Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі
страница5/13
Дата конвертации19.01.2013
Размер1.55 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Сапа және тиімділік көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi


Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң кейінгі жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

98







2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90







3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

85







3.2. электрондық форматта қол жетімді ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесi)









4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Белгiленген мерзiмде қанағаттанған тұтынушылардың негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)

95







5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

98








Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2011 жылғы 4 наурыздағы

№231 қаулысына

3-қосымша
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 29 қазандағы

№ 1710 қаулысымен

бекітілген

«Жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде өзен кемелерiн

мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде өзен кемелерiн мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – уәкілетті орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – ХҚКО) арқылы балама негiзде осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттiк қызмет «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабының, «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысының (бұдан әрi – Ереже) негiзiнде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.

5. Мемлекеттiк қызметті аяқтау нысаны шетел кемесiне Қазақстан Республикасының туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.

6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасында тiркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – тұтынушылар) көрсетiледi.

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

1) мемлекеттік қызмет көрсету:

а) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні;

б) мемлекеттік қызметті алуға үшін (тіркелу сәтінен бастап) жүгінген сәттен бастап – 10 жұмыс күні.

2) уәкілетті органға қажеттi құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты: 20 минуттан аспайды;

3) уәкілетті органда кеме куәлiгiн алған кезде кезек күтудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты: 30 минуттан аспайды;

4) ХҚКО-ға жүгінген кезде:

құжаттарды ресiмдеу мерзiмi уәкілетті органға қажеттi құжаттар келiп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күнi және беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты: 30 минуттан аспайды;

кеме куәлiгiн алған кезде кезек күтудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты: 10 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттiк қызмет көрсету ақылы болып табылады.

Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алым тiркеудi жүзеге асыру орны бойынша жергiлiктi бюджетке төленедi, алым ставкасы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген және алымды төлеу күнi қолданыстағы он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.

Ақы төлеу тәсілі: қолма-қол ақшасыз нысанда.

9. Мемлекеттiк қызмет:

1) уәкілетті органға жүгінген кезде:

демалыс және мереке күндерін қоспағанда, осы стандарттың 3-қосымшасына орай уәкілетті органның түскі үзілісі бар белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес аптаның 5 күнінде көрсетіледі.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады.

2) ХҚКО-ға жүгінген кезде:

жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін аптаның 6 күнi. Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттiк қызмет көрсету қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi, нормативтiк құқықтық актiлердiң деректерi (үзiндi көшiрмелерi) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкiндiгi шектеулі адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар уәкілетті органның ғимараттарында осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжай бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет мүмкiндiгi шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай көзделген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ХҚКО ғимаратында да көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан.

Жеке тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша сапаға талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында уәкілетті органда және ХҚКО-да жеке және заңды тұлғалар үшін шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметті алу үшiн тұтынушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мынадай құжаттарды қоса бере отырып, белгiленген нысандағы кеме тiзiлiмiнiң сауалнамасын қамтитын кеменi мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштi ұсынады:

1) кемеге меншiк құқығын растайтын құжаттар;

2) «Кеме қатынасының тiркелiмi» мемлекеттiк мекемесi беретiн кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы куәлiк;

3) «Кеме қатынасының тiркелiмi» мемлекеттiк мекемесi беретiн өлшеу куәлiгi («өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелер үшiн);

4) уәкілетті орган беретiн сыныптау куәлiгi;

5) «Кеме қатынасының тiркелiмi» мемлекеттiк мекемесi беретiн жолаушылар куәлiгi (жолаушылар кемесi үшiн);

6) өзен кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн бюджетке алым сомасының төленгендiгiн растайтын құжат;

7) шетел кемесiне Қазақстан Республикасының туын уақытша көтерiп жүзу құқығын беру туралы және осы кеменiң атауын белгiлеу туралы «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуниация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті» мемлекеттік мекемесінің шешiмi;

8) жалға беру шарты;

9) туын ауыстырғанға дейiн кеме тiкелей тiркелген шетелдiк мемлекеттiң құзыреттi билiк орындары берген және осындай мемлекеттiң туын көтерiп жүзу құқығы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын беру мерзiмiне тоқтатыла тұрғандығын растайтын құжат;

10) кеме иесiнiң және кеменiң тiркелген ипотекасын немесе сондай сипаттағы тiркелген ауыртпалығын кепiлге ұстаушының кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге ауыстыруға жазбаша рұқсаты;

11) кеменi қазақстандық жалға алушының аты мен мекенжайын растайтын құжат.

Кемелердi мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:

құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде жасалуы тиiс;

егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдiк құжаттар белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық өкiлдiктерiнде немесе консулдық мекемелерiнде жария етiлуi тиiс. Қажет болған жағдайларда қарауға, оларға қатысты көрсетiлген талаптар орындалған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi да қабылдануы мүмкiн. Егер ұсынылатын құжаттар шет тiлiнде жасалған жағдайда, оларға мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi нотариалды куәландырылған аудармасы қоса берiледi;

құжаттардың мәтiндерi анық жазылған, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелерi қысқартусыз жазылуы, оларды растау талап етiлетiн даналарда қолы мен мөрi болуы тиiс;

мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған құжаттарда тазаланған не үстiнен жазылған, сызылған сөздер және оларда ескерiлмеген өзге де қолжазба немесе машинамен жазылған түзетулер, олардың мазмұнын бiр мағынада түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi болуға тиіс емес, құжаттар қарындашпен жазылмауға тиiс;

осы тармақтың 1)-5), 8), 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырғаннан кейін тұтынушыға қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған кезде нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

12. Белгiленген үлгiдегi өтiнiштiң және кеме тiзiлiмi сауалнамасының нысанын тiркеушi органның қызметкерi бередi, сондай-ақ ол ХҚКО-да күту залындағы арнайы тағанда не консультанттарда болады.

13. Осы стандарттың 11-тармағында аталған құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесiне немесе ХҚКО-ға тапсырылады.

14. Уәкілетті орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезiнде тұтынушыға:

1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;

2) сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;

3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттар берiлетiн күн (уақыт) мен орны;

5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған уәкілетті органның лауазымды адамының не ХҚКО инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлiп, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.

15. Шетел кемесiне Қазақстан Республикасының туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiктi уәкілетті орган кеңсесiнің қызметкері тұтынушыға өзен кемесi жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде тiркелгеннен кейiн бередi.

ХҚКО-да тұтынушыға дайын болған құжаттарды берудi ХҚКО инспекторы «терезе» арқылы жүзеге асырады.

16. Егер:

1) мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшпен тиiстi емес тұлға жүгінсе;

2) Ережеде көзделген талаптар сақталмаса;

3) мемлекеттiк тiркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.

Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеуде қателіктер анықталған, осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған және құжаттар тиісті ресімделмеген кезде құжаттар пакетiн алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде оларды ХҚКО-ға немесе қайтару себебін жазбаша негіздеп тұтынушыға қайтарады.

Құжаттар ХҚКО арқылы қайтарылған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкерi оларды алғаннан кейiн 1 жұмыс күнi iшiнде тұтынушыны хабардар етедi және уәкілетті органның бас тарту себебi туралы жазбаша негiздеме бередi.

Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде келмеген жағдайда, ХҚКО 1 ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкілетті органға бередi.

3. Жұмыс қағидаттары

17. Уәкілетті органның және ХҚКО-ның қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

18. Уәкілетті орган мен ХҚКО жұмысының нәтижелерi осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.

19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерiн жыл сайын бірінші тоқсанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекiтіледi.

5. Шағымдану тәртiбi

20. Мемлекеттiк қызметтi көрсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген телефондар мен мекенжайлар бойынша уәкілетті орган кеңсесiнiң қызметкерлері түсiндiредi.

ХҚКО арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң сапасына наразылықтар болған жағдайда ХҚКО лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн осы стандартың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО қызметкерлері түсіндіреді.

21. Уәкілетті орган көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі бойынша апелляция Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi төрағасының атына 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz., қабылдау бөлмесінің телефоны (7172)24-27-08 мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі бес күндік жұмыс аптасын (9.00-18.30) құрайды, оның ішінде түскі үзіліс (13.00-14.30).

ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісі бойынша апелляция ХҚКО қарамағында болатын жергілікті атқарушы органға беріледі.

22. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті орган, сондай-ақ ХҚКО арқылы балама негізінде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетіледі.

Уәкілетті органның жұмыс кестесі осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес түскі үзіліспен 5 күндік жұмыс аптасын құрайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ХҚКО жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз аптасына 6 күн.

Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті орган басшысының атына беріледі.

ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым ерікті нысанда жазылады.

25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында тiркеледi. Күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, жасалған шағымға жауап алу мерзiмi мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес тұтынушыға шағымды қарау нәтижелерi туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.

26. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң сенім телефоны: 24-29-09.

«Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде

өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 17 ақпан №231 Астана, Үкімет Үйі
«Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №230 Астана, Үкімет үйі
Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы №15 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2006 ж., №2, 11-құжат) мынадай...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1666 № данасы Астана,Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 21 маусым №681, Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы №252 қаулыcына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 5 сәуір №361 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 7 тамыз №1028 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 20 желтоқсан №1554 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1722 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 31 желтоқсан №1745 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница