциясының міндеттері де ауқымды. Олар табиғатқа жаны ашымастармен бетпе-бет кездеседі. Кейінгі кезде Қытайда синтетикалық заттан жасалған ауды құру көбейіп кетті. Кейбір браконьерлер құрған ауды алмайды, сол бетінде тастап кетеді. Құрған торға қан­шама балық түсіп, қырылады. Шіриді, көлдің де балықтың да табиғатын бұзады. Балық инспекторлары хаттама толтырады, ауды өртейді, алайда, тыйым болмай тұр. Қытайдың синтетикалық ауын сатуды доғармаса, тосқауыл болмаса мұндай әрекет жалғаса береді. Көлдің маңын ластау, күл-қоқысқа айналдыру шектен шықты десе де болады. Көлдің жағалауын, балық аулайтын тұстарда қожалық ететіндер санитарлық тазалықты сақтауға мүдделі. Сондай-ақ, кеуіп қалған көлшіктерді бір-бірімен жалғастырып, ұсақ балықтарды көлге қосу қолға алынбай отыр. Мелиорациялық жұмыстың тоқ­тағанына да біраз болды. Кеңес ке­зінде мелиорациялауға арнайы қаржы бөлінетін. Мұның өзі көлде балықтың аза­йып кетпеуіне бірден-бір дәнекер. Тағы бір айта кететініміз, балық инспекторларын техника, қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету өз мәнінде емес. Мәсе­лен, өзіміз кездескен инспекторлар мекемеде көлік жоқтығын тілге тиек етті. Көл жағалауын аралау үшін қуатты техника қажет екені белгілі.

Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалым-хатшысы Боранбай Кенжебеков көлге байланысты кейбір мәселелерді алдымызға тартты.

– Көлдің деңгейі 2008-2009 жылдары төмен түскен еді. Биыл климатқа байланысты қайта көтерілді. Әжептәуір көтерілді. Бірақ бұл уақытша ма деп ойлаймыз. Себебі, Қытайда екі плотина тұрғызылды, олар Іле өзенінің бастауында тұр ғой. Құлжаның маңында суармалы егіншілік бар. Қашқарияға қарай су жібереді. Біздің елге іргелес Дружбаға да су жібереді. Демек, Іле суының 40 пайызы қытайлықтардың пайдасында қалады. Осының өзінен келешекте көлдің қандай жағдайда болуы көз алдыңа елестейді. Егер де қытайлықтар Ілені бұғаулап, судан таршылық жасаса көл екіге бөлініп қалуы мүмкін. Мына Дересін елді-мекенінде 4 шақырымдық көлдің қылтасы бар. Көл осы тұстан екіге бөлінген. Ақ теңіз, Көк теңіз болып, Ақ теңіз деп аталатын себебі, су саязда, жел соққанда түбіндегі ұсақ лайды көтереді, бірнеше күн тұнбастан солай жатады. Осы лайдың әсерінен ақ болып көрінеді. Ақ теңіз – батыс жағында, ал, көлдің шығыс жағы тереңдеу, лайланбайды, суы көгілдір болып жатады. Сондықтан, жұртшылық оны Көк теңіз деп атап кеткен. Ақжайдақ елді мекенінен әрі ассаңыз, көлдің суы көгілдір бола бастайды, бірақ, тұзы көп.

– Сонда көлдің тағдыры қытайлықтарға да байланысты болып тұр ғой?

– Дәл солай. Жоғарыда айттым, қы­тайлықтар судың 40 пайызын алып қояды. Қазір Іленің бойымен көлге 11 млрд. текше метр су келіп тұр. Қытайлықтар неғұрлым суды көбірек пайдаланса, Іленің бізге жететін арнасы төмендей береді. Азайған судың орнын толтыратын өзендер бізде жоққа тән. Алатау бөктерінен бастау алатын Шелек, Шарын өзендерінің суы мардымсыз. Қайталап айтайын, қытайлықтар Іледен жылына 4 млрд. текше метр су алуды көздеп отыр. Онда Ілемен 6 млрд. текше метр ғана су келіп, Балқаш көліне құйылады. Ондай жағдайда Қапшағайдың да халі мүшкіл тартады. Іленің де арыны бәсеңдейді, көлдің тұздылығы көбейеді, балықтың қорегі азаяды. Балық тұзды судан қашады ғой.

Ғалым-хатшы осылайша өз ойын жет­кізді. Көл туралы мәселе көп екен. Соның ең бастысы балықты көбейту, оның өнімін халық игілігіне жарату.  Ертеде, кеңес кезінде Балқаш көлі 70 учаскеге бөлінген. Бірақ, онда бір қожайын болды, соған бағынды. Қазір бір учаскеден екіншісіне өте алмайды. Әркім өз аумағына қожайын. Ал, Алматы облысындағы балық өңдейтін зауыттар көбінесе көксеркені аулайды.Көксеркенің  (судак) жон етін сыпырып, сұрп етінен филе дайындап, Германияға өткізеді. Табыс па, табыс. Көксерке тірі балықпен қоректенеді. Ал, Балқаш халқы сазанды құп көреді, бұл арада халықтың сұранысын ойластыру керек. Сазанды көбейту көлдің Жетіарал, Үшарал маңайында жүзеге асырылады. Сазан балықтар көбіне осы арада уылдырық шашады. Балық аулайтын кәсіпкерлер тапқан табысынан балық өсіру үшін ұйымдастырылған арнайы қорға қаржы аударады.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ.

«Орталық Қазақстанның» 

меншікті  тілшісі. 
Балқаш – Ақтоғай.

Похожие:

Жүнісұлы, О. Тағдыры бөлек Айнакөл [Текст] / О. Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. 2010. 10 маусым (№89-92); 12 маусым (№93-94) iconМұқашева, Ж. Бөкетов жайлы бөлек туынды [Текст] / Ж. Мұқашева // Орталық Қазақстан. 2008. 29 наурыз (№49-50)
Бөкетов жайлы бөлек туынды [Текст] / Ж. Мұқашева // Орталық Қазақстан. 2008. 29 наурыз (№49-50)
Жүнісұлы, О. Тағдыры бөлек Айнакөл [Текст] / О. Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. 2010. 10 маусым (№89-92); 12 маусым (№93-94) icon«Арал Теңізі» ҚБ 1 -10 маусым аралығында атқарылған жұмыстар туралы Мәлімет. Балық шаруашылығы
Балық шаруашылығы: Арал Сырдарья бассейндік басқармасы балықтың уылдырық шашу мезгіліне байланысты 20 сәуір – 20 маусым аралығында...
Жүнісұлы, О. Тағдыры бөлек Айнакөл [Текст] / О. Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. 2010. 10 маусым (№89-92); 12 маусым (№93-94) icon2010 жылғы сәуір – маусым және қазан -желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы №960 Жарлығына сәйкес 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында...
Жүнісұлы, О. Тағдыры бөлек Айнакөл [Текст] / О. Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. 2010. 10 маусым (№89-92); 12 маусым (№93-94) iconҚос академиктің қолтаңбасы [Текст] / Т. Ғалымов // Орталық Қазақстан. 2010. 14 қыркүйек (№149). (Е. Бөкетовтің туғанына 85 жыл)
Текст] / Т. Ғалымов // Орталық Қазақстан. 2010. 14 қыркүйек (№149). (Е. Бөкетовтің туғанына 85 жыл)
Жүнісұлы, О. Тағдыры бөлек Айнакөл [Текст] / О. Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. 2010. 10 маусым (№89-92); 12 маусым (№93-94) iconҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесі (2010 жылғы ақпан маусым)
Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесі (2010 жылғы ақпан маусым)
Жүнісұлы, О. Тағдыры бөлек Айнакөл [Текст] / О. Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. 2010. 10 маусым (№89-92); 12 маусым (№93-94) iconОңтүстік Қазақстан облысында жастар саясатының 2008- 2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2009 жылдың маусым айына дейін орындалуы жөнінде мәлімет
Бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2009 жылдың маусым айына дейін орындалуы жөнінде мәлімет
Жүнісұлы, О. Тағдыры бөлек Айнакөл [Текст] / О. Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. 2010. 10 маусым (№89-92); 12 маусым (№93-94) iconҚазақстан республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 2010 жылғы «10» маусым №109 Астана қаласы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру...
Жүнісұлы, О. Тағдыры бөлек Айнакөл [Текст] / О. Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. 2010. 10 маусым (№89-92); 12 маусым (№93-94) iconАқтөбе облысының 2012 жылғы қаңтар- маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы талдама анықтамасы 1
...
Жүнісұлы, О. Тағдыры бөлек Айнакөл [Текст] / О. Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. 2010. 10 маусым (№89-92); 12 маусым (№93-94) iconӘбдіраш, Ә. Қоршаған ортаға қамқорлық / Ә.Әбдріраш // Орталық Қазақстан. – 2007. – 5 маусым (№86)
«Қазақмыс» корпороциясы басшылығы ұстанған қағида Қара­ғанды облысы бойынша «2005-2007 жылдарға арналған аймақтық-экологиялық бағдарлама»...
Жүнісұлы, О. Тағдыры бөлек Айнакөл [Текст] / О. Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. 2010. 10 маусым (№89-92); 12 маусым (№93-94) iconБатыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012 жылдың 21 маусым
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасы қашықтықтан тестілеуге 2012...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница