Саяси партиялардың ҚОҒамдағы рөлі в этой статье рассматриваются периоды развития политических партий на основе статистических данных




Скачать 51.88 Kb.
НазваниеСаяси партиялардың ҚОҒамдағы рөлі в этой статье рассматриваются периоды развития политических партий на основе статистических данных
Дата конвертации19.01.2013
Размер51.88 Kb.
ТипДокументы
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011

Д.Р.ТҰРҒЫНОВА

А.Ясауи атындағы XҚТУ-нің магистранты
САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ
В этой статье рассматриваются периоды развития политических партий на основе статистических данных.
This article deals with stages of development of political parties in Kazakhstan according to statistics.
Партия – саяси институт. Кез келген партия мемлекеттік биліктің жүзеге асуын қадағалау немесе билікті өз қолына алу бағдарламасымен жұмыс істейді [1.503 бет]. Ал көппартиялық жүйе партиялар арасында бәсекелестік туғызып, жұмыстарының қарқынды жүруіне ықпал етеді. Қазақстан – демократиялық ел, бізде барлық партиялардың құқығы бірдей. Қазақстан өз бағдарламаларын жүзеге асыру үшін партияларға толықтай мүмкіндік беріп отыр. Олар өз бағдарламасы мен мақсаттары туралы мәлімет таратып, үгіт-насихат жүргізуге, президенттікке, мәжіліс, мәслихат депутаттығына үміткер ұсынып, сайлауға қатысуға фракциялар құрып, көзқарасын ұстанатын ақпарат құралын иемденуге құқылы. Алайда біздің елімізде саяси партиялардың мемлекет ісіне, ал мемлекет саяси партия ісіне заңсыз араласуға жол бермейді.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанда 600-ден аса қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, саяси партиялар тіркелген. Заман талабына ілесе алмаған олардың біразы саяси сахнадан ығысып қалған жайы бар. Бүгінгі таңда Қазақстандағы саяси партиялардың саны тоғыз. Саяси партиялардың көш басында тұрған ХДП «Нұр Отан». Ал басқа партиялар өз мүмкіншіліктерін толық пайдалана алмай жүр. Айталық кейбір партиялардың өз БАҚ-ы жоқ. Онсыз партия ұстанымын тарата, көпшілік даусын жинай алмайды. Қазақстанда тек ХДП «Нұр Отанның» ақпараттық жүйесі толық деңгейде жұмыс істеп жүр. Десек те, бір партияның бірнеше БАҚ иемденуі де құптарлық нәрсе емес. Және бір айтып кетерлік жайт, көпшілік ақпарат құралдарында партиялар жайлы, олардың жұмыстары жайлы ақпарат аз. Жалпы Қазақстанда көппартиялық жүйе дамудың алғашқы сатысында тұр. Олай дейтініміз – біздегі партиялардың көбі сайлаулық науқан кезінде бой көрсетіп, кейін ізім-ғайым жоқ болып кетеді. Ал көптеген партиялар өздерінің мақсаттарын айқындай алмай, идеологиясын, тұғырнамасын құрастыра алмай жүр. Олар көбіне сападан гөрі санға басымдылық беріп, өздерінің мүшелерін көбейтуден әрі асып жатқан жоқ. Кейбір партиялар бөлініп, қайта бірігіп атауларын ауыстырып, бағдарламаларын өзгертіп, өз ұстанымдарына өздері қарсы шығып, сөздері мен іс-әрекеттері ұштаспай жатады. Сол себепті олар халық арасында беделдерін төмендетіп алды. Нақты социологиялық зерттеу мәліметтеріне қарағанда, танымалдығы мен

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Тұрғынова Д.Р. Саяси партиялардың қоғамдағы рөлі

ықпалдылығы жағынан 61,5% иемденіп, ХДП «Нұр Отан» бірінші орында тұр. Екінші орында 10,6% – «Ақ жол» партиясы тұрса, 7,4%-бен «ЖСДП» үшінші, қалғандары төменгідей жайғасқан: «Ауыл партиясы» – 2,1%, 1,5% «Патриоттар партиясы», 0,6% «Коммунисттер», 0,1% «Руханият» партиясы соңғы орынды иеленсе, сұралғандардан 16,2% адам ешқандай партияға бүйрегі бұрмайтындығын білдірген [2]. Оппозициялық партиялар туралы айтар болсақ, олардың негізгі қолдаушысы жұмыссыздар болып отыр.

Егер 1999 ж. парламенттік сайлауда республикалық «Отан» саяси партиясын сайлаушылардың 30,89%-ы қолдаса, ал 2004 ж. сайлау нәтижесінде 60,62%-ы қолдаған. Өткен осы екі сайлауда да "Отан" партиясына аз дауыс берген Қызылорда облысының сайлаушылары екен. Бір таңқаларлығы, облыс азаматтары 1999 ж. сайлауда билік партиясына бәсекелес болған Коммунистік партияға (22,99%), ал 2004 ж. сайлауда "Ақжол" (37,95%) партиясына көбірек қолдаушылық көрсеткен. Зерттеушілер бұған түрлі пікір айтып жүр. Біздің пікірімізше, мұның біден-бір себебі ол кезде Қызылорда облысы республика бойынша мұнайлы өңір болғанымен, облыс тұрғындарының тұрмысы төмен, жұмыссыздық деңгейі жоғары болған. Егер республика бойынша жұмыссыздық деңгейі 9,3% құрайтын болса, ал Қызылорда облысында жұмыссыздық деңгейі 12,5% құрапты. Бүкіл республика бойынша жұмыссыздық көрсеткіші бойынша облыс "бірінші" орында тұрған [3].

Шындығына келсек, билік партияларының негізін мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері құрайды. Ал жұмыссыздар мен басқа сала қызметкерлері арасында саяси белсенділік төмен, тіпті партияларға қызығушылығы барлардың өзі оппозициялық партияларға басымдылық береді. Біздің елде партияға деген халықтың сенімі жоқ. Оған бір себеп жетпіс жылдай бір партияның жетегінде жүргені болса, бір себеп партиялардың өздерінде. Яғни олар өздері бағыттарын айқындай алмай, бір бөлініп, бір бірігіп атауларын өзгертіп жүр. Ал кейде біржақтама билікке қарсы шығумен шектеледі. Бізде партияларға көп мүмкіншілік берілген, мемлекет партия ісіне араласып, жөнсіз шектемейді. Оларға қоғамдық пікірді қалыптастыруға, БАҚ иемденіп жарғыларын сол арқылы білдіруіне, жиналыстар ұйымдастыруна, президенттікке, парламент Мәжілісі мен мәслихаттарына кандидат ұсынуға, өз өкілдері арқылы Сенатқа да кандидат ұсынуға құқылы. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттің конституциялық құрылымын өзгертіп, тұтастығына қауіп төндірмесе болды. Дегенмен, демократия – дандайсу, бостандық – бассыздық емес. Партия Қазақстан заңы негізінде әрекет етуі тиіс. Партияларға мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне араласуына жол бермейді [4]. Сол сияқты мемлекет өз аумағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол берілмейді. Көппартиялық құрылым – тек билікке қарсы шығу емес, ол белгілі

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1, 2011
Тұрғынова Д.Р. Саяси партиялардың қоғамдағы рөлі

бір қоғам өкілдерінің мүддесін қорғай білу, биліктің жүзеге асуын қадағалау, әр партиялар арасында тұрақтылық, бірліктің болуымен қатар, әр партияның тәуелсіз, еркін болуы. Ал бізде өкінішке орай, партиялардың бір-бірімен бәсекелесуге қауқары жоқ.

Жалпы алғанда Қазақстанда көппартиялылықтың құрыла бастау процесінің алғашқы сатысында тұр. Көптеген партиялар мен қозғалыстар өзінің идеологиялық бағдарламасын дұрыс құрастыра алмай, саяси өзгешелігін ашық көрсете білмеушіліктен қиындыққа ұшырап жүр. Олардың платформалары ұқсас, халықпен тығыз байланыс жүйесі жоқ. Сонымен қатар Қазақстан халқының топтық ықыласын жете түсіну және даралануы әзірге бастапқы күйінде тұр. Сондықтан республиканың саяси партиялары топтық ықыласты қорғағанда ашық саясат жүргізе алмайды, өз бағдарламаларын тек идеологиялық бағалылықтарға негіздейді.

Саяси партиялар – азаматтардың түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi. Партия ісі – қоғам ісі. Бұл бүгінгі шындық.

Қазақстанда саяси партиялар сатылап дамуда, ол Қазақстан республикасының тұрақты да өркениетті мемлекет болуына көмектесуде және мақсатына қызмет етуде. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси жағынан дамып, өркениетті елдер қатарына қосылу жолында саяси партиялардың орны ерекше. Елбасымыздың тұрақты саяси-партиялық жүйе құруды маңызды міндеттердің бірі ретінде санауы жайдан-жай емес. Саяси партиялардың қоғамның дамуында алар орны зор.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Саяси түсіндірме сөздік. Жүйелі зерттеулер институты. Астана, 2007.

  2. www. google. kz. Есенгүл Кәпқызы. Қай партия танымал?.

  3. Әбділдабек М. Көппартиялық болашақтың кепілі ме? //"Түркістан" 1995, 5-сәуір.

  4. www.akorda.kz. ҚР Саяси партия туралы Заң.

Похожие:

Саяси партиялардың ҚОҒамдағы рөлі в этой статье рассматриваются периоды развития политических партий на основе статистических данных iconРешением Совета мо «Мултановский сельсовет»
Списки политических партий, региональных отделений политических партий, зарегистрированных на территории Астраханской области по...
Саяси партиялардың ҚОҒамдағы рөлі в этой статье рассматриваются периоды развития политических партий на основе статистических данных iconСаяси партиялар туралы
Осы Заң саяси партияларды құрудың құқықтық негiздерiн, олардың құқықтары мен мiндеттерiн, қызметiнiң кепiлдiктерiн белгiлейдi, саяси...
Саяси партиялардың ҚОҒамдағы рөлі в этой статье рассматриваются периоды развития политических партий на основе статистических данных iconСаяси партиялармен жасалған жұмыстар туралы ақпарат
Облыс аумағында республикалық саяси партиялардың тоғыз облыстық филиалы қызмет атқарады. Олар
Саяси партиялардың ҚОҒамдағы рөлі в этой статье рассматриваются периоды развития политических партий на основе статистических данных iconАтаулық тіркестердің семантикалық ерекшеліктері в этой статье рассматриваются семантические особенности номинативных словосочетаний в казахском языке
В этой статье рассматриваются семантические особенности номинативных словосочетаний в казахском языке
Саяси партиялардың ҚОҒамдағы рөлі в этой статье рассматриваются периоды развития политических партий на основе статистических данных iconИнтеграциялық Өркендеуде қазақстанда қаржы секторын дамыту ерекшеліктері в статье рассматриваются особенности развития финансового сектора Казахстана в интеграционном прогрессе
В статье рассматриваются особенности развития финансового сектора Казахстана в интеграционном прогрессе
Саяси партиялардың ҚОҒамдағы рөлі в этой статье рассматриваются периоды развития политических партий на основе статистических данных iconЗакон о гарантиях равенства политических партий, представленных в Смоленской областной Думе
Федеральным законом от 11 июля 2001 года №95-фз «О политических партиях» устанавливает гарантии равенства политических партий, представленных...
Саяси партиялардың ҚОҒамдағы рөлі в этой статье рассматриваются периоды развития политических партий на основе статистических данных iconЧастота и характер упоминаемости политических партий рк
Частота упоминаемости политических партий в центральных, региональных и сми СНГ 5
Саяси партиялардың ҚОҒамдағы рөлі в этой статье рассматриваются периоды развития политических партий на основе статистических данных iconПартийные системы современного мира: понятие и типология. Особенности российской партийной системы
Под партийной системой обычно понимается способ взаимодействия политических партий, ведущих борьбу за власть. Партийные системы традиционно...
Саяси партиялардың ҚОҒамдағы рөлі в этой статье рассматриваются периоды развития политических партий на основе статистических данных iconҚ. мусабеков
В этой статье рассматриваются проблемы необходимости и принципы государственного регулирования инвестиционного процесса
Саяси партиялардың ҚОҒамдағы рөлі в этой статье рассматриваются периоды развития политических партий на основе статистических данных iconФилология ғылымдарының кандидаты Т. Рысқұлов атындағы Қазэу-дің доценті
В данной статье рассматриваются пути употребления согласного звука «һ» в тюркских языках. В статье также обобщаются вопросы возникновения...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница