Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарылған туралы есебі




Скачать 58.08 Kb.
НазваниеАқкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарылған туралы есебі
Дата конвертации10.07.2014
Размер58.08 Kb.
ТипДокументы
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарылған туралы есебі

Ақкөл ауылдық округі Екібастұз қаласының Солтүстік шығысында орналасқан. Жалпы жер көлемі 185323 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жер көлемі 20620 гектар, егістік жер көлемі 9200 гектар. Ауылдық округінің құрамына: Ақкөл, Зеленая роща, Жақсат, және Присовхозный ауылдары кіреді. Жалпы тұрғындар саны 1225 адам, оның ішінде жұмыс істеуге қабілетті адамдар 755, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілер 289, зейнеткерлер саны 151, бұның ішінде мүгедектер саны 33.

2011 жылы 15 сәби дүниеге келсе, 12 адам қайтыс болды, 13 отбасы шаңырақ көтерді. Барлық аула саны 249.

Жаңадан ашылған жұмыс орын саны - 25, оның ішінде тұрақты жұмыс орны – 1, уақытша жұмыс орыны - 24.

Округ көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғалар жоқ. Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар есебінде 4 жұмыссыз есепте тұр, оның ішінде 4 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етілген.

Аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан, биылғы жылы мектеп бітірген бір түлек «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында ПМПИ-ында оқуда.

Ауылдық округі бойынша 40 шаруа қожалығы мен 1 ЖШС-гі бар, оның ішінде тұрақты ауыл шаруашылығымен айналысатыны 29 шаруа қожалығы, шаруашылықпен айналыспайтыны - 11. Барлық шаруа қожалықтарының үлесіндегі жалпы жер көлемі 23636 гектар.

2011 жылдың 1 желтоқсанға округ бойынша барлық ірі қара мал саны- 4788 бас, оның ішінде сиыры 1970 бас; барлық қой мен ешкі 5812 бас; барлық жылқы саны 3049 бас болса, барлық құс саны 890. Әр аулаға шаққанда орта есеппен 19,2 бас ірі қара малдан, қой мен ешкі 23,3 бастан, ал жылқы 12,2 бас және 3,5 дана құстан келеді.

Округ көлеміндегі «Табыс», «Тұрар» шаруа қожалықтары мал басын асылдандырумен айналысып, асыл тұқымды мал шаруашылығы статусын алды.

«Тұрар» шаруа қожалығы «Жабы» асыл тұқымды жылқы басын көбейтіп, басқа шаруа қожалықтарына саудалауда.

Малдан өндірілген сүт-ет өнімдерін Екібастұз қаласының базарларына және әлеуметтік инфрақұрылымдарға өткізуде. Осы жылдың өзінде Екібастұз қаласының базарларына 45,6 тонна ет, 6,7 тонна сүт өнімдерін саудаға шығардық.

Мал басын жұқпалы аурудан аман сақтау мақсатында, жыл бойы ветеринарлық профилактикалық жұмыстар өз мерзімінде өткізілді. 2011 жылы округ бойынша 200 бас ірі қара мал сарып ауруына шалдыққаны анықталып, етке тапсырылды. Бұл жұмыстарды 3 лицензиялы мал дәрігері атқарды.

Биылғы жылы көлтабандардың 4256 гектар жеріне су шығып, пішеннің мол қорын жинауға көп септігін тигізді.

Ауылдың келбетін жаңартып, көркейту жұмыстары жыл сайын жоспарлы түрде өз мәнінде іске асырылуда. Ауыл көшелерінің санитарлық тазалығын сақтау мақсатында округ бойынша 4800 тоннадай көң-қоқыс арнайы орынға шығарылды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай қосымша берілген 400.0 теңге қаражатқа Зеленая роща ауылында 800 тонна иесіз қираған үйлердің орны тазаланып, көң-қоқысы арнайы орынға шығарылды. Жақсат ауылында бұл жұмыс қаражат қарастырылмағандықтан тұрғындардың күшімен баяу жүргізілді.

Ақкөл ауылында орнатылған кешенді блок модулі үздіксіз жұмыс істеп тұр, бюджеттен қарастырылған 2000.0 теңгеге «Булак»-МТ 10 су сору блогінің жүйесі толығымен ауыстырылды.

Елді мекендерде 42 түнгі жарық көздері қалыпты жұмыс істеп тұр. Бұған қаралған бюджет есебінен бөлінген 608.0 теңге қаражат толығымен игерілді.

Ауылдық округі аралық 25 шақырым жолдарды ұстау үшін бөлінген 583.0 теңге қаражат, «Ақкөл» ЖШС-гі арқылы толық игерілуде.

2011 жылға ауылдық округіне қаралған 12852.0 теңге қаражат толығымен өз мақсатында игерілді.

Ақкөл ауылдық округінде 1 жалпы орта, 1 жалпы негізгі және 1 шағын бастауыш білім беретін мектеп, ауыл клубы, Ақкөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясы және Зеленая роща ауылында медпункт, КБМ, пошта байланыс бөлімшесі халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп тұр.

Сондай-ақ Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында Жақсат ауылында жаңа бастауыш мектептің ғимараты пайдалануға беріліп, 11 оқушы жаңа мектепте білім алып жатыр.

Жоғарыда аталған, Жақсат ауылында, көптен шешімін таппай келе жатқан ауызсу мәселесі шешіліп, тұрғындарға ауызсу тасымалдауға 3 тонналық сутаратқыш алынып, ауызсу тасымалданып берілуде.

Жалпы орта білім беретін мектептің жанындағы, жылы орын, жайлы төсекпен жабдықталған бюджетттік интернатта шалғай жатқан елді мекендерден 11 бала жатып білім алуда. Балаларға төрт мезгіл ыстық тамақ беріледі.

Ақкөл жалпы орта білім беретін мектепте бүлдіршіндерге арналған «Қарлығаш» шағын орталығында 20 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Мектеп жаңа заманауи технологиямен, 6 интерактивті тақтамен және 10+1 жаңа үлгідегі компьютерлермен жабдықталған. Биылғы оқу жылында мұғалімдер қатары үш жас маманмен толығып, мемлекет тарапынан бірреттік көтерме жәрдемақы берілді. Жас мамандар баспанамен қамтамасыз етілді.

Аталған орта мектептің 100 оқушының 65 оқушы демеушілер көмегімен ұйымдастырылған ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Үнемі демеушілік көрсететіндер: «Бесағайын» шқ. – А.Қ. Оспанова, «Табыс» - М.Қ.Алғамбаров, «Тұрар»- М.С.Мұқажанов, шаруа қожалықтары. Екібастұз қаласынан «Нарық» базары - Т.Байханова; Жеке кәсіпкер - «Р.Сәкенова» және «Ақкөл» дүкені және 2011-2012 оқу жылында «Мектепке жол» Республикалық акция бойынша көп балалы, толық емес отбасыларына және аз қамтамасыз етілген отбасыларына ауыл кәсіпкерлері киім-кешек, оқу құралдарымен көмек көрсетті.

Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебінің спорт залының төбе-шатыры және жылу беру батареясымен мәжіліс залының жылу беру батареясына ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Бюджеттік интернатта жататын балаларды демалыс және каникул күндері арнайы бөлінген КАВЗ автобусымен үйлеріне апарып-әкеліп тұрады.

Орта мектепті бітірген 6 оқушы ҰБТ-ға қатысып, орта есеппен 77,0 балл алды, ҰБТ- ның көрсеткіштері жылдан – жылға жоғарылауда.

Денсаулық сақтау саласында, округ бойынша Ақкөл ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы мен Зеленая роща ауылындағы медициналық пунктте барлығы 8 медициналық қызметкерлер, оның ішінде 2 маман дәрігер халыққа үздіксіз қызмет көрсетеді. Ауылдық дәрігерлік амбулаториясында 2 төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді. Жедел жәрдем автомашинасымен қамтамасыз етіліп, компьютермен, заман талабының медициналық құралдармен жабдықталған және осы амбулаторияда 1 аптека жұмыс істеп тұр. Дәрі-дәрмекті Жақсат, Зеленая роща ауылдарына апарып сату жолға қойылған. 2011 жылы күндізгі стационарда 95 сырқат емделіп шықты. Жылда балалар мен ересектер жоспарға сәйкес профилактикалық және жылжымалы флюорографиялық тексеруден өтіп тұрады, биыл 540 адам флюорографиялық тексеруден өтті.

Зеленая роща ауылындағы медициналық пунктің едені жөнделіп, электр жүйелері жаңамен ауыстырылды. Жылу жүйесінің трубалары ауыстырылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тағы бір елеулі жаңалық, осы ауылда 35 орындық клуб үйі пайдалануға беріліп, жаңа жұмыс орындары ашылды.

Ақкөл ауылындағы орталықтандырылған кітапханадағы кітап қоры 15533 дана, соның ішінде қазақ тілінде 5892 дана кітап бар. Кітапхананың оқырмандарының саны 275, оның ішінде 75 мектеп оқушылары.

Биылғы жылғы өткізілген барлық мәдени шаралар еліміздің Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық тойына арналды. Мәдени қызметкерлер Б.Рыспекова мен Б.Шалановтың ұйымдастыруымен ауылда түрлі іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Ауылдағы пошта байланыс бөлімшесі арқылы газет-журналдар қазпошта байланыс бөлімінен жұмасына екі рет жеткізіліп, халыққа таратылады. Осы бөлімше арқылы зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылар, бюджеттік қызметкерлердің еңбек ақылары таратылады. Мерзімдік баспасөз басылымдарына жазылу саны жылдан жылға артуда, 2012 жылға мерзімдік баспасөз басылымдарына бүгінгі күнге 212 данаға жазылды.

Сымсыз стационарлық WLL-CDMA моделді радио байланысы жұмыс істеуде, бұған 226 абонент қосылған.

Биылғы жылы округімізге облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен келіп-кетті. Оңтайлы өзгерістерді оң бағалап, елді мекендерді көріктендіруде бірқатар тапсырмалар беріп, ГРЭС-1 және Басқамыс аралық жолды жөндеуді 2012 жылы атқаратынын айтып кетті.

Ақкөл аулында сандық үлгідегі спутниктік телеарна 115 үйге құрылды, бұл жұмыс әліде жалғасады.

Ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, спорттық шаралар жиі өткізіліп тұрады. Ауылдық округінің жастары аймақтық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Көршілес ауыл жастарымен жолдастық кездесулер жиі өткізіліп тұрады.

Ауылдық округінің жастары ұлттық ат спорты ойыны «Көкпар» ұлттық ойында облыстық жарыста жүлделі 3-ші орынды иеленді және облыстық құрама командасының мүшелерінің құрамына енгізілді. Сондай-ақ шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойындары қалалық аймақтық жарыстарға қатысып, жақсы көрсеткіштер көрсетіп жүр. Волейбол және баскетбол ойындары ауыл жастары мен ересектерінің күнделікті ойынына айналған.

Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебінде қазақша күрес пен теннистің және «Көкпар» ат спорты ойынының секциялары ашылды.

2012 жылы әр ауылдың келбеті қалыпқа келтіріліп, жолдарымызды жөндеп, үйлеріміздің іші-сыртын заманға сай әрлесек, ауыл ажары ашыла түсері сөзсіз.
Ақкөл ауылдық округінің әкімі Б.Ахтаев.

Похожие:

Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарылған туралы есебі iconАқкөл ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарлыған және 2011 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі
Стік жер көлемі 9200 гектар. Ауылдық округінің құрамына: Ақкөл, Зеленая роща, Жақсат, және Присовхозный ауылдары кіреді. Жалпы тұрғындар...
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарылған туралы есебі icon2011 жылға атқарылған жұмыстар туралы Новопокровка ауылдық округі әкімінің есебі. «ШҚо бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты»
Мм жұмысы ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қр конституциясын,...
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарылған туралы есебі iconЕгінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары!
Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарылған туралы есебі iconАзовое ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Округтың жалпы көлемі 56493 га құрайтын үш елді мекеннен құралған,адам саны 1037
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарылған туралы есебі iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Жарлығына сәйкес жыл сайын Республика көлесінде осы мерзімде барлық деңгейдегі...
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарылған туралы есебі iconЕгінсу ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар !
Ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарылған туралы есебі iconБозанбай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2011 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2012 жылы жоспарланған іс- шараларды талқылау үшін кездесіп отырмыз
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарылған туралы есебі iconСеменовка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша 2011 жылғы 13 қаңтарда округ халықтардың алдында округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының...
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарылған туралы есебі iconБозанбай ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2010 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2011 жылы жоспарланған іс – шаралар талқылау үшін кездесіп отырмыз
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы елді мекендерді дамыту барысында атқарылған туралы есебі iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!!
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Мемлекет басшысының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница