Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі
страница9/13
Дата конвертации19.01.2013
Размер1.55 Mb.
ТипДокументы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының

жұмыс регламенті


Р/с


Бөлімшенің атауы

Аумақтық органның жұмыс регламенті

1

2

3

1

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы

Сағат 8.00-18.00,

түскі үзіліс 12.00-14.00

2

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Орал қаласы

Сағат 8.30-18.00

түскі үзіліс 12.30-14.00

3

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы

Сағат 9.00-18.00

түскі үзіліс 12.00-14.00

4

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Өскемен қаласы

Сағат 9.00-18.00

түскі үзіліс 12.00-14.00

5

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы мемлекеттік инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы

Сағат 8.30-18.00

түскі үзіліс 12.30-14.00


1

2

3

6

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы мемлекеттік инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Алматы қаласы

Сағат 9.00-18.00

түскі үзіліс 12.30-14.00

7

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Атырау қаласы

Сағат 8.00-18.00,

түскі үзіліс 12.00-14.00

8

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Ақтау қаласы

Сағат 8.00-18.00,

түскі үзіліс 12.00-14.00

9

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Шымкент қаласы

Сағат 9.00-19.00

түскі үзіліс 13.00-15.00

10

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің №1 филиалы

Тараз қаласы

Сағат 9.00-19.00

түскі үзіліс 13.00-15.00

11

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің №2 филиалы

Қызылорда қаласы

Сағат 9.00-19.00

түскі үзіліс 13.00-15.00

12

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы

Сағат 9.00-18.00

түскі үзіліс 13.00-14.00

1

2

3

13

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің №1 филиалы

Қостанай қаласы

Сағат 9.00-18.30

түскі үзіліс 13.00-14.30

14

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің №2 филиалы

Петропавл қаласы

Сағат 8.00-18.00

түскі үзіліс 13.00-14.00


15

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы

Сағат 9.00-18.00

түскі үзіліс 13.00-14.00

16

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Астана қаласы

Сағат 9.00-18.00

түскі үзіліс 13.00-14.00



«Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк

тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандартына

4-қосымша

Сапа және тиімділік көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi


Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң кейінгі жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

98







2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

90







3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

85







3.2. электрондық форматта қол жетімді ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесi)









4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Белгiленген мерзiмде қанағаттанған тұтынушылардың негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)

95







5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

98








Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2011 жылғы 4 наурыздағы

№231 қаулысына

5-қосымша
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 29 қазандағы

№ 1710 қаулысымен

бекітілген
«Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – уәкілетті орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – ХҚКО) арқылы балама негiзде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттiк қызмет «Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабының, «Қазақстан Республикасында темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2002 жылғы 11 шiлдедегi № 240-I бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1948 тiркелген) негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.

5. Мемлекеттiк қызметті аяқтау нысаны темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.

6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасында тiркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдiк заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрi – тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету:

а) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттары тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде;

б) мемлекеттiк қызметті алуға (тіркеу сәтінен бастап) жүгінген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде;

2) уәкілетті органға қажеттi құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудiң ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды.

3) уәкілетті органда темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті алған кезде кезекте күтудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты: 30 минуттан аспайды.

4) ХҚКО-ға жүгінген кезде:

құжаттарды ресiмдеу мерзiмi уәкілетті органға қажеттi құжаттардың келiп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күнi мен беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты: 30 минуттан аспайды;

темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті алған кезде кезек күтудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты: 10 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттiк қызмет тегiн болып табылады.

9. Мемлекеттiк қызмет:

1) уәкілетті органға жүгінген кезде:

демалыс және мереке күндерін қоспағанда, осы стандарттың 3-қосымшасына орай уәкілетті органның түскі үзілісі бар белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес аптаның 5 күнінде көрсетіледі.

Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

2) ХҚКО-ға жүгінген кезде:

жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін аптаның 6 күнi. Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттiк қызмет көрсету қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi, нормативтiк құқықтық актiлердiң деректерi (үзiндi көшiрмелерi) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкiндiгi шектеулі адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар уәкілетті органның ғимараттарында осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжай бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет мүмкiндiгi шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай көзделген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ХҚКО ғимаратында да көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан.

Жеке тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша сапаға талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында уәкілетті органда және ХҚКО-да жеке және заңды тұлғалар үшін шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметті алу үшiн жеке тұлға немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мыналарды ұсынады:

1) қабылдауды жүргiзетiн уәкілетті орган қызметкерi беретiн белгіленген үлгідегі өтініш;

2) жеке тұлғаның қолымен куәландырылған темiр жол жылжымалы құрамының қолда бар мүкәммал паркiнiң, оның iшiнде сенiмгерлiк басқарудағы немесе мүлiктiк жалдаудағы тізбесі;

3) жеке тұлғаны куәландыратын құжат немесе өкілдің өкілеттігін растайтын құжат және оның жеке басын куәландыратын құжат;

4) жеке тұлға жеке кәсiпкер ретiнде тiркелген жағдайда Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;

5) мүлiкке меншiк құқығын растайтын құжат немесе жалға алу (жалдау), лизинг немесе сенiмгерлiк басқару шарты;

6) жасаушы зауыттың темiр жол жылжымалы құрамының әрбiр бiрлiгiне арналған техникалық паспорт (формуляр).

Мемлекеттiк қызметті алу үшiн заңды тұлға немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мыналарды ұсынады:

1) қабылдауды жүргiзетiн уәкілетті орган қызметкерi беретiн белгiленген үлгiдегi өтініш;

2) заңды тұлғаның бiрiншi басшысының қолымен және мөрiмен расталған темiр жол жылжымалы құрамының, соның iшiнде сенiмгерлiк басқаруға, мүлiктiк жалға немесе лизингке берiлген қолда бар мүкәммал паркiнiң тiзбесiн;

3) Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк;

4) басшының жеке басын растайтын құжат немесе өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжат және оның жеке басын растайтын құжат;

5) мүлiкке меншiк құқығын растайтын құжат немесе жалға алу (жалдау), лизинг немесе сенiмгерлiк басқару шарты;

6) жасаушы зауыттың темiр жол жылжымалы құрамының әрбiр бiрлiгiне арналған техникалық паспорт (формуляр).

Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тiркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:

құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде жасалуы тиiс;

егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдiк құжаттар белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық өкiлдiктерiнде немесе консулдық мекемелерiнде жария етiлуi тиiс. Қажет болған жағдайларда қарауға, оларға қатысты көрсетiлген талаптар орындалған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi да қабылдануы мүмкiн. Егер ұсынылатын құжаттар шетел тiлiнде жасалған жағдайда оларға мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі;

құжаттардың мәтiндерi анық жазылған, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелерi қысқартусыз жазылуы, оларды растау талап етiлетiн даналарда қолы мен мөрі болуы тиіс;

мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған құжаттарда тазаланған не үстiнен жазылған, сызылған сөздер және оларда ескерiлмеген өзге де қолжазба немесе машинамен жазылған түзетулер, олардың мазмұнын бiр мағынада түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi болуға тиiс емес, құжаттар құжаттар қарындашпен толтырылмауы тиіс;

осы тармақтың 3)-6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырғаннан кейін тұтынушыға қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған кезде нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

12. Белгiленген үлгiдегi өтiнiштiң нысанын уәкілетті органның қызметкерi бередi, сондай-ақ ХҚКО-да күту залындағы арнайы тағанда не консультанттарда болады.

13. Осы стандарттың 11-тармағында аталған құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесiне немесе ХҚКО-ға тапсырылады.

14. Уәкілетті орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезiнде тұтынушыға:

1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;

2) сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;

3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттар берiлетiн күн (уақыт) мен орны;

5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған уәкілетті органның лауазымдық тұлғасының не ХҚКО инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлiп, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.

15. Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi уәкілетті органның кеңсесi темiр жол жылжымалы құрамының иесiне (өкiлiне) темiр жол жылжымалы құрамының куәлiктерiн беру тiзiлiмiне қол қоя отырып, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде бередi.

ХҚКО-да тұтынушыға дайын құжаттарды берудi ХҚКО инспекторы «терезе» арқылы жүзеге асырады.

16. Егер:

1) жеке және заңды тұлғалар осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбағанда;

2) жеке және заңды тұлғалар ұсынған құжаттар Ереженiң талаптарына сәйкес келмегенде;

3) уәкілетті органға ұсынылған құжаттарда өшiрулердiң, қолмен немесе машинамен жазылған түзетулер болғанда немесе оларды растауды талап ететiн даналарда қолдар және мөрлер болмағанда;

4) сот қабылдаған шешiмге сәйкес темiр жол жылжымалы құрамына тыйым салынғанда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.

Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде дәлелді жауап береді.

Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеуде қателіктер анықталған, осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған және құжаттар тиісті ресімделмеген кезде құжаттар пакетiн алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде оларды ХҚКО-ға немесе қайтару себебін жазбаша негіздеп тұтынушыға қайтарады.

Құжаттар ХҚКО арқылы қайтарылған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкерi оларды алғаннан кейiн 1 жұмыс күнi iшiнде тұтынушыны хабардар етедi және уәкілетті органның бас тарту себебi туралы жазбаша негiздеме бередi.

Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде келмеген жағдайда, ХҚКО 1 ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкілетті органға бередi
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 30 наурыз №378 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 17 ақпан №231 Астана, Үкімет Үйі
«Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №230 Астана, Үкімет үйі
Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы №15 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2006 ж., №2, 11-құжат) мынадай...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1666 № данасы Астана,Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 21 маусым №681, Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы №252 қаулыcына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 5 сәуір №361 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 7 тамыз №1028 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 20 желтоқсан №1554 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1722 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 31 желтоқсан №1745 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница